Бағдарламасына енгізілген қадамдардың бірі «Азаматтарға арналған үкімет»



бет1/3
Дата10.06.2022
өлшемі17.67 Kb.
#267718
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
абмпшд
15 физра реф

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы туралы

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 20 мамырдағы «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» бағдарламасына енгізілген қадамдардың бірі - «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) құру. Ол Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарын бір жүйеге біріктіру арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай провайдеріне айналып, Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік береді.


Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында 2015 жылғы 17 қарашада «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №408-V Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, соған сәйкес Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соның ішінде жеке тұлғаларға және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша көрсету, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдас бөліктерін техникалық тексеру, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру Мемлекеттік корпорацияға жүктелді.
«Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 2016 жылғы 29 қаңтарда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» № 39 қаулы қабылдады. Онда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы», Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы», Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару Комитетінің «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын біріктіру арқылы жарғылық капиталда мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы айтылған.
2016 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы шешімі негізінде аталған мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды, ол заңда белгіленген тәртіппен Астана қаласының Әділет департаментінде тіркелді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Уәкілетті тұлғасының 2016 жылғы 8 сәуірдегі №01 бұйрығымен ел аймақтарында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 1 өкілдігі мен 70 филиалы құрылды.
2016 жылғы 29 сәуірде Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесінің бірінші отырысы өткізіліп, онда Мемлекеттік корпорацияның ішкі құжаттарын бекітумен қатар Басқарма құрамы сайланды.
Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі шешімімен Мемлекеттік корпорацияның ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік корпорация басқармасы аппаратының құрамына Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық инспекциялау дирекциясы, Мемлекеттік қызмет көрсту дирекциясы және Әлеуметтік төлемдер бойынша ведомствоаралық есеп айырысу орталығының дирекциясы кірді.
Осылайша, елдегі мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай провайдері ретінде жаңадан құрылған Мемлекеттік корпорацияның қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған барлық органдар іске қосылды.
Бүгінде мемлекеттік корпорацияда 18 мың жұмыскер жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру