Бағдарламасы және әдістемелік нұСҚау пән: Организмдердің жалпы биологиясы мамандық бағыты: В077 Өсімдік шаруашылығы


ГЕРБАРИЙДІ ЖИНАУ, ЖАБДЫҚТАУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР



бет6/22
Дата04.08.2022
өлшемі82.05 Kb.
#277984
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Оқу тәжірибесі Жалпы биология 2022

3 ГЕРБАРИЙДІ ЖИНАУ, ЖАБДЫҚТАУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР


Гербарий үшін шөптесін, жабайы, закымданбаған сау өсімдіктерді барлық вегетативтік мүшелерімен, міндетті түрде, гүлімен жинау керек. Кейбір өсімдіктерді жемістерімен қоса жинау керек (М. қырыққабат, селдерейлі, астра тұкымдастары). Ағашты және бұталы өсімдіктердін бұтағын жапырағымен және гүлімен алады (5 тен көп емес). Гербарийде емтиханға енетін өсімдіктердің тұқымдастары болуы шарт (қоңырбас, бұршақ, қырыққабат, алқа, алабұта, сабынкөк, сарғалдак, ерінгүлділер, тарандар, лалагүлділер, қияқөлең тұқымдастар). Басқа өсімдіктердің тұқымдастарын да жинауға болады, улы, зиянды немесе жақсы мал азықтык шөптер болса. Шөптесін өсімдіктерді жер асты бөліктерімен қоса қазады (тамырсабағымен, пиязшығымен, тамырымен). Тамырды топырағынан сілкіп тастайды. Өсімдіктің әртүрінен екі данадан жинайды. Оның біреуін саяхат папкасына, екіншісін келесі күні зертханада анықтау үшін полиэтилен қалтаға салады.
Морфологиялык гербарий үшін өсімдіктердің жеке мүшелерін жапырактарын, гүл шоғырларын, өркендерін жинайды. ұзын сабақты өсімдіктерді екі рет қайырып, тамырын төмен, гүл шоғырын жоғары қаратып салады. Жинаған өсімдіктерді кептіретін қағаздардың арасына оның жартысына барлык мүшелерін дұрыстап салады, оған қоса белгілі өсімдіктердің атын, жиналған күнін, тіршілік ортасын көрсетіп этикетка салады да, газеттің екінші бетімен ақырын жабады. Келесі өсімдіктер бірінің үстіне бірі осы тәртіппен койылады. Тек өсімдіктер газеттен аспауын, әрі барлық бөліктері жазылып жатуын қадағалау керек.
Оқу іс - санасы кезінде табиғатты корғауды естен шығармай өсімдіктерге залал тидірмеу керектігін абайлаған жөн, саяхатта, тек, кажетті өсімдіктердің түрін жинап, басқаларын сақтай білген жөн, жергілікті жерлерде сирек кездесетін өсімдіктерге тиіспеген дұрыс.


ӨСІМДІКТЕРДІ КЕПТІРУ
Жиналған өсімдіктерді үйде тағы да бір рет ұкыпты түрде көңіл қойып, мүшелердің орналасуын қарау керек. Өсімдік бөліктері бірін-бірі басып тастамау үшін араларына кептіргіш қағаз салып отырады. Гүлдердің бояуларын сақтау үшін астыңғы және үстіңгі жағынан гигроскопиялык мақтаның жұқа қабатын салады. Жақсы гербарий жасау үшін өсімдіктерді дұрыс және ұқыпты кептіру қажет. Өсімдікті екі гербарий торшасынан тұратын арнаулы престе кептіреді. Ол үшін өсімдіктерді қағаздардан алмай алдымен астына дұрыстап біреуін, кейіннен аралықтарына құрғатқыш қағаздар сала отыра басқаларын бірінің үстіне бірін дәл келегіндей беттестіріп орналастырамыз. Сосын торды құрғак, жылы орынға, ашық терезе алдына т.б. жерлерге қою керек. Күнде гербарийді қарастырып, құрғатқыш қағаздарын айырбастайды. Ол қағаздарды кептіріп, қайтадан пайдалануга болады. Неғұрлым қағаздарын жиі ауыстырса, соғұрлым өсімдіктер тез кебеді және бояуларын сақтайды. Құрғатқыш қағаздарын айырбастағанда алғашқы этикеткалары түсіп қалмауын естен шығармаған жөн. Әдетте өсімдіктер 3-4 күн кебеді. Өсімдіктер тезірек кебуі үшін, екінші, не үшінші күндері торшадан өсімдікті алып аса ыстык емес өтекпен кағаз арқылы өтектеу керек. Егер өсімдікті кептіргенде иілмей горизонтальды орналастырса, онда жақсы кепкен болып саналады. Кепкен өсімдіктерді престен алып, папкада ұкыпты түрде сақтайды, ал преске жиналған басқа өсімдіктер салынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру