Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру

Loading...


Pdf көрінісі
бет4/5
Дата25.03.2020
өлшемі0.56 Mb.
1   2   3   4   5

 

 

32 


 



Қазіргі  сабақты  жобалау  және  ұйымдастыру  бойынша  әдістемелік 

ұсынымдар  

 

Оқушылардың  сабақта  оқу  еңбегін  тиімді  ұйымдастыру  оқытудың 

тиімділігін  арттыру  жолдарын  үнемі  іздестіруді  талап  етеді.  Енді  сабақтың 

тиімділігін арттыру жолдарын қарастырайық:  

1) 

оқушылардың  оқу  материалының  негізін  сабақ  барысында  меңгеруі 

және игерілуі. Сабаққа дайындалар кезде мұғалім оқушыларды таныстыратын 

ақпарат  көлемін  ойластырып  қана  қоймай,  окушыларға  сабақтың  өзінде 

оқылатын  материалдың  негізін,  әсіресе,  қолданылатын  әдістер  мен  тәсілдер 

арқылы материалды меңгерту жолдарын қарастырады. Жаңа материал түсінікті 

әрі сабақтың өзінде жиі есте сақталуы қажет. Оқушылар қосымша материалды 

емес, негізгі материалдың мәнін (басты ойды, заңды және т.б.) меңгеріп, түсінуі 

үшін мүғалім ең негізгіні көрсете білуі керек;  

2) 

ұжымдық  жұмыс  кезіндегі  әр  оқушының  дамуына  мүмкіндік  туғызу. 



Мұғалім  сабаққа  дайындалу  процесінде  үлгерімі  орташа  оқушыға  назар 

аударады.  Жалпы  тапсырманы  орындау  үшін  бір  сыныптың  оқушыларына  әр 

түрлі уақыт қажет, өйткені үлгерімі жақсы оқушылар жұмысты тез орындайды. 

Әр  оқушының  жоғары  деңгейде  дамуына  мүмкіндік  беретін  амалдарды 

ойластыру қажет;  

3) 


белгілі бір құрылымның болуы. Бұл жағдайда жұмыстың сыртқы жағы 

(сұрау,  түсіндіру,  бекіту)  емес,  оның  ішкі  құрылымы  оқушыларға  білінбейді, 

бірақ оны мұғалім нақты ойластыру қажет. Сабақтын құрылымы – бұл мұғалім 

мен  оқушылардың  қызметтерінің  тиімділігін  қамтамасыз  ететін  сабақтың 

кезеңдер жүйесін ұйымдастыру.  

4) 


оқушылардың өзіндік жұмыстарының үлесін арттыру;  

5) 


пәнаралық және пәнішілік байланысты сақтау;  

6) 


оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бақылау,  бақылаудың  сапалы  жаңа 

түрлерін қолдану.  

7) 

оқушылардың жалпы-интеллектуалдық біліктік деңгейін анықтау.  



Қазіргі  сабақты  жобалау  және  ұйымдастыру  бойынша  қазіргі  сабаққа 

мынадай талаптар қойылады:  

1. 

Қазіргі кездегі ғылымның соңғы жаңалықтарын пайдалану.  



2. 

Сабаққа дидактикалық ұстаным мен ережелерді тиімді пайдалану.  

3. 

Оқушылардың қызығушылын, қабілетін біле отырып, дарынын дамыту.  



4. 

Пән аралық байланыс құру.  

5. 

Оқушылардың  бұрынғы  алған  біліміне  сүйене  отырып,  оқушыны  жаңа 



деңгейге көтеру.  

6. 


Оқушылардың белсенділігін арттырып қажеттілігіне түрткі жасау.  

7. 


Оқу-тәрбие  жұмысының  барлық  кезеңдерінде  қисындылықты  және 

көңіл күйді ұйымдастыру.  

8. 

Педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру.  



9. 

Алынған білімді іс-жүзінде өмірмен байланыстыру.  

10. 

Практикалық білім, білік дағдыны қалыптастыру, еңбекке үйрету.  



11. 

Үнемі әрі үздіксіз білім алу қажеттігін ұйымдастыру.  

33 

 


12. 

Әрбір сабақты талдай, болжай, жоспарлай және құрастыра білу.  

13. 

Оқушылардың өздігінен білім алуға, оқулықпен жұмыс жасауға үйрету.  



14. 

Оқытудың жаңа технологияларын пайдалану.  

Жалпы,  сабақ  жоспарын  дайындау  барысында  келесі  әдістемелік 

ұсыныстарға назар аударылады:  

1) 

әр  сабақта  мектеп  оқулықтарынан  басқа  әдебиеттерден  де  түрлі 



есептерді, тақырып бойынша нақты сұрақтарды таңдап ала білу қажет;  

2) 


жаңа  материалды  игеру  алдында  қарастыруға  болатын  проблемалар 

қоюға мүмкіншілік жасайтын жаттығулар таңдай білген дұрыс;  

3) 

оқушыларға  қойылатын  сұрақтарды  дәл  және  нақты  тұжырымды  етіп 



қою керек;  

4) 


оқушыларды ықыласпен тыңдап, оның жауабын дәл сезініп, дұрыс баға 

беру керек. Оқушылардың жіберген қателерін сыныппен талқылай отырып, әрі 

қарай оқытуда оларды ескерген жөн;  

5) 


мұғалімнің  алдын-ала  қандай  білім  мен  дағдыны  тексеретінін,  кімге 

қандай сұрақ қоятынын (конспектіде ескеру) мұқият ойластырып алғаны дұрыс;  

6) 

жалпылама ауызша сұрау білімге үйретуге жетелейтіндей болуы керек. 



Бір ғана оқушының дұрыс берген жауабына қанағаттанбай, қалғандарының да 

қиын  сұраққа  берілген  жауапты  түсінгендеріне,  меңгергендеріне  көз  жеткізу 

керек. Ең басты, негізгі оқиға ерекше көңіл аудару керек;  

7) 


қандай  сұрақтардан  кейін  оқушыларға  ойлануға  үзіліс  беріп,  қалған 

оқушыдан  сұрау  керек  екендігін  қандай  сұрақтарға  бірден  жауап  талап 

етілетіндігін дұрыс ойластырған жөн;  

8) 


ұсынылған есептің шешімін әр оқушы ойластыруы керек, ал сонан соң 

ғана  тақтаға  бір  оқушыны  шақыруға  болады.  Сонда  әр  оқушы  өз  шешімін 

тақтада  шығарылған  шешіммен  салыстырып  бағалай  алады.  Бұдан 

оқушылардың  белсенділігі,  ынталылығы,  ізденімпаздығы,  шығармашылығы 

тәрбиеленетіні айқын;  

9) 


оқушылардың дәптердегі жазуларын да қадағалаған жөн. Нақты, жүйелі 

түрде  орналасқан  жазулар,  дұрыс  сызылған  суреттер  материалды  дұрыс 

меңгеруге көмектеседі және үй жұмысын орындауға үлгі бола алады;  

10) 


мұғалімнің  тілектестік  үні,  оқушыларға  деген  сенімі  және  де  қажетті 

қаталдығы (талапкерлігі) болуы керек.  



Сабаққа дайындықты неден бастау керек?  

өзің үшін сабақтың тақырыбын нақты анықтау;  



тақырыптағы  сабақтың  орнын,  ал  тақырыптың  жылдық  оқу  бөліміндегі 

орнын анықтау;  

сабақтың жалпы міндеттерін көрсету;  



сабақтың  мақсаты  мен  міндеттерін  нақтылау,  сабақтың  негізгі  басшы 

міндетін ашып көрсету;  

сабақ  бағытталып  жүргізілетін  негізгі  түсініктерді  анықтау  немесе 



керісінше, болашақта пайдалану үшін өзіңе сабақтың сол бөлігін белгілеп алу;  

оқушы  сабақта  нені  түсініп,  нені  есте  сақтауы  керектігін  анықтау, 



сонымен қатар сабақтан кейін нені біліп, нені істей алуы керектігін білуі қажет;  

оқушыға  қандай  оқу  материалын,  оған  қатысты  қандай  қызықты 



34 

 


деректерді,  оларды  дәлелдейтін  басты  идеяларды  қанша  көлемде,  қалай 

хабарлау  керектігін  анықтау.  Ол  үшін  оқыту  тапсырмаларын  «жеңілден 

ауырға»  қағидасына  сәйкес  тәртіпке  келтіру.  Үш  түрлі  тапсырмалар 

жиынтығын құру:  

оқушының материалдарды жаңғыртуына жетелейтін тапсырмалар;  



оқушының ойлануына мүмкіндік туғызатын тапсырмалар;  

оқушының білімді бекітуіне мүмкіндік туғызатын тапсырмалар;  



Ж.А.  Караевтың  «Үш  өлшемді  әдістемелік  жүйе  педагогикалық 

технологиясы»  қазір  Қазақстанның  бар  аймағында  ғылыми–тәжірбиеден, 

сынақтан  өтіп,  оқыту  жүйесінің  белсенді  әдісіне  айналды.  Үш  өлшемді 

әдістемелік  жүйеде,  оқыту  келесі  формула  бойынша  анықталады:  мақсат  –

мотив - іс-әрекет- рефлексия -теориялық білім. Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту 

жүйесі  туралы  іліміне  сүйеніп,  әр  пән  бойынша  деңгейлік  тапсырмалар 

дайындауға болады. Жалпы сабақ жоспарын кейінгі кезде мұғалімдер көбіне Ж. 

Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын бойынша дайындайды. Ол 

оқушылардың тақырыпты меңгеру үшін өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін 

меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және 

өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.  

Ж.А.  Қараевтың  «Үш  өлшемді  әдістемелік  жүйе»  технологиясының 

дидактикалық матрицасының әр деңгейінің сипаттамасына сай білімді меңгеру 

деңгейлерінің талаптарын тұжырымдаймыз:  

1-

деңгей: оқушылық деңгей – репродуктивтік деңгей:  



–  

жаттап алуға лайықталған анықтамалар, тұжырымдамалар, ережелер т.б.  

–  

алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап, 



пысықтауға арналған сұрақтар;  

–  


тапсырмалар  жаңа  тақырып  үшін  тиімді  және  өмірмен  байланысты 

болуы  керек.  Жаратылыстану  пәндерінде  мұндай  талаптар  жаңа  тақырыпты 

игеру  соңында  орындалатын  ұқсас  тапсырмалар  құру  арқылы  жүзеге 

асырылады  және  олар  оқушының  өзі  қорытып  шығарған  ереже,  анықтама, 

заңдарын бекітуге арналады.  

2-

деңгей:  алгоритмдік  деңгей  –  елеулі  белгілерді  есте  сақтау  дағдысына 



негізделеді:  

–  


өтіп  кеткен  материалдарды  реттеуге  және  жүйелеуге  берілген 

тапсырмалар,  бірақ  оларды  орындау  үшін  алған  білімдерін  түрлендіріп, 

тереңдете  пайдалануды  қажет  етеді.  Жаратылыстануда  мұндай  іс-әрекетке 

келтірілетін  тапсырмалар:  мәтінмен  берілген  есептер,  тапсырмалар,  сұрақтар, 

тәжірибелер т.с.с.  

–  


оқушының  ойлау  қабілетін  жетілдіруге  берілетін  тапсырмалар.  Оларда 

біздің ұлттық ерекшеліктерімізді ескеріп, танымдық және үйретімділік маңызы 

болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.  

3-

деңгей:  тапсырмалары  –  эвристикалық  танымдық  іздену  түрінде 



орындалатын тапсырмалар:  

–  


танымдық  іздену  (эвристикалық)  түрдегі  тапсырмаларды  орындау 

барысында оқушылар  жаңа  тақырып бойынша  меңгерген алғашқы  қарапайым 

білімдерін  (заңдылықтар  шығару,  анықтамалар,  формулаларды  жаттау,  т.с.с.) 

35 


 

жетілдіріп,  тереңдетумен  қатар,  ол  тағы  да  жаңа  білімді  меңгеріп,  өзі  үшін 

жаңалық ашуы тиіс. Мұнадай жұмыс – анализ бен синтез, салыстыру арқылы 

тақырыптағы негізгі білімді анықтау, қорытындылау, әр түрлі әдіс тәсілдермен 

есептер шығару, ребустар, сөзжұмбақтар құрастыру, проблемалық жағдайларды 

шешу, дағды қалыптастыруға арналған сұрақтар;  

–  


өздігімен мысалдар мен есептер, сұрақтар құрастыру және оны өздігімен 

шығару,  өмірден  алынған  мәліметтер  негізінде  диаграмма,  графиктер  салу, 

жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға 

берілетін тапсырмалар.  

4-

деңгей: шығармашылық деңгей:  



–  

оқушылардың  жинаған  өмірлік  тәжірибесі  мен  қалыптастырған  ұғым, 

түсініктерінің,  қиялы  мен  белсенді  ой  еңбегінің  нәтижесінде  жаңаша,  белгілі 

бір  дәрежеде  олардың  жеке  басының  икемділігін  байқататын  дүние  жасап 

шығуына  негізделген:  теореманы  дәлелдеу,  заңдылықтарды  мұғалімнің 

көмегінсіз қорытып шығару, олимпиадалық тапсырмаларды орындау, өздігінен 

тақырыпқа реферат, баяндамалар дайындау [15].  

Төменде осы әдіске негізделіп «Солтүстік Қазақстан қалалары» тақырыбы 

бойынша сабақ жоспары жасалған (4-кесте). Дайындаған Жамбыл облысы Шу 

ауданы  М.  Мақатаев  атындағы  орта  мектебінің  жоғары  санатты  география 

пәнінің мұғалімі З.А. Манасбаева.  

 

4-



кесте - «Солтүстік Қазақстан қалалары» тақырыбы бойынша сабақ жоспары  

І кезең  



Мұғалім алғашқы 5-7 минутта:  

а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; 

б)  өткен  тақырып  бойынша  берілген  деңгейлік  тапсырмаларды  үйде  аяқтап  келу  дәрежесі 

тексеріледі; 

в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын жаппай 

тексеру жүргізеді). «КӨПІР» тапсырмаларын келесі сұрақтарға жауап беру арқылы тексеру: 

1.Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстанда неше қала және кент бар? 

Ж: 23 қала мен 12 кент. 

2

. Ақмола облысының құрамында облыстық дәрежедегі қанша қала бар? Атаңдар. 



Ж: 2 қала. Олар: Көкшетау, Степногорск. 

ІІ кезең  

Жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өздігінен меңгеруіне жағдай жасау: 

а) оқушылар төмендегі қадамдар бойынша «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне 

сәйкес тапсырмаларын өздері толықтырады (10 минут);  

ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады. 

1-

қадам: теория 



бойынша «Білу» 

үшін тақырып 

мазмұнынан  

Кім? Не? 

Кімнің? Кімге? 

Кімді? Кімде? 

Кімнен? Кіммен? 

Қандай? Қай?  

Бос орынға тиісті сөздерді жаз. 

1. 


Астана  (778  мың  адам)  –  республика  астанасы  –  Қазақстанның 

географиялық  орталығында,  ірі  көлік  магистральдарының  тоғысқан 

жерінде орналасқан. 

2.  1950 

жылдары  қала  еліміздің  солтүстігіндегі  тың  және  тыңайған 

жерлерді  игеру  орталығы  болды.  Астана  мәртебесін  алғаннан  кейін 

жылдам көркейіп, өсе бастады. 

3.  Астана  –  республикамыздың  ірі  өндірістік,  ғылыми  және  мәдени 

орталығы. Қалада ауыл шаруашылығы машиналарын шығару,сонымен  

36 


 

4-

кестенің жалғасы  





Қашан? Не істеді? 

сияқты сұрақтарға 

жауап беретін толық 

ақпарат іріктелінуі 

керек.  


қатар  тамақ  және  жеңіл  өнеркәсіптері  дамыған.  Астана  мәртебесін 

алуына байланысты құрылыс индустриясы да жылдам қарқынмен дамып 

келеді. 

4. 


Қала  маңызды  әуе  жолдарының,  теміржол  магистральдары  мен 

мемлекеттік  маңызы  бар  автомобиль  жолдарының  қиылысында 

орналасқан ірі көлік торабы болып табылады. 

5.  Франция  жерінде  өткен  Халықаралық  көрмелер  бюросы  Бас 

ассамблеясының 152 – сессиясында ЭКСПО Халықаралық көрмесі 2017 

жылы  Еуразия  жүрегі  Астана  қаласында  өтетіндігі  мәлім  болды. 

Сессияға  қатысушы  мемлекеттердің  103  дауысын  жинаған  Қазақстан 

халқы  үшін  үлкен  мәртебе.  Бұл  «Болашақтың  энергиясы»  тақырыбын 

көтеретін  жауапкершілігі  мол  көрме  тек  Астананың  ғана  емес,  тұтас 

Қазақстанның да дамуына қосымша серпін береді. 

6. 

Халқының санының өсуі, негізінен, облысаралық көші – қон арқылы 



жүзеге асырылады.  

7. 


Қысқаша тарихи анықтама: 1830 ж. – Ақмола бекінісі. 1862 ж. – 

Ақмола қаласы. 1961-1992 жж. – Целиноград. 1992 ж. – Ақмола қаласы. 

1997 

ж. Ақмола қаласы – ҚР астанасы. 1998 ж.- «Астана» атауы берілді. 



1999 

ж. ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана қаласына медаль мен 

«Бейбітшілік қаласы» атағы берілді. 

8. Ақмола облысының солтүстігінде облыс орталығы - Көкшетау қаласы 

орналасқан  (141  мың  адам).1941  жылы  Көкшетауға  эвакуациямен 

Подольск  іс  машиналарын  шығару  зауытының  жұмысшылары  мен 

құрал-жабдықтары  тиелген  эшалон  келді.  Ол  механика  зауытына  келіп 

орналасты да, бірден әскери-қорғаныс өнімдерін шығаруға кірісті. 

9.  1960-

1970  жж.  Ескі,  қайта  жабдықталған  және  жаңа  өнеркәсіп 

кәсіпорындары іске қосылды. 

10. 


Радиозауыт,  оттегімен  демалатын  аппаратура  шығаратын  зауыт, 

Васильков кен – байыту комбинаты және т.б. жұмыс істей бастады. 

11. 

Экономикалық ауданның шығысында Павлодар облысы орналасқан, 



онда Қазақстанның әсем қалаларының – Павлодар орын тепкен (334 мың 

адам).  Біздің  ата  –  бабаларымыз  қала  үшін  ең  қолайлы  жерді  –  Ертіс 

өзенінің жағалауын таңдап ала білген. 

12. Павлодардың қолайлы географиялық жағдайы, тас көмір, мыс,алтын, 

күміс  және  басқа  да  сирек  кездесетін  металдардың  мол  қоры  өткен 

ғасырдың өзінде шет елдік іскер топтардың назарын аударған болатын. 

Ал  1950  жылдардың  ортасынан  бастап  қалада  өнеркәсіп  дами  бастады. 

Мысал.  1955  жылы  тұңғыш  машина  жасау  зауытының  (қазір  трактор 

зауыты)  құрылысы  басталды.  1968  ж.  оның  конвейерінен  алғашқы 

трактор  шығарылса,  ал  1969  ж.  мыңыншы  машина  жасалып  шықты. 

Зауыттың  қуаты  одан  кейінгі  уақытта  жылына  55  мың  дана  шығаруға 

дейін жетті. 

13

.  Қуатты  құрылыс  материалдары  өнеркәсібін  құру  тек  қалада  емес, 



бүкіл экономиканы қайта құруда шешуші рөл атқарды: Ермак МАЭС – 

нің, ферроқорытпа, алюминий және трактор зауыттарының құрылыстары 

басталды. 

14. 


Павлодар – ірі мәдени және ғылыми орталық: онда екі университет, 

Ресей  ЖОО-ның  филиалдары,  екі  театр  (Қазақ  музыкалық  драма  және 

Орыс  драма  театрлары),  көркемөнер  және  көне  тарихи-өлкетану 

мұражайы және т.б. бар.  

37 

 


4-

кестенің жалғасы  





 

15. 



Қостанай  қаласы  (219  мың  адам).  Бұл  Солтүстік  Қазақстанның  ірі 

өнеркәсіп  және  мәдени  орталығы.  Қаланың  іргесі  1897  ж.  қаланды.Ол 

кезде  мұнда  жыл  сайын  жәрмеңке  өткізілетін.  Жергілікті  ауыл 

шаруашылық  шикізатының  негізінде  ұсақ  кәсіпорындар  –  тері  илейтін 

зауыт, бу диірмендері жұмыс істеді. 

16. Өткен ғасырдың ортасынан бастап, темір (Соколов - Сарыбай) және 

асбест  (Жітіқара)  кен  орындарын  игерудің  нәтижесінде  теміржолдар 

салынып,  қала  жылдам  дами  бастайды.  Соңғы  жылдары  тамақ  және 

жеңіл  өнеркәсіп  дамыды,  ет  консервілеу  комбинаты,  кондитер 

фабрикасы,  мауыты  (машинамен  түтілген)  шұға  кәсіпорны,  аяқ  киім 

және тігін фабрикалары жұмыс істейді. 

17.  Петропавлды  (205  мың  адам)  «Республиканың  солтүстік  қақпасы» 

деп  орынды  атайды.  Ол  1752  ж.  салынған,  Петропавл  атауын  1807  ж. 

алған.  Қаланың  транзиттік  ЭГЖ  өте  қолайлы.Оның  Транссібір  және 

Трансқазақстан  теміржолдарының  қиылысында  орналасуы  қаланың 

сауда орталығы ретінде жылдам өсуіне әсерін тигізді.  

18.  Петропавл  қазіргі  кезде  маңызды  өндірістік  мәдени  орталық  әрі  ірі 

көлік торабы. Қалада мұнай -газ өнеркәсібі, отын-энергетика, көлік және 

сонымен қатар агроөнеркәсіп кешендері үшін (трактор тіркемелері, ауыл 

шаруашылық  құралдарына  қосалқы  бөлшек)  құрал-жабдық  шығаруға 

маманданған машина жасау кәсіпорындары мен ет комбинаты бар. 

19. 


Солтүстік  экономикалық  ауданда  қалалар  көп,  ірілері  2  қала: 

Республикамыздың астанасы – Астана қаласы мен аймақтың ірі өндірісті 

қаласы  -  Павлодар.  Қалалардың  мамандану  құрылымы  әр  түрлі: 

металлургия  (қара  және  түсті),  машина  жасау;  мұнай  өңдеу  және  ауыл 

шаруашылығы шикізатын өңдеу.  

2-

қадам: теорияны 



«

Түсіну» үшін Неге? 

Неліктен? Себебі? 

Не үшін? Дәлелде. 

Түсіндір. сұрақтары 

оқушының жоғарыда 

берген жауаптарына 

қойылады  

(мақсаты 

оқушылардың 

білімін тереңдету) 

Себебін анықтаңдар.  

1. 


Неліктен Астана жылдам көркейіп, өсе бастады? 

Ж: Астана мәртебесін алғаннан кейін жылдам көркейіп, өсе бастады. 

2. 

Не себебті Астана ірі көлік торабы болып табылады? 



Ж: Қала маңызды әуе жолдарының, теміржол магистральдары мен мемлекеттік 

маңызы бар автомобиль жолдарының қиылысында орналасқандықтан. 

3. 

Неліктен ЭКСПО  Халықаралық көрмесі 2017 жылы Еуразия жүрегі Астана 



қаласында өтетіндігі мәлім болды? 

Ж:себебі,  Франция  жерінде  өткен  Халықаралық  көрмелер  бюросы  Бас 

ассамблеясының  152  –  сессиясында  сессияға  қатысушы  мемлекеттердің  103 

дауысын жинаған. 

4. 

Не  себебті  экономикалық  ауданның  шығысында  Павлодар  облысы 



орналасқан, онда Қазақстанның әсем қаласы – Павлодар орын тепкен? 

Ж: Себебі, біздің ата-бабаларымыз қала үшін ең қолайлы жерді – Ертіс өзенінің 

жағалауын таңдап ала білген. 

5. 


Не үшін өткен ғасырдың өзінде шет елдік іскер топтардың назарын аударған 

болатын? 

Ж:  Себебі,Павлодардың  қолайлы  географиялық  жағдайы,  тас  көмір,  мыс, 

алтын, күміс және басқа да сирек кездесетін металдардың мол қоры .  

6. 

Не себебті өткен ғасырдың ортасынан бастап қала жылдам дами бастады? 



Ж:  Себебі  темір  (Соколов-Сарыбай)  және  асбест  (Жітіқара)  кен  орындарын 

игерудің нәтижесінде теміржолдар салынып, жылдам дами бастады. 

7. Не үшін Петропавл қаласының транзиттік ЭГЖ өте қолайлы? 

Ж:  Себебі,  оның  Транссібір  және  Трансқазақстан  теміржолдарының 

қиылысында орналасуы.  

 

38 



 

4-

кестенің жалғасы  





3-

қадам: теорияны 



«

Талдау» үшін  

1. Салыстыр, 

2.Айырмашылығы 

неде? 

3.Ұқсастығы неде? 



4.Тақырыптың басты 

идеясын жаз деген 

тапсырмалар болу 

керек. Немесе 1-3 

тапсырмаларды 

Венн диаграммасы 

арқылы қамтуға 

болады 


 

 

 



Қостанай Петропавл  

  

  



 

 

 



 

Көкшетау Павлодар 

  

  

  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Тақырыптың басты идеясын жаз. 



Ұқсастығы: Солтүстік Қазақстан қалалары. 

Ерекшеліктері: 

1. Астана – ел орда. Ірі өндірістік, ғылыми және мәдени орталық. 

2.Петропавл қазіргі кезде маңызды өндірістік, мәдени орталық әрі ірі 

көлік торабы.  

3. Қостанай - ірі өнеркәсіп және мәдени орталық. 

4. Көкшетау- Васильков кен – байыту комбинаты.  

5. Павлодар - ірі мәдени және ғылыми орталық. 

4-

қадам: теорияны 



«Жинақтау» үшін 

Қорытынды шығар, 

анықтама бер, 

мазмұнды жүйеле, 

кестені, сызбаны, 

сөзжұмбақты толтыр 

немесе өзің құрастыр 

тағы с.с. басқа 

түрдегі тапсырмалар 

оқушының 

жоғарыдағы 

«тақырыптың басты 

идеясын» жазған 

жауабына қойылады.  

Картаға Солтүстік Қазақстан қалаларын түсір.  

Қаланың пайда 

болған уақыты.  

Даму тарихы  

Астана.  

1830 


ж. – 

Ақмола 


бекінісі. 

1862  ж.  –  Ақмола  қаласы.  1950  жылдары  қала  еліміздің 

солтүстігіндегі  тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру 

орталығы болды. 1961-1992 жж. – Целиноград. 1992 ж. – 

Ақмола  қаласы.  1997  ж.  Ақмола  қаласы  –  ҚР  астанасы. 

1998 


ж.-  «Астана»  атауы  берілді.  1999  ж.ЮНЕСКО-ның 

шешімімен  Астана  қаласына  медаль  мен  «Бейбітшілік 

қаласы» атағы берілді.  

Көкшетау. 

1941 

жылы  Көкшетауға  эвакуациямен  Подольск  іс 



машиналарын  шығару  зауытының  жұмысшылары  мен 

құрал-жабдықтары тиелген эшелон келді. Ол қалада істеп 

тұрған  механика  зауытына  келіп  орналасты  да,  бірден 

әскери-қорғаныс өнімдерін шығаруға кірісті.  

1960-

1970  жж.  Ескі,  қайта  жабдықталған  және  жаңа 



өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылды.  

темір (Соколов-Сарыбай) және асбест 

(Жітіқара) кен орындары. Тамақ және 

жеңіл өнеркәсіп дамыды, ет 

консервілеу комбинаты, кондитер 

фабрикасы, мауыты (машинамен 

түтілген) шұға кәсіпорны, аяқ киім 

және тігін фабрикалары жұмыс істейді. 

Ірі өнеркәсіп және мәдени орталық

темір кендерін өндіру мен байыту 

кәсіпорындары жұмыс істейтін 



Қостанай мен Рудный

 

кіреді



 

«Республиканың солтүстік қақпасы» 

мұнай – газ өнеркәсібі, отын – 

энергетика, көлік, агро-өнеркәсіп 

кешендері үшін (трактор тіркемелері, 

ауыл шаруашылық құралдарына 

қосалқы бөлшек) құрал – жабдық 

шығаруға маманданған машина жасау 

кәсіпорындары мен ет комбинаты бар. 

Маңызды өндірістік, мәдени орталық 

әрі ірі көлік торабы. 

құрылыс материалдарын өндіру, ауыл 

шаруашылық машиналарын жасау

тамақ және жеңіл өнеркәсіп 

салаларынан

 

тұрады. 



 

Астана – ел орда. Ірі өндірістік, 

ғылыми және мәдени орталық. Ауыл 

шаруашылығы машиналарын 

шығару,сонымен қатар тамақ және 

жеңіл өнеркәсіптері 

Ермак МАЭС –і, ферроқорытпа, 

алюминий және трактор 

зауыттары, құрылыс материалдары 

өнеркәсібі.

 

Ірі мәдени және ғылыми орталық. 



оттегімен демалатын аппаратура 

зауыты және радиозауыт, 

Васильков кен-байыту комбинаты 

т.б. жұмыс істейді. 

39 

 


4-

кестенің жалғасы  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
жалпы білім
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
дістемелік кешен
мелетке толма
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...