Бағыты: Дүниетану Секция: Дүниетану Жас ізденуші

Loading...


Дата30.03.2020
өлшемі99.88 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСТІРЛІГІ

ӘУЕЗОВ АУДАНЫ №123 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ



Ғылыми жоба

Тақырыбы: “Құрма - құнардың қайнар көзі”

Бағыты: Дүниетану

Секция: Дүниетану

Жас ізденуші: Сапаралы Ибраһим Бейбітұлы, 2 – сынып оқушысы

Ғылыми жетекшісі: Мусаева Жанагүль Жулдызбаевна

Сынып жетекшісі



Алматы, 2018 жылы

Қ.А. Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Сапаралы Ибраһимның “Құрма - құнардың қайнар көзі” тақырыбындағы ғылыми жобасына

Пікір

Сапаралы Ибраһим “Құрма - құнардың қайнар көзі” тақырыбында ғылыми жұмыс орындаған.

Ғылыми жобаны жазу барысында жалпы құрманың адамзатқа қаншалықты бар екенін сөз етеді. Құрма туралы көптеген мәліметтер береді.

Оқушының бұл шығармашылық ізденіс жұмысын жазу барысында кеңінен дайындалғанын байқатты. Мұндай ізденістің арқасында құрмадан жасалған тағамдардың пайдалы екенін жазып, оны пайдалана білу, оның пайдалы екендігін зерттеп шықты.

Ғылыми жұмыстың көлемі мен мазмұны талапқа сай орындалған.

Ғылыми жұмысты “өте жақсы” деп бағалауға болады.

Ғылыми жетекшісі: Қуанышбек Қари журналист-зерттеуші

Аннотация

Қ.А. Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Сапаралы Ибраһимның ғылыми жобасы құрма туралы шығармашылық ізденіс.

 

Жұмыстың мақсаты: Адамның денінің сау және үйлесімді түрде дамуы үшін оларға салауатты өмір сүруге, дәрілік өсімдіктерді пайдаланып,оның құрамындағы биологиялық әсерлі заттардың ағзаға әсері бар екендігін қалыптастыру.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- Қоғамдағы адамдарды үнемшілдікке, денсаулығын жақсартуға баулу;


- Салауатты өмір салтын сақтауға баулу;
- Құрмадан дайындалған тағамдарды пайдалану.


Аннотация

Научный проект ученика 2 класса школы-гимназии №123 имени Кожа Ахмет Яссауи Сапаралы Ибраһима.


При написании данного научного проекта речь идет о том, насколько хурма полезна человечеству в целом.
Цель работы: формирование у человека здорового и гармоничного развития, здорового образа жизни, использования лекарственных растений, влияния на организм биологически активных веществ.
Задачи исследовательской работы:
- Приобщение к здоровому образу жизни и экономичности людей в обществе;
- Приобщение к здоровому образу жизни;
- Употребление блюд из хурмы.

Начало формы

Конец формы

Annotation

2nd grade student of №123 Kozha Ahmet Yassaui school Saparaly Ibrahim's scientific project.
This project is about date's usefulness to the mankind.

The purpose of the work: the formation of a person's healthy and harmonious development, healthy lifestyle, use of medicinal plants, the impact on the body of biologically active substances.

Research objectives:
- Introduction to a healthy lifestyle and efficiency of people in society;
- Introduction to a healthy lifestyle;
- Use of persimmon dishes.

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ

I Негізгі бөлімі

1.Құрманың түрлері


2.Құрмадан жасалатын тағамдар

II Зерттеу бөлімі

1.Құрманың құрамы мен пайдасы


2.Құрманың тағы қандай пайдасы бар?

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

Кіріспе
Құрма – жеміс атаулының кереметі: әрі тағам, әрі дәрі, әрі шырын, әрі қуат көзі...

Құрма (лат. Phoenix dactylifera) — пальмалар тұқымдасының Пальма тегінің биологиялық түрі. Тік шаншылып, 24 метр биіктікке дейін өсетін құрма пальмасы көбіне ыстық климатты аймақтарға тән.[1] Құрма өсіру шаруашылығымен айналысатын араб елдеріне негізінен: Сауд Сауд Арабиясы, Ирак, Алжир, Мысыр, Судан мемлекеттері жатады.

Құрма – арабтардың күнкөрісінде  маңызды орын алатын  иісі мүлдем білінбейтін бірақ  дәмі тіл үйіретін  тәтті жеміс. Бұл жеміс тарихшылардың айтуы бойынша, адамзат тарихының  3500-4000 мың жыл бұрын пайда болған деседі. Құрманың 500-ге тарта  түрі субтропиктік және тропиктік аймақтарда таралған.

Аталық және аналық болып бөлінетін құрма ағашы ескі жапырақтарының түбімен бүртіктеліп, өріліп өседі. Ерекше көрік беріп тұрған төбе жағындағы әдемі шашақты жапырақтарының ұзындығы 5 метрге дейін жетеді. Отырғызғаннан 4-5 жылдан кейін барып жеміс бере бастайды. Салмағы 8 кг-ға дейін жететін бір шоғырына мыңнан аса жеміс бітеді. Әр ағашынан 40-80 кг жеміс алуға болады. Шамамен 150 жылға дейін өмір сүреді.

Құрма пальмасы – жер бетіндегі ең қасиетті, игілігі мол, пайдасы орасан зор ағаштардың бірегейі.
I. Негізгі бөлім

1.1 Құрманың түрлері

Құрманың екі түрі бар:

1. Әжуа құрмасы. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) былай дейді: «Әжуа  жәннат жемісі. Ол улануға қарсы». Бұны бүгін күніміздегі медицина ғылымы да дәлелдеп отыр. Тағы бір хадис шәрифте: «Кімде-кім аш қарынға күніге жеті әжуа құрмасын жесе, сол күні кешке дейін сиқыр мен уланудан құтылады, ал егер кешқұрым  жеті  әжуа құрмасын жесе таң атқанға дейін сиқыр мен уланудан құтылады», –  деген (Муслим). Бірде саңлақ сахабалардың бірі Саъд бин Әбууаққас (р.а) Меккеде қатты науқастанып қалады. Пайғамбарымыз  (с.а.у) хал-жағдайын сұрай барып: «Сен жүрек ауруына шалдығыпсың»,– деп, Харис есімді дәрігерді шақыруды бұйырып, оған әжуа құрмасының жетеуін сүйегімен бірге сүт немесе майға араластырып қою күйінде жегізуін әмір еткен (Әбу Дәуід). Осыдан кейін Саъд бин Әбууаққас (р.а)  жазылған екен. Бұдан байқағанымыздай әжуа құрмасының жүрекке де ем екенін көруге болады.

2. Бәрани құрмасы. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) өзін зиярат етіп келген Абдулқайс тайпасының адамдарына сол аймақтағы құрмалардың түрлерін әңгімелеп, «Сіздерде өсетін құрмалардың ең жақсысы әрі ең пайдалысы аш адамды тойдырып, күш-қайратты арттырады, ауруды емдеп еш ауру туғызбайтын – бәрани деген құрма» деген. Абдулқайс адамдары елдеріне қайтқаннан кейін, бәрани деген құрманың түрін өсіруге арнайы көңіл бөліп, біршама уақыттан кейін біржолата құрманың осы бәрани түрін өсіруге ғана көшкен (Ахмад ибн Ханбәл).  
Жаңа піскені, кепкені, ірісі, кішісі, емге жарамдысы, дәмі, түр-түсіне қарай құрманың көптеген түрлері бар. Хижри VIII жылы Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) өзін зиярат етіп келген Абдулқайс тайпасының адамдарына сол аймақтағы құрмалардың түрлерін әңгімелеп, «Сіздерде өсетін құрмалардың ең жақсысы әрі ең пайдалысы – барни деген құрма» деген. Абдулқайс адамдары елдеріне қайтқаннан кейін, барни деген құрманың түрін өсіруге арнайы көңіл бөліп, біршама уақыттан кейін біржолата құрманың осы барни түрін өсіруге ғана көшкен (Ахмад ибн Ханбәл, 3/432).

Пайғамбарымыз әсіресе Мәдинада өсетін «Ажуа» деп аталатын құрма сортын жақсы көрген. Тіпті «Ажуа құрмасы – жәннаттағы жемістердің бірі» (Тирмизи, Тыбб, 22) деген. Осы себепті ажуа құрмасы әлі күнге аса көп сұранысқа ие.


1.2 Құрмадан жасалатын тағамдар

Құрма қосылған кілегейлі сусын

Құрма қосылған кілегейлі сусын ауыз ашар кезінде таптырмас сусын. Сондай- ақ бұл ауызды құрмамен ашудың керемет тәсілі.

Бұл сусынды ауыз ашарға ішкендей, сәресіге де ішсе болады. Сусын шынымен де өте пайдалы, себебі құрамы сүт пен ағзаға пайдалы дәрумендерге толы. Кілегей орнына сүт қолдануға да болады.


Сол кезде сусын қатты қою болмайды. 

Құрма қосылған кілегейлі сусын (екі адамға):



  • - ½ шыны дәнегінен тазартылған құрма

  • - 2 ас қасық майлы қаймақ

  • - ½ сүт

  • - 2 ас қасық бал

Дайындау тәсілі:

  • Құрманы дәнегінен тазартамыз.

  • Барлық заттарды біркелкі болып езіліп, қоймалжың болғанша 1 минуттай блендермен араластыру қажет.

  • Стақандарға құйып, түтікшемен ұсыныңыз.

Тағамның атауы: Желе


Құрмадан жасалған салат
Қажетті ингредиенттер:
1. Екі қызыл алма
2. Жаңғақ
3. Бір дана апельсин
4. Иогурт
5. 150 гр құрма

Дайындалуы:


Алманы төрт бұрыштап тураймыз, оны ыдысқа саламыз.
Апельсинді жақсылап жуып, төрт бөлікке бөліп, қабығын алып тастаймыз. Апельсинді де алма тәрізді төрт бұрыштап тураймыз.
Келесі турайтынымыз - құрма. Оны екі бөліп сүйегін алып, тастаймыз. Енді салатымызға жаңғақты қосып, иогуртпен араластырамыз. Салат дайын.

II. Зерттеу бөлімі

2.1 Құрманың құрамы мен пайдасы

Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде құрманың көптеген қасиеттері ашылған. Түркиядағы әйгілі Сема емханасының Тағамтану және диета бөлімінің маманы Хайреддин Мутлуның айтуынша, құрма лиф, минерал, фенол тұрғысынан әрі натрий, калий, магний, калций, темір, фосфат секілді минералдарға өте бай.



Құрманың құрамы және адам ағзасына пайдасы

Құрманың құрамдас бөлігін 15-ке жуық тұз және минералды заттар: мыс, темір, магний, мырыш, марганец, фосфор, натрий, алюминий, кадмий, кобальт, күкірт, бор т.б. құрайды. Құрамында фосфор мен калцийдің молдығы сүйек ауруларынан қорғайды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, 10 түйір құрма адамға магнийдің, мыстың және күкірттің тәуліктік мөлшерін қамтамасыз етеді. Жас құрманың бойында 60-65 пайыз (кепкен құрмада 75-80%) қант болғанына қарамастан, адамды семіртпейді. Жемістің құрамында: алмада, бананда, апельсинде жоқ 23 аминқышқылдары бар. Құрамындағы темір қан аздыққа пайдалы. Жүйке жүйесінің шаршауын басады. Құрамында: А, В1, В2, В3, В6, PP дәрумендері бар. B1, B2 дәрумендерінің қатар кездесуі бауырды сауықтырады Сондай-ақ, құрма құрамындағы пектин мен тағамдық талшықтар ішектің жиырылу қызметін күшейтіп, рак ауруларының алдын алады. Мидың жұмыс істеу қабілетін күшейтеді. Ас қорытуға пайдалы. Құрмада холестерин жоқ, ал оның құрамына кіретін фтор мен селен элементтері тістің саулығын нығайтып, жүрек-тамыр ауруларының алдын алады. Сонымен қатар, құрма бета-каротинге өте бай. Тойымдылық қасиеті өте жоғары. Зерттеуші Х.У.Дэусон бір құрма мен бір кесе сүттің адамға қажетті бір күндік калорияға тең екендігін айтқан. Бетакаротин – адам ағзасының жасушаларына шабуыл жасаушы молекулаларды бақылау арқылы, қатерлі ісік жасушаларының пайда болуына тосқауыл қоятын ерекшелікке ие зат.

Израйлде жүргізілген зерттеуде құрма мен алма салыстырылған. Нәтижеде алмаға қарағанда, құрмада дәруменнің көптігі дәлелденген. Бұған қоса, Мехмет Алтанның «Шөлден жеткен шипалы құрма» атты құрманың қасиеттерін зерттеген еңбегінде құрма дәнінің де дәруменге бай екендігі, сол себепті оны бір уақыт сорып жүргеннің адамға пайдалы екендігі жазылған. Сонымен қатар 6-7 құрманы бөлшектеп, бір кесе суға салып, бірнеше сағат тұрған соң суын сүзіп алып, күніне екі мәрте ысытып ішіп отырса, екі апта көлемінде бүйректегі тасты да түсіретіндігі білдірілген.

Құрма онкологиялық ауруларда, туберкулезді емдеу кезінде және ми қызметін жақсарту мақсатында қолданылады. Арықтағысы келіп, алайда тәттіден бас тарта алмай жүрген адамдар конфеттің орнына құрма қолданса болады, себебі олардың тәттіге қарағанда нәрлілігі аз. Құрма пальмасының жемістері гипертониктерге (қан қысымы көтеріңкі адамдар) аса пайдалы, себебі қан тамырының тарылуын баяулатады. Құрма күш-қуатты көбейтіп, тонусты арттырады; көптеген кеселдерде көмектеседі; әсіресе экологиясы нашар аудандарда тұратын адамдарға жеуге кеңес беріледі. Аш қарынға желінсе ішектегі құрттарды өлтіреді. Құрма бауырды қуаттандырады, асқазанды тазалайды, әлсіз бүйректі күштендіреді. Құрманы сүт араластырып қалампыр қосып ішсе, өкпенің қабынуы (Бронхит) сияқты тыныс жолдарына шипа. Құрманың құрамында танин көп болғандықтан дене жарақаттарын тез жазады. Адамды арықтатады, егер күрішпен бірге пісірсе семіртеді. Құрамында А Е Б дәрумедеріне де бай, алмадағы темірдің екі есесі құрмада табылады. Сол себепті қан аз болған (гемоглобин) кісіге көп жеуіне кеңес беріледі. Жаңа босанған ана үшін таптырмас жеміс, өйткені ана сүтін көбейтеді. Сондай-ақ рак ауруына қарсы пайдалы, құрамында микроп атаулы жоқ бірден-бір жеміс. Құрма сүйектерін үгітіп кофе қып қайнатып ішсе, жүйке жүйесін тыныштандырып демалдырады. Сонымен қатар беттегі түрлі дақтарды (босанғаннан кейін әйелдерде болатын және күнге күйгеннен қалған дақтарды кетіріп бет пішінін қаз қалпында сақтап, әжімнің тез түсуінен қорғайды. Сонымен қоса құрманы жатардан алдын жесе сал ауруына қарсы өте пайдалы. Құрма – ағзаны тазартады әрі шаштың түптерін бекітеді. Күнімізде медицина құрманы бір күнде ең көп дегенде бесеуін жеуге кеңес береді.



2.2 Құрманың тағы қандай пайдасы бар?

Жаңа заман медицинасы құрма жемісіне ұзақ уақыт бойы ден қойып, табанды түрде зертеулер жүргізіліп, нәтижесінде:

- Құрма адам денсаулығына қауіпті қандай болсын: бактериялар, микробтар мен паразиттерді тасымалдаушы жеміс болып табылмайтынын;

- Құрма аса қатерлі, өлім халіне душар ететін ажалды-амеба микроағзасына қарсы ең жақсы «күрескер» құрал екенін;

- Құрманың құрамындағы заттар – адам ағзасындағы ауру жұқтырғыш, ауруды пайда қылатын бактерияларды жоятынын;

- Құрма – ғарышкерлер үшін таптырмайтын тағам әрі дәрі, сонымен қатар икраға қарағанда анағұрлым пайдалырақ екенін;

- Құрма – шығармашылықпен айналысатын, мимен жұмыс істейтін адамдар үшін, жүйке жүйесіне шағымы барлар үшін, бастың жақсы жұмыс істеуі үшін де дәрігерлер тарапынан ұсынылатын аса пайдалы жеміс.

–  Құрманы аш қарында жеу паразиттерді жояды.

–  100 г құрма 281-ден 318 калорияға дейін құнарлы. 100 г құрманың құрамында 20 мг фосфор бар. Фосфорға бай болуы себепті құрма жүйке жасушаларын нәрлендіріп, еңсені көтереді. Қатты шаршаған адамның өзіне құрманы жегенінен соң жарты сағат ішінде күш-қуаты оралады, сергектік пайда болады.

–  Құрма глюкоза мен фруктозаға бай. Тәбетті шақырады.

–  Диетолог мамандары дәмді де пайдалы бұл жемісті жүйке жүйесінің бұзылуынан зардап шеккен балаларға жегізуге кеңес береді.

–  Құрма қан құрамындағы холестериннің деңгейін төмендетеді.

– Құрма ішек қызметін қалыпқа келтіреді. (Іштің қатуы кезінде өте пайдалы)

–  Құрма көз ылғалдылығының сақталуына көмектесіп, түнде көргіштігін жақсартады...



Қорытынды

Құрманың қаншалықты пайдалы екенінен, біз әлі де толық хабардар емеспіз. Құрма, сондай жеміс – құрамындағы нәрлі заттардың арқасында қанға жылдам түсіп, ағзаға жеңіл сіңеді әрі тез қорытылады. Нәтижесінде шаршауды басып, ағзаны қуаттандырады. Құрма – адамның жүйке жүйесіне игі әсер беріп, тыныштандырады. Сондай-ақ, құрма – бауыр, ішек құрт инвазия ауруларына, терінің құрғауы, еріннің тілінуі, шаштың түсуі, тырнақтың сынғыштығы секілді жағдайларда өте пайдалы. Ол – сүйек пен тістің саулығына өте қажетті фосфорға бай. Құрамында А витаминінің көп болуы жүйке жүйесінің, қалқанша безі мен өкпе қызметінің жақсаруына үлес қосып, күш-қуатты көтереді және терінің жаңарып отыруын қамтамасыз етеді.Әрі оның орасан зор пайдасын жазып тауысар емес секілдіміз. Бүгінгі таңда ғалымдар, құрма – адам ағзасына қажетті барлық пайдалы заттардың барын дәлелдеп те беріп жатыр. Бір сөзбен айтқанда, түрлі витаминге бай, тойымды әрі емдік қасиеті мол құрма – ғажап жеміс.



Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы


2. Тамақ өнімдерін тану. Қ. Кузембаев, Г. Кузембаева
3. Берекелі дастархан журналы
4. Аспаздық

Начало формы



Конец формы

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...