Қазына аралы роман бірінші бөлім. КӘрі қарақшы I тарау "Адмирал Бенбоу" трактиріндегі тарлан теңізші



Pdf көрінісі
бет8/37
Дата23.12.2021
өлшемі1.36 Mb.
#147077
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Қазына-аралы (8-11 сынып)
ЕКІНШІ БӨЛІМ. КЕМЕ АСПАЗЫ 
VII ТАРАУ 
Мен Бристольге жүрмекпін 
Теңізге  шығу  сапарымыздың  қарбалас  әзірлігі,  сквайрдың  ойлағанындай  емес, 
анағұрлым  көп  уақыт  алды.  Жалпы  алғашқы  жоспарымыздың  бәрін  де  түгел 
өзгертуімізге  тура  келді.  Ең  алдымен  доктор  Ливсидің  менімен  бірге  болсам  деген 
тілегі іске аспады: ол айналадағы деревняларда өзі жоқ кезде қызмет істей тұратын 
дәрігер  іздеп  Лондонға  кетті.  Сквайрдың  Бристольдегі  жұмыстары  басынан  асып, 
таусылар  емес.  Ал  мен  кәрі  қорықшы  Редруттың  бақылауында  тұтқын  адамдай 
усадьбада қалдым. Өзім арман етіп жүрген көз көріп, құлақ естімеген алыс аралдар, 
бастан кешкелі тұрған теңіз оқиғалары — бар ойлайтыным осы. Талай уақытымды 
картаны  зерттеуге  арнап,  барлық  белгілерін  жаттап  алдым.  Усадьба  шаруасын 
басқарушының  бөлмесінде,  от  жанында  отырып  алып,  ойша  аралға  әр  тұстан 
кемемен  талай  рет  жүзіп  те  келгенім  бар.  Аралдың  мен  зерттемеген  сүйем  жері 
қалған жоқ, Қарауыл дүрбі деп аталатын биік төбеге талай рет өрмелеп шығып, сан 
құбылып тұрған ғажайып табиғат көркіне төбе басынан сүйсіне көз саламын. Кейде 
арал үсті қаптаған тағы адамдарға толып кетеді, біз солардың шабуылына тойтарыс 
беріп  жатамыз.  Кейде  айналаны  жыртқыш  аң  жайлап,  біз  солардан  қашып 
құтылудың  қамында  жүреміз.  Бірақ,  бұл  сияқты  ойша  бастан  кешкендерім  кейін 
аралда  өзіміз  душар  болған  қайғылы  тосын  оқиғалармен  салыстырғанда  түк  емес, 
жай ғана ойыншық тәрізді көрінді. 
Апта соңынан апта сырғып өтіп жатты. Ақырында, бір сәтті күні бізге хат келді. 
Хат доктор Ливсидің атына жазылған екен, бірақ конвертте: 
"Егер доктор Ливси қайтып оралмаған болса, онда хатты Том Редрут немесе жас 
Хокинс ашсын" деген де жазу бар екен. 
Конвертті  ашып  оқып,  екеуміз  мынадай  маңызды  жаңалық  білдік.  (Дәлірек 
айтсам,  хатты  оқыған  мен  ғана,  өйткені  егер  тасқа  басқан  әріптер  болмаса,  басқа 
жазуды танымайды екен). 
"Ескі зәкір" мейманханасы, Бристоль, 17... жылғы 1 наурыз. 
Қымбатты Ливси! 
Сіздің  Усадъбада  екеніңізді,  әлде  әлі  күнге  дейін  Лондонда  екеніңізді  біле  алмай, 
хатты екі адреске де жазып отырмын. 
Кеме сатылып алынды, жабдық-жасағы да дайын. Теңізге шығу сәтін күтіп қазір 
зәкір  де  тұр.  Бұдан  асқан  кеме  болады  деп  ойламаймын.  Өзін  жас  бала  да  жүргізе 
алатын оңтайлы кеме. Екі жүз тонна жүк көтереді. Аты — "Испаньола ". 


Бұл кемені табуыма ежелгі досым Блендли көмектесті, ол өзі бір ғажайып шебер, 
іскер  адам.  Осы  абзал  адам  маған  қара  нәсілді  құлым  сияқты  қызмет  етті. 
Бристольдегілердің  қай-қайсы  да,  обалдары  не  керек,  қазына  іздеп  бара  жатырмыз 
деп шет жағасын білдірсем-ақ болды, қол ұшын беруден қашқан жоқ..." 
—  Редрут,—  дедім  мен  хатты  оқуымды  тыя  қойып,—  доктор  Ливси  сквайрдың 
мына сөздерін ұната қоймас. Демек, сквайр аузына ие бола алмаған... 
—  Сеніңше,—  деп  қорықшы  күңк  етті.—  Сквайр  мықты  ма,  әлде  доктор  мықты 
ма? Қайдағы бір доктор Ливсиге жағам деп, сквайр жұртпен сөйлесуден қалмақ па? 
Оған түсіндірем деп әуре болмай-ақ, хатты әрі қарай оқи бердім. 
"Блендли  "Испанъоланы"  өзі  іздеп  тапты,  соның шеберлігінің  арқасында  бізге  ол, 
тіпті  тегін  түсті  деуге  болады.  Рас,  Бристольде  Блендлиді  жек  көретіндер  де  бар. 
Олардың  ішінде  осы  бір  кіршіксіз  адал  адамды  қаралап,  Блендлидің  дедек  қағып 
жүргені қара басының қамы ғой, "Испанъола" басқа ешкімдікі де емес, өз кемесі және 
дағы  тым  қымбат,  үш  есе  бағаға  сатты  деп,  айтып  жүргендері  де  жоқ  емес.  Бұл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған