Сексуалдық зорлық әлі толық түсінігі жоқ, оған ақыл ойымен келісім бере алмайтын, өз дамуы жағынан әлі дайын емес және \немесе қоғамда тыйым салынған немесе заңды бұзушылық болып табылатын - балаларды секспен айналысуға итермелеу. Балалар сексуалдық зорлыққа ересектер тарапынан, сонымен бірге өз жасына қарай және дамуына қарай баланың қамқорлығына жауапкершілікте болып табылатын немесе жапа шегушінің сеніміндегі немесе оның өктемдігіндегі ересек балалар тарапынан ұшырауы мүмкін. Психикалық, эмоционалдық және психологиялық зорлық жеке оқиғалар түрінде көрініс беруі мүмкін, сол сияқты ата анасының немесе баланы тәрбиелеушінің белгілі бір уақыт аралығында баланың даму жасына сәйкес қолдау ортасымен қамтамасыз етпеуі. Бұл тұрғыдағы әрекеттер баланың физикалық және психологиялық денсаулығына және оның физикалық, ақыл ойлық, психологиялық, танымдық және әлеуметтік дамуына ауыртүрдегі зияын тигізеді. Бұл тұрғыдағы зорлыққа келесілер жатады: қозғалыс мүмкіндігін шектеу, тұрақты түрде кемсіту, кіналау, бопсалау, қорқыту, дискриминация немсе келемеждеу, сол сияқты басқа да физикалық емес қастандық қарым қатынастар. Кейде ата аналар эмоционалдық, әлеуметтік, қаржылық көмек алу мақсатында өз балаларына жалған ауруларды таңады.
Достарыңызбен бөлісу: |