- Қамқорлықтың болмауы дегеніміз-бір оқиғаға байланысты немесе нақты уақыт аралығында ата ананың немесе отбасының басқа мүшесінің баланың дамуына, оның қолайлы жағдайда болуына (денсаулық, білім алу, эмоционалдық даму, тамақтандыру, тұрғылықты жерінің қауіпсіздігі) мүмкіндік бермеуі.
- Бас тарту дегеніміз-ата ананың өз еркімен баладан бас тартуы және қайту ойы жоқ, ата аналық міндеттерін орындаудан бас тартуы болып табылады. Сонымен бірге, отбасының ешқандай мүшесі ата ана алдында баланы жауапкершілікке алғысы келмейді және қамқорлық жасағысы келмейді. Баланы тастауға итермелейтін факторларға өте ауыр экономикалық проблемалар, анасының білімінің төмендігі, әсіресе жүктілік кезіндегі арнайы қызметтердің қолжетімсіздігі, тұрғын жайының нашарлығы немесе болмауы, ата аналардың жасөспірімдік жаста болуы, сол сияқты баланың дүниеге келуіне даярлықтың нашарлығы және перинаталды күтімнің дәстүрлі практикасы жатады.
- Балаларға жасалатын зорлық пен қатал қарым қатынастың тағы бір түріне балаларды сату және эксплуатация (енбегін пайдалану) жатады..
Достарыңызбен бөлісу: |