Қазіргі уақытта сабақ өткізу барысында жаңа инновациялық технологиялар қолданысқа ие болуда



Дата10.06.2022
өлшемі18.22 Kb.
#267476
түріСабақ
Байланысты:
лекциялар м дениеттану (1) (1), инклюзив, инклюзив 2, инклюзив 2, 1, 2, 3, 4, 4.1, 3, 4, 5, 6

Қазіргі уақытта сабақ өткізу барысында жаңа инновациялық технологиялар қолданысқа ие болуда.
«Инновация » деген сөз- латынның «novus» жаналық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан , ал оның қазақша аудармасы «жанару, жаналық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.
Зерттеулер бойынша, «инновация» - педагогикалық категорияға жатады және мектептегі құбылысқа тың жаңалық : жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын әдіс- тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады. [1]
Білім беру жүйесіндегі инновация - білім мақсатына жаңашылықты енгізуді көздейді, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа мазмұнын әзірлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу мектепті басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу, мектеп тәжірибелік орын ретінде мектептің принципі жаңа білімділік бағдары мақсатын, мазмұнын, әдісін түрлері мен басқа компоненттерін көздейтін жүйелі сипаттама білім мен тәрбие беруді көздейді.
Инновациялық процестің дамуына 2 - фактор ықпал етеді:
Объективті фактор – инновациялық қызметтің дамуына ықпал ететін және оның нәтижесінің ұғымын қамтамасыз ететін жағдай жасау.
Субъективті фактор – инновациялық процестің субъектісімен байланысты, ол инновациялық процестердің субъектілері педагог - ғалымдар, мұғалімдер мен инновациялық бағыттағы білім саласының қызметкері болып табылады[2]
Педагогикалық инновацияларды классификациялау нәтижесінде біз әдістемелік инновацияларды көбірек қолданамыз.
Әдістемелік инновациялар - бұл оқыту мен тәрбие беру, сабақ беру мен оқу, оқу – тәрбиелік процесті ұйымдастыру әдістемесі салас ындағы инновация. Олар табилғи – ғылыми және гуманитарлық пәндерді қамтитын мектепке дейінгі тәрбиеден жоғары білім беруге дейінгі оқыту процесін, кадрларды даярлау және қайта дайындауды қамтитын білім беру саласында кең тараған.
Қазіргі таңда инновациялық технология туралы көп айтылып жүр. Технология - өнерпаздық, шеберлік, іскерлік десек, әр пәннің мұғалімі өз ісінің шебері болуға тиіс. Меніңше, жаңа педагогикалық технология ұғымы бұрыннан белгісіз, жаңаша амал-тәсілдерді қолдана отырып іздену, сол ізденістерді ғылыммен ұштастыру, сол арқылы жоғарғы көрсеткіштерге жеткізу деген сөз [2]
ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен.
Қазіргі технологияларда «миға шабуыл», дебат, модель, жоба жасату, қорғату, оқу, жазу арқылы оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру жиі қолданылып келеді. «Сын тұрғысынан ойлау», «Дамыта оқыту», «Саралап деңгейлеп оқытудың педагогикалық
технологиясы» т.б. көптеген технологияларды пайдаланып жүрміз, бірақ осылардың басын біріктіріп, тұтастай қолданбасақ, нәтижеге жете алмаймыз.
География пәні ─ оқушының әлемді тануының, адам тануының негізі. Оқушының танымдық әрекетін дамыту – ұстаз алдына мемлекеттің қойып отырған талабы. Танымдық әрекетті дамыту дегеніміз – білімді меңгеруді байқау, сезіну арқылы ғана емес, зерттеліп отырған үрдісті, нысанды нақты аңғарту, зерделеу арқылы меңгергенін тәжірибеде шығармашылықпен қолдана алудың дұрыс та тиімді тәсілдерімен қаруландыру, соның негізінде шеберлігі мен іскерлігін, дағдыларын жетілдіру, яғни дағды-икемді машыққа айналдыру. [3]
Қай ұстаз болмасын қазіргі күн талабына сай оқытудың ең тиімді жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білімін тереңдетіп, оны практикада қолдана білуге таным белсенділігін арттыруға тырысатыны анық. География пәні – өзіндік ерекшелігі бар пән. Ол жалпы құрлық – жер бетін, планетамызды, ондағы тіршілік ететін өсімдік – жануарлар дүниесін, жер бедерін, байлығын және өмір сүріп отырған бірнеше мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың тіршілігін зерттеп үйрететін ғылым. Сондықтан, география пәні мұғалімі болу деген сөз – кең көлемді, терең білімді, есте сақтау қабілеті күшті, мазмұн – табиғаты терең ұстаз мұғалімдерді талап етуі, әрі осыны қажет етеді. Сабақтың мазмұны, түрі және әдіс – тәсілі оқыту жүйесінде біртұтас бірімен – бірі тығыз байланысты. География пәнінің басқа пәндерден ерекшелігі – мұнда оқушылар өздігінен ізденіп, білім дағдысын толықтыруға әр түрлі суреттер, сызбанұсқалар, карталармен көп жұмыстар жүргізуге ерекше назар аударылады. Олардың пәнге қызығуын арттырудың бір жолы – сабақта жаңа білімді меңгертуде оқушалырдың өздерін белсенді қатыстыру.
Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін, оқтыу әдістемесін өзгертеді.Менің математика пәнін оқытуда озық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға білім беру процесінде көмектесу. Оған: оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік жұмыстар ерекше орын алады.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жанаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе . Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден де күрделі маңызды. Өйткені бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге лайық ұлттық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті мойынымызда. Барлық кедергілерді жеңу табысқа талпыну өз қолымызда деп білемін. «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпайды.
Мұғалімнің айтқанын өзіне қайталаудан гөрі, оқушыларды ізендіре отырып, ойын тайсалмай айтуға ұмтылдыру баланың ойлау қабілетін дамытады. Яғни, жаңа компьютерлік технология қарыштап дамып жатқан қоғамда мектеп немесе кәсіптік білім беру тұрғысынан жаңа технологияны пайдаланудың тиімділігі мол. Соның бір дәлелі ретінде жаңа технология арқылы өткізілген «Аласа таулы өлкелер» тақырыбында сабақ үлгісін ұсынамын.
Сабақтың тақырыбы: Аласа таулы өлкелер
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
1)Білімдік: жер бедерінің бірі-аласа таулар, олардың пайда болуы, өзгеруі, табиғатқа берер сұлулығы туралы әңгімелеу
2)Тәрбиелік: патриоттыққа, табиғатт аялауға тәрбиелеу;
3)Дамытушылық: жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттыру, өзіндік талдау, жинақтау жасап ойлай білуге дағдыландыру, өзіндік көзқарасы мен пікірін машықтандыру;
Сабақ түрі: панорамалық сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, іздендіру, картамен жұмыс, пысықтау;
Сабақ көрнекілігі: электронды оқулық материалдары, суреттер, кестелер, сызба-нұсқалар, сәйкестендіру тесті;
Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу;
2. Сабаққа қатысын тексеру;
3. Зейіндерін сабаққа аудару;
4. Сабақтың тақырыбын хабарлау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген «Қазақстан жазықтары» тақырыбы
1) Біз Қазақстан Республикасының азаматтарымыз, сондықтан Отанымыз туралы көп білуіміз керек. Отанымыздың жер бедері қандай? Электронды оқулыққа қараңыздар.
2) Жазықтар, таулы қыраттар, таулы үстірттерді атау.
3) Картадан көрсету
4) Ауызша сұраққа жауап беру.
-Батыс Сібір жазығы Қазақстанның қай жағында?
-Жазықтың жері қандай?
-Тұран ойпаты Қазақстанға қай бөлігі кіреді?
Үй тапсырмасы қорытындыланады. Номенклатуралық диктант жазу.
II. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы оқушылардың өздерінің ойланып табуына мүмкіндік туғызу. Қазақтың ұсақ шоқылы тауы интерактивті тақтадан көрсетіледі. Таулар биіктігіне қарай нешеге бөлінеді? Тірек сызба нұсқасы арқылы көрінеді.
400-1000 м 1000-2000 м 2000 м аса
Тақырыбы: Аласа таулы өлкелер. Мақсаты түсіндіріледі.
Карта арқылы Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысының географиялық орнын интерактивті тақтадан көрсету.
Оқулықпен жұмыс.Таулардың орографиялық сызбасын көрсету.Оңтүстік шығысында Ақсораң тауы, оңтүстік батысында Ұлытау, солтүстігінде Көкшетау т.б. Сарыарқаның жер бедерінің үгілуі әрекетінен жазыққа айналуда. Сыртқы әсерден мүжілген, аласарған тауларды электронды қулықтан тыңдату.
-Сарыарқаның биік таулары тірек сызба арқылы түсіріледі.
-Оқулықпен жұмыс. Таулардың жатысы көрсетіледі.
-Өлең оқу
Алатау тауларына тақырыбына байланысты сұрақтар беру. Кескін картамен жұмыс.
Сөзжұмбақ шешу. Слайдтан көрсетіледі.
Сарыарқа тауларының табиғаттағы сұлулығын электронды оқулық арқылы интерактивті тақтадан көрсету. (Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау)
Қазақ халқының көрнекті ағартушысы Ш.Уәлиханов ө еңбегінде былай деп жазды: «Сұлулықты, көркемдікті түсіне білудің өзі-үлкен эстетикалық тәрбие күші. Ұшқан құс, жүгірген аң, өзен-көл, тау-тас, өсімдіктер дүниесі- бәрі де адамға ләззат береді. Ес білгеннен бастап, ата-анасының үлкендердің өсиеттерімен тәрбиелегенген ұрпақ өзі де табиғатқа нұқсан келтірмейді және өзгеге де жол бергізбейді».
Ата-бабаларымыз табиғатқа жасалған қастандықты обал деп, оны аялап баптауға арналған істі сауап деп түсіндіру арқылы табиғатты бүлдірмей сақтап жеткізді. Табиғатты сүйе білуге, оны қорғауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, әсем тау табиғатын суреттеу арқылы оқушылар табиғаттың сұлулығын ести отырып, әдемілікті, көркемдікті байқап, бақылайды.
Тест сұрақтарына жауап беру
1. Қазақстандағы жер бетінің биік таулы аймағы
А) Шығыс және оңтүстік шығыс бөлігі
Ә) Солтүстік және батыс бөлігі
Б) Оңтүстік шығыс және орталық бөлігі
В) Солтүстік және орталық бөлігі
2. Қазақстанның аласа таулы өлкелері
А) Сарыарқа, Алтай
Ә) Мұғалжар, Маңғыстау, Торғай
Б) Сарыарқа, Мұғалжар
В) Сарыарқа, Жалпы сырт
3. Маңғыстау тауының жоталары
А) Ұлытау, Қарқаралы;
Ә) Шыңғыстау, Ақсораң;
Б) Қаратау, Шалқаркөл;
В) Ақтау, Қаратау;
4. Қазақстан Швейцариясын ата
А) Бетпеқдала, Үстірт;
Ә) Жұмбақтас, Көкшетау;
Б) Сарыарқа, Ұлытау;
В) Каспий маңы ойпаты, Есіл жазығы
5. Батыс Сібір мен Тұран ойпатын жалғастырып жатқан бұғаз
А) Жоңғар, Торғай;
Ә) Солтүстік Мұзды мұхитмен Ішкі тұйық алаптары
Б) Үстірт, Орал;
В) Орал, Солтүстік Мұзды мұхит;
Жергілікті жермен байланыстыру. Өздері тұрған жердегі тау туралы қысқаша сипаттама беру. Солтүстіктен шығыстан оңтүстік батысқа қарай созылып жатыр. Жоңғар Алатауы (Тоқсанбай, Шатырбай, Тышқанбай, Қояндытау, Бесбақан) т.б.
Үйге тапсырма. Кескін картаны аяқтау. «Көркем табиғат» тақырыбында шығарма жазу.
Қорыта айтқанда, жаңа педагогикалық технология- алға қойған мақсатқа жетудің әдіс-тәсілдері, ал әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану оқытушының шеберлігіне байланысты.
Жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың қызығушылығын, танымдық қабілеттерін арттырамыз. Білім мен білік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін шыңдау арқылы сәт сайын өзгеріп отыратын заман ағымына сай жастар тәрбиелей аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика.
2. М.Валиева «Жаңа педагогикалық технологиялар» Әдістемелік нұсқау, 2002
3.Искакова Р., Ерназарова З. «Жаңа технологияны пайдалану әдістері». Қызылорда, 2004 4. «География және

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру