Бағдарламасы «Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру»

Loading...


Дата12.09.2020
өлшемі57 Kb.
түріБағдарламасы


Пәннің уақытша типтік бағдарламасы
«Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру»
3 кредит
Түсініктеме жазбахат
Бүгінгі нарықтық жағдайда күрделі банктік механизмді басқару толық емес экономикалық ақпаратсыз мүмкін емес. Экономикалық дамудың бүгінгі сатысында банктегі бухгалтерлік есеп беру мүлік, ақша қаражаттары, несиелер,қорлар,бағалы қағаздар,құрылған резерфтер,кірістер мен шығыстар,қаржылық нәтижелер жағдайы мен қозғалысы және банктің қызметін жоспарлау,талдау және басқару мақсатымен құрылған бақылау туралы ақпараттық ағымды білдіәреді.Ол бухгалтерлік есептің хаклықаралық стандартында бекітілген жалпы пинциптер мен ережелер, «Қ.Р банктік есеп туралы»,сонымен қатар ҚР ҰБ шығарылған нұсқаулар, ережелер және бухгалтерлік есеп бойынша Қ.Р басқа да компетенттік орпгандармен шығарылған нұсқаулар, ережелер негізінде құрылады.

Банк қызметі туралы қаржылық ақпараттық ақшалай бірлігіндегі сандық өлшемі,оны жөндеу және қаржылық жағдайын талдау мақсатында жіберу және коммерциялық банкпен басқару ретінде пәні шығады.

«Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру» курсы банк мекемесі үшін жоғары білікті мамандар дайындау жүйесінде базалық курс болап табылатын «Бухгалтерлік есеп теориясы», «Ақша теориясы», «Банк ісі» басқа да экономикалық пәндермен тығыз байланысты.

Студенттерге оқылатын сұрақтарды ҚР Үкіметімен және коммерциялық банк қаулысымен байланыстыру қажет. Сонымен қатар студенттерди кезеңдік басылымдардағы, оның ішінде «ҚР Ұлттық Банк Жаршысы», «Қазақстан банктері», «ҚР ҰБ экономикалық шолу», «ҚР ҰБ стастистикалық бюллетені» есеп және беру материалдарымен таныс болуы қажет.



Курстың негізгі міндеті банктің есеп саясатын ұйымдастыру бойынша банктің қажетті мамандарына теориялық және басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржылық есеп беруді талдауды негізгі бағыттарын теориялық және тәжірибиелік білім беру.
Тақырыптар мазмұны
1-тақырып Бактердегі есептердің әдістері, мақсаттары.
«Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру» пәнінің мақсаттары мен міндеттері. Банк мекемесіндегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру негізі. Бухгалтерлік есеп жүйесінің элементтері. Банк жүйесіндегі бухгалтерлік есепті қайта қалыптастыру негізі және Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктердің халықаралық стандартқа жауап беретін бухгалтерлік есеп принциптерін енгізу және жасау қажеттілігі.
2-тақырып. Банкте есеп-операционды жұмысты ұйымдастыру.
Банктегі есеп-операционды жұмыстың мәні мен мағынасы. Қ Р ҰБ банктегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру бойынша әдістемелік орталық. Банктің есеп-операционды құрылымы. Бас бухгалтер, жауапты қызметкер, операциялық топ бақылаушысы, операционистер, операторлардың негізгі қызметтері.
3-тақырып. Банктік баланс және оны құру принциптері, банктегі синтетикалық және аналитикалық есеп.
Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына өтуге байланысты шоттар жоспарының маңызы. Банк балансының жеделдігі және оның сипаттамасы. Баланстық және баланстан тыс шоттар. Активтік және пассивтік шоттарға бөлу, активті-пассивті шоттардан бас тарту. Баланстық шоттарды экономикалық мазмұны, бағыты және құрылымы бойынша топтастыру. Қаржы шаруашылық операциялар әсерімен банк балансының өзгерісі. Банкте синтетикалық және аналитикалық есептің мәні мен ұйымдастырылуы.Ақырғы айналым операциялары.
4-тақырып.Коммерциялық банкттерді құжат,құжат айналымы және бақылау.
Банктердің операциялары бойынша құжаттама. Банктерде қолданылатын құжаттардың негізгі реквизиттері және оның регламентациясы. Құжаттарды оның қалыптасуы бойынша және банк операцияларының сипаты бойынша жіктемесі. Банк операциялары бойынша құжат айналымын ұйымдастыру. Банк операцияларын уақытылы орындау үшін негізгі ережелер. Құжат айналым графигі. Банк ішілік бақылау міндеті және оның түрлері. Ішкі аудит мақсаты.

