Курстың міндеттері:
білім берудің жаңа педагогикалық технологияларын енгізіп, оқушының дара ерекшеліктерін саралап дамыта оқытуды жүзеге асыру;
пәнаралық байланысты туғызу;
білімді практикамен ұштастыру;
сапалы дүниетанымдық көзқарас қалыптастырып, ғылыми негізде білім беру, ізденіспен жұмыс істеуін ұйымдастыру, шығармашылық потенциалын қалыптастыру арқылы жалпы мәдениеттілік қызығушылығын дамыту.
Пәнаралық байланыс:
Алгебра, геометрия, сызу, тарих, физика, информатика, биология, ауылшаруашылығы, география, экология.
Курстың өзектілігі:
Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын қалыптастыра отырып, PISA тапсырмаларын , ұлттық бірыңғай тест тапсырмаларын өз бетімен шығара алатын қабілеттерін жетілдіру.
Нәтижесінде:
Оқушылар есеп шығарудың негізгі әдістерін меңгереді ;
Еркін ойлай білетін белсенді , қабілетт, өзін-өзі тани алатын , өзіне сене отырып ілімге жауапкершілікпен қарайтын тұлға қалыптасады;
Оқушылардыңматематикалық мәдениетімен шығармашылық қабілеттерінің дамуы мен танымдық деңгейі көтеріледі.
Табиғи қасиеттерін, математикалық білім деңгейлерін тереңдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |