«Қазпошта» АҚ туралы «Қазпошта»



бет2/2
Дата12.04.2022
өлшемі19.09 Kb.
#220525
1   2
Байланысты:
Қазпошта Шымкент
3. Лекция жинағы, Тұтас орта , Мазм ны Кіріспе І тарау. М. Ма атаев ле деріндегі лексикалы ан, adebiet teoriyas sillabus, adebiet teoriyas sillabus, Мақала образец, Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы ДО, e2800937-492b-11e4-973d-f6d299da70eeадеб т 3 (1), 3. Лекция жинағы, озгерис сырттай МФИ послед темы дипломных работ 2019, озгерис сырттай Акпар Стан послед темы дипломных работ 2019 - 2020 - копия, озгерис сырттай МФИ послед темы дипломных работ 2019, БББ рус МФ 1 06.02 (2), БББ рус МФ 1 06.02 (2), БББ рус МФ 1 06.02 (2)
Пайымы

Жоғары сапалы почта-логистикалық, қаржылық және цифрлық қызметтер кешенін қамтамасыз ету бойынша көшбасшы.



Қазақстан поштасының тарихы

Қазақстан поштасының терең тамырлы тарихи дәстүрі бар. Патшалық Ресейдің пошта-телеграф байланысының мұрағаттық қорларынан белгілі болғандай, 1860 жылы Верныйда (Алматы қаласы) бірінші пошталық байланыс бөлімшесі ашылып, көп ұзамай ол пошта-телеграф кеңсесі болып қайта құрылды. Ал 1883 жылы оған 14 пошталық байланыс бөлімшесі бағынатын болды. Кейінірек Сырдария облысының Тәшкенттегі почта кеңсесіне бағынатын Перовск (Сырдария өзені бойында) қалалық пошта бөлімшесі, Ростов телеграф округінің Нарынқұм теміржол бекетіндегі Нарынқұм (хан ордасы) почта бөлімшесі, Орал губерниялық пошта-телеграф кеңсесі, Петропавл уезінің Петропавл пошта бөлімшесі, және басқалар ашылды.

Сонымен қатар төңкеріске дейінгі ұлан-байтақ қазақстан аумағында барлығы 250 пошта-телеграф кәсіпорны болды. Олардың өзінде шенеуліктер мен жандармерияға және жергілікті ақсүйектерге қызмет етті. Шалғай ауылдарда пошта сирек кездесетін еді. Жергілікті жерлерде пошта ашу үшін тұрғындар үш жыл бойы поштаны өздері тегін тасуға, баспанамен және керек-жарақтармен қамтамасыз етуге, көбіне пошта қызметкерлерінің штатын өздері ұстауға міндеттеме алуы тиіс болатын

Пошта байланысының арзан болуы үшін пошта идарасы (атты)-пошта бекеттері және болыстық басқарма жанында қосымша пункттер ашты. Ондай пункттерде пошта жұмыстарын жүргізу болыстық старшиналар мен писарларға жүктелді. Атты-пошта даңғыл жолдарының жалпы ұзындығы 20 мың шақырым шамасында болды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей империясының пошта шаруашылығына үлкен зиян тигізсе, азамат соғысы және басқыншылық жылдары ол барынша әлсіреді. Елдегі хат-хабарлар тасымалдау жүйесі бүлінді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың жойылуы даңғыл жолдар бойымен пошта тасу санын азайтты, пошта бекеттері іс-жүзінде барлық аттарынан айрылды.

Азамат соғысынан кейін Кеңес үкіметі пошта байланысын аса зор күйзелістен шығаруға, оны тұрғындар мен халық шаруашылығының қажеттілігі үшін пайдалануға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырды. Мысалы, салмағы 15 гр-ға дейнгі хаттар тегін жіберілетін, мерзімді басылымдарға жазылу пошта бөлімшелері арқылы жүргізілетін болды, сондай-ақ, пошта бөлімшелері жанында басылымдарды тасымалдау және бөлшек сауда арқылы сату ұйымдастырылды, пошта тасымалдау көліктері әскери мақсатпен алынбайтын болды,

Жиырмасыншы жылдардың басында Орынбор қаласындағы Қырғыз әскери комиссариаты жанындағы пошта-телеграф басқармасы Қырғыз пошта-телеграф округы болып қайта құрылды, ал 1925 жылдың аяғында ол ҚСРО Пошта және телеграф Халық комиссариаты жанындағы Қазақ облыстық байланыс басқармасы деп аталатын болды. Сол жылы поштаның даму тарихында тұңғыш рет ауылдық хат тасушы лауазымы құрылды, Алыстағы ауылдарға пошта қызметін көрсету үшін тұйықталған атты пошта жүйесі енгізілді. Қалаларда атты пошта автомобильдермен ауыстырылды, идаралық кемелер мен теміржол көліктері пайдаланыла бастады. 1929 жылы біздің республикадағы бірінші пошталық әуе желісі Алматыны Тәшкенттпен байланыстырды. 1930 жылдың басында Қазақстандағы почта-телеграф кәсіпорындарының саны 1250-ге, ал пошталық даңғыл жол ұзындығы 42 мың км-ге жетті.

1932 жылы Пошта-телеграф Халық Комиссариаты Қазақ КСР Халық Комиссариаты Кеңесі жанындағы Байланыс Халық Комиссариаты деп қайта аталатын болды. 1940 жылы Қазақстандағы байланыс кәсіпорындарының саны 1987-ге жетті және 20 мың км почта даңғылы механикаландырылды.

Ұлы Отан соғысы пошта алдына барлық жағдайда армияда, тылда, фронт пен тыл арасында сенімді және тұрақты байланыс орнату туралы қиын да, жауапты да мәселе қойды. Көптеген білікті байланысшылардың армия қатарына алынуына байланысты соғыстың бастапқы жылдары пошта үшін аса ауыр болды.

1946 жылдың наурыз айында Қазақ КСР ХКК жанындағы КСРО Байланыс Халық Комиссариатының уәкілеттігі Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы КСРО Байланыс министрлігінің Уәкілеттігі деп қайта аталды. 1950 жылы республикада 2438 пошта кәсіпорны (олардың 2083-і аулдық жерлерде) болды



1954 жылы 25 желтоқсанда КСРО Байланыс министрлігінің Уәкілетті Басқармасы Қазақ КСР Байланыс министрлігі болып қайта құрылды, Пошта және электр байланыстары сол министрліктің бірыңғай «Байланыс» саласын құрды. Алпысыншы жылдардың ортасында Қазақстанда толық қанды қызмет көрсететін 4000 байланыс бөлімшесі жұмыс істеді. Бұл кезеңде пошта саласы тиімділікпен жұмыс істеді, бірақ, барлық табыс электр байланысын дамытуға жұмсалды. Зейнетақы жеткізуден және телеграф-телефон қызметін көрсетуден алынатын табыстар Жалпы кірістің негізгі бөлігін құрады. Қазақстан тәуелсіздік алып, егеменді ел болғаннан кейін саладағы жағдай күрт өзгерді. Қазақстандағы пошта саласы (халық шаруашылығының барлық саласы сияқты), ел экономикасының түбегейлі өзгеру кезеңіндегі баға еркіндігіне және бұрынғы Кеңестер Одағының қалыптасқан пошта байланысы жүйесінің бұзылуына байланысты орын алған белгілі қиындықтар мен проблемаларға кезікті. Мұның өзі пошта жөнелтімдері санының және бүкіл республика бойынша байланыс бөлімшелер санының азаюына әкеліп соқты.

«Қазпошта» АҚ қазіргі кезде «Қазпост» (Германия) жауапкершілігі шектеулі серіктестік компаниясының жалғыз акционері (100% үлесі).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы