Бақылау сұрақтары Қазақстанда ең кең тараған мал шаруашылығы ?

Loading...


Дата16.04.2020
өлшемі20.33 Kb.
Орындаған: Мұстафаева Қ.Ә.

Тексерген: Бермагамбетова Н.Н.

Тобы: 17-700-31

Тақырып: Сүтті жалпы саууды жоспарлау әдістері



Бақылау сұрақтары

1. Қазақстанда ең кең тараған мал шаруашылығы ?

2018 жылдың көрсеткіші бойынша жылқы басы 6,6  пайызға ұлғайып 2,7 млн-ға, ірі қара саны 6,4 пайыз көбейіп 7,8 млн-ға, түйе басы 6,2 пайыз артып 211 мыңға жетті. Ал құс саны 7 пайыз көбейіп 44,8 млн-ға жетті. Есесіне ешкі саны мен шошқа саны тиісінше 1,2 және 4,2 пайызға азайып 2,7 млн мен 926 мыңға дейін азайса, қой саны бар болғаны 0,7 пайыз өсіп 19,7 млн-нан асқан.

Осы мәліметтерді ескере отырып Қазақстанда ең кең тараған мал шаруашылығы - қой шаруашылығы


2. Марал шаруашылығы қай жерде кең тараған?

Марал шаруашылығы - мал шаруашылығының марал мен теңбіл бұғы өсіретін саласы. М.ш.-ның негізгі өнімі марал мен теңбіл бүғының жас мүйізі -пант. Бұдан Мал шаруашылығы дәрісі жасалады. Ол жүреккеқан-тамыр жүйесіне, бұлшық етке, тыныс жолынажыныс куаттылығына жақсы әсер ететін сергіткіш дәрі. Сонымен қатар марал шаруашылығы. ет пен былғары иленетін тері өндіреді. Марал шаруашылығымен Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай, Қатон Қарағай өңіріңде шұғылданады. Бұрынғы жылдары бұл өңірде марал мен теңбіл бұғы саны 10 мыңнан асып, 6-6,5 т шығыс медицинасының аса бағалы шикізаты - пант өңдірілді.

3. Еліміз үшін ең киелі, қасиетті мал шаруашылығы?

Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысып келе жатқанына біраз жылдар болды және барлық мал түрін жақсы бағалаған. Бірақ, осы төрт түліктің ішінде Қазақ халқы - жылқы шаруашылығына аса көңіл бөлген. «Қазақ жылқысын әйеліненде артық көрген» - деп бекер айтпаған.



4. Мал шаруашылығында асылдандыру қалай жүргізіледі?

Асыл тұқымдық мал шаруашылығының негізгі буыны — асыл тұқымды мал зауыты болып табылады. Онда мал тұқымының ең таңдаулылары өсіріледі. Мал зауыттарының міндеттері: өсіріп отырған мал тұқымын одан әрі жетілдіру, жаңа зауыттық тип, аталық іздер мен аналық ұялар құру арқылы тұқымның генетикалық мүмкіншілігін арттыру; өсірілген жоғары сапалы мал тұқымымен зауыттардың өздерін, мемлекеттік асылдандыру стансаларын және асыл тұқымды шаруашылықтарды қамтамасыз ету. Мал зауыттарында асылдандыру жұмысы ғылымы негізде жүргізіледі, тек таза тұқым өсіру жұмысы іске асырылады. Келесі буын — асыл тұқымды мал шаруашылықтары. Олардың міндеттері: өсіріп отырған малдың өнімдік және тұқымдық қасиеттерін жақсарту; мал төлдерімен асыл тұқымды фермаларды және өндірістік шаруашылықтарды қамтамасыз ету. Республикада мұндай шаруашылықтарға Жамбыл облысындағы Луговой жылқы зауыты, Алматы облысындағы Ақсай сиыр зауыты (Алатау сиыры), Қастек қой зауыты (Қазақтың биязы жүнді қойы), Атырау облысындағы қой зауыты (қаракөл қойы) жатады



5.Ауыл шаруашылығы өнімдері өндіруді ұлғайтудың басты бағыты?

Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді. Қазақ жерінде б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қой және ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел — қыш құмыраларда сақталған арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағандла баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерледі өңдеді. 16-17 ғасырлардан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дами бастады. 1694 жылы Тәуке ханның Түркістан сарайында болған Ресей елшісі В.Кобяков жергілікті тұрғындардың бидайды, арпаны, тарыны өте көп мөлшерде егетін және бидайдың жаздық, күздік түрлерін өсіретінін жазған. Шығыс Қазақстан және Жетісу тұрғындары егін шаруашылығын мал шаруашылығымен және балық аулау кәсібімен қатар жүргізді. Бұл жерлерде егін суару үшін қолдан арық қазылды. Шу, Талас өзендерінің бойына бау-бақша егілді. Орталық Қазақстанда егіншілікке жақсы жетілген суару жүйесін пайдаланды. Негізгі салалары — егіншілік пен мал шаруашылығы. Олардың құрамына а.ш. дақылдарының, малдың түрі, топтары т.б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. Ол халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, тоңмай т.б.), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Күш көлігі де (ат, өгіз, түйе т.б.) егіске керекті тыңайтқыш та (көң, қорда т.б.) осы мал шаруашылығынан алынады. 20 ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы құрылымының негізін Кеңестік шаруашылықтар (кеңшар) мен ұжымдық шаруашылықтар (ұжымшар) құрады. 1990 жылдан бастап республиканың агроөнеркәсіп кешенінде кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды.



6. Сиырды машинамен сауу қалай жүргізіледі?

Сиырдың желініне түтікшелерді салмай жатып желінді жылы сумен жуып, сосын құрғақ матамен сүртіп алады. Аппараттың жұмыс icтeyi қалыпты eкeнiнe көз жеткізген соң, сиырды дайындауға кіріседі. Сауу ұзақтығы – 3-5 минут, ал жоғары өнімді сиырларда 8 минутқа дейін созылады. Стакандар емшектерден байкаусызда алынып қалса, онда аппаратты вакуумнан тез сөндіріп, былғанған стакандарды сумен жуып, кайтадан кигізеді. Егерде үш емшектен сүтті қарқынды бepyiн тоқтатса, онда желінге соңғы массаж жүргізеді. Сауу стакандарын емшектерде ұзақ ұстап қалса, сүт цистерналарын ваккумдап, сүт өзектерінің қан тамырларының кеңеюіне, ауырсыну реакиясына және ең соңында сүттілігінің төмендеп, желінінің қабынуына әкеліп соғады.



7. Машинамен сауудың қандай тиімділігі бар?

1- тиімділігі: Көп жұмышшы қажет емес, 3-4 жұмысшы ғана қажет;

2 - тиімділігі: Уақытты үнемдиді;

3 - тиімділігі: Бірден 30 сиырды саууға болады;

4 - тиімділігі: Машинамен сауу кезінде сүт бір келкі сауылады;

5 - тиімділігі: сиыр желіне массаж жасалады.



8. Сүт сауу технологиясында санитарлық-гигиеналық нормативтердің талаптары қандай?

Кейде қолмен сауғаннан гӛрі, машинамен сауғанда сүттің сапасы тӛмендеп, онда бактериялар кӛбейіп және қышқылдығы жоғарлағандықтан сүт зауводтары мұндай сүтті қабылдаудан бас тартады, тіпті қабылдағанның ӛзінде ӛте арызан бағада алады да, басқалай бір ӛнімдер даярлауға пайдаланады. Мұның ӛзі сиыр сауу жұмысына мән берілмеген, ешбір тазалық шаралары сақталмаған шаруашылықтарда машинамен сауу әдістерін жете меңгермегендіктен болатыны белгілі. Сондықтан жоғары сапалы сүт алу үшін сүтке микроорганизмдердің, ең алдымен, олардың сауу аппараттары арқылы енуіне жол бермеу керек. Мұны кез келген шаруашылықта іске асыруға болады. Ол үшін сиырды машинамен сауу жұмысы дұрыс ұйымдастырылып, тазалық шаралары бұлжытпай орындалуы, қораның ауласын үнемі тазартылып, сауу аппараттары мен сүт ыдыстары күнделікті жуып – шайылып, таза ұсталуы тиіс. Сауу аппараттың дұрыс күтпеген жағыдайда, сүттің бактериялармен қатты ластануы, соның салдарынан оның қышқылдылығы тез кӛтерілуі мүмкін. Жұмыс аяқталғаннан кейін аппаратты жылы сумен шайқайды. Ол үшін магистриальды шлангіге вакуум кранын кигізеді, коллекторды ілгек арқылы тӛмен қаратып, стаканды суы бар шелекке батырады. Алдымен бакум кранын, сосын шелек қақпағының краннын ашады. Сонда су стаканға, одан сүт шлангасы арқылы шелекке құйылады. Сауу стакандарын бірнеше қайтара сумен шайқайды. Ал сауу стаканы бар коллекторды іліп қояды. Шелектің қақпағын алып, оны жуады. Осыдан кейін дәл сондай ретпен аппаратты ыстық сумен жуады, оның температурасы шамамен 85 градустай болуы тиіс. Аппаратты тәулігіне бір рет 0.5 проценттік ыстық сода ерітіндісімен жуып, оны сүт майынан арытады. Мұнда резеңкелі еміздіктің және сүт турбасының ішін үрпекпен (жуғыш), ал оның жеке деталдарын щеткамен ысқылайды. Сосын аппаратты сумен шайқап ондағы сілтіден арылтады да, келесі саууға дейін кептіруге іліп қояды. Аптасына бір рет сауу аппаратын бӛлшектеп, жылы сумен жуады және пульсатордан басқа барлық деталдарды 0,5 проценттік ыстық сода ертіндісіне (60 - 70°) құйылған легенда салады да, оларды щеткамен немесе үрпекпен жуады. Жуылған детальдарды басқа легенге салып, оның үстіне ыстық су құйып, онда 30 минуттай ұстайды. Бұдан соң аппаратты жинап, оны тағы да ыстық сумен шайқайды. Сиырды сауар алдында аппаратты таза сумен шайқайды. Кейде жуылған резенкелі детальдарды жаңасымен ауыстырады. Ал бұрынғы пайдаланған резеңкелі трубаларды біраз күнге пайдаланбай қоя тұрады. Сауу қондырғыларының труба проводтарын үш айда бір рет жуады. Трубопроводтың әрбір бӛлігін жеке – жеке жуу керек. Ол үшін насосты іске қосады да, оның шеткі кранына магистральды кигізеді. Ал шланганың екінші жағын ыстық сода ертіндісі құйылған шелеккебатырып, кранды ашады. Ертінді трубпровод арқылы сорылып насосқа қарай жылжиды да, кір – лас қоспасымен вкуумды - баллонға келіп құйылады. Шланганы дүркін – дүркін ертіндімен шығарып алып, ауа сорғызып отырады. Трубопроводтың барлық бӛліктері жуылғаннан кейін вакуум – баллонды тазалайды. Кейбір шаруашылықтарда арнайы дайындалған ваннаны пайдаланады. Бұл ванна 30 минуттың ішінде бірден 10 аппаратты жуады. Ал егер оларды жекелеп жуатын болса 305 сағаттай уақыт кетеді. Ваннаны тығыз қиюластырған тақтайдан жасайды, оның ұзындығы 2,5 метр, кӛлденеңі 25 см және биіктігі 20 см. Ваннаны жуу бӛлмесіндегі керегесіне орнатып, түбіне биіктігін 30 см етіп 10 ілгек жасайды да, оған сауу стакандары бар коллекторларды іліп қояды. Ванна шетінен ӛтетін вакуум проводта 10 кран, ал олардың аралығында сауу шелегінің қақпағын іліп қоятын ілгек болуы тиіс. Ең соңында сауу шелектерін қоятын ұзындығы 3,5 м және ені 30 см стол болады.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік мекемесі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
білім беруді
жалпы білім
дістемелік материалдар
мектепке дейінгі
ауданы кіміні
мерзімді жоспар
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
аласы кіміні

Loading...