«Көркем еңбек» оқу пәнінің бағдарламасы:
1) қоршаған ортада өнер, дизайн мен технология туралы түсінік пен білімді дамытуға;
2) Қазақстан және әлем халықтарының көркем-мәдениет мұрасын оқып үйренуге;
3) өнер мен дизайнның көркем тәсілдері арқылы шығармашылық идеяларды, технологиялық дағдыларды дамытуға;
4)зерттеу, жасау, талдау, нысандарды көркем түрлендіру үдерісінде оқушылардың шығармашылық және сыни тұрғыда ойлау дағдыларын дамытуға;
5) оқу қызметінің барлық түрлерінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алуға (зерттеу, идеялардың шығармашылықпен іске асыру, жұмыстардың таныстырылымы);
6) жұмыс нәтижесі үшін түрлі ақпарат көздері мен ресурстарының маңыздылығын түсіне отырып, зерттеу мен пайдалануға;
7)эстетикалық, еңбекке баулу, экономикалық, экологиялық, патриоттық тәрбиелеу мен рухани-өнегелік құндылықтарын қалыптастыруға;
8)уақыт, материалдың қасиеті мен басқа да факторлардың әсерін анықтап және оны ескере отырып қызметін өз бетінше жоспарлай алуға;
9)оқу мақсаттарына жетуде бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру (жеке, жұптық және топтық жұмыс) бойынша тәжірибе жинауға бағытталған.
Оқулық
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
«Көркем еңбек» 9-сыныбы
аптасына: 1 сағат, барлығы: 36 сағат
№
|
Ауыспалы тақырыптыр
|
Сабақтардың тақырыбы
|
Оқудың мақсаттары
|
Сағат саны
|
Мерзімі
|
Ескер-ту
|
І тоқсан (8 сағат)
|
1
|
Сәндік қолданбалы өнер
|
Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнері. Қазақ кілемдері. Алаша. Кілем тоқу. Гобелен.
|
9.1.2.1 өнер туындыларының тарихи және мәдени шығармаларындағы материалдар мен стильдерді жариялауда көпшілік назарының әсерін қарастыра отырып, салыстырмалы талдау жасау
9.1.3.1 шығармашылық ойды жүзеге асыру мен дамытуда алғашқы және қазіргі ақпарат көздерін мақсатты түрде және тиімді қолдану
|
1
|
|
|
2
|
Кілем тоқу материалдары мен құрал-жабдықтары
|
9.1.6.4 шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі технологиялар мен өнер материалдарын қолдану бойынша өзіндік (оригиналды) шешімдерді ұсыну
|
1
|
|
|
3
|
Сәндік қолданбалы өнер
|
Интерьердегі сәндік бұйымдар
|
9.1.2.1 мәдени және тарихи жәдігерлер, қолөнер мен дизайн салалары шығармаларының материалдарын, бағытын, салыстырмалы талдау
|
1
|
|
|
4
|
Интерьерге арналған сәнді заттарды (шырағдан, сәнді сағаттар т.б) дайындау техникалары мен тәсілдерін зерделеу
|
9.1.3.1 шығармашылық идеяларды (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны) дамыту мен іске асыруда бірінші және екінші ақпарат көздерін толыққанды және нәтижелі қолдану
|
1
|
|
|
5
|
Тәжірибе жұмысы оқушылардың таңдауы бойынша (алаша/гобелен/ интерьерге арналған сәндік бұйым). Бұйым нобайын дайындау. Материалдар мен құралдарды дайындау.
|
9.1.4.1 жұмысты орындаудың тиімді әдістері мен реттілігін анықтай отырып, шығармашылық жұмысты жоспарлау
|
1
|
|
|
6
|
9.1.5.1 күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың дизайнын дайындау үшін түрлі салалар бойынша білімдерді жалпылау
|
1
|
|
|
7
|
Шығармашылық жұмысты орындау. Сәндеу. Рәсімдеу
|
9.2.1.1 мазмұнды, ерекше туындыны орындау үшін өз бетінше және сенімділікпен өнердің көркем құралдарын қолдану
9.2.3.3 шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану
9.2.6.1 техника қауіпсіздігін сақтай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану;
|
1
|
|
|
8
|
Жұмысты таныстыру. Көрме ұйымдастыру
|
9.3.1.1 медиа құралдары мен онлайн платформаларды қолдана отырып, белгілі бір аудиторияға дайын жұмыстарын таныстыруды өз бетінше ұйымдастыру
|
1
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |