Бай мен кедей



Дата14.09.2022
өлшемі16.9 Kb.
#290436
Байланысты:
бай мен кедей ертегі
Бай мен кедей ертегі.

Бай мен кедей

Ерте заманда бай мен кедей бір ауылда өмір сүріпті. Бай үнемі ел ішіне көмектесіп,жетім-жесірлерге қолындағы барын аямайды екен. Ал кедей: “өз күнімді әрең көріп жүрмін, елді жарылқап қайтемін” деп ешкімге көмектеспей, тіпті үйіндегі бір тоқаш нанын бөліспейтін болған екен. Бай өзінің адал еңбегімен байыса, кедей оны көре алмай, үнемі артынан өсектейді екен. Кедей айналасындағы адамдарға байдың еңбегі адал емес, ол үйінен шықпай, бар тапқанын сандығына тығады деп елге өтірік қауесет таратады. Бұл әңгіме байдыңда құлағына жетіп, бай сабырлықпен, ол кісімен сөзге келіп, ұрсысқаннан ештеңе таппаймынғой деп сол қауесетке көніп жүре береді.


Кедейдің кезекті өсегінің бірінде бай оны өз құлағымен естіп таң қалады.
Кедей: Әне,мен сендерге айттымғой,бай үйінен шықпай алтындарын күзетеді деп. Оның бір дәлелі, менің әңгімем оның құлағына жетсе де , ол менің үйіме келіп, маған ештеңе деген жоқ. Менің әңгімем өтірік болса маған келіп,бұл айтқандарың дұрыс емес, өтірік өсек таратпа деп айтуы керек едіғой,демек менің айтқаным тура келді. Оның өз алтындарын қорғаудан басқа жұмысы жоқ-деп мысқылдап күледі.
Бай оның қасына келеді. Кедей тыным таппай, тыпыршып, сасқалақтап қалады.
-Ассалаумағалейкум байеке, қал-жағдайыңыз қалай, ауырмай сырқамай жүрсізбе?
-Уағалейкумассалам, аман-есенмін өзіңде, әңгімең қызып жатқан сияқты ғой?!
-Байеке мен сіздің жомарттығыңыз бен кеңпейілділігіңізді мына қасымдағы көршілеріме айтып, сізбен мақтанып жатқан едім, дәл келдіңізғой-деп жағымпаздана бастайды.
Бай оның құрметін түсірмейін деп, кедейді жеке сөйлесуге шақырады.Сонда бай: Мен ел ішінен көп әңгіме естіп жұрмін, мен туралы өзім білмейтін қауесеттерде бар екен, жарайды мен оған көндім. Бірақ, бағана сенің мен туралы әңгімеңді естіп қалдым да өзіне кеп айтуды жөн көрдім .Менің саған сол күні келмеген себебім, алтынымды күзеткенім емес. Жай ғана семен ұрсысып, сөзге келсем ештеңе таппаймынғой, өзі қояр деп сабырлықпен сол қауесетке көніп жүрдім. Бірақ жаңағы айтқан әңгімең менің көңіліме қатты тиді. Оның дұрыс болмады. Қазақта “Таспен атқанды аспен ат” деген мақал бар емес пе?. Сенің ақшадан қиналып жүргеніңді білемін, мінекей саған сыйлығым болсын, сенде ел ішіне көмектесіп, қалғанын өз керегіңе жаратарсың деп оған бір қап алтын беріп,өз жөніне жүре береді. Кедей өзінің ісіне қатты өкініп, осыдан кейін өтірік қауесет таратпай, керісінше өзінің қолындағы бар дүниесін елмен бөлісетін болыпты. Байдың жомарттығы кедейді рухани жағынан қатты өзгерткен екен.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде