Қазіргі кезде бүкіл адамзат электрондық бақ-тың əсер ету объектісіне айналып отырғаны мəлім бақ түрлерінің қай-қайсысында да қолданылатын əмбебап құрал ретінде медиамəтін əлеуметтік- реттеуші қызметін атқарады



Дата24.12.2021
өлшемі24.22 Kb.
#148067
Байланысты:
бақ


Дәстүрлі БАҚ-тың қарқынды дамуы – баспа, радио, теледидар, әлемдік жаһантор – Интернеттің (жаһантордың) пайда болуы мен таралуы – бірыңғай ақпаратық кеңістіктің, ерекше үздік те озық ортаның, көптеген медиаағымдар жиынтығының пайда болуына алып келді. Осының бәрі сөздің пайда болуы мен таралуына, сөздік қолданыстың ерекшеліктеріне, тілдегі өзгерістердің сипатына ықпал етпеуі мүмкін емес еді. Осындай сөз қолданудың ауқымды ағымы бүгінгі бұқаралық ақпарат саласына да келіп жетті. А.Байтұрсынов мұны «Әдебиет танытқыш» еңбегінде баспасөз стилі деп атап кеткен болатын .

Бұқаралық ақпарат мәтіндері немесе медиамәтіндер, қазіргі тұрмыстық тілдің ең кең тараған саласының бірі болып табылады, олардың жалпы жиынтығы (жиыны) адамдар қызметіндегі басқа салалардағы сөйлеу түрлерінің жалпы жиынтығынан әлдеқайда асып кетеді. Осыдан мәтінде жиынтығы (қазіргі лингвистикалық тіл қолданудың әртүрлі саладағы барлық мәтіннің жиынтығын білдіретін қолданыстағы термин) деп аталатын термин пайда болды, оның БАҚ арналарында күнделікті қолданылып, беріліп отыратын түрлері мен үлгілерінің мөлшері артып қана қоймай, күн сайн өсе түсуде .



Бірыңғай ақпараттық кеңістік туралы пікірлердің тілдегі өзгерістердің ерекшеліктерін ұғыну мен түсінуде үлкен мәні бар, өйткені ол әлемдік және ұлтық ақпарат құралдарының біртұтас жүйесі мен бірлігінің сан қырлы қызметін түсінумен қатар, лингомәдени процестердің дамуы мен ағымын түсінуге мүмкіндік береді. Қазіргі ғылымда осы ұланғайыр озық, мемлекеттік аумағы жоқ және кедергі таңдамайтын кеңістікті білдіру үшін қаншама ұғымдар мен терминдер қолданылады, олар белгілі бір мағыналық топқа қатысты болады және бұқаралық ақпарат құралдарының ерекшеліктерін білдіріп, төмендегідей болып келеді; олар: ақпараттық кеңістік, ақпараттық орта, ақпараттық ая (алаң), медиаорта, медиаландшафт, инфосфера (инфосала), т.б.

Қазіргі кезде бүкіл адамзат электрондық БАҚ-тың əсер ету объектісіне айналып отырғаны мəлім. БАҚ түрлерінің қай-қайсысында да қолданылатын əмбебап құрал ретінде медиамəтін əлеуметтік- реттеуші қызметін атқарады. Академик Р.Сыздық қазақтың ұлттық жазба əдеби тілінің даму барысында көркем əдебиет стилінің жетекші орын алатынын, яғни доминантті стиль екенін, айта келіп былай дейді: «Сөз жоқ, бұл күнде тіл тəжірибесінде публицистиканың, көпшілік ақпарат құралдары — баспасөздің, радио мен телевидениенің де рөлі күшейе түскенін мойындау қажет» [1]. Əр түрлі БАҚ-та медиамəтіннің өзіндік ерекшеліктері болатыны мəлім, дегенмен, оның əмбебаптық сипаты, негізінен, өзгеріссіз қалады.

Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында сол ақпарлардың сан түрін тарататын бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі айрықша. Тіліміздің қолданыс аясын кеңейту мен тіл мәдениетінің сақталуы тұрғысынан қарағанда да бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалы мен қоғамдық санаға әсері өте күшті. Сол себептен де қазақ тілінде ақпарат тарататын БАҚ-тың санын да, олардағы жарияланымдар мен хабарлардың сапасын да арттыру мемлекеттік, ұлттық маңызы зор мәселе. Біз бүгінгі таңдағы ақпараттық кеңістігімізден өз орнын алып, қызметтерін атқарып жатқан БАҚ-тарды көпсінбейміз. Әсіресе, қазақ тілінде ақпарат тарататын телеарналар мен сайттардың, порталдардың арта түсуіне мүдделіміз. Екінші жағынан, бүгінгі барымызды бағалап, жетістіктер мен жақсы тәжірибеден үлгі алып, кеткен кемшіліктерді уақтылы түзетіп отыруымыз да қажет. Бұл тұрғыдан келгенде, жалпы көпшілік пен қалам ұстаған қауым, әсіресе, біз – тіл мамандары БАҚ тілінің мәдениетіне баса назар аударып, оны зерттеп-зерделеп, жақсысын үлгі етіп, кемшіліктерін атап көрсетіп, түзетіп отыруға міндеттіміз. Сонда ғана ұлтымыздың жазу, сөйлеу мәдениеті жоғарылайды, тілбұзарлық, сөзқолданыстағы жауапсыздық пен талғамсыздық өрістемейді. «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Түркістан» сияқты республикалық және көптеген облыстық, қалалық газеттеріміздің, журналдарымыздың «Қазақстан», «Балапан», «Хабар», «Астана»және басқа да телеарналарымыздың, «Қазақ радиосы», «Шалқар» сияқты радиоларымыздың, бірқатар қазақтілді сайттарымыздың ұлттық тіліміздің дамуына, елімізде қазақ үнінің үстем шығуына қосып келе жатқан үлесі, атқарып жатқан қызметі аз емес. Тіліміздің мың бір мәселесін көтеретіндер де, мұң-зарын айтатындар да осы ақпарат құралдары. Мұны атап айту керек. Солай бола тұра, бұл БАҚ-тардың да тілінде кемшілік жоқ деуге болмайды. Біз газет-журналдарымыз бен теле-радио тілінде жиі кездесетін сондай кемшіліктерге қалам ұстаған қауым, журналистер назарын аударту мақсатымен солардың бірқатарын атап көрсетуді жөн санадық. Ең жиі ұшырасатын кемшіліктің бірі – сөз мағынасына мән бермеу. Сөздің тура мағынасы, ауыс мағынасы, мағыналық реңктері болатыны белгілі.Тіліміздегі сөздердің едәуір бөлігі көпмағыналы. Солардың арасынан айтқалы отырған ойды, ұғымды дәл жеткізетінін таңдап алу, мағыналық реңктерді ажырату тілді жетік білуді қажет етеді. Егер сөздің дұрыс таңдалғандығына, тиісті мағынада жұмсалғандығына күмән туындаған жағдайда қажетті әдебиеттерді, сөздіктерді қараған дұрыс. Олай етпесе, төмендегідей қателіктерге жол беріледі. Баспасөз бетінен алынған мысалдарға жүгінелік. «Өзбек ұшағы аспанымызда неге тайраңдай ұшты?» (Сейілбек Асанов. «Қазақстан-Zaman», 1 наурыз 2012 жыл) деген сөйлемде де «тайраңдау» сөзі дұрыс қолданылмаған.«Тайраңдау» сөзінің «еркінсу», «көзге ілмеу», «дандайсу» деген ауыс мағынада қолданылатыны рас. Бірақ бұл сөздің ол ауыс мағынасы түйенің тайраңдаған жүрісіне ұқсатып, айтудан туындаған. Яғни, еркінсіген ебедейсіз қимылмен, жүріспен байланысты, көбінесе адамға қатысты қолданылады. Ал аспанда ұшу, ұшақтың қимылы ондай ассоциация, бейне туғызбайды. Ұшақ тайраңдайтын түйе емес, ол самғайды, зымырайды. Сөз мағынасының осындай нәзік қырын аңғарып, оның тіркесетін сөзіне көлеңкесін түсірмеу жағына жете мән берілмесе, сәтсіз қолданыстар туындайды. Газет бетінен «Қарағанды қаласындағы орыс мектебінің 8-сыныбында оқитын зіңгіттей қызбала өз мұғалімін …боқтап жіберіпті» («Жас Алаш», 2 қараша 2010 жыл) деген сөйлемді оқыдық. Біріншіден, «қыз бала» бөлек жазылады. Екіншіден, о заманда, бұ заман қазақ қыз балаға қатысты «зіңгіттей» сөзін қолданбаған. «Үлкен, ірі және соқталдай, еңгезердей» деген мағыналарды білдіретін «зіңгіттей» сөзі «зіңгіттей жігіт», «зіңгіттей азамат» түрінде тек ер адамға қатысты жұмсалатын еді, енді қыздарымызды да «зіңгіттей» дейтін болыппыз. Эльмира Мәтібаева «Жастардың отау құруға неге құлқы жоқ?» («Айқын», 10 желтоқсан 2011 жыл) деген мақаласында «Осыдан үш жыл бұрын санақшы Мақаш Тәтімов сүрбойдақтардың саны 150 мыңнан асып кетті деген-тұғын» деп жазыпты. Мұндағы «санақшы» деген сөз «демограф» сөзінің мағынасын мүлде бермейді. «Санақшы» тілімізде «бір нәрсенің есебін алушы, санаушы» деген мағынаны білдіреді. «Санақшы» сөзі демографтан гөрі «счетовод» пен «переписчик» сөздерінің баламасы болуға лайық. Ал профессор Мақаш Тәтімов санақшы да есепші де емес, демограф ғалым. Демограф – халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың құрамы мен құрылымын, аумаққа бөліну, орналасу жайын, көшіп-қонуын, санын, өсу не кему динамикасын әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін ғылым саласының маманы. Сол себепті кірме сөздердің, терминдердің орнына тілімізде бар сөздерді дайын күйінде немесе оларды аударып, балама ұсынып қолданғанда да абай болу қажет.

Екінші бір кемшілік– сөздердің тірке­сім­ділік қабілетін ескермей, сәтсіз сөз тіркестерін жасау. Тілімізде қолданысы әбден орныққан жүздеген сөз тіркестері бар. Кейде соларды білмегендіктен, ал кейде тың қолданыс, тосын тіркес іздеген қалам иелері сәтсіз сөз тіркестерін туғызып жатады. Поэзияда, прозада ақын-жазушылардың бейнелілік, көркемдік үшін жаттандылықтан, қасаңдықтан қашып, қиыннан қиыстырып жаңа сөз тіркестерін туғызуы сол көркем әдебиет тіліне тән сипат. Ал негізі міндеті тыңдаушы мен оқушыға ақпаратты жедел, дәл әрі нақты жеткізуді мақсат ететін БАҚ тілінің сипаты өзгешелеу. Сол себептен де ақпарат жеткізуде шектен тыс шығармашылық, импровизаторлық таныту талап етілмейді. Тың тіркестер белгілі бір қажеттіліктен, жаңа ұғымды, бұрын болмаған құбылысты білдіру мақсатымен туындап жатса, бір сәрі. Ал ондай қажеттілік болмаса, «жаңашылдыққа» тым әуестенбеген абзал. Енді осы сәтсіз сөз тіркестері кездесетін бірер мысалға тоқталалық. «Астана ақшамы» бетінен «Қаржыгерлер күш қағыстырды» (8 желтоқсан 2011 жыл) деген сөйлемді оқыдық. Тіліміздегі «қағыстыр» етістігі «1.Ары-бері қозғау. 2.Соғыстыру, түйістіру. 3.Қаққылап, соққылау, тінту» және «есебін табу, ретін келтіру» деген ауыс мағынада жұмсалады. Бұл мағыналардың қай-қайсысы да «күш» сөзімен үйлесім тауып тұрған жоқ. Сол себептен де «күш қағыстырды» деген тіркестің мағынасы күңгірттеу, түсініксіздеу болып тұр. Жұрттың бәріне түсінікті «күш сынасты» немесе оған қарағанда біршама сиректеу қолданылатын «күш таластырды», «күш танытты» деген тіркестердің біріне жіп тақпай, автордың «қағыстыруды» қайдан тапқанын, не үшін алғанын түсіну қиын. Басқасын айтпағанда, қазақ тілі дәл осы күшке қатысты сөз тіркестеріне өте бай.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді