«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет1/2
Дата25.11.2022
өлшемі43.87 Kb.
#364474
  1   2
Байланысты:
10-1 тоқсан ЖМБ Қазақ тілі №1 БЖБ (2)
10SYNYPBJB A 1170 YLShYN 1178 GB 10 SYNYP VK-10SYNYPBJB, 10 кл. СОЧ - 1 (2)

______________________________
«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты: 10.1.3.1 Мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды
анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру;
10.4.2.1 Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр,
қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану
Бағалау критерийі:
Көтерілген мәселенің (қоғамдық-саяси) негізгі ойын ақытап, ғаламдық мәселелермен байланыстырады.
Интонация: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану
Орындау уақыты: 20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Елбасы: «Ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды»
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетінде шыққан «Болашаққа бағдар – ұлттық жаңғыру» атты мақаласында жазды.
«Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ретінде қарастыруда болып отыр. Алайда өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда», - деді ол.
Кәсіби біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейтіндігіне тоқталып өткен елбасы, жершілдік мәселесіне де назар аударып өтті:
«Әрине, туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ одан да маңыздырақ мәселені – өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте болмайды. Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отырғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек».



  1. «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, қоғамда қандай өзгерістер орын алатын еді?» деген сұраққа «ЭСӘТ талдау» әдісі арқылы жауап беріңіз.




Э (экономикалық)

С (саяси)



Ә (әлеуметтік)

Т (технологиялық)





2. Мәтіннің негізгі идеясын білдіретін тірек сөздерді сызба түрінде құрылымдап көрсетіңіз.



3. Елбасымыз өз Жолдауында «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деген Елбасының осы қағидасымен келісесіз бе? Ойыңызды жазбаша 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
4. «Өркениет өмірге келмес бұрын ең бірінші мәдениетттің басын жалмайды» (Хантингтон). «Қалай ойлайсыз, өркениет өрге сүйреп бара ма, көрге ме?» деген сұраққа өз пікіріңізді білдіріңіз. Сөйлеу барысында интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені