Өйткені, мәселе аймақтық және ұлттық мәдениеттердің өзара рухани байланысуының өсуі туралы болып отыр. Уақыт өткен сайын түрлі халықтар мәдениеттерінің арасындағы байланыстардың арнасы кеңейе түсуде, бір мәдениет саласындағы өзгеріс басқаларына да өз ықпалын тигізуде. Ғаламдық мәдени жетістіктер дүниежүзіне кеңінен тарауда. Ендеше, біз ғылымдық гуманистік қүндылықтардың дамуының мүлде жаңа кезеңіне өткенімізді мойындауымыз керек. Біртұтас әлемдік өркениеттің қалыптасуының негізі — саяси-экономикалық және мәдени байланыстардың белең алуында жатыр. Соның негізінде жаңа сапалы жүйе — жалпы адамзаттық мәдениет қалыптасып, түрлі елдер мен халықтардың арасындағы байланыс нығая түсуде, тіпті біртұтас өркениеттің бір жағында болған мәдени тоқырау құбылыстары немесе жетістіктері басқа жақтарға да өз әсерін тигізбей қоймады. Мұндай құбылысқа қарап, дүниені қабылдау тәсілдері бір ізге салынып, мәдени нормалары бірыңғай жүйеге келтіріліп, ұлттық сипат жойылып бара жатыр деген ұғым туып қалмауы керек, өйткені әрбір ұлт, әрбір әлеуметтік топ жалпы адамзаттық мәдениет қорынан тек өзіне қажеттісін ғана, өзінің даму дәрежесіне сай келетін мәдени құндылықтарды өз мүмкіндігіне байланысты ғана қабылдайды. Ұлттық мәдениет дәстүрлерін сақтап қалу бағытының ерекше етек алып отырғандығы да жоғарьща айтылған ойымызды айқындай түсетін сияқты. Әрине, қазіргі өркениетті түрлі ғаламдық өркениеттердің басын жай ғана біріктіре салу деп түсіну мүлде қате болған болар еді. Бұл процесс әрі күрделі және толып жатқан қарама-қарсылықтарға толы болып келеді. Оған дәлел ретінде, қазіргі замандағы Батыс мәдениетіне Жапония мен Таяу Шығыстың басқа да елдерінің «өндірістік мәдениетінің» зор ықпа¬лын келтіруге болады. Шындығында да, бұл аталған елдердің мәдениетіне негізделген қызметтің өндірістік түрлерінің Батыстың дәстүрлі құндылықтарымен салыстырғанда көптеген артықшылықтары бар екендігі айқын аңғарылады. Еңдеше, кәзіргі жалпы адамзаттық мәдениетті қалыптастырып, дамытуда мәдени құндылықтарды өзара байланыста игеру, мәдениетті дамытуды ғалымдық дәрежеге көтеру — бүгінгі таңдағы басты мәселе болмақ. Ал адамзаттың «біртұтас ғаламдық мәдениеті» мәселесінің ерекше қойылуының басты себептері қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |