Бағдарламаның мектепте жүзеге асуы туралы менің түсінігім



Дата20.12.2020
өлшемі15.67 Kb.

Бағдарламаның мектепте жүзеге асуы туралы менің түсінігім.
Мектептегі сабақ беру әдістемесіндегі диалогтік оқытудың маңызы үлкен. Диалог - ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысты жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Сабақ барысында оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында жүргізілген диалог оқушылардың қызығушылығын, танымын арттырады. Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде айтып кеткендей, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне де үлес қосатынын атап көрсетті. Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдаған, демек оқушылардың көбірек білетін сыныптастары мен мұғалімдермен жүргізілген диалог болған жағдайда ғана, білім беру жеңіл болады. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болғанымен, жақын арада даму аймағы аясында қарастырылғандықтан білім беру табысты болмақ, деп көрсетті.

        Диалогты оқытуды таңдаудағы себебім – менің пәнім педагогика және психология болғандықтан білім алушылардың сөйлеу тіліне көп көңіл бөлу және оларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің бірден-бір тиімді тәсілі деп ойлаймын.

      Бұрынғы дәстүрлі әдістерде диалог көбіне мұғалім мен оқушы арасында өтіледі және бірнеше ғана оқушы арасында диалог өтілетін, онда да диалогқа оқушыларды таңдап шығарылатын, сондықтан  оқушылар ашылып ойындағысын нақты сұрай алмай, тұйықталып қалатын. Ал курстан кейін  сабақтарымда жұптық жұмыс ретінде алынған диалог топ ішіндегі барлық оқушы мен оқушы арасында өтіп, яғни оны топ ішінде талқылап отыру оқушының ойын кеңейтіп, тілін дамытып отырады.  Сонымен қатар сыни тұрғыда еркін  ойлау қабілетін кеңейте отырып, еркін сөйлеуге ықпал етеді. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейтуге мүмкіндік туындайды. 

Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:

• Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне, түсіндіруіне  мүмкіндік береді;

• Басқа адамдарда түрлі ойлардың  болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;

• Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

• Мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.

         

Диалогтық оқыту мәселесін осы уақытқа дейін бразилиялық педагог Фриери, орыс педагогы Выготский, француз педагогы Дьюи. Фриери ,зерттеп келген. Олардың ойынша әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып, басқа адамдармен диалогтық қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясына әзірленуі керек.  Фриери, мұғалімнің міндеті-оқушының білімін толтыру, көбейту тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқараспен  оқушылармен диалогқа түсу, деп санайды. Сонымен қатар Фриери Выготский мен Дьюидің теорияларын анықтап, зерттеп, дамыта келе назарын оқыту үрдісін тек  мұғалімге бағыттамай, негізінен  оқушыларға бағыттады. Дьюи оқыту тәжірибесі  бір қалыпта тұрақты  болмауға тиіс дейді; ол  үнемі өзгеріп, бұрын  болғанға сүйене отырып, ары қарай өсу үшін нақты әлеуеті болуға тиіс. Ол мұғалімнің  қызметі   басқа кәсіптерге қарағанда, көрегендікті көбірек талап етеді деген.       Атақты педагогтардың зерттеу жұмыстарына сүйене келе, сабақ жоспарын құру барысында аталмыш диалогтық оқыту бағытын кеңінен қолдану қажет деп санаймын.  Яғни, сабақтың басынан бастап аяғына дейін сауалдар арқылы оқушылардың тілдік барьерін азайтуға жұмыс  жасау керек. Сыныптың білім деңгейін анықтауда, алдыңғы сабақтарды қайталауда және негізгі бөлімде диалогтық  оқыту бағыты пайдаланылады. Осы жерде сөйлеу мәдениетіде маңызды рөл атқарады. Диалогтың жоғарғы деңгейде жүзеге асуы сөйлеушілердің әңгімелесу барысы мына сөздерге байланысты болуы мүмкін «егер де, ойлаймын, мен есептеймін, бірақ сіз ойламайсыз ба, сонымен сіз айтасыз ба, иә, бірақ, сіз қайдан білесіз және мүмкін».

Мұғалім оқушыларға тек теориялық немесе практикалық білім беріп қана қоймай, олардың мәдениетті сөйлеу нақыштарына да назар аударулары керек сияқты. Осы әрекеттер үрдіске айналғанда барып сыныптағы өзара әрекеттесу процесі  толық ынтымақтастықта дамиды деп санаймын.  Ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, сабақта диалогтік оқытудың  маңызды рөл атқаратынын байқаймыз. Арнайы зерттеушілер диалог сабақта оқушылардың  қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейлерін өсіруге үлес қосатынын атап көрсеткен. Зерттеулерде ересектермен қарым-қатынас пен достарымен бірігіп  жүргізілген жұмыстың нәтижесі  балалардың оқуына және коллективті дамуына әсер ететінін көрсетеді. Сабақтағы өтілген тақырыпқа байланысты сұрақ қою бір қарағанда ұарапайым болып көрінгенімен, ол маңызды дағдылардың бірі болып табылады.Мәселе сұрақты дұрыс қоя білуде болып тұр. Сұрақ қою арқылы оқушылармен диалогтық қатынасқа түсумен қатар оның білімін тексереміз. Сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтың екі түрі бар: төменгі дәрежелі, жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады. Сұрақтың дәрежесі оқушылардың түрлі мүмкіндіктеріне қарай ойластырылу қажет. Сұрақ қоюда мұғалімнің мақсаты айқын болу керек. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың техникасын білу әр мұғалімге міндетті. Енді сұрақтың сол техникаларына тоқталатын болсақ: бірінші түрткі болу сұрағы: жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, ол үшін сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу. Сұрақ қоюдың келесі техникасы, сынақтан өткізу сұрағы деп аталады. Мұнда оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет. Қайта бағыттау сұрақтары сұрағында сұрақты басқа оқушыларға қайта қою, толықтырулар жүреді.

       Білім беруді тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызына келер болсақ ,сұрақ қою арқылы  мұғалім мынандай міндеттерді шеше алады:

- Оқушыларды тақырып бойынша және сыни тұрғыда ойлауға ынталандырады;

- Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;

- Білімге құштарлықты дамытады және оны зерттеуге ынталандырады;

- Оқушыларға білімін қалыптастыруға көмектеседі;



           

Бұл пікірлердің шындыққа жанасып жатқандығын менің тәжірибемде соның ішінде психология сабағында көзім жетеді деген үміттемін. Себебі, сынып оқушыларымен топтық, жеке, жұптық жұмыстарды атқару барысында және өзімнің ашық, жабық сұрақтарыма жауап беру нәтижесінде диалогтік  әрекет  сабақтың үстінде бірнеше рет іске асырылып отырады. Менің пайымдауымша диалогтық оқыту әрбір мұғалімнің барлық сабағында жүзеге асырылып жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде