ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2

Loading...


Pdf көрінісі
Дата13.04.2020
өлшемі0.91 Mb.

 

124                                                                ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. 

№2 (47

). 2009 

 11.Бартольд В. Ислам. –  Пг., 1918.  

12.  Низами.  Искандер-наме  /Пер.  и  ред. 

Е.Э.Бертельса/. –  М., 1940. 

13.  Қазақстан  Республикасы  Ғылым  академиясы 

/ОҒК/-798-папка, /ӘӨИ/-259-папка. 

*** 

Мақалада XIX ғасырдың соңы мен XX 



ғасырдың 

басындағы 

қазақ 

– 

шығыс 



әдебиеттерінің  байланыстары,  жанрлық  және 

тақырыптық ерекшеліктері зерттелінген. 

*** 

The article focuses on the influence of the 



eastern motives on the creations of the South Ka-

zakhstan  akins  (poets  and  singers)    in  the  end  of 

the XIX

th

  - beginning of the XX



th

 centuries.  

 

 

 



 

 

Н. Парпиев 

 

АРАБ ЕТІСТІК КАТЕГОРИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ АТАУЛАРДЫҢ 



ҚАЗАҚШАЛАНУЫ 

 

Қазіргі  таңда  қазақ  халқының  араб 



тіліне  қызығушылығының  нәтижесінде 

араб  тілін  оқыту  жүйесі  біршама  жолға 

қойылды.  Алайда  араб  тілін  меңгеруге 

негізделген 

оқу 

үдерісінде 



араб 

грамматикасына  қатысты  терминдердің 

атауларын 

қазақша 


қалыптастыру 

қажеттілігі  туды.  Араб  тіліне  арналған 

қазақ  тіліндегі  алғашқы  оқу  құралдары 

негізінен 

орыс 

оқулықтарындағы 



грамматикалық  терминдерді  қазақшалап 

ұсынды.  Бұл  тұрғыда  араб  тілін  оқушы 

қосымша 

орыс 


грамматикасының 

терминдерін  меңгеруге  мәжбүр-тін.  Қазақ 

арабтанушыларының 

қатары 


көбейіп, 

оқулықтар  жазылып,  тарала  түсуі  ендігі  

грамматикалық  терминдердің  атауларын 

бір  жүйеге  келтіру  талабын  алға  қойып 

отыр. 

Жалпы  термин  дегеніміз,  ғылым, 



техника,  өнер  саласындағы  белгілі  бір 

ұғымды  нақты  белгілейтін  сөз  не  сөз 

тіркесі 

болып 


табылады. 

Терминді 

аударуда  оның  негізгі  белгілері  қатаң 

сақталуы  тиіс:  нақтылық,  сәйкестік,  бір 

мағыналылық.  Сонымен  қатар  термин 

баламасының 

қысқалылығы 

оның 


ықшамдылығын 

белгілейді. 

Терминге 

балама  табуда  оның  әуезді,  яғни  естілуі 

құлаққа 

жағымды, 

бөтен, 

ұнамсыз 


ассоциация тудыратындай болмауы қажет.  

Араб  тілі  грамматикасының  терминдерін 

қазақшалауда  мына  мәселелерді  ескеру 

қажет:  араб  тіліндегі  грамматикалық 

терминдерді 

қазақ 


тілінде 

қолдану 


аясының 

сәйкестігі, 

өзге 

тілдердегі 



терминдердің  қазақ  тіліндегі  аудармасын 

білу,  оқулық  не  оқу  құралдарының 

авторлары не құрастырушылары қолданған 

терминдерді  зерделеу.  Осы  мәселелерді 

ескере  отырып,  терминдерді  аударудың 

мына түрлерін қолдану жөн: 

1.  Қазақ  және  араб  категория 

атауларының 

толықтай 

сәйкес 


келетіндерін  сол  қалпында  қалдыру. 

Мысалы зат есім, сын есім, жалғау, септік, 

етістік т.б. 

2.  Терминдердің  мағынасына  сай 

аудармасын  беру,  мысалы  бос  етістік, 

қосарланған етістік т.б. 

3. Араб тіліндегі үлгісін сол күйінде 

қалдыру.  Мысалы,  масдар,  нақыс  етістік, 

хамзалы етістік т.б. 

Алайда  араб  тілі  мен  қазақ  тілі 

жүйесінің  өзгешелігі  кейбір  терминдердің 

баламасын 

беруде 

қиындықтар 



туғызатыны 

сөзсіз. 


Осы 

мәселені 

қарастыруда 

араб 


тілінің 

етістік 


категориясына 

қатысты 


терминдерді 

нақтылай қарастырайық. 

Араб 

етістігі 



«баптар» 

деген 


категорияға  ие:  «Араб  тілінде  баптар 

дегеніміз етістіктің алғашқы мағынасының 

өнімділігі  мен  бағыттылығы  жағынан 

өзгергенін 

көрсететін 

ерекше 


құбылыстары»  /1,  14/.  Б.Тасымов  бұл 

құбылыстардың  атауына  «бап»  деген 

термин  қолданады.  Жалпы  білім  беретін 

мектепке  арналған  араб  оқулықтарында 

баптар  «туынды  етістік»  деп  аталған. 


 

Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. №2 (47). 2009                                                                     125 

Алайда  «туынды  етістік»  қазақ  тілінің 

грамматикасында  басқа  грамматикалық 

құбылысқа мегзейді. Сондықтан оқушылар 

үшін 

шатасулар 



болатыны 

сөзсіз. 


Б.Жұбатованың  «Араб  тілінің  теориялық 

курсы»  деген  еңбегінде  бұл  категория 

«етістіктің 

туынды 


тұлғалары» 

деп 


аталған:  «Етістіктің  негізгі  тұлғасына 

суффикстер,  префикстер  жалғау  арқылы, 

түбір  әріптердің  қосарлдануы  арқылы, 

түбірге  созылыңқы  дауыстыларды  енгізу 

арқылы  -  осындай  түрлі  жолдармен 

етістіктің туынды тұлғалары жасалады» /2, 

69/.  Атау  анықтамаға  сай.  Алайда 

«етістіктің  туынды  тұлғалары»  деген  атау 

тым  күрделі.  Сондықтан  да  Тасымовтың 

қолданысындағы «бап» термині әрі сіңісті, 

әрі  араб  грамматикасына  тиесілі    екені 

көрініп тұрады. 

Араб  тілі  грамматикасында  етістік 

қазақ  тіліндегідей  қимыл-әрекет,  жай-

күйді  білдіретін  сөз  табы.  Араб  етістігі 

негізінен  үш  дауыссыздан  тұрады.  Етістік 

құрамындағы  үш  дауыссыздың  сипатына 

қарай  араб  грамматикасында  етістік

           

 

حیﺤﺻ ﻞعﻓ



        «фиъл  сахих»  -  дұрыс  етістік  

және  


ﻞتعم ﻞعﻓ

        «фиъл  муъталл»  -  бұрыс 

(сөзбе-сөз: әлсіз) етістік деп екіге бөлінеді. 

Грамматикаға  қатысты  «сахих»  сөзі 

«дұрыс, толық» мағыналарын береді. Яғни 

бұл  етістіктер  жіктелгенде,  түбір  әріптері 

сақталып, өзгерістерге түспейді. Ал «фиъл 

муъталл» деп түбіріндегі бір не екі әріптері 

әлсіз  «уау»,  «йа»  әріптерінен  құралған 

етістіктерді  атаймыз.  Бұл  әріптердің 

әлсіздігі  не    тиянақсыздығы  олардың 

морфологиялық  қатынасқа  түскенде,  түсіп 

қалып  не  созылыңқы  «а»  дыбысына 

айналып кетуімен белгіленеді. 

Араб 

грамматистері 



дұрыс 

етістіктің  өзін  үшке  бөледі: 

   

    ﻢﻟاس  ﻞعﻓ



«фиъл  салим»  (дұрыс  етістік),

 

  ﺯومهم  ﻞعﻓ



 

«фиъл  маһмуз»  (хамзалы  етістік),

 

  ﻞعﻓ


    ﻒعاﻀم

  «фиъл  мудаъъаф»  (қосарланған 

етістік).  «Фиъл  салим»  тіркесі  «дұрыс 

етістік»  деген  мағына  береді.    Алайда  бір 

атауды  екі  рет  қолдануға  болмайтынын 

ескерсек,  бұл  терминге  басқа  балама 

қолдану қажеттігі туады. 

 «Араб  тілі»  оқулығының  авторы  Б. 

Тасымов  «фиъл  сахих»,  «фиъл  муъталл» 

деген бөліністі аттап өтіп, бірден 

 

  ﻢﻟاس ﻞعﻓ



«фиъл салим» - толымды етістік және 

 

 ﻞعﻓ



   ﻢﻟاس ریغ

 «фиъл ғайри салим» - толымсыз 

етістік  деп  бөлген.  Толымсыз  етістікті 

құрылысы  жағынан  үш  топқа  бөледі: 

қосарланған,  хамзалы  және  тиянақсыз 

етістік /1, 96-97/. Бұл бөлініс Шагаль В.Э., 

Мерекин 

М.Н., 


Забиров 

Ф.С. 


авторларының  оқулығындағы  сыныптауға 

келеді /3, 155/. Қарап отырсақ, Тасымов та, 

Шагаль  бастаған  «Араб  тілі»  оқулығының 

авторлары  да  араб  грамматикасындағы 

алғашқы  топтауды  аттап  өткен.  Бұл 

аттаудың 

себептері 

мынада: 


араб 

грамматикасындағы  хамзалы  етістік  деп 

құрамында  хамза  дыбысы  -  [ 

ء

  ]  бар 



етістіктердің  атауы  болып  табылады. 

«Хамза»  дыбысы  тиянақты  болғанымен, 

оның  әріптік  көрінісі  жазуда  үш  түрлі 

болып келеді. Мысалы: 

  ﻞﺻﺃ

   ,


 رﺌﺑ

 ,

  



 ﻝوؤﺴم

  ,


  ءاج

   ,


  ﻝءاﺴت

    ,


  ءﻲش

  ,


  ﺲﻠجﺇ

   ,


    ﻞكآ

 

Сондықтан  араб  тілін  шет  тілі 



ретінде меңгерушілер «хамза» дыбысы бар 

етістіктерді  дұрыс емес етістік  қатарында 

көреді.  Осыдан  оны  толымды  етістік  деп 

атау 


оқушыны 

қателестірер 

деген 

тұжырым басшылыққа алынған сияқты. 



Қосарланған етістік деп, түбіріндегі 

соңғы  екі  әріптің  бірдей  болған  етістікті 

атаймыз.  Араб  тілінің  ерекшелігіне  қарай 

бірдей әріптер бірігіп, арасындағы харакат  

түсіп  қалады.  Осы  бірігудің  нәтижесінде 

етістіктің 

жіктелуі 

дұрыс 


етістіктен 

өзгешеленеді. 

       

    دﺪم


-

     


 ّﺪم

Әріптердің 

барлығы  орнында  болғанына  қарамастан, 

осындай  өзгешелігіне  сәйкес  Тасымов 

және  орыс  арабистері  бұл  етістікті 

толымсыз етістіктер қатарына жатқызған.  

Хамзалы 

және 


қосарланған 

етістіктердің  атаулары  қазақ  тілінде  тура 

аударылған. 

Және 


де 

бұл 


термин 

аудармалары  терминге  қатысты  барлық 

талаптарға сай деп тұжырымдай аламыз. 

Б.Тасымовтың 

оқулығында 

тиянақсыз  етістіктерге  толымдыға  ұқсас, 

бос және нақыс етістіктер жатқызылған.  

Толымдыға ұқсас етістіктер Шагаль 

оқулықтарында 

«подобноправильные 

глаголы»  деп  аталған.  П.В.Чернов,  Н.В. 

Юшманов бұл терминді «глаголы подобые 



 

126                                                                ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. 

№2 (47

). 2009 

правильным» деп аударған /4, 67/. Ал Б.М. 

Гранде бұл етістік туралы мынадай түсінік 

береді:  «Термином  «подобный»  или 

«уподобленный»  арабских  грамматистов 

или 


«подобные 

правильным», 

«подобноправильные»,  принятым  в  наших 

грамматиках,  называют  глаголы  с  первым 

слабым  коренным.  Наиболее  удачный 

термин  «уподобленный»»  /5,  215/.  Бұл 

араб  тіліндегі     

ﻝاﺜم  ﻞعﻓ

    «фиъл  мисал» 

терминінің 

тура 

аудармасы. 



Қазақ 

оқулықтарында    бұл  етістіктер  «дұрыс 

етістікке ұқсас етістіктер» деп те аталады. 

Мағынасы тура келіп тұрғанымен, атаудың 

шұбалаңқылығы  байқалады.  Егер  де 

қысқартып  «ұқсас  етістіктер»  деп  атасақ, 

«неге 

ұқсас?» 


деген 

сұрақ 


бірден 

қойылатыны  сөзсіз.  Біздің  ойымызша,  бұл 

етістіктерді  «мисал  етістіктер»  деп  атаған 

жөн сияқты. 

Араб  етістік  түрлеріне  қатысты 

басқа  атаулар

 

(  бос,  нақыс  етістіктер)  еш 



дау туғызбас.  

Араб  тіліндегі  етістік  түрлері 

атауларының  сәйкестігін  не  сәйкессіздігін 

тану  үшін  мына  кестеге  назар  аударайық:  

Кестеден 

көріп 


отырғанымыздай, 

терминдерді  белгілеуде  қайталаулар  бар. 

Бұл  мәселені  шешуде  орыс  арабистері 

етістікті 

екі 

топқа 


дұрыс 

және


 

 

Араб тіліндегі термин  



Сөзбе-сөз аудармасы 

Орыс 


тіліндегі 

термин 


Қазақ 

тіліндегі 

термин 

 

ﻞعﻓ 



              

حیﺤﺻ ﻞعﻓ 

        

 

        ﻞتعم ﻞعﻓ  



 

        ﻢﻟاس   ﻞعﻓ 

  

      


        ﻞتعم ﻞعﻓ

 

 



حیﺤﺻ ﻞعﻓ 

        


   

        ﻞتعم ﻞعﻓ  

  

        ﺯومهم ﻞعﻓ 



 

     ﻒعاﻀم ﻞعﻓ 

 

       فوجﺃ ﻞعﻓ 



 

        صقان ﻞعﻓ 

 

         ﻝاﺜم ﻞعﻓ 



 

 

 



Етістік 

 

Дұрыс етістік 



 

Әлсіз етістік 

 

Сау етістік 



 

Әлсіз етістік 

 

Дұрыс етістік 



 

Әлсіз етістік 

 

Хамзалы етістік 



 

Қосарланған етістік 

 

Бос етістік 



 

Жетіспейтін етістік 

 

Ұқсас етістік 



 

Глагол 


 

Правильный глагол 

 

Неправильный глагол 



 

Правильный глагол 

 

Неправильный глагол 



 

Правильный глагол 

 

Неправильный глагол 



 

Хамзовый глагол 

 

Удвоенный глагол 



 

Пустой глагол 

 

Недостаточный 



глагол 

Подобно-правильный 

глагол 

 

Етістік 



 

Дұрыс етістік  

 

Бұрыс етістік 



 

Толымды етістік 

 

Толымсыз етістік 



 

Тиянақты етістік 

 

Тиянақсыз етістік 



 

Хамзалы етістік 

 

Қосарланған етістік 



 

Бос етістік 

 

Нақыс етістік 



 

Толымды 


етістікке 

ұқсас етістік 

 

 

бұрыс 



деп 

араб 


грамматистерінің 

сыныптауын 

қысқартқан. 

Ал 


қазақ 

арабистері  сыныптауда  әлі  бір  шешімге 

келмегендіктен, 

«дұрыс 


етістіктерді» 

белгілеуде 

 

«дұрыс», 



«толымды», 

«тиянақты»  терминдерін  қолдану  үстінде. 

Қазақ 

оқулықтарының 



аздығына 

байланысты  бұл  терминдер  тек  ұсыныс 

ретінде 

беріліп 


жатқандай. 

Осы 


терминлдерді нақтылау кезегі келгендей. 

*** 


1. 

Тасымов  Б.С.  Араб  тілі.  ІІ  бөлім.  Алматы 

«Рауан», 1994 

2.  Жұбатова  Б.Араб  тілінің  теориялық  курсы. 

Алматы: Қазақ университеті, 2004 

3.  Шагаль  В.Э.,  Мерекин  М.Н.,  Забиров  Ф.С. 

Учебник арабского языка. Москва, Воениздат, 1983 

4.  Юшманов  Н.В.  Грамматика  литературного 

арабского языка. Москва «Наука», 1985 

5.  Гранде  Б.М.  Курс  арабской  грамматики  в 

сравнительно-историческом  освещении.    Москва 

«Восточная литература» РАН,1998. 



 

Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. №2 (47). 2009                                                                     127 

*** 


В  статье  рассматриваются  термины, 

обозначающие  категорию  арабского  глагола  в  

учебниках  и  учебных  пособиях  на  казахском 

языке. 


*** 

The  article  is  about  terms  that  sign  the 

category  of  Arabic  verbs  in  the  text  books  and 

materials on Kazakh language. 



 

 

А.Сейітова 

 

АБАЙ МЕН НИЗАМИ ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ ЕСКЕНДІР БЕЙНЕСІ 

 

М.Әуезов  Абайдың  Шығыс  әдебиеттері 



классиктерімен 

байланысының 

екінші 

кезеңі  1886-1890  жылдар  аралығы,  яғни  



есейген  шағындағы  шығармашылық  бай-

ланысы 


деген 

пікірді 


ұстанады. 

Зерттеушілердің  пікірі  бойынша,  Абай 

“Ескендір”  поэмасын  1900-1902  жылдары 

/1,  263/,    әбден  ақындық  кемеліне  келіп, 

тәжірибесі  молыққан  шағында  жазған. 

Абайдың  “Ескендір”  поэмасы  абайтану 

ғылымының  негізін  қалаған  М.Әуезов 

зерттеулерінен  басталып,  осы  күнге  дейін 

ғалымдардың  зерттеу  нысанасының  өзекті 

тақырыбына айналып келеді. 

Поэманың 

тақырыбын, 

сюжетін, 

идеясының  түп-төркінін,  қайнар  көзінің 

қайдан  бастау  алғанын  зерттеп,  тану 

мақсатында  көптеген  ғылыми  мақа-

лалардың  жарияланып,    алымды  зерттеу 

еңбектердің    жазылғанын  айту  шарт.  Осы 

ретте  отандық  әдебиеттану  ғылымы  сала-

сында  С.Қасқабасов,  М.Мырзахмет-ұлы, 

Р.Бердібаев,  М.Мағауин,  Ө.Күмісбаев, 

Ш.Сәтбаева,  Н.Келімбетов,  А.Машанов 

сынды  ғалымдардың  еңбектерін  ерекше 

атау қажет. 

  Сол  сияқты  жалпы  Александр  Маке-

донский  тақырыбын  зерттеген  ғалым-

дардың  есімдерін  де  атап  өткен  лазым. 

Осы  ретте  Е.Э.Бертельс,  А.Н.Самойлович, 

Ф.Шахермайр,  Б.Г.Гафуров,  В.М.Жирмун-

ский, 


Е.А.Костюхин, 

Ф.А.Бойназаров 

сияқты 

кеңестік 



және 

шетелдік 

ғалымдардың  еңбектері  зор,  соның  ішінде 

Александр 

Македонский 

тақырыбын 

зерттеудегі  жетістіктері  ауыз  толтырып 

айтуға тұрарлық. 

  Тарихи  деректерге  жүгінсек,  есімі 

әлемге  әйгілі  қолбасшы  А.Македонский 

б.д.д.  356  жылы  Македонияның  астанасы 

Пелледе дүниеге келген. Оның өмірбаянын 

Б.Г.Гафуров 

пен 


Д.И.Цибукидустың 

“А.Македонский  и  Восток”  атты  көлемді 

зерттеу  еңбегінен  көреміз:  “Его  отец,  Фи-

липп II, потомок древнемакедонского царя 

Карана,  выводил  свое  происхождение  от 

мифического  героя  Геракла,  а  его  мать, 

Олимпиада,  была  дочерью  молосского  ца-

ря  Эпира,  ведущего  род  от  другого  героя 

эллинской мифологии – Ахилла” /2, 16/. 

    А.Македонскийдің 

 

бейнесінің 



ғасырлар тезіне шыдап, бүгінгі күнге дейін 

жаңғырып, 

жаңарып 

жетуіне 


қолбасшының  өзі    көп  күш  салған.  Алек-

сандр  әрбір  жорыққа  шыққан  сайын 

қасына  сол  күнгі  шайқасты,  шайқастағы 

өзінің  ерлігін  хатқа  түсіріп,  деректеп, 

рәсімдейтін 

жылнамашы-жазушыларды 

ертіп  жүрген.  Бұл  жөнінде  австриялық 

ғалым Ф.Шахермайрдың зерттеу еңбегінде 

жазылған:  “Благодаря заботам Александра 

количество писателей – участников похода 

было  значительно  большим,  чем  обычно 

во  время  войн.  Таким  образом,  были  соз-

даны все условия для выполнения желания 

Александра достойно освещать его подви-

ги. Никакой другой поход не получал еще 

столь  полного  отражения  в  литературе  ни 

по  количеству  написанного,  ни  по  разно-

образию сочинений” /3, 93/. 

   Сондай  жазушылардың  бірі  –  оның 

жорықтарының  куәгері  Каллиссфен.  Кал-

лисфен  Аристотельдің  туысы,  әрі  шәкірті 

болғанға  ұқсайды.  Ф.Шахермайр  еңбегіне 

сүйенсек,  Каллисфенге  бұл  міндетті 

жүктеп, 


ресми 

тапсырма 

берген 

Александрдың  өзі  екен.  Әскери  есептер, 



жылнамалар 

мен 


панэллинистік 

дүниетанымға  негіздеп,  Александрдың 

батырлығы  мен  айбындылығын  әсірелей 

сипаттайтын “Александр жайлы романын” 

Каллисфен  грек  тілінде  жазған.  Бұл  автор 

саяси  мақсатты  ұстанған.  Александрдың 



дәрігері  Каллисфен  есіміне  таңылған 


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...