Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін
қалыптастыру.Мерекелік көңіл-күй ортасын
ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге
үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін
арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен,
ырғақты сақтай орындауға төселдіру.
Балалар көңілді әуен ырғағымен қолдарына қар ұстап келіп, билейді.
Әуен аяқталуымен «аққала» келеді.
Балалар: Қар жауғанда топ бала
Соқтық міне, Аққала
Ортаға бір бала шығады
Қыс қызығы тамаша
Ойнаймыз біз таласа
Думанымыз жалғассын
Жаңа жылға тамаша!
1бала: Жаңа жылда жол болсын!
2 бала: Әрбір үйде той болсын!
3 бала: Берекелі жыл болсын!
4 бала: Ақ дастарқан мол болсын!
Барлығы бірге: Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Тәрбиеші: Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсын
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын!
Ортаға балабақша меңгерушісі .................... шақырамыз
Тәрбиеші:Осы тілектен соң жаңа жылға арналған тақпақтарымызды
айтайық.
Каусар: Дала нұр, қала нұр,
Құтты болсын жаңа жыл!
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
Алинұр: Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Асылан: Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың.
Інкәр: Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Шырша шамын жағу сәті
Ән «Шыршаға бардық»
Сырғалым: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Арайлым: Шыршамызды әсемдеп,
Ән шырқаймыз билейміз
Өзімізде күлімдеп
Жабырұауды білмейміз.
Нұрай: Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Достарыңызбен бөлісу: |