Жүргізуші:Құрметті, қадірлі қонақтар сіздерді келіп жеткен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Балалар сіздер білесіздерма, бізде қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл мерекесі.
Жүргізуші: Жарайсыңдар,дұрыс айтасыңдар бізге жаңа жыл яғни қоян жылы келді,мерекемізде шырша жарқырап тұрғанын қалайсыздарма?
Балалар: ИӘ
Жүргізуші: Ендеше көзімізді жұмамыз,үшке дейін санаймыз.....1.2.3. Жүргізуші:Ой шыршамыз жанбай қалдығой,қанекей балалар шыршаға арнап ән айтайықшы мүмкін шыршымыз шамдары жанып қалар. Ән:Шырша (сыйқырлы музыка естіледі шамдары жарқырап шырша жанады)
Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар. Балалар қараймыз қандай керемет,шырша шамдары жарқырап қандай әдемі қараңдаршы балалар.
(бәрі шырша қасына жақындап таңырқап қарап жүргенде тәрбиеші артында жыбырлаған бірнәрсе көріп....) Түлкі:Пай пай мен қайда келгенмін,мына жер қандай әдемі,мына шыршаның әдемісін аййййй, (шыршаны айналып қызықтап жүреді) Жүргізуші: Әй,сіз кімсіз тиме шыршаға, біз мұнда Аяз атаны шақырған едік, біздің балалар жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр.Сіз кімсіз?
Тулкі:Баяулатып,Жаяулатып жел есті
Қарлы боран маңайдан,99 айлам бар,Ха ха ха Түлкі деген мен болам мына балақайлар неге әдемі киініп алған сонша?! (ортада тұрып шыршаны жұлқылап тұрғанда, шырша шамы сөніп қалады).
Ой, ой мен байқамай қалдым. Мені кешіріндерші.
Жүргізуші: түлкі олай болмайды, сен біздің мерекені бұздың ғой, сені біз кешіруміз үшін бізбен бірге ойын ойна, сонда сені кешіреміз.
Ойын: «Шыршаны безендір» Ойын шарты:Балалар екі топқа бөлініп шыршаларды әдемі ойыншықтар менен безендіреді.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Бізге қонақ келе жатқан сияқты, бұл кім екен мүмкін Аяз ата болар бізге сыйлық әкеле жатырған.....(залға муз.әуенмен Ақшақар кіреді)
Ақшақар: Сәлеметсіздерме!Мен Ақшақар боламын, осы жерден дыбыстарды естіп келіп едім, мен қарлы боранда атамды жоғалтып алдым, көрмедіңіздерме?
Жүргізуші: Сәлеметсізбе,Ақшақар! Біз балалармен жаңа жыл мерекесін тойлауға келдік,бұл жерден атаңызды көрмедік, келіңіз төрлетіңіз біздің балалармен бірге Аяз атаны қарсы алайық балалар әндерін,тақпақтарын қаттырақ айтса естіп келіп қалар.