Алыс және жергілікті қатынаста жолаушылар тасымалын
ұйымдастыру...........................................................................................
6
1.1.
Берілген полигонның жүріс мөлшерін табу........................................
6
1.2
Жолаушылар пойызын құрастыру бойынша есептеме жоспары.......
6
1.3.
Жолаушылар вагондарының парктері мен поезд құрамаларының
қажетті санын анықтау...........................................................................
12
1.4
Алыс және жергілікті жолаушылар тасымалының көрсеткіш
есептері....................................................................................................
Жолаушыларға қызмет көрсетудің техникалық құралдарының
қуатын анықтау.......................................................................................
27
3.1
Алыс және жергілікті қатынастың билеттік кассаларының санын
анықтау....................................................................................................
27
3.2
Вокзалдың анықтама бюросында жолаушыларға қызмет көрсету
көрсеткіштерін есептеу..........................................................................
28
3.3
Автоматты сақтау камераларындағы ұяшықтардың керектiк санын
анықтау....................................................................................................
29
4
Жолаушы пойызы қозғалысының графигін құру...............................
Кіріспе Теміржол көлігінің бұл келтірілген факторларының көптігі және тұрақтылығы барлық көлік түрлерінің тасымалдау процесін бір – бірімен байланыстарып, жақсартады. Бұл мақсатта пойыздар, автобустар, самолеттер және т.б кестелері келісілген түрде жасалу керек. Жолаушылар теміржол вокзалдарында бір пойыздан басқа пойызға міну кезінде уақытты үнемдеу мақсатында тәулік бойы жұмыс істейтін автовокзалдар, қонақүйлер, банктер, бизнес-центрлар, байланыс орындары, мейрамханалар, сауда орындары орналасқан.
Теміржолда жолаушылар тасымалының негізгі мақсаты барынша тұрғындардың, жолаушылардың тасымалдау кезінде қажеттілігін қамтамасыз ету, шығынды азайтып, өнімділікті өсіру қажет,жолаушыларға қызмет көрсетуде өзіндік құнын төмендету, сонымен қатар пайданы көбейту. Ол үшін тасымалдау құралдарын тиімді қолданып, жолаушылар қауіпсіздігін, сонымен бірге теміржол жұмыскерлерінің қауіпсіздігін камтамасыз ету керек.
Вокзалдардың техникалық жағдайларының төмендеуі және жолаушылар вагондарының ескіруі, сонымен қатар жолаушыларға қызмет көрсету жағдайының төмендеуі жалғасуда.
Әдістемелік нұсқаудың көмегiмен студент алыс және жергілікті қатынаста жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, берілген полигонның жүріс мөлшерін табу, жолаушылар пойызының құру жоспарының есебі пойыздың салмағы мен ұзындығын анықтау, алыс және жергілікті жолаушылар тасымалының көрсеткішін есептеу керек.
Сондықтан да түсiнiксiз жағдайлар кезiккен кезде, ол сұрақтарды анықтауды кейiнге қалдырып, келесi бөлiмдерге кiрiсуге болады.
Рәсiмдеудiң шамамен төменде көрсетiлген ретiн ұстанған жөн.
Алдымен, әр бөлiмнiң басында жалпы бөлiмнiң негiзгi мазмұнын сипаттайтын қысқаша негiзгi жағдайлар көрсетiледi, яғни алға мақсат қойылады. Одан кейiн, қарастырылатын әр мәселелердiң толық түрдегi мазмұны, есептеу жолдары, технологиялық және т.б. схемалар мен графиктерi көрсетiледi. Ақырында, алынған шешiмдердiң дұрыстығы мен экономикалық тұрғыда тиiмдiлiгiн көрсету керек.
Түсiндiрме жазулар шамамен 40 парақты құрап, стандартты парақ беттерiнiң бiр жағына жазылады. Әр парақтың сол жағынан – 30 мм; оң жағы -10 мм мен астыңғы және үстiңгi жағынан – 20 мм қалдырады. Барлық парақтар алдыңғы беттен бастап нөмiрленедi. Парақтардың нөмiрi беттiң жоғарғы оң бұрышында жазылады (алдыңғы парақтың нөмiрi жазылмайды).
Курстық жобаның тапсырмасымен оған қоса берiлген графикалық мағлұматтар түсiндiрменiң басында орналастырылады. Түсiндiрме жазу келесi тәртiппен орындалады:
алдыңғы парақ,
мазмұны,
кiрiспе,
түсiндiрме жазудың негiзгi мазмұны,
курстық жобаның қысқаша қорытындысы,
қолданылған әдебиеттер тiзiмi.
Сызба жұмысы түсiндiрме жұмыстың соңына қыстырылады.
Бөлiмдер жаңа парақтан бастап жазылады және ерекшеленiп жазылады. Ал өз ретiнде, бөлiмдер бiрнеше бөлiмшелерге бөлiнуi мүмкiн. Бөлiмдер араб цифрасымен белгiленiп, нүктеленедi. Бөлiмшенiң номерi бөлiм мен бөлiмшенiң реттiк нөмерiмен белгiленiп, нүктемен ажыратылады. Барлық бөлiмдер мен бөлiмшелердiң мазмұнына сай өз тақырыбы болуы керек. Кiрiспе мен қорытынды нөмерленбейдi.
Түсiндiрме жазу қысқа, орынды, нақты жобада қабылданған шешiмдердiң негiздемелерi бар екенiн айқын көрсетуi тиiс. Бұл мақсатта әдебиеттер мен әдiстемелiк бағыттамалардан орнықсыз мәтіндердi көшiру қонымды емес.
Есептердi шығару басында формула жазылып, ол формуланың қайдан алынғанын және оны құрайтын қосылғыштар туралы түсiнiктемелер жазылады, одан соң оның мәндерi қойылып, есептiң қорытынды мәнi артық есептеулерсiз көрсетiлуi тиiс. Формуланың мәндерi оның қосылғыштарына түсiнiктеме берiлген соң қойылады.
Формулалар нөмерi формуланың оң жағында кең жақшаға алынып көрсетiледi, суреттердiң нөмерi тақырыбымен суреттiң астында, кестелер нөмерi тақырыбымен кестенiң үстiнде оң қапталында жазылады.
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi алфавиттiк ретпен немесе түсiндiрмедегi сiлтемелерге байланысты орналасуы тиiс.
Түсiндiрме жазудың соңында студент қол қойып, уақытын көрсетедi.
Курстық жобаның графиктерi мен суреттер стандарты ақ парақта немесе миллиметровкада сызылады. Суреттiң тақырыбы сурет астында жа- зылады.
Сызу жұмысы анық қара қаламсаппен МЕСТ-тік талаптарына сай орындалуы тиiс.
Сызудың төменгi оң бұрышында оқу орынының штампы сызылып, онда жоба мен сызудың тақырыбы жазылады.
Курстық жоба оқу жоспарында белгiленген күнге сай уақытта рецен- зияға ұсынылуы тиiс.