Сәлемдесу.
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы күн балалар!
Қайырлы күн қонақтар!
Жобаның мақсаты:
• Баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Жобаның тапсырмалары:
Жұмбақтар, суреттер, ситуациялық тапсырмалар, тест тапсырмалары, ертегі негізіндегі тапсырмалар және санамақтар
Сабақтың түрлері
Зерттеу сабағы - іздендіру мақсатында
Саяхат сабақ - танымдық қабілетін дамыту
Семинар сабақ- оқушының білімін тереңдету
Сайыс сабақ – оқушылар ойларының жетітігін байқау
Ойын , жұмбақ - оқушылар зейінін дамыту.
Сахналау сабақ - оқуылар шығармашылығын дамыту.
Ертегі сабақ - оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Дәстүрлі емес сабақтың бір түрі – ойын сабақ.
Сабақтың бұл түрі - баланың шығармашылық және ойлау қабілетін дамытады. «Сөзжұмбақ» оқушылардың ой - өрісін, білім көкжиегін тексерумен қатар өтілген материалды қаншалықты меңгергенін тексеруге өте қолайлы. Логикалық тапсырмалар оқушының психологиялық және жас ерекшелігіне байланысты таңдап алынады. Қазіргі педагогтардың пікірінше сөзжұмбақ оқушылардың ойларын ұштайды. Жұмбақтарды шешу ойларын бір жүйеге жүйелейді. Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, өз пікірлерін дәлелдей алуға жетелейді.Жұмбақ шешу шығармашылық үрдіс. Сөзжұмбақты шешу кезінде оқушыларға сызу қиындық туғызады, сондықтан сөзжұмбақты алдын ала тақтаға сұрақтарымен қосып жазып қойған дұрыс. Сөзжұмбақты кішкентай қалташалар арқылы жасауға да болады. Қалташаларға салынған кеспе қағаздардың беті өзіңе қарай қаратып жазып, екінші жағына тапсырмалар жазуға болады. Тақырып бойынша құрастырылған сөзжұмбақты балалармен жеке жұмыс жасағанда да қолдануға болады.
Жұмбақтар
Қызықтырып әркімді-ақ
Суда жүзер жылтылдап.
“Б”әрпінен басталар,
Сол жәндіктің атын тап. (...............)
. Отыз екі мықты.
Қаз-қатар боп шықты
Он алтысы үсті
Он алтысы асты (...............)
Достарыңызбен бөлісу: |