Бағдарламасы 6 б сыныпқа арналған Технология пәні мұғалімі : Тәке Бақытгүл 2021 жыл


Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек үлгілерін жасау, қағазда ою, сызу, қию әдістері



бет7/8
Дата24.12.2021
өлшемі186.62 Kb.
#148020
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
6 б сынып үйірме 2021
Сабак жоспары 130 буйрык, Автокад Айнұр оқу құрал, жиын апай, 02ac1f9a-f95b-4eff-86b7-0deb008c667b, -606108657, Диплом ТОКА, Диплом ТОКА, Диплом ТОКА, Диплом ТОКА, MySQL негіздері , Қатысым ведомості Г-21-9 (казан), Аморфты материалдар
Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек үлгілерін жасау, қағазда ою, сызу, қию әдістері. Мақсаты: Ою-өрнек үлгілері арқылы ою, сызу, қию әдістерін үйрету. Керекті құрал-жабдықтар: дәптер, қарындаш, қалам, қайшы, түрлі -түсті қағаз. Көрнекіліктер: Ою-өрнек үлгілері. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу. Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу. Жаңа сабақ. Аз уақыт жұмсап тез бітіру үшін түрлі – түсті қағаздар жиынтығы пайдаланылады.. Қима ою-өрнек жасау үшін сурет дәптер, «ТМ» қарындашы, қайшы , ақ жұмсақ өшіргіш, желім болу керек. Түрлі –түсті қағаздан қиып алынған үлгілерді сурет дәптердің бетіне рет-ретімен композициялап желімдеп отырады. Ою-өрнек элементін қағаздан қию үшін қағазды бір бүктеп қошқар мүйізінің жарты көрінісі қаламмен сызылып болған соң қайшымен қалам ізі бойынша қиылады. Күрделі ою-өрнектер жасау үшін қағазды бір, екі және төрт бүктеп, оның бетіне қалам мен күрделі ою-өрнектердің суреті салынады да ұқыпты қиылады.. Қиып алған ою-өрнекті бүктеуін жазып жібергенде әдемі ою алдыңнан шыға келеді. Міне осыдан кейін ою-өрнек дайын. Оны керекті бұйымның бетіне түсіре беруге болады. Қандай ою-өрнек қималарын сурет дәптерінің бетіне желімдеп отырған жөн. Ою-өрнек өнерін қиып, ойып, сызып, жасаудың орындалу тәсілдерінің үлгілері беріліп отыр. Алдымен қағазда қағазда үлгі жасап үйренген соң матаға ою-өрнек түсіру оңайға түседі. Сонымен біз әдемі ,әсем, ғажайып заттарды жасау үшін біз ою-өрнек сызу әдісін үйренуіміз керек екен. Сарамандық жұмыс. Қағазды төрт бүктеп, ою-өрнектің ¼ бөлігін сызамыз. Сызық бойымен қиямыз. Ою-өрнектің бүктеуін жазамыз. Дәптер бетіне жабыстырамыз. Оюдың аты жазылады. «Шынжыр» ойыны ойналады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы білімдерін тексереді. Жауап бере алмаған оқушы шынжырды үзеді. Сабақты қорытындылау: Үйге тапсырма: Қағазды төрт бүктеу арқылы ою-өрне жасау.

Сабақтың тақырыбы . Қорытынды. Қайталау. Мақсаты:Халықымыздың мәдениетіне, көнеден келе жатқан өнеріне сүйіспеншілігін арттыру. Керекті құрал-жабдықтар: дәптер, қарындаш, қалам, қайшы, түрлі -түсті қағаз, жұмсақ өшіргіш. Көрнекіліктер: Ою-өрнек үлгілері. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу. Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу. Қайталау: Бүгінгі қайталау сабағын ойын арқылы өткізейік. «Шынжыр » ойынын біз білеміз. Оқушы бір біріне өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойып, өз білімдерін тексереді. Білмей қалған оқушы шынжырды үзіп, ойыннан шығады. Өткен сабақта ою-өрнектің шығу тарихы, даму жолы, көне ою-өрнек түрлері, аталуы және қолданылатын терминдермен танысып өттік. Ал енді сол білімімізді еске алып көрейік. Сұрақтар: 1. Ою-өрнектің пайда болу тарихы. 2. Ою-өрнек сөзінің мағынасын түсіндер. 3. Ою дегеніміз не? 4. Өрнек өрнек дегеніміз не? 5. Осы кезге дейін ою - өрнектің неше түрі анықталған? 6. Ою-өрнек неше топқа бөлінеді? 7. Колорит дегеніміз не? 8. Композиция дегеніміз не? 9. Ырғақ дегеніміз не? 10. Ою-өрнекте симметрияның маңызы. Қорытындылау. Үйге тапсырма . Қайталау. Үлгілер дайындау. Сабақтың тақырыбы : Мүйіз элементінен ою-өрнек жасау. Мақсаты: Оқушыларға мүйіз тектес ою-өрнектердің элементтерінен қысқаша мәлімет беру үстінде «мүйіз» элементін жасауды түсіндіріп, қағаздан ою-өрнек қидырып, оқушылардың шеберлігін дамыту. Көрнекіліктер: А3 қағазына салынған «мүйіз» элементі. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу. Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу. Карточка арқылы жұмыс істеу. Жаңа сабақ. Қағазды бір бүктеп ою. Төрт бұрышы тең қағазды нүктелі сызық бойымен бір бүктеп, бетіне қарындашпен ою үлгісін сызып аласыңдар да суретте көрсетілгендей қайшымен ойып шығарасыңдар. Сонда мынандай ою пайда болады. Дәл осындай тәсілмен өзге оюларды да ойып көріңдер. Алғашында қиындық туғызып жатса осы үлгілер арқылы матаға түсіру жұмысын бүгіннен бастаймыз. - Балалар қиып алған өрнектеріңді ұқыппен жайып тегістеңдер, мүйіз болып жасалған ою-өрнек үлгілері қара болса, оны ақ, қызыл, сары, көк маталардың бетіне орналастыруға болады. Нәтижесінде біз «мүйіз » элементтен өзгеше, жаңа ою-өрнек үлгісін жасай аламыз. Сарамандық жұмыс. Түрлі –түсті маталарды түс үйлесіміне қарай қолданамыз. Үлгілерді мата бетіне қою арқылы ою-өрнек дайындаймыз. Дайын ою-өрнекті матаның бетіне орналастырамыз (Жасалу жолдары мұғалімнің көмегі арқылы көрсетіледі.) Жасалынған, дайын болған жұмыстар салыстыру Үйге тапсырма: Үйде аяқтау. Үлгілер бойынша әрқайсың үш данадан орындап келу.

Сабақтың тақырыбы: Аққу, құс қанаты элементінен ою-өрнек жасау. Мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлттық ою-өрнектер өнерін өнерін үйрету үстінде эстетикалық талғамдары мен өнерге деген шеберлік ынта – қабілетін арттырып дамыту. Көрнекіліктер: А3 қағазына салынған «құс қанаты» элементі.»ТМ» қарындаш, өшіргіш, түрлі-түсті қағаз, түрлі – түсті мата, қайшы, желім, ине, жіп. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу. Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу. Карточка арқылы жұмыс істеу. Жаңа сабақ. Оқушыларға ою-өрнектер туралы толық мағлұмат берген соң, қағаз қайшы алып, ою-өрнекті оңай, аз уақыт алатын тәсілмен «құс қанаты» элементін түрлендіріп, басқаша ою-өрнекті қиып көрсетуге болады. Ілулі тұрған үлгіге қарап, көрсетілген әдісті пайдаланып, түрлі-түсті қағаздан қия бастаймыз. Қиып алынған ою-өрнек өз түс үйлесіміне сай қағазға желімделінеді. Осы орындалған жұмыс дұрыс болғангнан кейін ғана матаға ою- түсіреміз. Сергіту сәті. Бүктеу бағыты Қорытындылау. Жасалынған жұмыстар салыстырылып, бағаланады. Үйге тапсырма: Құс қанаты ою -өрнегін түрлендіріп жасап келу.

Сабақтың тақырыбы: Композициялық құрылысы, колорит, ырғақ, симметрия Мақсаты: Осы заңдылықтардың бәрін қолдана білуге үйрету. Қолданылатын құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаз, желім, түрлі - түсті мата, қарындаш, өшіргіш, ине,жіп. Көрнекіліктер: Ою-өрнек үлгілері. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу. Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу. Жаңа сабақ. Композицияға бірінші тоқталамыз. Ол үшін ою түрлерін бірнеше қылып жасап аламыз. Түрлі - түсті матаға ою-өрнектерді түр үйлесіміне қарай орналастырамыз. Бұл жерде біріктіру композиция деп аталады. Колорит. Түс үйлесімділігіне көп көңіл бөлінеді. Ақ-қара, жасыл - сары, көк-қызыл. Өздерің таңдауларың керек. Ырғақ. Енді түр үйлесіміне қарай біріктірілген жұмыстарды реттеп орналастыру, бөлшектердің қайталанып отыруы. Симметрия. Дайын бөлшектердің табандары тепе-тең болуы керек. Сонда біздің жасаған бұйымымыз әдемі де, сәнді шығады. Сарамандық жұмыс. Композиция, колорит, ырғақ, симметрия заңдарын қолданып, жұмысыыс жүргізу.Бірінші бұл жұмысты қағазда орындаймыз. Нәтижесінде әдемі, сәнді шыққан жағдайда ғана матаға орындауға кірісеміз. Көлемі 60х40 см сырмақ жасау Тексеру, салыстыру. Үйге тапсырма: Өтілген тақырып бойынша үйде жалғастырып тігіп келу. Сабақтың тақырыбы: Қағазды төрт бүктеп ою, шексіздікке ұластыра ою, жиек ою. Мақсаты: Оқушыларға шексіздікке ұластыра оюдың жасалу жолдарын түсіндіру Қолданылатын құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаз, желім, түрлі - түсті мата, қарындаш, өшіргіш, ине,жіп, қайшы. Көрнекіліктер: Ою-өрнек үлгілері. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу. Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу. Жаңа сабақ. Түскиіз, текемет, сырмақ, кілемдер мен құрақ көрпелерге зер сала қарамсаңдар олардың бетіндегі оюлардың жиегін бір ғана ою элементі көмкергенін аңғарасыңдар. Мұның өзі жіңішкелеу лента іспетті жолақтың ішіне орналасады. Осы жолақтың ішінде бір ғана элемент ондаған, тіпті жүздеген рет қайталануы мүмкін. Сонда қалай ойлайсыңдар, бармақтарынан бал тамған шебер әжелеріміз солардың әрқайсысы жеке – жеке ойып отырғанба? Олай емес. Сонда қандай әдіспен ойды екен? Ойланып көрейік. Ақ қағазды жіңішкелеу етіп қиып аламыз. Ұзындығы өз қалауымызша 30-40 см болса жарап жатыр. Содан кейін бір элементті қанша рет қайталағымыз келсе, әлгі 30 см ұзын қағазымызды соншаға бөлеміз .Өзіміз таңдаған оюды 6 рет қайталағымыз келеді. Ол үшін 30-ды алтыға бөлеміз.. Сонда (30 6-5) «5» саны шығады. Демек жаңағы қағазымызды әрбір 5 см кейін бүктем отырады екенбіз. Дұрыс бүктелгеннен кейін қажетті ою үлгісін бір жақ бетіне сызып аламыз да қайшымен көрсетілген тұсынан бастап қырқып шығамыз. Сонда бір-бірімен жалғасып, шексіздікке ұласқан ою шығады. Алдымен қағазға орындаймыз. Ою дұрыс шыққан жағдайда матаға орындаймыз. үзік сызық бүктеу үшін жебе бүктеу бағыты Үйге тапсырма: Үйде аяқтап келу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді