Қазіргі заман Қазақстан тарихы



Дата18.05.2022
өлшемі57.9 Kb.
#241644
Байланысты:
тарих аралык 29.04.22
Әлеуметтану.Манипулятор.Уалхан Г, 4759, 2212, Мулдашева.Полит1, Қазіргі кезеңдегі мәдениет. Мәдениет және ХХ ғасырдағы мәдени оқ-melimde.com, срс лексикология 14 апта, дш. 2 апта, практикалық сабақ , 19 12 апта, 19 13 апта, 1550728943, Cүлеймен Бақырғани Дариға, Практическое занятие № 2, өзін - өзі тану АБ2

Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Қазіргі заман Қазақстан тарихы


Аралық бақылау
4 вариант


Орындағандар: Серік Маржан
Турсынгалиева Нурсулу
Туякбаева Азиза
Қабылдаған: Шамшиденова Факия Мещведеновна

Алматы 2022
Қарастырылатын тақырыптар.


  1. Қазақстан халқы ассамблеясының қызметі

  2. Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас.

  3. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінде ұлттық тарихты зерделеу. Ұлттық тарих мәселелеріне арналған «Халық тарих толқынында» арнаулы бағдарламасының қабылдануы.




  1. Қазақстан халқы ассамблеясының қызметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылды.


Бұл азаматтық қоғам институты Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды бөлшегі болып табылады. Ол барлық этностардың мүдделерін топтастырып, азаматтарды ұлтына бөлмей, құқықтары мен бостандықтарының мінсіз сақталуын қамтамасыз етеді.
Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты.
1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты.
Өз тарихында Ассамблея ҚР Президенті жанындағы консультативті-кеңесші органнан мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті.
2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.
2008 жылғы 20 қаңтарда еліміздің Президенті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. Сөйтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне айналды. Оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi.
Ассамблея құрылымдық жағынан Ассамблея сессияларынан, Ассамблея кеңесі мен Хатшылығынан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларынан тұрады.
Ассамблея сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиналысы) – оның жоғары басшылық органы. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады.
Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңеске республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер, облыс әкімдері енеді.
Ассамблея Төрағасының этномәдени бiрлестiктерден тағайындалатын орынбасарлары алмастыру тәртiбiмен Кеңестiң ұсынымының негiзiнде ҚР Президентiнiң өкiмiмен тағайындалады.
Ассамблеяның жұмыс органы Ассамблея Хатшылығы Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм болып табылады. Хатшылықты бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушiсi басқарады. Осы тетіктер Ассамблеяның мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастардағы нақты әрекет етуі мен тиімділігінің негізі
Ассамблеяның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарын - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерін, мемлекеттік органдар өкілдерін және қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар тұлғаларды қамтиды.
Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында - Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.
Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған 9 депутат еліміздің барлық этностары атынан өкілдік етеді. Бұдан басқа қазақстандық этностық қоғамдастық өкілдері Парламенттегі өкілдігі өкілді органдарға саяси партиялар арқылы сайлауға тікелей қатысу негізінде жүзеге асырылады.
Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.


  1. Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас.

XV ғасырдың 60-жылдары өмірге келген Қазақ хандығы бұл мезгілге дейін аяқталып қалған қазақ халқының қалыптасуының табиғи жалғасы әрі жиынтығы болатын. Өз ішінде алаш атанған қазақ ұлтының негізгі өмірлік сұранысын, яғни этнос этностық аумағының бүтіндігін, шаруашылығы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігінің қауіпсіздігін Ақ Орда , Моғолстан мемлекеті , Әбілхайыр Ордасы Әбілхайыр хандығы және Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттік құрылымдар қамтамасыз ете алған жоқтын. Өйткені бұл хандықтардың өз ішінде де саяси және экономикалық тұрақтылық болған емес. Сондықтан да қалыптасу жолында тұрған қазақ ұлтының аумағы мен жеке тайпалық бөліктерінің түрлі тұрақсыз хандық биліктердің құрамына еніп, тынымсыз қайта бөлініп отыруы ұлттық ұюға жағымсыз ықпал жасаумен болды. Бұл мезгіл — Орталық Азия кеңістігінде Шыңғыс хан дәуірі, тіптен одан да бұрынғы ру және тайпалық араласудың күні өткен уақыт болатын. Ұлттық ұюға біржола бет бұрған ендігі кезеңде халықтардың тұрақты өмірі мен тіршілігін, атамекеннің тұтастығын, үдемелі дамуға деген табиғи ұмтылысын қамтамасыз ете алатын жалқы фактор — мемлекет тұтастығының болуы еді. Әрқайсысы жеке хандықты иемденуден үміттеіп, тынымсыз соғыс жүргізуге әдеттенген Шыңғыс хан әулетінің арасында мұндай қоғамдық сұраныстарды дәл түсініп, оны қанағаттандыруға бар күшін сарп еткендері де аз болған жоқ.


Біз қарастырып отырған мезгілде қазақ қоғамына байланысты мұндай міндетті мойнына алғандар — белгілі Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар болды. Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих-и-Рашиди" атты еңбегінде былай деп көрсетеді: "Сол заманда Әбілқайыр хан|Әбілхайыр хан қыпшақ даласына түгелдей билігін жүргізіп тұрған еді. Ол Жошы хан ұрпағы сұлтандарға көп жайсыздық туғызып, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған. Есенбұға хан оларды құрметпен қарсы алып,Шу өзені өңіріндегі "Қозыбасыны" тапсырған еді. Ол аймақ Моғолстанның батыс шеті. Олар бұл аймақта бейбіт өмір кешті. Әбілхайыр қайтыс болған соң, Өзбек ұлысы өзара тартысып, араларында көп келіспеушілік туды. Біразы Керей хан мен Жәнібек ханның маңына жиналған еді. Саны екі жүз мыңға жетеді. Олар өзбек-қазақ деп аталды.Яғни, 1465—1466 (1470—1471) жылдары Қазақ хандығының құрылған мезгілі. Ал оның ту көтерген жері —Жетісудың батыс бөлігі, үйсін, дулат, қаңлы тайпаларының дәстүрлі атамекені.

Қазақ жұртының Өзбек ұлысынан бөлінуі


Қазақ тарихында белгілі бір ру-тайпаның қоғамның басқа бөлігінен түрлі себептерге байланысты бөліне көшуі түрлі кезеңдерде болып тұрған. Ал бұл жолғы Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған біраз ұлттың Өзбек ұлысынан жарыла көшуі, әрине, дүрдараздықтың, билеуші Шыңғыс ұрпағы арасындағы үйреншікті тар, билік үшін таласынан анағұрлым кең ауқым алғандығын аңғартса керек.
Деректі материалдар Өзбек ұлысынан біраз жұрттың жаңа пайда болған хандыққа бет бұрып жарыла көшуі бір емес, бірнеше мәрте қайталанғандығын білдіреді. Демек, екі сұлтанның Әбілхайыр хандығынан бөліне көшуіне себепші болған негізгі жағдай халықтың арасындағы ықпалды топтардың ішінде саналы әрі мақсатты түрде мемлекеттік құрылымға бағытталған әрекеттің орын алғандығын білдіреді.
Қара халықтың билеуші топтарының Жәнібек пен Керейге ондай ұсыныспен қайырылуына түрткі боларлық себептер аз емес. Солардың негізгісі қазақ жеріне, әсіресе Жетісу мен Шу өңіріне сырттан төнген қауіп еді.
Бұл ретте, ең алдымен, қазақ елінің шығыс жағындағы көршісі жоңғарлық ойраттар жеріндегі тарихи өзгерістерді еске алуға тура келеді. XV ғасырдың ортасына қарай барлық ойрат (қалмақ) елін бір мемлекетке біріктірген Тоған тайшының ұлы Есен тайшы бүкіл батыс және шығыс монғолдардың билеушісі дәрежесін иемденген. Оның Мин империясына жасаған бір жорығы тіпті император Чжу Ци-Чжэнді тұтқындаумен аяқталады. Қытайдан алым-салық алып тұрудан қанаттанған Есен тайшының назары енді Моғолстан мен Жетісу жаққа ойысып, бұл жақ беттегі көршілерінің көңілінде үлкен алаңдаушылық туғыза бастайды.
1452 жылы Есен тайшының жасағы Моғолстанга басып кіріп, содан соң Жетісуға еніп, одан ары оңтүстікке бет алып, Сыр бойы өңірін, Түркістан, Ташкент, Отырар сияқты орталықтарды тонап, Сығанаққа жақын Көккесене атты жерде Әбілхайыр ханның әскерімен кездесіп, оны талқандап жеңеді. Ойраттардыц бұл жорығы 1455 жылы, яғни Есен тайшы өлгеннен кейін аяқталады.
Қуатты калмақ мемлекетінің өмірге келуі бұл кездегі Моғолстанды билеушісі Есенбұға ханды да, Алаш жұрты мен оның билеушілерін де терең ойға батырғандығы анық. Сондықтан да Есенбұға ханның Жәнібек пен Керейге қолдау танытып, Шу бойындағы Қозыбасыда жаңа хандықтың шаңырағын көтеруге ықылас білдіруінің бірден-бір себебін қалмақтарға тосқауыл қою қажеттігінен туған шара есебінде қарауға толық негіз бар.
Жәнібек пен Керей сүлтандардың Жетісуға келіп орын тебуін сол тарихи кезеңдегі халық санасындағы билік туралы ұғым-түсініктерден де бөліп қарауға болмас. Қарапайым халық күнделікті өміріндегі жағымды өзгерістерді, бетпе-бет келген қоғамдық мәселелердің дұрыс шешімін табуын ақылды да жігерлі тұлғалардың билікке келуімен байланыстырады. Халық санасында берік орныққан бұл пікір жөнінде Дулати: "Алла тағала өлемді жаратты және жаһанда тәртіп орнату үшін соған лайық биік тұлғалы патшалардың дәнекер болуын жөн көрді. Сонда ғана адамзат зұлым-зорлықтан аман-есен болып, тіршілігін жасар болар деген. Бұл — Құдайдың хикметі", — деп жазды.

Алаш
Әрине, енді ғана шаңырақ көтерген хандық өмірінде ру-тайпалық қатынаста сол кезеңге дейін үстемдік құрған дәстүр-салтты есепке алмау мүмкін еместін. Бұл ретте де жаңа пайда болған мемлекет құрамына енген ру-тайпа басшылары арасында белгілі бір бәтуаның болғандығы сөзсіз. Ондай тәртіпті енді ғана билікке келген сұлтан мен хандардың өз бетінше жоғарыдан орната салмайтындығы, орнатқан күнде де жаңа жүйені қалың бұқараның үн-түнсіз қабылдай коюы екіталай екендігі мәлім.


Айтулының ұлы би жолын иемденген мезгілі Орыс ханның (1361—1376/77жылдары) билік құрған уақытынан кейін болды, яғни XIV ғасырдың соңы. Өйткені Қадырғали би Айтулы биді "Орыс ханның ұрпағы хандығында ұлы әмір болған", — дейді. Олай болса, Қараша мен Тоңқа бидің ұлы би жолын алып жүрген мезгілі XV ғасырдың орта тұсы мен екінші жартысы.

Қазақ хандығының құрылуы


Жетісуда Қазақ хандығының шаңырағын көтеру жөніндегі шешімді тек Жошы тұқымы Жәнібек пен Керей сұлтандардың қазақ қоғамының ішкі өмірін реттеп отырған ру-тайпа ақсүйектерінің келісімінсіз қабылдауы, тіпті де мүмкін еместін. Жаңа мемлекеттік жүйе құру аса күрделі екендігі түсінікті. Жәнібек пен Керейдің "Алаш мыңын" бастап Жетісуға бет алуы, бұл, әрине, тарихи үдерістің сыртқы көрінісі ғана болатын.
Тарихшы Қадырғали бидің шежіресі бойынша, "Алаш мыңы" одағының қалыптасқан мезгілі XIII ғасырдың соңы — XIV ғасырдың бас кезі. Шамамен, Тоңқа би тұсында "Алаш мыңы" одағы Өзбекиядан бөлініп шығып, Қазақ хандығын құрды. Яғни, Тоңка би оның соңғы биі. Бұдан былайғы уақытта "Алаш мыңы" одағының бастапқы құрылымы өзінің бұрынғы маңызы мен өзектілігін жоя бастайды. Өйткені өмірге ру-тайпалық құрамы жағынан анағұрлым кең, күрделі әрі жаңа қауымдастық — мемлекеттік ұйым келген еді. Қадырғали би Тоңка биден соң "Алаш мыңының" бас биі болған адам есімін атамайды. Өзі өмір сүрген XVI ғасырда ондай міндетті атқарған тұлға болса, оны тарихшы міндетті түрде атаған болар еді, яғни Қадырғали Ресейге аттанған кезде "Алаш мыңы" одағы да, сонымен бірге бас билік мәртебесі де бұрынғы мәнін жоғалта бастаған еді.
Егер бұл тұжырымның тарихи шындыққа жақын екендігін мойындасақ, онда, әрине, "Алаш мыңы" ішіндегі үш сан халықтың кейінірек қазақ болып қалыптаскан ұлттың құрамындағы үш жүздің сол тарихи кезеңдегі көрінісі екендігі күмән тудырмаса керек. Ал бұл одақтың құрамында, ең аз дегенде, қазақ халқының негізін құраған үйсін, дулат, қаңлы, арғын, найман, қыпшақ және алшын сияқты тайпалық одақтардың болғандығы жөнінде тұжырым жасауға болады.
Әбілхайыр қазасынан соң (1468 жылы) Өзбек ұлысының ішінде берекесіздік етек алады. Билік үшін тынымсыз талас, өзара алауыздық Есенбұғы өлгеннен кейін де (1462 жылы) тоқталған жоқ. Мұның өзі осы кезде Моғолстан және басқа ортаазиялық мемлекеттерге де тән құбылыс-тын. Яғни, XV ғасырдың екінші жартысында Жәнібек пен Керей ұлысына сырттан қауіп төндіре алатындай басқа ықпалды мемлекеттер жоқ болатын. Мұндай жағдай өмірге жаңа ғана келген мемлекеттің буынының бекуіне қолайлы жағдай туғызды.

Қазақ хандығының нығаюы


Әбілхайыр ханның өлімі, Өзбек ұлысындағы терең дағдарыс Жәнібек пен Керейге Сырдарияның орта ағысы өңіріне, Түркістанға қайта оралып, ендігі уақытта бұл аймақты жаңа мемлекеттің орталығына айналдыру үшін күрес жүргізуіне мүмкіндік береді. 1470 жылдан бастап Сыр өңірінде қазақ жасақтары көріне бастайды.
Осы кезден бастап Шығыс Қыпшақ даласының далалы аудандары мен Сыр бойының орта сағасындағы қалалы орталықтарды өзіне қарату үшін әрекет ету XV ғасырдың 70—80-жылдары, алдымен, Жәнібек пен Керей хандардың, содан соң олардың мұрагері Бұрындық ханның негізгі қызмет арқауына айналады. Бұл жігерлі де мақсатты әрекет XV ғасырдың соңы және XVI ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ хандарының қызметінде өз жалғасын тапты. Қазақ билеушілерінің Түркістан мен оның төңірегіндегі қалалық орталықтар үшін мұндай табанды күрес жүргізуінің өз себептері бар-тын.
Орта Сыр өңірі қалалары ерте кезеңдерден дәстүрлі экономикалық, саяси және рухани орталық міндетін аткарып келді. Ал Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығы кезеңінде көшпелі мал шаруашылығы аудандары мен отырықшы егіншілік жазираларын жалғастырып жатқан бұл өңірдің стратегиялық маңызы арта түспесе, кеміген емес-тін. Сондықтан да қазақ хандарының жаңа калыптасып келе жатқан мемлекеттің болашағын тікелей Түркістан мен оның өңіріндегі Отырар, Сығанақ, Сауран, Сайрам, Созақ сияқты қалалармен байланыстыруы толық негізді шешім болатын.
Қазақ хандары мен көшпелі өзбектер ханы Мұхаммед Шайбани арасындағы Сыр бойындағы қалалар үшін күрес XV ғасырдың 80—90-жылдары ымырасыз және тынымсыз соғыс жағдайында өтті. Бұл талас барысына Әмір Темір мұрагерлері мен Моғол хандары да мүдделілік танытып, ауық-ауық араласып отырды. Дегенмен Қазақ хандығын билеген Бұрындық ханның бұл соғысты XV ғасырдың соңына қарай жеңіспен аяқтау мүмкіндігі болған жоқ. Шайбанилықтар тынымсыз күрестен соң Әмір Темір мұрагерлерін ығыстырып, Отырар, Йасы (Түркістан), Арқұқ және Үзгентті алды. Кезінде Сырдың сол жақ бетіндегі Аркұк, Үзгенттен басқа Сығанақ, Созақ және Аққорғанды (1446 жылы) Әбілхайыр ханның иемденгені болмаса, өзге қалаларды атасынан қалған мұра санауға Мұхаммед Шайбанидың ешқандай да негізі жоқ еді. Ал Ташкент пен Сайрамда бұл кезде моғол ханы Сұлтан Махмұд билік кұрды.
Қазақ хандары Сығанақты, Сауранмен қоса Түркістанның солтүстік жақ бетін, Қаратаудың Созақ және басқа елді мекендерімен бірге солтүстік және оңтүстік беткейін, Сырдың төменгі ағысын, Арал жағалауын иемденді.
XV ғасырдың соңғы онжылдықтарында шайбанилықтар мен қазақ хандары арасындағы күрес Түркістан мен Қаратау өңірі үшін ғана жүргендей көрінгенімен, шын мәнінде, бұл күрес қазіргі Орталық және Оңтүстік Қазақстанның далалы аймақтарын мекендеген халықтарды өз биліктеріне қарату үшін болған талас еді. Сондықтан да Жетісу, Түркістанның солтүстік бөлігін, Қаратау мен Сырдың төменгі ағысы өңірлерін билеген қазақ хандары осы аймақтарға жаткан дала халқын да біртіндеп өзіне қарата бастайды. Мұхаммед Шайбани болса, бұл мезгілде Түркістанның тек оңтүстік бөлігін ғана иемденіп, одан әрі ұзап шыға алған жоқ.
XV ғасырдың соңы алғашқы қазақ хандарының қазақ мемлекеттігін нығайта түсуге тікелей қатысты маңызды шараларды атқарған тарихи кезең болды. Мұхаммед Шайбани хан атасы Әбілхайыр ұлысын енді қайтып сол бұрынғы көлемінде қалпына келтіре алған жоқ. Дегенмен бұл мезгіл Қазақ хандығының нығая түсуінің алғашқы кезеңі ғана еді. XVI ғасырдың бас кезінде Мәуереннахрды Әмір Темір мұрагерлерінен тартып алған Мұхаммед Шайбани ханмен күрес жаңа қарқын алды. Тура осы мезгілде, Шығыс Түркістанды (Қашқария) билеген моғол хандары бірнеше мәрте қазақ хандарынан Жетісуды тартып алу әрекетін жасап көрді. Қайткенде де Сыр бойы қалаларында орнықкан Бұрындық хан Жетісу, Орталық және Батыс Қазақстан өңіріндегі көшпелі тайпаларды хандық билік төңірегіне жұмылдыра білді.
XVI ғасырдың алғашқы онжылдығы Қазақ хандығы үшін Мұхаммед Шайбани ханның тегеурінді шабуылына тойтарыс беру жағдайында өтті. Мәуереннахр билеушісінің 1503—1510 жылдары қазақ жеріне жасаған жорықтары ол қалағандай нәтиже берген жоқ. 1510 жылдың соңында Мұхаммед Шайбани хан Иран шахымен болған шайқаста қаза табады.
1511 жылы хандық тақтан кеткен Бұрындық ханның орнына келген Қасым хан осы сәтті пайдаланып, 1513 жылы Сайрамды өзіне қаратып, Ташкентті алуға әрекет жасады. Сонымен, бұл тарихи кезең Сыр өңірі қалаларының қазақтарға біржола өтуімен аяқталады.


  1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінде ұлттық тарихты зерделеу. Ұлттық тарих мәселелеріне арналған «Халық тарих толқынында» арнаулы бағдарламасының қабылдануы.

Бүгінгі Қазақстан - қалыптасқан мемлекет. Біз мемлекет құрудың жаңа белесіне шықтық. Мемлекет басшысы ұсынған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қоғам дамуының жаңа белесіндегі басты сұрақтарға, атап айтқанда, біз қайда барамыз және 2050 жылы қайда болғымыз келеді деген cауалдарға жауап береді. Кеңінен қамтып айтсақ, мәселе ел болашағының дүниетанымдық жаңа моделін жобалау, басты құндылықтар мен бағдарларды айқындау туралы болып отыр. Сөз жоқ, бұл құндылықтар осы заманғы, болашаққа ұмтылған құндылықтар болуға тиіс. Олар мынау жаһанданып, ашығын айтқанда, ұлттық өзгешелігімізді шайып бара жатқан әлемдегі біздің ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға тиіс. Олар ұлттың мәдени кодын: тілін, руханиятын, дәстүрлерін, мәдениетін сақтауды қамтамасыз етуге тиіс.


Тәуелсіздігіміздің 5-ші жылында-ақ Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміздің тарихына қатысты өзінің көзқарасын айтып: «Біздің халқымыз тарихтың қатпар-қатпар қыртыстарына тамырын терең жіберген қиын да қызықты, талайлы тағдыр кешті. Ол, негізінен, тәуелсіздік жолындағы күреспен өтті» деп атап көрсетті.

Ұлттық тарихқа стратегиялық тұрғыдағы өзінің көзқарасын Мемлекет басшысы 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» кітабында баян етіп берді. «Тарих толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға берілген. Онда біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің өзгешелігі, көшпенділер социумы ерекше суреттеліп, оқырман қауымға ұсынылған. Елбасы өз еңбегінде Қазақстанның Ресей империясы мен КСРО құрамындағы дәуірін де жан-жақты баяндаған.

«Тарих толқынында» еңбегінде Мемлекет басшысының жазғанындай, «Біздің арғы ата-бабаларымыз Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі, Сібірден Үндістанға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекеттердің дамуында екі мың жыл бойы елеулі рөл атқарып келді. Орасан зор кең-байтақ аумақта қоныс аударумен болған көшпелілер Еуразияның этностық және мемлекеттік бет-бейнесін бір емес, бірнеше рет өзгертті».

Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы 8 бөлімнен тұрады: 1) Ұлттық келбетті ұлықтайық; 2) Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы; 3) Мәдениет келешегі; 4) Алаш мұрасы және осы заман; 5) Ұлттық бірегейлік туралы; 6) Тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар; 7) Орталық Азияның тәуелсіз мемлекеттері және тарих тағылымдары.; 8) Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде. Бұл кітапта қазақ халқының өткені мен кеткенін ой елегінен өткізіп, өз болжамдарын, қазақтардың арғы төркіні мен шығу тегін, даму жолдарын әлемдік тарихи құбылыстар шеңберінде, солармен тығыз байланыстыра қарастырған. Кітаптың «Ұлттық келбетті ұлықтайық» деген алғашқы тарауында автор ұлтымыздың қасиетті сипаттары мен қастерлеуге тұрарлық құндылықтарын сараптап, жан-жақты талдайды. Аталған еңбегінде Н.Назарбаев ұлттық рухты қайта түлетудегі және дамытудағы қазақ зиялыларының ролін ерекше атап көрсетеді. Қазақ этносы – мыңдаған ғасырлардың жемісі, өз аумағының ежелгі тұрғыны. Н.Назарбаев осы кітабында қазақ ұлтының қазіргі мекені, ол ежелден ата-бабамыздың бізге қалдырған мол мұрасы екенін атап көрсеткен. Ұлттық тарихқа заңды мақтаныш сезімін туғызу үшін оны білу керек. Кітаптың «Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы» деген тарауы осыған қызмет етеді. Яғни, автор қазақтың түркі тілдес халық ретінде оның ежелгі тарихын Евразия құрлығындағы көшпелі ұлы мемлекет – Түркі қағанатының тарихымен байланыстырады. Сондай-ақ аталған кітаптың үшінші «Мәдениет келешегі» деген тарауында Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте мәдениет қандай болу керек деген мәселе ерекше сөз болады. Бұл мәселе жөнінде автор: «Қазақстандағы диаспоралардың өз мәдениетінен қол үзбеуімен қатар қазақ елінің жалпы ұлттық мәдениетін игеруге, оны өзі атсалысып, дамытып отырған ортақ мәдениет деп қарауға дағдылануы қажет. Сонда ғана ұлттық мәдени жүйелердің үндесіп, жақсы ансамбль құрайтыны сөзсіз».



Сонымен қатар Елбасы қазіргі жағдайда әлемде болып жатқан ақпараттық үлкен үрдіс кезінде, ағылшын тілінің экспансиясы шапшаң белең алып, тұрмыста күшті сұранысқа ие болып отырғанында, ертеңгі келер ғасырда қазақ мәдениетінің күні не болатынына, нарық дәуірінің мінез-құлқы мәдениет жасаушылардың жаңа буынына нендей ықпал ететініне де алаңдауын жасырмайды. Н.Назарбаев осы кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» тарауын қоғамдағы интеллигенцияның тарихи ролін пайымдауға арнаған. Бүгінгі қазақ зиялыларының бойында сонау бағзы заманнан келе жатқан парасаттылық дәстүрлері барлығын айрықша атап көрсетеді. Кітапта теориялық жағынан кең қарастырылған мәселе –ұлттық бірегейлік жайы. Елбасы баршаны бір тілге, бір идеологияға, бір мәдениетке көшіруге тырысудың өзіміз бастан кешірген сабағы бұл саясаттың зиянды болғанын алға тартады. Сондықтан да ол бірегейлендірудің бұл күштеу әдісін біржола теріске шығарады. Н.Назарбаев қазақтың өзіндік ұлттық өрлеуін қамтамасыз ете отырып, бірегей этникалық санасын қайта жаңғырта, түлете түсуді басты міндет ретінде алға қояды. Сонымен кітапта бірегейлендірудің бірінші деңгейі – біздің азаматтық әрі саяси бірлігіміз деген тұжырым жасалған. Бұл деңгейдің мәнін Н.Назарбаев «өзіміз азаматтық саяси тағдырымызды барша азаматтардың тағдырымен бірдей дәрежеде қорғайтын Қазақстан мемлекетімен ұштастыруда жатыр» деп түсіндіреді. Бірегейліктің екінші деңгейін ол қазақтардың өздерінің ұлттық бірегейлігімен байланыстыра қарастырады. Халқымыздың менталитетінде тоталитарлық жүйе қалыптастырған ерекшеліктер әлі де болса бой көрсетіп, адамдар психологиясында әлі де көрініс беруде. Мұның себебі неде? Осы жайларға кітаптың «Тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар» деген тарауында нақты жауап табуға болады. Ал ұлттық идеяға келетін болсақ, оны елбасы өзінше пайымдайды. Ұлттық идея сырттан танылмай, қоғамның өз ішінде пісіп жетіліп, ұлттың тұтастығының мәнін түсінуге қызмететеді. Бір сөзбен Н.Ә.Назарбаевтың пікірінше, ұлттық идея миллиондаған адамдардың өздерінің ұлттық міндеттерінің түсінуінің жемісі болып табылады. Империялық құлдықтан азат болып, өздерінің тәуелсіздігін алған тек бұрынғы Кеңес Одағының елдері ғана емес, өз еркіндіктерін алған басқа да елдерді тарих біледі. Әлемдегі тарих сабақтарына көз жүгірте отырып, Елбасы Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарына зор сенім танытады, әрі оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін нақты қимылдардың қажеттігін еске салады. Орталық Азия халықтарына, ежелгі замандағы сияқты, бірыңғай сыртқы экономикалық саясат,бірыңғай кеден, салық бақылауы, бірыңғай қауіпсіздік жүйесі қажет, сол тиімді, деп жазады Елбасы. Бұл аймақта интеграциялау үшін негізгі алғышарттардың бәрі бар. Соларды жете пайдалану – басты міндет. Бұл ойларын Н.Назарбаев кітаптың «Орталық Азияның мемлекеттері және тарих тағылымдары» деген тарауында кеңінен сөз етеді. Кітаптың қорытынды тарауы «Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде» деп аталады. Мұнда Н.Назарбаев Қазақстан тарихын он екі кезеңге бөліп қарастырады. Мұндай кезеңдерге тарихымызда бірінші рет ұсынылып отыр. Н:Назарбаев тарихтан тағылым алмайтын саясаттың күні қараң екенін жақсы біледі, сондықтан да ол «тарих ештеңеге үйретпейді» деген қағиданы мүлдем теріске шығарады. Керісінше, тарих-ұстаз, тәлімгер, әділ төреші, ертеңге бағыт сілтейтін өсиет айтушы абыз.Тарих қазынасына терең көз шалғанда әрбір адам, әсіресе, оның ішінде ұлт көсемдері мен саясаткерлер үлкен тәлім алады. Өз ақыл-парасатына, саяси талғамына, іс-әрекетіне қосымша нәр, азық алады. Сондықтан да бұл кітап қазақты тануға қосылған теориялық әрі практикалық тәлімдік мәні күшті тарихи еңбек болып табылады.
Ұлттық тарих мәселелерімен көптен бері нақтылы айналысып жүрген Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Халық тарих толқынындағы» деген атпен тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасын жасауды ұсынды. Бұл бағдарламаның басты мақсаты - озық әдіснама мен әдістеме негізінде Қазақстанның тарих ғылымының сапалық серпілісі, қазақ халқының ұлттық тарихы көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ еліміздің қазіргі заман тарихының жиырма жылдығын зерделеу үшін жағдай жасау болып табылады.

2013 жылы 5 маусымда Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Мемлекеттік хатшысы М.Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Аталған жиын ҚР Мемлекеттік хатшы М.Тәжин көтерген Отан тарихын әрі қарай зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелеріне арналды және Қазақстанның тарих ғылымы үшін үлкен серпіліс, әрі тарихи оқиғаға куә болды. Тарихшылардың осы алқалы мәжілісінде елдің болашағы үшін тарихымызды жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделей түсу, ұлттық сананы нығайту, өзекті тақырыптарды зерттеу және жаңа заманға сай оқулықтар жазу сияқты нақты міндеттер жүктелді.

«Халық тарих толқынында» атты Елбасы бағдарламасында тарихшылар қауымының назары орталықазиялық көшпенді өркениетті зерттеудің маңыздылығына ерекше аударылды, қазіргі таңда ол өркениеттің сақтаушысы қазақ этносы болып отыр. Қазақ этносының археологиясын, антропологиясын, этнографиясын, фольклорын, мәдениеті мен дәстүрлерін зерттеуге күш сала отырып, қазақтардың номадтық өркениетін зерттеу саласында ғылыми және ғылыми-қолданбалы зерттеулер бағдарламасын дайындауды, тың тұрпаттағы тарих оқулықтарын жазу өзекті мәселе қатарына көтерілді.

Қазақстанның бүгінгі ұлттық тарихы – бұл ғылымдағы ең проблемалық сала. Қазақстанның тарихтағы өткен кезеңі қоғамдық сана-сезімнің - саясаткерлердің саяси тілінен халықтың күнделікті өміріне дейінгі әртүрлі деңгейлердегі гуманитарлық кеңістіктің маңызды бөлігін құрайды. Біріншіден, ұлттық тарих қоғамдық ғылымдардың арасында орталық буынға айналуға тиіс. Екіншіден, біз сапалық жаңа деңгейде Қазақстан тарихының ортақ тұжырымдамасын жасап шығуға тиіспіз. Ол тұжырымдама бүкіл әлемдік тарихпен тығыз байланыста болуға, Қазақстанның аса ауқымды тарихи үдерістердегі, олардың өзара байланысы мен ғылыми кезеңдену жүйесіндегі орнын анық көрсетуге тиіс. Үшіншіден, Қазақстан туралы біздегі және шетелдердегі тарихи материалдардың барлығын жинақтауға, жүйелеуге және жіктеуге баса көңіл бөлу қажеттілік десек, алда тарихи артефактілердің барлық негізгі шетелдік қоймаларын ұқыпты зерттеу және тарихи материалдарды Қазақстанға қайтару міндеті тұр. Еліміздің өркендеу стратегиясына сәйкес, жаһандану процесі туындатқан жаңа белестерге көтерілу, жаңа сындарға төтеп беру мәселелері ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруды талап етеді.

Әлемдік тарихи ақыл-ойдың үздік жетістіктерімен суғарылған жаңа методология Қазақстан тарихын адамзат өркениетінің құрамдас бөлігі ретінде дәйектей отырып, оның табиғи-географиялық, геосаяси, ұлттық, мемлекеттік, рухани т.б. өзіндік ерекшеліктері мен болмыс-бітімін зерделейтін әлеуетке ие болуы керек.

Қазіргі жаһандану заманында қазақ халқының ұлт болып сақталуы үшін ұлттық құндылықтары насихатталып, төл деректері, құнды мұралары зерттеле түсуі қажет. Әлемдегі өркениетті елдердегі сияқты тарих ғылымының теориясы мен методологиясы біздің еліміздегі отандық тарих ғылымы бойынша дұрыс жолға қойылуы керек. Сонымен қатар, бірінші кезекте - ұлт тарихының зерттеу методологиясын жетілдіру негізінде Тәуелсіздік тарихының методологиясын, басты-басты ұстанымдарын қалыптастыруда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың үлесін жан-жақты пайымдау. Екінші іргелі мәселе - тәуелсіз Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу кезеңдерін толыққанды қарастыру. Үшіншіден, қоғамтанушы-ғалымдар арасында ең өткір тұрған мәселе - ұлттық тарихты оқыту. Қазақстанда қалыптасқан тарихи білім мен ғылымның дамуындағы негізгі нәтижелерді кешенді түрде қарастыру болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру