Қазына аралы роман бірінші бөлім. КӘрі қарақшы I тарау "Адмирал Бенбоу" трактиріндегі тарлан теңізші



Pdf көрінісі
бет6/37
Дата23.12.2021
өлшемі1.36 Mb.
#147077
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Қазына-аралы (8-11 сынып)
VI ТАРАУ 
Капитанның қағаздары 
Бар пәрменімізше суыт жүріп отырып, доктор Ливсидің үйінің қасына кеп бір-ақ 
тоқтадық. Есік алды тастай қараңғы. 
Мистер  Данс  маған  аттан  түсіп,  есікті  қақ  деп  әмір  етті.  Мені  аттан  оңай  түссін 
деп, Доггер үзеңгісін тосты. Есікті дүрсілдетіп соққаныма қызметші әйел шықты. 
— Доктор Ливси үйде ме екен?— деп сұрадым мен. 
— Жоқ,— деді әйел.— Түс ауа үйге келуін келген, тамағын ішкесін бүгінгі кешті 
сквайрмен бірге өткізем деп, усадьбаға кетті. 
— Ендеше, біз де сонда кеттік,— деді мистер Данс. 
Усадьба  жақын  екен.  Мен  атқа  мініп  те  жатпадым,  Доггердің  үзеңгісінен  ұстап, 
жанамалап жүгіріп отырдым. 
Парктің қақпасы да кейінде қалды. Жапырағы түсіп, жалаңаштанып қалған ұзын 
аллея  жан-жағын  ескі  бақ  қоршаған,  алыстан  ай  сәулесімен  ағарып  көрініп  тұрған 
помещик  үйіне  алып  келді.  Мистер  Данс  аттан  секіріп  түсіп,  мені  үйге  қарай  ертіп 
әкетті. Бізді күттірген жоқ, үйге бірден кіргізіп алды. 
Қызметші  бізді  кілем  төселген  ұзын  дәлізбен  ертіп  әкеліп,  қожайынының 
кабинетіне  кіргізді.  Кабинеттің  қабырғалары  иін  тірескен  кітап  шкафтарынан 
көрінбейді  екен.  Әр  шкафтың  үстіне  бюст  қойылған.  Сквайр  мен  доктор  Ливси 
лаулап жанған оттың қасында темекі тартып отыр. 
Мен бұрын мұндай жақын келіп, Сквайрды көрмеген едім. Толық, бойшаң (алты 
футтан  астам),  саяхатта  көп  жүріп,  күн,  жел  қағып,  өңі  тотыққан,  беті  қалың,  түсі 
суық  кісі  екен.  Қап-  қара  қастары  дәйім  қимылдап  тұрады,  ашушаң,  тәкаппар 
болғанмен, дәу де болса, жалпы қайырымды сияқты. 


— Мистер Данс, кіріңіз, қайырлы кеш!—деді ол менменсіңкіреп сөйлегенмен, бір 
жағынан, жайдарылық та көрсетіп жатыр. 
— Қайырлы кеш, Данс,— деді доктор да басын изеп. — Достым, Джим, қайырлы 
кеш! Сіздерді мұнда қаңбақтай домалатып, қандай дауыл әкеліп тықты? 
Баж мекемесінің бақылаушысы екі қолын денесіне жабыстыра қалып, тік тұрып, 
бейне бір жаттап алған сабағын қайталағандай бастан кешкендеріміздің бәрін түгел 
айтып  шықты.  Екі  джентльмен  мұның  әңгімесі  тұсында  бір-біріне  қайта-қайта 
қарап,  қатты  таң  қалысты.  Соншалық  зейін  қойып  тыңдаған  олар  тіпті  шегіп 
отырған темекілерін де ұмытып кетті. Ал енді түн ішінде менің анамның трактирге 
қайтып баруға батылы жеткенін естігенде, доктор Ливси өз санын өзі шарт еткізіп 
соғып  кеп  жіберді,  сквайр  "жарайсың"  деп  айқайлап,  тіпті  қолындағы  ұзынша 
қалияның  каминнің  торына  соғып,  сындырып  алғанын  да  сезбей  қалды.  Мистер 
Трелони  (естеріңізде  шығар,  сквайрдың  аты  осылай  еді  ғой)  бір  кезде  отырған 
креслосынан  да  тұрып  кетті,  енді  бөлме  ішінде  ерсілі-қарсылы  жүр:  доктор 
жақсылап  естиін  дегендей,  басындағы  опаланған  ақ  паригін  жұлып  тастапты,  енді 
жалаң бас отыр. Оның қысқа қидырылған шашын париксіз көрудің өзі бір түрлі ерсі 
екен. 
Мистер Данс әзер дегенде әңгімесін аяқтады-ау, әйтеуір. 
—  Мистер  Данс,—  деді  сквайр,—  сіз  өте  инабатты  адам  көрінесіз!  Ал  енді  анау 
барып тұрған зымиян қан ішерді құртқаныңыз — үлкен ерлік! Ондайларды тарақан 
құрлы  көрмей  тапап  тастау  қажет!..  Көріп  отырмын,  Хокинс  те  олқы  жігіт  болмай 
шықты. Хокинс, ана бір қоңырауды соғып жіберші, мистер Дансқа сыра әкеліп берсін. 
— Сонымен, Джим, олардың іздеген нәрсесі енді сенде ме?— деп сұрады доктор. 
— Мінеки,— деп, докторға клеенкаға оралған буманы ұстаттым. 
Доктор оны аударып-төңкеріп мұқият қарап шықты. Дәу де болса, тезірек ашып 
көргісі  кеп,  әзер  шыдай  отыр.  Бірақ  өзін-өзі  тежеп,  буманы  жайбарақат  қалтасына 
салды. 
— Сквайр, Данс қызмет адамы ғой, сырасын ішкесін, жұмысына барсын,— деді ол. 
— Ал Джим Хокинс біздің үйде қонады. Рақым етсеңіз, кешкі тамақ орнына мен оған 
салқын паштет әкелдірейін деп едім. 
—  Әрине,  әрине,  рақым  етіңіз,  Ливси!  —  деді  сквайр.—  Бүгінгі  ерліктері  үшін 
Хокинске одан да зорырақ қошемет көрсетсек артық емес. 
Алдыма  кішкентай  столдардың  бірін  әкеліп  қойып,  көп  етіп  кептер  паштетін 
ұсынды. Бұралқы иттей қарным ашып, әзер шыдап отыр ем, лықа тойып алдым. Сол 
екі арада тағы да талай мақтау сөз естіген Данс жұмысына кетті. 


— Ал, сквайр,— деді доктор. 
— Ал, доктор,— деді сквайр. 
— Қабаттаса сөйледік-ау,— деп, доктор Ливси күліп жіберді. 
— Сіз әлгі Флинт туралы бұрын естіп пе едіңіз? 
— Естіп пе едіңіз дейді! Флинт туралы естіп пе едіңіз дейсіз ғой, иә?— деп, сквайр 
даусын көтере сөйледі.— Айтсам, бұрынғылары бар, қазіргісі бар — не заманғы теңіз 
қарақшыларының  ішіндегі  ең  қанішері  сол  Флинт.  Флинттің  қасында  анау  Қара 
Сақал  дегендеріңіз  жазықсыз  нәресте.  Испандардың
17 
Флинттен  зәрелері  қалмай 
қорқатынын  көргенде,  сэр,  сізге  шынымды  айтайын,  мен  тіпті  оның  ағылшын 
екендігін  мақтан  ететінмін.  Бірде  Тринидад  маңында  алыстан  оның  желкендерін 
көргенім де бар, бірақ капитанымыз су жүрек сорлы екен, кемемізді бірден Порт-оф-
Спейнге
18 
қарай кейін бұрып әкетті. 
— Ол туралы осында, Англияда, талай естігенмін, — деді доктор.— Бірақ соның 
ақшасы болып па екен өзі, мәселе сонда! 
— Ақшасы болып па екен дейді! — деп айқайлап жіберді сквайр.— Жаңа Данстың 
әңгімесін  өзіңіз  естіген  жоқсыз  ба?  Ол  залымдар  ақшадан  басқа  не  іздеуші  еді? 
Ақшадан  басқаны  не  қылсын  олар!  Олар  ақшадан  басқа  еш  нәрсеге  бастарын 
тікпейді. 
—  Бастарын  не  үшін  тіккендері  кешікпей-ақ  анықталар,—  деді  доктор.—  Сіз 
қызуланып кісіге сөз бермейсіз ғой. Флинт қазынасын қайда жасырды? Мына менің 
қалтамдағы, меніңше, соны ашуға көмектесетін кілт. Тек сол қазына көп пе екен? 
— Көп пе екен дейді? — деп сквайр айқайлап жіберді.— Сэр, ендеше, тыңдаңыз. 
Егер мына біздің қолымызға түскен, шынында да, сол сіз айтып отырған кілт болып 
шықса бар ғой, онда мен қазірден бастап Бристольге аттанам да, докқа барып, мына 
деген  кеме  сатып  алам.  Менімен  бірге  сіз  барасыз,  Хокинс  барады,  тіпті  жыл  бойы 
іздесем де сол қазынаны таппай қоймаспын! 
—  Өте  жақсы!—  деді  доктор.—  Олай  болса,  егер  Джим  қарсы  болмаса,  буманы 
ашамын, көрейік ішіндегісін. 
Осыны айтып, ол буманы қалтасынан шығарып, алдына стол үстіне қойды. 
Бума  жіппен  мықтап  тұрып  тігілген  екен.  Доктор  өзінің  құрал-сайман  салған 
жәшігінен хирургиялық қайшысын алып, буманың жібін қиып-қиып жіберді. Ішінде 
екі нәрсе бар екен: бір дәптер және аузы жабық конверт. 
— Алдымен дәптерді көрейік,— деді доктор. 


Ол маған мейірлене қарап, қасына шақырды: әлгінде тамақ ішкен жерімде отыр 
едім, буманың сырын бірге ашпақ болып орнымнан тұрдым. Доктор дәптер беттерін 
бір-бірлеп  аударып  көре  бастады.  Сквайр  екеуміз  иығының  үстінен  ентелей  төніп 
тұрмыз. 
Дәптердің  бірінші  беті  толған  жан  түсінгісіз  түрлі  шатпақтар  екен.  Біреу  іші 
пысып отырып еріккенінен бе, әлде қаламының ұшын байқап көргісі келгенінен бе, 
әйтеуір,  ирек-ирек  етіп  сыза  беріпті,  сыза  беріпті.  Осы  бірінші  беттен  бір  көзіме 
түскені  —  өткенде  капитанның  қарынан  өзіміз  көрген:  «Арманыңа  жет,  Билли 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған