Амандасу. Қайырлы күн, балалар!
Балалар бүгінгі сабаққа бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік
Енді суреттер арқылы топқа бөлінеміз.
Балалар, бүгінгі сабақ тақырыбын анықтау үшін сендер сөзжұмбақты шешулерің керек.
1.Жылдың ең ыстық мезгілі (жаз)
2.Тақтаға ол затпен жазамыз (бор)
3.Ең жақын, мейірімді жан (ана)
4. «Месяц» немесе «луна» сөзінің аудармасы (ай)
5. Аптаның бесінші күні (жұма)
6.Мойынға тағатын әшекей, бұйым (алқа)
7.Күзден кейінгі жыл мезгілі (қыс)
8.Қыста не жауады (қар)
9.Балалар қардан жасайды (аққала)
10.365 күн (жыл)
11.Оған қарағанда өзіңді көресің (айна)
Демек, балалар, біздің сабағымыз қандай тақырыпта болмақ?
-Олай болса, сабағымыздың оқу мақсаттарымен танысып алайық.
1. Мәтінді мұқият тыңдап, түсініп оқып, қажетті ақпаратты табасыз.
2. Сөздерге қосымшалар жалғап, үндестік заңын сақтайсыз.
Үй жұмысын тексеру.
«Болжау» әдісі
Абай ата қандай адам болған деп ойлайсыңдар?
Жақсы балалар, енді ұлы Абай туралы сабағымызды бастайық!
Жаңа сөздермен танысайық.
Тыңдалым алды тапсырма.
Жаңбырмен жер көгерер. Батамен ер көгерер демекші, Дулат ақынның батасын алып,
-Абай өскенде кім болды?
Тыңдалым
Абай- ұлы ақын, дара тұлға. Абай өмір, өнер, білім, табиғат туралы өлең жазған. Оның өлеңдерін қазақ халқы сүйіп оқиды. Абай орыстың танымал ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Абайдың шығармалары әлемнің отыз үш тіліне аударылды.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
-Кім туралы әңгіме болды?
-Абай кім?
-Абай қандай өлең жазды?
Оқылым.
Мәтінді тізбектеп оқиды.
Топтық жұмыс. Енді, топпен жұмыла жұмыс жасайсыңдар. Тапсырмаларыңды таңдап алыңдар.
Балалар, енді сергіп алайық!
«Мимика» әдісі бойынша әр топ өз өнерін көрсетеді
1 топ: «Қыс»
2-топ: «Табиғат»
3-топ: «Жазушы»
Жеке жұмыс. Жазылым.
Келесі тапсырма үндестік заңын сақтай отырып, керекті қосымшаларды жалғап жазасыңдар.
Сабақты бекіту:
Балалар, енді сендер семантикалық карта арқылы жұмыс жасайсыңдар. Ақпараттың дүрыс немесе бұрысын анықтайсыңдар.
Рефлексия. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді күн шапақтарына жазып, тақтаға ілдіріңдер.
Абай (-ның, -дың, -тың) өлең (-сы,-ы,-і)
Ақын (-ның, -дың, -тың) шығарма (-сы,-ы,-і)
Әлем (-нің, -дің, -тің) тілдер (-сы,-ы,-і)
Абай (-ның, -дың, -тың) өлең (-сы,-ы,-і)
Ақын (-ның, -дың, -тың) шығарма (-сы,-ы,-і)
Әлем (-нің, -дің, -тің) тілдер (-сы,-ы,-і)
Достарыңызбен бөлісу: |