Зерттеу материалдары мен әдістері
Ұсынылып отырған мақалада Қазақстан
флорасындағы
су
өсімдіктері
алисмалар
(Alismataceae Vent.), теңгебастар (Butomaceae
Rich.), сукөріктер (Hydrocharitaceae Juss.),
амаранттар (гүлтәжілер) – (Amaranthaceae
Juss.), аиздар (Aizoaceae Rudolphi.), қараоттар
(Portulacaceae Juss), тұңғиықтар (Nymphaeaceae
Salisb.), мүйізжапырақтар (Ceratophyllaceae S.
Gray) тұқымдастарының туыстық және түрлік
анықтағыш кілттері берілген.
Алисмалар тұқымдасы –
Alismataceae Vent. – Частуховые
1. Гүлдері дара жынысты, бір үйлі,
аталықтары көп; аналықтары мен жемісшелері
дөңес гүл тұғырында шар тәрізді шоқпарбаста
спиральды орналасқан; жапырақтары ауалық
жебе тәрізді, жүзгіш жапырақтары қалақты, су
асты жапырақтары сызықты. 3. Жебежапырақ –
Sagittaria L. – Стрелолист.
- Гүлдері қос жынысты, аталығы 6-у;
аналықтары мен жемісшелері жалпақ немесе
аздап дөңес гүл тұғырында шеңбер немесе
жұлдызшалы орналасқан; жапырақтары ауалық
жұмыртқа тәрізді немесе ланцетті, кейде төмен-
гі жапырақтары жүзгіш, әдетте дәл сондай
формалы .............................................................. 2
2. Жеміс жапырақшалары 1 тұқым бүрлі;
жемісшелері
бос,
көп,
сақина
тәрізді
орналасқан. 1. Алисма – Alisma L. – Частуха.
- Жеміс жапырақшалары 2-у немесе көп
тұқым бүрлі; жемісшелері түбінен біріккен,
саны 6-8, жұлдызшалы орналасқан. 2. Жұлдыз-
жеміс – Damasonium Juss. – Звездоплодник.
1. Алисма туысы – Alisma L. – Частуха
1. Аналық бағанасы ілмек тәрізді иілген,
әдетте гүл түйінінен қысқа; аталықтары созы-
лыңқы тозаңдықты, ұзындығы әдетте аналы-
ғымен бірдей; жемісшелерінің арқасы 2 бороз-
далы және 3 арқаулы; таспалы, сағақсыз, су
асты жапырақты сулы формалы өсімдік; жер
үсті
формасындағы
жапырақтары
қысқа
сағақты, ланцетті немесе сызықты-ланцетті.
Биіктігі 10-30 см көпжылдық; V-VIII гүлдейді.
Қазақстанның барлық жазық жерлеріндегі
балшықты көл, өзен және тоған сулары мен
жағалауларында кездеседі. 1. Лезель а. – A.
loeselii Gorski. – Ч. Лезеля.
- Аналық бағаны тік, гүл түйінінен
ұзынырақ; аталықтары эллипсті тозаңдықты,
аналығынан екі есе ұзын; жемісшелерінің
арқасы 1-2 бороздалы және 2 арқаулы; табақша
мен сағаққа тілімделген тек ауалық жапырақты
өсімдік; сулы формалары болмайды ................ 2
2. Жапырақтары жасыл, ұзын сағақты,
тамырлы жер таған түзеді, жұмыртқа тәрізді
немесе эллипсті, үшкір, түбі дөңгеленген
немесе аздап-жүрек тәрізді; гүлдері ұзын
сыпырғы түзеді; күлте желектерінің ұштары
дөңгеленген. Ұзындығы 10-80 см көпжылдық;
VI-VIII гүлдеп, жеміс береді. Қазақстанның
барлық жазық жерлеріндегі тұщы су қойма-
ларының жағалауларындағы суда кездеседі.
Улы, крахмалды өсімдік. 2. Бақажапырақ а. – A.
plantago-aquatica L. – Ч. подорожниковидная.
- Жапырақтары сұр-жасыл, сағақты, әдетте
бірдей табақшалы, сирек одан ұзынырақ, тар-
нмесе кең-ланцетті, түбінен сына тәрізді
тарылған; гүлдері қысқа сыпырғы түзеді; күлте
желектерінің ұшы аздап үшкірленген. Биіктігі
10-40 см көпжылдық; VI-VIII гүлдеп, жеміс
береді. Қазақстанның барлық жазық жерле-
ріндегі тұщы су қоймаларындағы суларда кез-
деседі. 3. Жіңішке а. – A. lanceolatum With. – Ч.
ланцетная.
Достарыңызбен бөлісу: |