5-тақырып. Есеп айырысу операциялары есебі.
Коммерциялық банктің есеп айырысу операциялары мазмұны. Қолма-қолсыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін негізгі принциптер. Банктік шоттар бойынша операцияларды жүргізу және ашу. Есеп айырысу шоттарынан төлем кезектілігі. Төлем тапсырмасы және төлем талап тапсырмасымен есеп айырысуды жүргізу тәртібі. Ченкпен және аккредитивпен есеп айырысу. Пластикалық карточкалармен операцияларды есепте бейнелеу процедурасы. Электронды есеп айырысуда есепті ұйымдастырудың артықшылығы. Банк аралық Есеп айырысудың Қазақстандық Орталығы (БЕҚО)және Бөлшек Төлем Жүйесі (БТЖ), Ірі Төлем Жүйесі (ІТЖ) арқылы есеп айырысуды жүргізудің тәртібі.
6-тақырып.Банкаралық корреспонденттік қатынастардың есебі.
Банкаралық корреспонденттік қатынастар қажеттілігі. II деңгейлі банктердің коррепонденттік қатынастарын ұйымдастыру негізі. Корреспонденттік шоттың түсінігін аңықтау. ЛОРО шоты. Ностро шоты. Корреспонденттік келісімшартты жасау және корреспонденттік шоттарды ашу тәртібі. Банк арасында ес еп айрысудың клирингтік формасы.
7-тақырып.Касса операциялары есебі.
Коммерциялық банктегі кассалық операцияларды жүргізудің жалпы тәртібі. Ақша белгілерін тасымалдау және сақтау ережесі. Ақша қоймасының техникалық қамтылуы. Банк кассасынан қолма-қол ақшаны қабылдау және беру тәртібі. Шетел валтасында және теңгеде айырбас пунктіне аванс беру. Банк кассасына айырбас пунктінің қалдығын қабылдау. Касса ревизиясын жүргізу тәртібі және оны есепте бейнелеу,рәсімдеу.
8-тақырып. Ақша ағымдарын дисконттау. Болашақтағы және ағымдағы құн.
Ақша ағымын жобалау қажеттілігі. Дисконтталған құн мазмұны. Ақша ағымын дисконттау. Жай және күрделі процент шығару тәртібі. Аннуитеттердің негізгі түрлері. Болашақтағы және ағымдағы құн.
9-тақырып. Несие операциялар есебі.
Несиені алу үшін клиенттермен ұсынылатын қажетті құжаттар. Несиені беру және жабу (өтеу) процедурасы. Проценттерді есептеу және (өтеу) тәртібі және оларды есепте бейнелеу. Несиелік қызметтен шығындарды жабуға провизия құру қажеттілігі және есептеу тәртібі. Оларды қолдану тәртібі. Басқа банктерден алынған несие және олар бойынша процентті есептеу.


10-тақырып. Депозиттік операциялар есебі.
Пассивтік операциялар түрлері және оларды есепте бейнелеу. Пассивтік операциялардың синтетикалық және аналитикалық есебі. Банктің депозиттік операциялар мәні. Депозиттік операцияларды ашу тәртібі. Депозиттік келісім шарт және оны төлеу бойынша есепті жүргізу. Банктің проценттік шығындарын талдау.
11 – тақырып. Банктің тауарлы- материалды құндылықтар есебі.
Банкте тауарлы – материалды қорлар және оны бухгалтерлік есепке қолдануға жіберу. Тауарлы-материалдық құндылықтардың негізгі топтары. Оларды бағалау.
12 – тақырып. Банктің кірісі мен шығысы есебі.
Коммерциялық банктік кірістері мен шығысы құрамы. Екінші деңгейлі банктің монетарлық қызметінің кірісі мен щығысы есебі. Шетел валютасы операциялары бойынша кірістер мен шығыстар есебі. Екінші деңгейлі банктің бағалы қағаздар операциялары бойынша кірістер мен шығыстар есебі. Екінші деңгейлі банктің монетарлық емес қызметі бойынша кірісі мен шығысы бойынша есебі. Банк ішілік операция есеп тәртәбі. Көлік, жалдау мазмұны бойынша әкімшілік шығыстар есебі. Есептеу әдісінің түрлері: констатация және трансфомация. Трансформация жүргізу нысандары.
13 – тақырып. Банкті меншікті капитал операциялары есебі.
Банктермен жарғылық капиталды қалыптастыру және есебін ұйымдастыру. Акционерлерден сатып алынған акциялар есебі тәртібі. Есептелген дивидендтер есебін ұйымдастыру. Банктің резервтік қорының маңызы және оның қалыптасу тәртібі. Бөлінбеген пайда есебінің тәртібі.
14 – тақырып. Банктің салық салу есебі.
Қазақстан Республикасы салық жүйесінің құрылымы. Банкпен төленетін салықтың негізгі түрлері. Оларды есептеу және бюджетке төлеу тәртібі. Банкке салық салу ерекшелігі және оны есепте бейнелеу. Бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыруда банктермен төленетін салықтар.
15 – тақырып. Екінші деңгейлі банктердің қаржылық есебі.
Жалпы қаржылық есеп беру және оны толтыру принципі. Қаржылық банктің есеп беру түрлері. Экономикалық мазмұнны бойынша оның жіктелінуі, толтыру кезеңділігі бойынша, топтастыру дәрежесі бойынша, коммерциялық банктің филиалдарының жұмысы нәтижесін есеп беруге қосу тәуелділігі, адресат бойынша, жіберу тәсілі бойынша, құпия дәрежесі бойынша. Есеп берудің негізгі нысандарының мазмұны, құрылымы және толтыру тәртібі.
СЕМИНАР САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1-тақырып. Бактердегі есептердің әдістері, мақсаттары.

2-тақырып. Банкте есеп-операционды жұмысты ұйымдастыру.

3-тақырып. Банктік баланс және оны құру принциптері, банктегі синтетикалық және аналитикалық есеп.

4-тақырып. Коммерциялық банкттерді құжат,құжат айналымы және бақылау.

5-тақырып. Есеп айырысу операциялары есебі.

6-тақырып. Банкаралық корреспонденттік қатынастардың есебі.

7-тақырып. Касса операциялары есебі.

8-тақырып. Ақша ағымдарын дисконттау. Болашақтағы және ағымдағы құн.

9-тақырып. Несие операциялар есебі.

10-тақырып. Депозиттік операциялар есебі.

11 – тақырып. Банктің тауарлы- материалды құндылықтар есебі.

12 – тақырып. Банктің кірісі мен шығысы есебі.

13 – тақырып. Банкті меншікті капитал операциялары есебі.

14 – тақырып. Банктің салық салу есебі.

15 – тақырып. Екінші деңгейлі банктердің қаржылық есебі.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер
1. Сейтикасымов Г.С. Банктердегі есеп және есеп беру. Астана 2009 ж.

2. Миржакыпова С.Т. Бухгалтерский учет в банках. Учебник.- Алматы: Экономика, 2006.- 700с.

3. Калыгулова Р.Ж., Гумар Н.Э. Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру: Оку куралы.- Алматы: “Арыс” баспасы, 2000.- 210 бет.

4. Сейдахметова Ф.С. Казіргі замандағы бухгалтерлік есеп: Оқу құралы.- Астана, 2008.- 500 бет.

5. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп: Оқулық. Жалпы редакциясын баскарган Н.Қ Мамыров.- Алматы: Экономика, 2005.- 310 бет.
Қосымша әдебиеттер
1. Нұрсеитов Е.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп/ Оқулық құралы.- Алматы, 2009.- 428 бет.

2. Баймуханова С.Б. Қаржылық есеп.- Алматы, 2007.-296 бет.

3. Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық. 2 том- Қарағанды: «Қарағанды полиграфиясы» АҚ, 2009.- 568 бет

4.Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. Оқулық.- Алматы: Экономика, 2006.-384 бет.

5. Төлешева Г.К. Дамыған қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005.- 320 бет

6. Әбдіманапов Ә. Қаржылық есеп.- Алматы, 2007.- 544 бет.

7. Мырзалиев Б.С.,Абдушукуров Р.С. Бухгалтерский учет на предприятиях и организациях. (Специальный курс).- Алматы: «Зан адебиет1», 2008.- 232с.

8. Нурсеитов, Э.О. Бухгалтерский учет в организациях: учебное пособие.- Алматы: Издательство "LEM", 2009.- 444 c.

9. Нурсеитов Э.О., Нурсеитов Д.Э. Практика бухгалтерских расчетов: Справочник.- Алматы: "Издательство LEM", 2010.- 92 с.

10.Колесникав В.И. «Банковское дело» М: 2009 г.

11. Черкасов В.Е «Финансовый анализ в коммерческих баках» М: 2010

12. Тараканова Л.А. «Бухгалтерский учет в коммерческих банках» г.Алматы, 2008 г.




Ф ҚазЭҚжХСУ 703-01-10


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
республикасы білім
жалпы конкурс
Барлы конкурс
ызмет регламенті
дістемелік сыныстар
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
мерзімді жоспар
Республикасы кіметіні
Мектепке дейінгі
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
санды жиынты
дебиеті маманды
білім беруді
мектепке дейінгі
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
облысы бойынша
алауды тапсырмалары
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
Конкурс жариялайды
теориялы негіздері
ырыпты жоспар

Loading...