55
ISSN 1563-034X
KazNU Bulletin. Ecology series. №2 (41). 2014
Н.К. Аралбай және т.б.
Амаранттар (гүлтәжілер) тұқымдасы –
Amaranthaceae Juss. – Амарантовые
Гүлтәжі туысы –
Amaranthus L. – Щирица
1. Сабақтың ұшында орналасқан гүлшо-
ғыры масақ тәрізді немесе сыпырғы түзеді...... 2
- Жапырақ қолтығында орналасқан гүлдері
шоқ түзеді ............................................................ 5
2. Гүлшоғыры шашыраңқы, масақ тәрізді
............................................................................... 3
- Гүлшоғыры тығыз, қалың-сыпырғы
............................................................................... 4
3. Жалаңаш өсімдік;
жапырақтарының
ұштары доғал, кең-ойықты, ойығының ұшы
үшкір; гүл серігі 3-жапырақты;
қорапшасы
қақырамайды; тұқымы қара. Биіктігі 25-80 см
біржылдық; VI-IX гүлдеп, жеміс береді.
Оңтүстік Қазақстанның алқаптарында, бақша-
ларында, жолдарында кездеседі. Арамшөп. 1.
Көкшіл г. –
A. lividus L. – Щ. синеватая.
- Қысқа түкті өсімдік; жапырақтарының
ұштары үшкір, тікенектерінің ұзындығы 1 мм
дейін; гүл серігі 5-жапырақты; қорапшасы
көлденеңінен қақпақшасы арқылы ашылады;
тұқымы қою-қоңыр немесе қою-қызыл. Биіктігі
30-100 см біржылдық; VII-IX гүлдеп, жеміс
береді. Оңтүстік Қазақстанның бақтары мен
бақшаларында кездеседі. Малазықты, арамшөп,
тағамдық, сәндік. 2. Қызылбас г. –
A. caudatus
L. – Щ. хвостатая.
4. Жасыл өсімдік; жапырақтарының ұштары
доғал немесе аздап ойық; қосалқы гүлдері
ланцетті. Биіктігі 20-80 см біржылдық; VI-VIII
гүлдеп, жеміс береді. Қазақстанның барлық
бақшаларында, бақтарында, егістіктер арасын-
да, көшелерінде кездеседі. Арамшөп, малазық-
ты, тағамдық. 3. Қызылша г. –
A. retroflexus L. –
Щ. запрокинутая.
- Қызыл өсімдік;
жапырақтарының ұштары
үшкір, тікенектерінің ұзындығы 1 мм дейін;
қосалқы гүлдері сызықты-біз тәрізді. Биіктігі
20-100 см біржылдық; VIII-IX гүлдеп, жеміс
береді. Тянь-Шань тау етегіндегі бақшалар мен
бақтарда кездеседі. Арамшөп, сәндік. 4. Ша-
шақты г. –
A. paniculatus L. – Щ. метельчатая.
5(1). Сабақтары жатаған (лежачие); гүл
серігі 4 жапырақшадан тұрады; жапырақтары
кері-жұмыртқа тәрізді немесе қалақты, ұштары
үшкір. Биіктігі 15-40 см біржылдық; VIII-IX
гүлдеп, жеміс береді.
Тянь-Шань тау етегі мен
таулы жазықтардағы егістіктерде, тұрғын
үйлерге жақын жерлерде кездеседі. Арамшөп.
5. Арамтары түсті г. –
A. blitoides S. Wats. – Щ.
жминдовидная.
- Сабақтары тік; гүл серігі 3 жапырақшадан
тұрады; жапырақтары жұмыртқа тәрізді немесе
жұмыртқа тәрізді-ромбты, ұштары доғал
немесе аздап ойықты ......................................... 6
6. Қосалқы гүлдері жемісі мен гүл серігінен
ұзынырақ, ланцетті-сызықты,
ұзын біз тәрізді
үшкірленген; жапырақтары қысқа сағақшалы.
Биіктігі 20-50 см біржылдық; VII-X гүлдеп,
жеміс береді. Қазақстанның барлық егістікте-
рінде, шалғындарында кездеседі. Арамшөп. 6.
Ақ г. –
A. albus L. – Щ. белая.
- Қосалқы гүлдері жемісі мен гүл серіген
қысқа, жұмыртқа тәрізді-үшбұрышты немесе
жұмыртқа тәрізді-ланцетті, қысқа үшкір; жапы-
рақтары ұзын сағақшалы. Биіктігі 20-40 см
біржылдық; VII-VIII гүлдеп, жеміс береді.
Батыс, солтүстік және оңтүстік Қазақстанның
суармалы егістіктері арасында кездеседі. Арам-
шөп. 7. Арамтары г. –
A. blitum L. – Щ. жминда.
Достарыңызбен бөлісу: