Қазына аралы роман бірінші бөлім. КӘрі қарақшы I тарау "Адмирал Бенбоу" трактиріндегі тарлан теңізші



Pdf көрінісі
бет7/37
Дата23.12.2021
өлшемі1.36 Mb.
#147077
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37
Байланысты:
Қазына-аралы (8-11 сынып)

Бонс!» деп шабақталып жазылған жазу және сол сияқты: "Мистер У.Бонс, штурман", 
"Жетті  ғой  ром  ішкенің",  "Палм-Ки
19 
маңайында  ол  тиісті  сазайын тартты"  деген 
де  жазулар  бар.  Тек  бұл  емес,  көбінесе  жалғыз  сөзден  ғана  тұратын  түсініксіз 
бірдемелер  де  кездесті.  Әлгі  "тиісті  сазайын  тартқан"  кім  болды,  сазайын  қалай 
тартқызды  екен,  мені  қызықтырып  тұрған  осылар.  Қақ  жауырыннан  пышақ  сұқты 
ма екен? 
— Е, бұл беттен бірдеңе түсіну қиын екен, — деді доктор Ливси. 
Дәптердің  келесі  он  шақты  беті  бухгалтерлік  есеп-қисап  сияқты  бірдемелер 
болып  шықты.  Әрбір  жолдың  бас  жағында  уақыт  мерзімі  көрсетілген  де,  аяқ 
жағында  ақшаның  жиынтық  сомасы  көрсетілген.  Ал  осы  екі  жазудың  аралығына 
түрлі түсініктеме — цифрлар келтірілудің орнына әр жаңа жолдан әр бөлек айқыш-
ұйқыш  қосу  белгісі  қойылған.  1745  жылғы  12  шілде  күні  жазылған  жолда  жетпіс 
стерлинг  фунты  көрсетілген,  ал  бұл  соманың  қайдан  шыққаны  жайлы 
түсініктеменің  орнына  бар  болғаны  алты  қосу  белгісі  қойылған.  Бірақ  анда-санда 
жердің аты көрсетіліп отырған, мысалы: «Қарақас маңында» деген жазу бар немесе 
"62° 17 20", "19° 2, 40" деп ендік пен бойлық көрсетілген. 
Бұл жазбалар жиырма жылға жуық үзбей жүргізіліпті. Кіріске тіркелген ақшаның 
сомасы  барған  сайын  көбейе  түскен.  Ең  аяғында,  бес-алты  рет  қате  жазылып, 
сызылып тасталған цифрлардан кейін жиынтық сома көрсетіліп, астына: "Бонстың 
үлесі" деген жазу жазылыпты. 
— Түк түсінсем бұйырмасын,— деді доктор Ливси. 
— Түсінбейтін ештемесі де жоқ, бәрі де айдан анық!—деді сквайр.— Бүл — анау 
сұмпайы төбеттің кіріс кітабы. Суға батырылған кемелер мен тоналған қалалардың 
аттарын жазбай, крест қойып отырған. Цифрмен көрсеткені — ортақ олжадан өзіне 
тиісті  үлесі.  Кейін  ұмытып  қалам  ба  деп  күдіктенген  тұсында  аз-кем  түсініктеме 
жазып  отырған.  "Қаракас  маңында"  дегені  сондай  түсініктеме.  Яғни:  бір  бақытсыз 
кеме  Қаракас  маңында  тоналған  деген  сөз.  Бейшара  теңізшілер  әлдеқашан  су 
астында шіріп те біткен шығар. 
—  Дәл  таптыңыз!  Қанша  дегенмен  саяхатшының  аты  саяхатшы  ғой,—  деді 
доктор.— Дәл таптыңыз, міне, шені өскен сайын үлесі де өсіп отырған. 


Осы  жазулардан  басқа  бұл  дәптерде  көңіл  бөлерлік  ештеме  жоқ  болып  шықты; 
тек  кейбір  таза  беттеріне  жер  аттары  жазылыпты  және  ағылшын,  испан,  француз 
теңгелерін күнделікті алыс-беріс ақшаға аударатын кесте бар екен. 
— Мұқият адам екен, — деді доктор. — Оны есептен жаңылдыра алмассың. 
— Енді мұнда не бар екен, соны көрейік, — деді сквайр. 
Конверт бірнеше жерінен мөрленіп, жабылыпты. Mөp орнына басқаны — оймақ, 
сірә,  әлгінде  капитанның  жан  қалтасынан  тауып  алған  оймақ  болса  керек.  Доктор 
аспай-саспай  конвертті  сындырып  ашып  еді,  ішінен  бір  аралдың  ендік,  бойлығы, 
жағаға  жақын  жерлердің  тереңдігі,  дөң-төбелерінің,  шығанақ,  мүйістерінің  аттары 
түгел жазылған географиялық карта шықты. Картада әлгі беймәлім аралды оп-оңай 
іздеп  тауып,  еш  қауіп-күдіксіз-ақ  зәкір  тастауға  не  керек  болса,  соның  бәрі  де 
көрсетіліпті. 
Аралдың  ұзындығы  тоғыз,  ені  бес  миль  екен.  Кеуде  тұсын  әнтек  көтеріп, 
шалқалай қарап тұрған семіз айдаһарға ұқсайды. Біздің көзімізге дауыл өтінен қаға 
беріс кеме тоқтайтын екі гавань және аралдың орта тұсында "Қарауыл дүрбі" деген 
аты бар төбе шалынды. 
Картада  кейінгі  кезде  жасалған  көптеген  қосымша  белгілер  де  баршылық  екен. 
Басқаларынан  гөрі  ерекше,  оқшауланып  көзге  түсіп  тұрғаны  —  қызыл  сиямен 
жазылған үш крес: екеуі — аралдың солтүстік жағына, біреуі — оңтүстік-батысына 
түсіріліпті. Осы соңғы крестің қасына дәл жаңағы қызыл сиямен: 
"Қазынаның басты бөлігі осы арада", — деп, ұсақ, бірақ ап-анық етіліп жазылған 
жазу бар: капитанның шимай-шатпақтарына еш ұқсамайды. 
Картаның  сыртқы  жақ  бетіне  де  жаңағы  кісінің  қолымен  түсініктемелер 
жазылыпты. Олар мынадай: 
"Қарауыл  дүрбісінің  иінінемін  бөлеп  тұрған  биік  ағаш  С.С.Ш-тан  С-ке  қараған 
бағыт. 
Қаңқа аралы Ш. — О. — Н. және Ш. — қа қарай. 
Он фут. 
Құйма  күміс  кесектері  солтүстіктегі  шұңқырда.  Оны  шығыс  жақ,  төбенің 
бөктерінен  Қара  құздан  он  сажын  түстікке  қарай  жүріп,  маңдай  алдыңды  құзға 
қаратып тұрсаң, сол жерден табасың. 
Қару-жарақтарды  табу  қиын  емес,  Солтүстік  мүйістің  С.  шетіндегі  құм  төбеде 
жатыр, бетіңді Ш-қа және ширек румб С-ке қарай ұста. Д.Ф". 


Міне,  осы.  Бұл  жазуларды  мен  мүлдем  түсіне  алғаным  жоқ.  Бірақ  тым 
шолақтығына қарамастан, әлгі жазулар сквайр мен доктор Ливсиді қатты қуантты. 
—  Ливси,  —  деді  сквайр,—  сіз  осы  бір  жалақысы  түкке  тұрғысыз  дәрігерлік 
жұмысыңызды тастасаңыз қайтеді. Мен ертең-ақ Бристольге жүрейін деп отырмын. 
Сэр, үш апта өтпей жатып-ақ... Жоқ, екі апта... біздің бүкіл Англияда кездеспейтін ең 
жақсы кемеміз және ең таңдаулы командамыз болады. Хокинс те бізбен юнга
20 
болып 
бірге  шығады.  Хокинс,  сенен  кереметтей  юнга  шығуға  тиіс...  Ал,  сіз  Ливси,  кеменің 
дәрігері  боласыз.  Адмирал  —  менмін.  Редрут,  Джойс,  Хантер  —  үшеуін  өзімізбен 
бірге әкетеміз. Арқа тұстан сәтті соққан сәйгүлік жел ә дегенше-ақ бізді әлгі аралға 
дік еткізеді. Бір жетіп алған соң, тығылған қазынаны іздеп табу қиын болып па? Ал 
енді  содан  кейінгі  өмірімізде  ақша  дегеніңіз  ішіп-жейміз  бе,  тіпті  сол  ақшаға 
шомыламыз ба, әлде уыстап суға лақтырамыз ба — бәріне де жететін болады. 
—  Трелони,  сізбен  бірге  жүремін,—деді  доктор.  —  Джим  де,  мен  де  сіздің 
сеніміңізді ақтаймыз деп кепілдік бере аламын. Бірақ, менің сенім көрсете алмайтын 
бір адамым бар. 
— Ол кім? Айтсаңызшы, маған ол иттің атын,— деді сквайр. 
—  Ол  сізсіз,—  деп  жауап  қатты  доктор.—  Өйткені,  сіздің  аузыңызға  ие  бола 
алмайтын бір әдетіңіз бар. Бұл қағаздар жайын білетін жалғыз біз емеспіз ғой. Бүгін 
кеште  трактирді  ойрандап  кеткен  ана  қарақшылар,  өзіңіз  де  білесіз,  жүрек  жұтқан 
батыл адамдар. Ал кемеде қалғандарын қайда қоясыз? Осы маңда олардан басқа да 
талайлары табылатынына мен кепіл. Солардың бәрі де осы қазынаны қолға түсіруге 
барын салып-ақ бағады. Сондықтан біз әбден теңізге шығып, жүріп кеткенге дейін 
жалғыз-жарым  жүрмеуге  тиіспіз.  Мен  Джиммен  бірге  осында  қала  тұрамын.  Сіз 
Джойс  пен  Хантерді  алып,  Бристольге  барыңыз.  Ал  ең  бастысы  —  картаның  бізде 
екені жайында ешқайсымыздың тісімізден шықпайтын болсын! 
— Ливси, айтқаныңыздың еш қатесі жоқ, — деді сквайр. — Енді жұмған аузымды 
ашсам не дейсіз! 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді