Тұңғиықтар тұқымдасы – Nymphaeaceae
Salisb. – Кувшинковые
1. Тостағанша жапырақшалары 4-у, жасыл;
желектері ақ, тостағанша жапырақшаларынан
ұзынырақ; жапырақтары жүзгіш қыртысты,
веер тәрізді таралған жүйкелі, жиегіне жақын
анастомозданады. 1. Тұңғиық – Nymphaea L. –
Кувшинка.
- Тостағанша жапырақшалары 5-6-у, сары;
желектері сары, тостағаншасынан айтарлықтай
қысқа; жапырақтары су асты нәзік, жүзгіш
қыртысты, екі рет-үш рет аша тәрізді
бұтақталған,
олардың
ұштары
бос. 2.
Сарытұңғиық – Nuphar Smith. – Кубышка.
1. Тұңғиық туысы – Nymphaea L. –
Кувшинка
1. Гүлдерінің диаметрі 10-12 см; желектері
20-25, біртіндеп аталықтарына ауысады;
аналық аузы 10-15-сәулелі; жапырақтары ірі,
ұзындығы 15-30 см, ені 10-18 см. Биіктігі 50-
300 см көпжылдық; VII-VIII гүлдейді. Жазықты
көбінесе солтүстік Қазақстанның өзендері,
көлдерінде, тоғандарда кездеседі. 1. Кіші т. – N.
candida J. et C. Presl. – К. белоснежная.
- Гүлдерінің диаметрі 5 см дейін; желектері
10-12, бірден аталықтарынан ажыратылады;
аналық аузы 7-9-сәулелі; жапырақтарының
ұзындығы 9 см дейін, ені 5 см. Биіктігі 20 см
дейін көпжылдық; VI-VIII гүлдейді. Жазықты
және ұсақшоқылы солтүстік және шығыс
Қазақстанның өзендерінде, көлдерінде, тоған-
дарда кездеседі. 2. Ақбоз т. – N. tetragona
Georgi. – К. четырехугольная.
2. Сарытұңғиық туысы – Nuphar Smith. –
Кубышка
1. Тамырсабағы жуан, диаметрі 10 см дейін;
жапырақ тақтасының ұзындығы 15-35 см,
доғал-3-қырлы сағақты; гүлдерінің диаметрі
3,5-6,5 см; аналық аузы ойыс, бүтін жиекті, 10-
20-сәулелі. Биіктігі 30-350 см көпжылдық; VII-
VIII гүлдейді. Жазықты көбінесе Қазақстанның
солтүстік жартысының өзендері, көлдерінде,
ескі арналарда кездеседі. 1. Кәдімгі с.,
дүңгіршек – N. luteum (L.) Smith. – К. желтая.
- Тамырсабағы жіңішке, диаметрі 2 см
дейін; жапырақ тақтасының ұзындығы 4,5-
10(15) см, жалпақ сағақты; гүлдерінің диаметрі
2-3 см; аналық аузы шығыңқы-тісшелі, 8-10-
сәулелі. Биіктігі 30-300 см көпжылдық; VI-VII
гүлдейді. Жазықты көбінесе Қазақстанның
солтүстік жартысының өзендері, көлдерінде,
тоғандарында, өзен қойнауларында кездеседі 2.
Кіші с. – N. pumilum (Hoffm.) DC. – К. малая.
Достарыңызбен бөлісу: |