Бағдарламасы 6 б сыныпқа арналған Технология пәні мұғалімі : Тәке Бақытгүл 2021 жыл


Сабақтың тақырыбы:Шаршы ішіндегі ою



бет8/8
Дата24.12.2021
өлшемі186.62 Kb.
#148020
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
6 б сынып үйірме 2021
Сабак жоспары 130 буйрык, Автокад Айнұр оқу құрал, жиын апай, 02ac1f9a-f95b-4eff-86b7-0deb008c667b, -606108657, Диплом ТОКА, Диплом ТОКА, Диплом ТОКА, Диплом ТОКА, MySQL негіздері , Қатысым ведомості Г-21-9 (казан), Аморфты материалдар
Сабақтың тақырыбы:Шаршы ішіндегі ою. Мақсаты: Оқушыларға «Шаршы»ою-өрнегін қидырып, олардың эстетикалық талғамдарын жетілдіру , оюларды үйлесімді заттардың бетіне салып безендіру шеберлігін арттыру. Қолданылатын құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаз, желім, түрлі - түсті мата, қарындаш, өшіргіш, ине,жіп, қайшы. Көрнекіліктер: Ою-өрнек үлгілері. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу. Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу. Жаңа сабақ. Оқушылардың назарын ілінген «Шаршы» ою - өрнегіне аударып, оны қалайша тез, әрі оңай жасау тәсілін үйретуге кірісемін29х20 см қағазды ортасынан тік және көлденең бүктеймін. Қағаз екі рет бүктелгенде төрт қабатталған шаршы формасына ұқсаған қағаздың екі қабатын диагональ бойымен өзіне қарай үшінші рет бүктейді. Сонда тең бүйірлі үшбұрыш шығады. Осы тең бүйірлі үшбұрыш сияқты бүктелген қағаз бетіне шаршы ою-өрнектің жарты көрінісін қарындашпен салады. Ою-өрнек элементтері олпы – солпы болмай жинақы, әдемі көрінуге тиіс. Егер дұрыс сызылмаса өшіргішпен өшіріп, түзеп отыру қажет. «Шаршы оюды қайшымен ұқыпты қию керек. Қиылған ою-өрнекті жайып, оның бүгілген жерлерін тегістейді. Тегістелген ою-өрне әдемі көріну үшін 29х200 см басқа (ақ,сары қағазға желімделеді. Ою дұрыс шыққанда ғана оқушы матаға ою-өрнекті түсіреді және түр үйлесімділігіне көңіл бөледі. Жасалу жолы: Үйге тапсырма: «Шаршы ою-өрнегін пайдаланып түсті қағаздан сырмақ немесе текемет үлгісін жасап келу.(Қағаздың орнына мата пайдалануға болады.) Сабақтың тақырыбы: Өздігінен ою-өрнек жасау. Мақсаты : Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қолданылатын құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаз, желім, түрлі - түсті мата, қарындаш, өшіргіш, ине,жіп, қайшы. Көрнекіліктер: Ою-өрнек үлгілері. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу. Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу. Жаңа сабақ. Ою - өрнек халқымыздың мәдени шежіресі. Халқымыз қай заманда болмасын сұлулыққа ұмтылған, әсем дүниелер жасауда айнала қоршаған табиғаттан үлгі алған. Ой ниетін ою-өрнек арқылы жеткізген. Енді осы үлгілердің ішінен құстарға байланысты ою-өрнек түрін таңдап, түрлендіріп шығаруларың керек. Аққу оюын таңдап отырмыз. Бүгінгі сабақта «Аққу» оюын әр түрлі тәсілдермен жасап үйренеміз. Аққу құсы ұзын мойынды, ақ қауырсынды, ірі құс. Оның дауысы сыбызғы үні сияқты. Елімізде аққудың үш түрі бар: сұңқылдақ аққу, кіші аққу, сыбырлақ аққу. Аққуды халқымыз киелі құс деп санайды, олар қамыс арасында ұясалады, өсімдікпен көректенеді. Аққудың балапаны көгілдір, сарғыш түсті болып келеді. Аққу құсын сұлулықтың, тазалықтың, таза сезімнің символі деп бағалайды. Көлдің сәні, айдынның еркесі деп ақындар небір өлең жырларын арнаған. Бүгінгі сабақта әр қайсымыз өзіміздің ұнатқан әдісімізбен «Аққу» оюын жасаймыз Сабақты бекіту: -Аққу құсы туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? - Құстарға байланысты қандай ою-өрнек түрлерін білесіңдер? - Аққу қандай құс? Сабақты қорытындылау. - Балалар оюды жасау барысында қандай қиыншылыққа кезіктіңдер, жұмысты жасау қиын болды ма? Үйге тапсырма : Шетін жиектеу жұмысын аяқтау. Сабақтың тақырыбы: «Сырмақ шерткен сыр» аңыз әңгіме. Мақсаты: Халқымыздың асыл мұрасын, салт дәстүрін, өнеріне жақын болуға, құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Оюлар түрлері. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу. Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу. Жаңа сабақ. «Сырмақ шерткен сыр» аңыз әңгімесін айтып беру. Ертеде әділ хан болыпты. Соның жарлығы бойынша қол астындағы елдің ою-өрнек, кесте, бастырма, тоқыма, оймыш, тігін , шекіме, құйма өнерлерін меңгершені сонш, үйлердің іші-сырты, киім-кешектері, жиһаздары мен бұйымдары түгеғлдей оюланған әрі өрнектелген әсем де көрікті екен. Және олар бір-бірімен ою тілінде де сөйлесе алатын болыпты. Сол себептен бұл ел басқарушысы – Ою хан аталып кетіпті. Жылдардың бір жылында бөтен елдің ханы соғыс ашып, Ою ханды орнынан алып, билікті өзі жүргізеді. Ол ескі салт, көне дәстүр, байырғы әдет, ежелгі өнер, бұған дейінгі мәдениет белгілерінің бәрін жойып, жаңаша құрмақ болыпты. Бірақ ескі оюдың орнына жаңа ою таба алмапты. Жаңа дегеннің бәрі ұзаққа бармай ұмыт бола береді. Бұрынғы өнердің, сол өнерді жасаушы шеберлердің көбі азайып, жоғалуға айналыпты. - Уа, хан-ием! Мына райыңыздан қайтыңыз, теріс жолмен кетіп бара жатырсыз, - деп жөн айтқанның да, айтпақ болғанның да, тіпті ондай адамдармен сыбайлас екен дегендердің де көзін жоя беріпті. Сондықтан да оны жалық Жою хан деп атапты. Бұл кезде зынданда жатқан Ою хан жағдайдың бәрін естіп- біліп жатады. Бір күні Жою жанның жалғыз ұлы аңға шығады, Жолындағы аң атаулылардың бәрін қырып, еті мен терісіне қарық болмақ ниетпен ойына алғанын істеп келе жатқанда бір үкі мұның бетіне шапшиды. Бала жанталаса ажыратып үлгергенше үкі оның екі көзін ойып жібереді. Ешнәрсе көре алмай тентіректеп келе жатып бір жардың басынан құлап, көлге батып өледі. Бұл кезде Жою хан баласына іздеу салып жатқан еді. - Кімде-кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын, - деп жарлық берген соң ешкімнің батылы бармайды. Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге өзінің баратынын хабарлайды. Жою хан зынданнан шығарып жолға салады. Ою хан дәрі-дәрмегін, құрал – сайманын алып орманды аралап келе жатып бір тастың астынан: - Жойылсын, Жою хан ! – деп қиналған дауысты естиді. Тасты көтеріп қалса, жамбасына оқ тиіп, күйреген сұртышқан жатады. Ою хан дереу аяғын таңып, дәрі құйып жөніне жібереді. Осылайша жолында кездескен жаралы аң-құстың бәрін емдейді. Ең соңында қанаты сынған үкіні дәрілеп: «Жою ханның баласын көрдің бе?» деп сұрайды. - Қатыгез хан баласы жолында кездескен сұртышқанды, арқарды, бұғыны, жолбарысты жаралап, балықты құрлыққа тастап, бәрін қайта айналып келіп, сойып алмақ болғанда, мен оның екі көзін шығардым. Өйткені ол жараланғанның бәрі Ою хан еккен орманның ең соңғы аңдары еді. Хан баласы қазір көл түбінде жатыр,-дейді үкі. Болған жайдың барлығына көзі жеткен Ою хан үйіне оралып, барлығын сырмақтың бетіне түсіріпті. Ою хан сырмақты Жою ханға әкеле жатқанда аш-жалаңаш халық бірге еріп келеді. Ою хан сырмақты Жою ханның алдына жайып жібереді. Сырмақтың оюы көз жауын алатындай көрікті, бояулары адам жанын баурап алатын сиқырлы болады. Жою хан сырмақтың оюына қарап ойланып ұзақ отырып, алдағы оқиғаны іштей тарқатады. 1. Балам , биік-биік тауларды асып, 2. Тере – терең сулардан өтіп, 3. Қалың жыныс ормандарды аралап, 4. Күндіз де, түнде де талмай жүрген екен 5. Жүрген жолдарда ұшқан құстармен беттесті. 6. Бүғымен кездесті. 7. Тау тағысы арқар да жолығыпты. 8. Жорғалаған тышқандар да қарсы келгенге ұқсайды. 9. Сорлы балам жолдбарыспен арпалысыпты. 10.Балыққа да ұшырасыпты 11. Айдын көлге де түсіпті. 12. Қайран ұлым, алып күштің иесі екендігіңді аңдарға көрсеткенше, ел ішіндегі дұшпаныңа негек көрсетпедің? Тірімісің, өлімісің ? - Тоқта, мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінді, жаны рухқа, тәні аруаққа айналды деп тұр ма? Кенет Жою хан атып тұрып; -О, жалған! Менің жалғыз ұлым шынымен өлгені ме? Өлтірем!!! – деп қылышын суырып алып Ою ханға төнеді. Ою хан саспастан Жою ханның алдында өз айтқанын есіне салады. Ханның екі айтқаны өлгені деп, ханның жарлығы өз басын алуға себеп болады. Ал Ою ханды ел-жұрты ақ киізге орап, хан көтеріп, ақ түйе сойып ұлан-асыр той жасапты Көп ұзамай ел еңсесін көтеріп, төл өнерін қайта жандандыра бастапты. Әр оюдың тілі бар деген сөз осыдан қалған болар. Ою-өрнек дегеніміз – дәлдік, есеп, теңдік,теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттық, зеректік, көңілге шабыт, ептілік, іскерлік, шеберлік, икемділіке баулиды, тәрбиелейді. Ою-өрнек өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы. Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады. Үйге тапсырма: Құсқа, аңға, адамға ұқсас ою-өрнек салу. Сабақтың тақырыбы : «Сызба ою» үлгісін қию. Мақсаты: Оқушыларға сызба оюдың жасалу жолдарын түсіндіру. Көрнекіліктер: Оюлар үлгілері. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу. Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу. Жаңа сабақ. Сызба ою-өрнегі атынан-ақ көрініп тұрғандай тұтас қағаз бетіне қаламмен немесе тушьпен сызып түсіріледі. Сызылып жасалған ою-өрнек үлгілерін сызба ою деп атайды. Сызба ою кестелеу, зергерлік өнерінде кеңінен қолданылады. Жасау әдісі суретін саламыз үзік сызық бойымен бүктеу. Бүктеу бағыты Бүктегеннен кейін сыз оюдың суретін қарындашпен түсіреміз, қателерін өшіргішпен түзетіп отырамыз. Үйге тапсырма: Аяқтап келу. Сабақтың тақырыбы : Жастықша бетін ою-өрнекпен әшекейлеу, сәндеу. Мақсаты: Оқушыларға сызба оюдың жасалу жолдарын түсіндіру. Көрнекіліктер: Оюлар үлгілері. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу. Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу. Жаңа сабақ. Ою-өрнектің қолданылуына байланысты жасалынған технологиялық картаны оқушыларға түсіндіріп, таныстырамын. Сарамандық жұмыс. Қазақтың ұлыттық бұйымдарына сапарға шығу. Технологиялық қауіпсіздік ережесін еске түсіру арқылы, қазақтың ұлттық бүйымдарын жасауға кірісемін. «Жастықша» жасау. Жастықша жасау үшін жұмыс түрлерін мына топқа бөлеміз. 1. Өрнекті сызып, қырқып, эскизін дайындау. 2. Ойылатын оюды матаға сызып, қырқып алу. 3. Ойылған оюды жастықша бетіне орналастыра білу. 4. Орналасқан оюды көктеп алу. 5. Көктелген жастықшаның оюын жиектеу арқылы тігу. 6. Бұйымды аяқтау. Оқушылар зерігіп кетпеуі үшін «Кім тапқыр» ойынын ұйымдастырамын. Қатардағы оқушылар сұраққа тез, жылдам жауап беру керек. Сұраққа жауап берген оқушы қандай зат екеніне мағлұмат береді. 1.Сырмақ............ (Жауабы киізден сырып, ойып жасалынған төсеніш) 2. Сандық...................... 3. Бөстек........................ 4. Киіз............................. Сабақты қорыту. Оқушыларға сұрақтар беру арқылы сабақты бекіту. Сабақ бойы істеген жұмыстарын бағалау, ерекше шығармашылық жұмыс істеген оқушыларды марапаттау. Үйге тапсырма: ою-өрнек туралы ізденіп, дәптерлеріне мазмұнын жазып келу. Сабақтың тақырыбы: Қорытынды. Көрме ұйымдастыру. Мақсаты: Оқушылардың жыл бойы жасаған шығармашылық жұмыстарын көрмеге шығару. Көрнекіліктер:. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу. Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу. Жаңа сабақ. Сабағымызда алған білімімізді еске түсіріп, тексеріп , сапақа саламыз. Ол үшін әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындаған өзіндік жұмысын ортаға, яғни көрмеге шығарамыз. Әр оқушы өзінің көрмеге қойған бұйымдарының қалай жасалғанын, қандай мата қолданғанын, оюдың қандай түрін пайдаланғанын, түр үйлесімділігін айтып, жұмысын қорғайды. Оюға қысқаша мағлұмат береді. Оқушылардың жасаған жұмыстары көрермен қауымды тамаша бұйымдарымен тамсандырады. Нәтижесінде оқушылардың қызығушылығы арта түскені байқалады. Үйге тапсырма: Қайталау. Қосымша: Қолданылған әдебиеттер: 1. Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері. Өмірбекова Маргарита Шаяқыновна 2. Ай сайын шығатын республикалық әдістемелік журнал. Мектептегі технология. 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж. ЖШС «Педагогика - Пресс» баспаханасы. Алматы қаласы. 3. «Ою-өрнектің жасалу жолдары» Авторлары: Толенбаев С. Омирбекова М. Алматы «Қағанат ЛТД» 1993 ж. 4. Қазақтың тұрмысы мен мәдениеті. Авторы: Кенжеахметұлы Сейт «Алматыкітап» ЖШС 2006 ж. МАЗМҰНЫ: Түсінік хат.......................................................................2 Қойылатын талаптар........................................................3 Тақырыптық күнтізбелік жоспар....................................5 Сабақ әзірлемелері.....................................................6 -26 Қосымша ою-өрнек түрлері.......................................... 27 Қолданылған әдебиеттер...............................................28 http://talimger.org/load/elektron/avtor/sheber_oldar_ltty_oju_rnek/26-1-0-6476









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді