Бағдарламасы Нұр-Сұлтан, 2020 жыл 2 «elorda jastary» бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) жастардың


ЖАСТАР ОРТАСЫНДАҒЫ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ



Pdf көрінісі
бет9/20
Дата21.09.2021
өлшемі0.92 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
ЖАСТАР ОРТАСЫНДАҒЫ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ 

Нұр-Сұлтан  қаласы  –  бұл  Қазақстанның  ірі  аймақтарының  бірі,  оның 

астаналық  мәртебесі  елдің  басқа  аймақтарынан  қалаға  көптеген  мигранттарды 

қабылдауда. Сонымен қатар, елдің әкімшілік, экономикалық орталығы ретінде, 

беделді  оқу  орындарының  шоғырлануына  байланысты  өзге  өңірлерден  ең 

өршіл,  ынталы  жастардың  орталығына  айналуда.    Елордаға  қоныс 

аударатындардың дені 30 жасқа дейінгі жастар. 

 



0-13 жас


14-18 жас

19-24 жыл

25-28 жас

29-35 жас

• 326 929

• 57 888


• 86 100

• 78 346


• 169 550

Статистика 

департаментінің 

мәліметтері бойынша 



(2020 

жылдың 

басындағы 

мәлімет) 

Нұр-Сұлтан  қаласында 

14-тен  35  жасқа  дейінгі 

391  884  азамат  тұрады, 

бұл 


қала 

халқының  

жалпы  санының  34,5% 

құрайды. 

 

 

Елордада  жастардың  әртүрлі  қызығушылықтары  мен  қажеттіліктерін 



қанағаттандыру  үшін  көптеген  жағдайлар  жасалған.  Жаңа  мемлекеттік 

бағдарламалар,  заманауи  балабақшалар,  мектептер,  колледждер  мен 

университеттер  мансаптық  өсудің  табысты  кепілі  бола  алады,  сондықтан               

Нұр-Сұлтан  –  жастардың    назарын  аудартатын  орталық.  Жастардың  Елордаға 

қоныс аударуы жыл сайын 15-25 мың адамға өсіп отыр. 

Жастар  жұмыс  тәжірибесі  мен  арнайы  тәжірибе  мен  еңбек  өтілуінің 

болмауына  байланысты  жұмыс  берушілердің  талабына  сәйкес  келе  бермейді, 

сол  себепті  көп  жағдайда  жұмысқа  орналасуда  талаптары  сәтсіз  аяқталып 

жатады.    Бұл  мәселе  ең  алдымен,  16  мен  24  жас  аралығындағы  жұмыс 

тәжірибесі  жоқ  білім  беру  ұйымдарының  түлектеріне  қатысты  және  өзекті 

болып табылады.  

 Елорданың  жұмысшы  жастары   



(экономикалық  белсенді  15-28  жас) 

шамамен  133  мың  адамды  құрайды,  өзін-өзі  жұмыспен  қамтығандар                   

-  18,1  мың.  2020  жылғы  3-ші  тоқсандағы  жағдай  бойынша  жастардың 

жұмыссыздық  деңгейі  -  4,6%,    NEET  жастарының  үлесі 



(жұмыс  істемейтін 

(жұмыссыз  немесе  жұмыспен  қамтылмаған)  және  оқымайтын  жастардың 

жалпы санынан%)

 7% құрайды. 

Жұмыспен қамту проблемасы көбінесе еңбек нарығындағы ұсыныстардың 

жастардың үмітімен сәйкес келмеуінде жатыр. Жастар үшін имидж, бедел және 

жоғары  жалақы  мәселесі  өзекті  болып  табылады.  Жұмысшы  мамандықтар 

бойынша бос орындарға қызығушылықтар төмен деңгейде. 

Қажетті  біліктілік  пен  тәжірибенің  жетіспеушілігі,  нашар  білім  мен 

коммуникация құра білмеу де тез жетістікке жетуге кедергі болып табылады. 

Жастардың  әлеуметтік  интеграциясы  мен  өзін-өзі  реттеу  саласында 

жергілікті 

бюджеттен 

қаржыландырылатын 

мемлекеттік 

әлеуметтік 

тапсырыстарға  жастар  ұйымдарын  тарта  отырып,  оны  жүзеге  асыруға 

мүмкіндік беретін тиімді механизм жұмыс істейді.  

Жастардың ҮЕҰ-ы әлеуметтік-мәдени, түсіндірме, ақпараттық-насихаттық 

және басқа бағыттар бойынша қызметтер мен іс-шараларды жүзеге асыруда.  

Қалада  жастар  саясатының  кеңейтілген  инфрақұрылымдары  бар. 

Мемлекеттік  жастар  саясатын  Нұр-Сұлтан  қаласының  жастар  саясаты 




мәселелері  басқармасы  (бұдан  әрі  -  Басқарма),  Нұр-Сұлтан  қаласы  әкімдігінің 

жанындағы  Жастар  ісі  жөніндегі  кеңес,  «Астана  жастары»  жастар  ресурстық 

орталығы  жүзеге  асырады.  Жоғары  оқу  орындарының  студенттік  өзін-өзі 

басқару  жүйесін  біріктіретін  «NS  16»  алаңының  белсенділігі  артуды. 

Волонтерлар желісі жеткілікті дамыған.  

Қалада  әртүрлі  бағыттағы  50-ге  жуық  жастар  ұйымдары  белсенді  жұмыс 

істейді.  Басқармамен  әріптестікте  және  қалада  белсенді  жастар  ұйымдары 

қатарында  «Жас  Отан»  жастар  қанаты,  «Қазақстанның  жастар  конгресі»ЗТБ, 

«Болашақ»  стипендиаттары  қауымдастығы,  «Жас  Ұлан»  балалар  мен 

жасөспірімдердің  бірыңғай  ұйымы,  «Жасыл  Ел»  жастар  еңбек  жасақтарының 

республикалық  штабы»  ЖҚ,  «Республикалық  студенттік  құрылыс  және  енбек 

жасақтары  штабы»  қоғамдық  қоры  «Қазақстан  КВН  Одағы»  ЗТБ,  «Қазақстан 

студенттерінің  Альянсы»  ҚБ,  «ZhasStar»  жастар  саясатының  орталығы»  ҚҚ, 

«Жастардың  әлеуметтік  және  тұрақты  даму  қоры»  ЖҚ,  «SOS  балалар  үйі», 

«Қазақстан  жастар  конвенті»  ЖҚ,  «Jas  Qadam»  ҚҚ,  «Жастар  үні»  ЖҚБ, 

«Право» ҚҚ және т.б. бар. 

Мысалы,  Басқарма  мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс  шеңберінде  2017 

жылдан бастап 2020 жылға дейінгі аралықта жастар ұйымдарының қатысуымен 

70-ке  жуық  мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс  жобаларын  жүзеге  асырылды. 

Олардың  қатарында  «Студенттік  құрылыс  және  «Жасыл  ел»  еңбек 

жасақтарының  қызметін  үйлестіру»,  «Жайдарман»  қалалық  чемпионатын 

өткізу,  «Студенттік  құқық  қорғау  жасақтарының  жұмысын  ұйымдастыру», 

қалалық  жастар  форумдарын  өткізу,  ұрпақтар  сабақтастығы  үшін  іс-шаралар 

өткізу  және  жастарды  тәрбиелеуде  ұлттық  дәстүрлерді  насихаттау  «Жастар 

жалыны» шығармашылық фестивалі, рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы 

іс-шаралар, волонтерлық қызметті дамытуға бағытталған және т.б. жобалар бар.  

Жастар ортасында болып жатқан процестерді талдау жастардың әлеуметтік 

әл-ауқатына да, жалпы қаладағы қоғамдық-саяси жағдайға да әсер ететін негізгі 

проблемалардың бар екендігін көрсетеді. Өзекті мәселелер қатарына: 

  Жастар арасындағы жұмыссыздық; 

  Қалаға  жаңадан  келгендер  жастардың  ортаға  бейімделуіндегі 

қиындықтар; 

  Студенттер үйінің жетіспеушілігі; 

  Жас  отбасылар  үшін  қол  жетімді  баспананың  жетіспеушілігін 

жатқызуға болады. 

Жергілікті  билік  органдарының,  азаматтық  қоғам  институттарының, 

бизнес  қауымдастықтардың,  білім  беру  мекемелерінің,  жастар  ұйымдарының 

жас  азаматтардың  кәсіби  және  шығармашылық  әлеуетін  дамыту,  олардың  оң 

көзқарасын,  инновациялық  ойлауын  қалыптастыру,  жастар  үшін  тиімді 

«әлеуметтік лифттерді» құру,  әлеуметтік құқықтары қамтамасыз ету,  белсенді 

жас  азаматтардың    күш-жігерін  мемлекеттік  басқару  процестеріне  тарту 

стратегиялық міндет болып табылады.  

Қазіргі  кезде  азаматтардың,  оның  ішінде  жастардың  жайлы  өмірі  мен 

жұмысына  жағдай  жасаудың  негізгі  мәселелері  Нұр-Сұлтан  қаласының                   

2050 жылға дейінгі даму стратегиясы аясында шешілуде.  




Бағдарламада  жайлы  және  қауіпсіз  қала;  әлеуметтік  бағдарланған  қала; 

экономикалық  тұрақты  қала;  бизнес  және  жеке  капиталға  арналған  қала; 

интеграцияланған  қала;  белсенді  азаматтар  қаласы  сияқты  басым  бағыттар 

қарастырылған.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік