Қазына аралы роман бірінші бөлім. КӘрі қарақшы I тарау "Адмирал Бенбоу" трактиріндегі тарлан теңізші



Pdf көрінісі
бет5/37
Дата23.12.2021
өлшемі1.36 Mb.
#147077
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Қазына-аралы (8-11 сынып)
V ТАРАУ 
Соқырдың ӨЛІМІ 
Трактир  жақта  не  болып  жатқанын  білуге  ынтызарлығым  қорқыныш  сезімінен 
де  басымырақ  болып  шықты,  отырған  жерімде  тынши  алмадым.  Сақтана-сақтана 
жылға  бойына  жорғалап  шығып,  шілік  бұтасының  артына  жасырына  қойдым.  Бұл 
арадан трактир есігі алдындағы жол ап-анық көрініп тұр. 
Өзімнің бақылау орныма орналасуым-ақ мұң екен, қаскүнемдер де көрінді. Өздері 
жеті-сегіз кісі екен. Тапыр-тұпыр басып ә дегенше жақындап та қалды. Шам ұстаған 
кісі бәрінің алдында дедектеп келеді. Оның соңынан қол ұстасып үш кісі келе жатыр. 
Тұман  сейілмегенмен,  "үштіктің"  ортасында  келе  жатқан  соқыр  қарақшы  екенін 
анықтадым. Кейін оның даусын да естіп, болжамым дұрыс екеніне көзім жетті. 
— Құртыңдар есікті!—деп ақырды ол. 
— Құп, сэр! — деп екеу-үшеуі қосыла жауап қатты. 
Сөйтіп,  "Адмирал  Бенбоудың"  есігіне  шабуыл  басталып та  кетті:  шырақ  ұстаған 
кісі  жұрттың  ең  соңында  кетіп  барады.  Есікке  жете  беріп,  тоқтай  қалысты  да, 
сыбырлай сөйлесіп, ақылдаса бастады. Сірә, есіктің бекітілмегеніне таң қалып тұрса 
керек.  Соқырдың  бұйрық  берген  даусы  тағы  естілді.  Дегбірсіз,  өктем  даусы  барған 
сайын шаңқылдап қаттырақ шығады. 
—  Үйге!  Үйге  кіріңдер!—  деп  ақырды  ол  жолдастарына,  тым  шабан 
қимылдайсыңдар,— деп тілдеп, ұрсып та тұр. 
Төртеу-бесеуі  үйге  кірді  де,  екеуі  зымиян  қайыршымен  бірге  сыртта,  жол 
бойында  тұрып  қалды.  Бірнеше  минутқа  созылған  жым-жырт  тыныштықтан  кейін 
бірдемеге таң қалған оқыс дыбыс естілді де, ізінше біреу ішкі жақтан: 
—  Билли  өліп  қалыпты!—  деп  баж  ете  түсті.  Түк  бітірмей  қашанғы  жүресіңдер 
деп, соқыр оларды тағы балағаттады. 
—Үсті-басын  тінтіп  шықсаңдаршы,  өңшең  жалқау  сұмпайы!  Қалғандарың 
жоғарғы бөлмеге, сандыққа жетіңдер!—деп бұйырды ол. 


Тозығы жеткен басқыштарды тарсылдатып дүрліге жүгіргенде, селкілдеп кетті. 
Содан тағы да таңырқаған дауыстар естілді. Капитан тұрған бөлменің терезесі тарс 
етіп  ашылды  да,  сынған  әйнектің  шалдыр-шұлдыр  етіп  құлағаны  естілді.  Біреу 
терезеден  басын  сұқты.  Ай  жарығымен  басы,  иығы  анық  көрініп  тұр.  Ол  төменде, 
жол бойында тұрған соқыр қайыршыға: 
—  Әй,  Пью,  мұнда  бізден  бұрын  біреулер  жетіп  үлгеріпті!  Сандықтың  астан-
кестені шыққан!— деді. 
— Ана нәрсе орнында ма екен?— деп гүр етті Пью. 
— Ақша орнында. 
— Құрып кетсін ақшасы! Флинттің қағаздарын айтам!— деп айғайлады соқыр. 
— Қағаз көрінбейді,— деді әлгі кісі. 
— Ей, анау төменде тұрғандар, сендерге айтам, үсті-басының бір жерінде шығар, 
қараңдаршы!— деді соқыр тағы да айқай салып. 
Екінші  бір  қарақшы  —  төменде  капитанның  қойын-қонышын  тінтуге 
қалғандардың бірі болса керек — трактир есігінің алдына шықты. 
—  Оны  бізге  дейін-ақ  аударып-төңкеріп  үлгеріпті,—  деді  ол,—  бізге  ештеме 
қалдырмаған. 
—  Ендеше,  бізді  тонаған  —  осы  үйдің  адамдары.  Анау  күшік  болды  ғой!—деп 
айқайлады  Пью.—  Қап,  сол  жолы  көзін  ағызып-ақ  кетсемші...  Осы  жаңа  ғана  олар 
осында  болатын.  Мен  кірейін  дегенімде  есік  бекітулі  тұр  еді.  Жігіттер,  іздеңдер! 
Бұрыштан-бұрыш қоймай сүзіп шығыңдар! 
—  Рас,  осында  болғандары  анық.  Шырағдан  жанған  күйінде  қалыпты,—  деді 
терезе алдында тұрған біреуі. 
— Іздеңдер, іздеңдер! Астан-кестенін шығарыңдар үйдің!— дейді Пью қайталап, 
таяғымен жерді тақ-тақ соғып. 
Сол-ақ  екен,  онсыз  да  қаусап  тұрған  бейшара  ескі  трактиріміздің,  шынында  да, 
астан-кестені  шықты.  Үй  іші  толған  тарсыл-гүрсіл  жүгіріс.  Қираған  жиһаз 
сынықтары  ұшып  түсіп  жатыр,  жоғарыда  да,  төменде  де  ашылып-жабылған  есік 
тарсылы, осы ию-қию шу сонау құз, жартастарға жетіп, айнала тегіс жаңғырып кетті. 
Бірақ бәрі зая болды: қарақшылар бірінен соң бірі жолға шығып, оларды еш жерден 
таба алмадық деп баяндап жатыр. 
Сөйткенше  болмады,  алыстан  ысқырған  дыбыс  естілді,  сол  манағы,  біз  анам 
екеуміз  марқұмның  ақшасын  санап  жатқан  кезде  естіліп,  зәремізді  ұшырған 
ысқырық. Тек бұл жолы ысқырық екі рет қайталанды. Мен өткен жолғы ысқыруды 


соқыр қайыршының шабуылды бастаңдар деп, жолдастарына берген белгісі ғой деп 
ойлап  едім.  Ал  қазір  байқасам,  ысқырық  төбе  жақтан  шықты,  біреу  деревня  жақ 
бөктерде  тұрып  ап,  қауіп  төнді  деп,  қарақшыларға  белгі  беріп  тұр,  мұны  да  түсіне 
қойдым. 
—  Бұл  —  Дэрк  қой,  —  деді  қарақшылардың  бірі.  —  Естідіңдер  ме,  екі  қайтара 
ысқырды. Жігіттер, таю керек! 
— Қайдағы таю! — деп айғайлап жіберді Пью. — Ой, нақұрыстар-ай! Дэрк деген 
баяғыдан  су  жүрек,  ақымақ  емес  пе!?  Дэркті  тыңдасаңдар,  оңарсыңдар!  Олар  осы 
маңда.  Алысқа  ұзаған  жоқ.  Қазір-ақ  табасыңдар!  Іздеңдер,  иттер!  Іздеңдер!  Түкпір-
түкпірдің  бәрін  қараңдар!  Қап,  құдай-ай,—  деп  күйінді  ол.—  Әттең,  екі  көзім  болса 
ғой! 
Соқырдың айқайынан қарақшылардың рухы сәл көтерілгендей болды. Бір-екеуі 
ағаш  арасын  аралап  іздеп  жүр,  бірақ  құлықсыз,  әрең  қозғалады.  Ниеттері  іздеуден 
гөрі қашуға көбірек ауған тәрізді. Басқалары абыржып жол бойында тұр. 
—  Байлық  дегенің  уысымызға  жүздеп,  мыңдап  өзі  түсейін  деп  тұрғанда  сендер 
нақұрыстарша  ыбылжисыңдар!  Ол  қағаз  табылса,  бізбен  салыстырғанда  корольдің 
өзі  де  далада  қалады,  онда  дүниеде  сендерден  бай  ешкім  болмайды!  Қайда  кетуші 
еді,  ол  қағаз  осында,  екі  аттасаңдар-ақ  табылайын деп  тұр,  ал  сендер  шегіншектеп 
зыта  жөнелуге  барсыңдар.  Биллиге  келіп,  қара  таңба  тапсыруға  да  іштеріңнен 
біреуіңнің батылың жетпеді! Соқыр болсам да мына мен тапсырдым оны. Енді, міне, 
бар  бақыт,  байлықтан  айрылғалы  тұрмын,  бұл  да  сендердің  кесірің!  Қап,  пәуеске 
мініп, шалқып жүрудің орнына, мүсәпір күн кешіп, бір стакан арақтың өзін де қайыр 
сұрап ішетін болдым-ау! 
— Бірақ, дублон бізде емес пе? — деп күңк етті біреуі. 
— Шамасы, қағазды осылар тыққан болды ғой,— деді екіншісі. — Пью, ақшаңды 
ал да, жынданбай, сабаңа түс. 
Пью,  шынында  да,  жынданғандай  еді.  Қарақшылардың  қарсыласқан  соңғы 
сөздеріне бола ол тіптен ызаға булығып, 38 бұрынғыдан бетер өршелене түсті. Ашу 
қысып,  әбден  құтырынып  алды,  имек  таяғын  құлаштай  сермеп,  көрмесе  де 
жолдастарына тап беріп, бет алды құла-дүзді ұрып-соға бастады. 
Олар  да  қарап  қалмады,  мына  залымды  сілейте  боқтап,  сазайыңды 
тартқызармыз  әлі  деп,  лағынетті  жаудырып  жатыр.  Имек  таяғын  шап  беріп, 
қолынан жұлып алғылары келіп, әрекет істеп көрді. 
Біздің жанымызды сақтап қалған да осы жанжал болды. 
Бұлар  осылай  ұрсысып,  төбелесіп  жатқанда,  төбе  жақтан  деревня  тұсынан 
шапқан аттың тұяқ дүрсілі естілді. Осы сәтте қоршау шарбақтың ар жағынан от жарқ 


етті  де,  атылған  тапанша  даусы  естілді.  Бұл  —  ең  соңғы  дабыл  екен.  Қауіп  тіпті 
жақын,  төніп  қалды  дегендегісі.  Қарақшылар  тым-тырақай  болып  біреулері  теңіз 
жаққа, шығанақ бойын жағалап, екіншілері жоғары қарай, төбе бөктерін бетке алып 
қаша  жөнелді.  Ә  дегенше,  жалғыз  Пьюдан  басқа  жол  бойында  жан  қалған  жоқ. 
Қорқып, естері шыққан қарақшылар ұмытып кетті ме, әлде боқтап, ұрып-соққанына 
өшігіп, әдейі тастап кетті ме, белгісіз. Жалғыз қалған ол жанталасып, таяғымен жол 
үстін тық-тық түрткілеп, қолымен қармалап, ұтырластарын шақырады, сөйтіп жүріп 
жолдан мүлдем адасып, теңізге қарай қашудың орнына деревняға қарай жүгірді. 
— Джонни, Қара Төбет, Дэрк... — деп, ол жыларман дауыспен басқа да біреулердің 
атын  атап  шақырып  келеді.—  Сендер  кәрі  Пьюді  тастамайсыңдар  ғой, 
қымбаттыларым-ау,  достарым-ау,  сендер  кәрі  Пьюді  қалдырмайсыңдар  ғой!—деп 
сөйлеп бара жатып, мені жанамалап бірнеше аттам жерден жүгіріп өтті. 
Сол екі ортада шапқан аттардың тұяқ дыбысы тіпті жақындап қалды. Ай жарығы 
бес-алты салт аттыны анық ажыратып көруіме де мүмкіндік беріп тұр. Олар төбеден 
төмен қарай бөктерлеп бар пәрмендерімен шауып келеді. 
Тіпті,  басқа  жаққа  кетіп  бара  жатқанын  соқыр  енді  ғана  түсінді.  Шошынып, 
айқайлап қалып, бұрыла жүгіргенде, жол жанындағы арыққа құлап түсті. Сол бойда 
ұшып  түрегеліп,  жанталаса  қайтадан  жолға  шығып  еді,  шауып  келе  жатқан  ең 
алдыңғы аттың тұп-тура тұяқ астына килікті. Шауып келе жатқан кісі кеш байқады, 
ат басын бұрмақ болып еді, үлгермеді. Соқыр түн қараңғылығын жарып жіберердей, 
жан  ұшыра  айқай  салды.  Аттың  темірдей  төрт  тұяғы  қойсын  ба,  жаншып,  езіп 
жіберіпті.  Бір  қырынан  құлап  еді,  жаймен  аунап,  шалқасынан  түсті  де,  сол  күйі 
қимылсыз қалды. 
Мен  орнымнан  атып  тұрып,  салт  аттыларға  дауыстадым.  Күтпеген  жайсыз 
оқиғадан шошынған  олар,  бәрі  де  тұра-тұра  қалыпты.  Бәрін де  бірден тани  кеттім. 
Ең  соңынан  шауып  келген  —  деревнядан  доктор  Ливеиге  хабар  беруге  кеткен  жас 
жігіт  екен.  Қалғандары  —  баж  мекемесінің  қызметшілері,  жігіт  оларды  докторға 
бара  жатып  жолда  кездестіріпті.  Жігіт  ақылы  жетіп,  мән-жайды  айтып, 
көмектесулерін өтінген көрінеді. Кит жатағы шығанағында жүрген бейтаныс люггер 
жайында баж мекемесінің бақылаушысы Мистер Данс ертерек естіген болып шықты. 
Ал ол шығанаққа апаратын жол біздің трактиріміздің тап қасынан өтетін. Данстың 
жанына  отрядын  ертіп  алып,  хабар  тиген  бойда  Китт  жатағына  қарай  бет  түзеп, 
шауып  келе  жатқан  бойы  екен.  Міне,  осы  бір  орайы  түскен  кездейсоқ  оқиға  бізді 
көпе-көрнеу ажалдан құтқарып алды. 
Пью  тіл  тартпастан  кетті.  Анамды  көтеріп,  деревняға  апардық.  Сол  жерде  хош 
иісті  тұз  иіскетіп,  бетіне  су  бүріккеннен  кейін  барып,  есін  жиып,  көзін  ашты.  Анам 
бастан  кешкен  бар  азабын  елей  те  жатпай,  капитанның  ақшасынан  өзіне  тиісті 
барлық соманы түгел алып үлгермегенін қайта-қайта айта берді. 
Сол  екі  ортада  баж  мекемесінің  бақылаушысы  Данс  отрядымен  бірге  Китт 
жатағы  шығанағына  қарай  құйғыта  жөнелді.  Бақылаушылар  аса  сақтықпен 


аттарынан түсіп, жетелеп, кейде тіпті аттарын сүйемелдеп, қарақшылардың тасадан 
бас салуы мүмкін екенін естерінен шығармай, бөктерді бойлап төмен қарай жүріпті. 
Ақыры,  олар  шығанаққа  жеткенде,  40  кеме,  әрине,  зәкірін  көтеріп,  жағадан  онша 
алыс ұзай алмағанмен, теңізге шығып та үлгерген екен. Данс дауыстап айқайлапты, 
сөйтсе  кемеден  біреу:  егер  жазмыш  қорғасының  қолқақты  тесіп  өтсін  демесең,  ай 
сәулесі  түсіп  тұрған  жарық  жерден  тез  кет  деп  ақыл  айтқан  болыпты.  Ізінше 
Данстың иығын жанап бір оқ зу ете түспесін бе. 
Кешікпей-ақ кеме мүйісті айналып, ғайып болыпты. 
Мистер  Данс  жағада  тұрып,  өзімді  "судан  шығып  қалған  балықтай"  сезіндім 
дейді.  Теңізге  киттер
16 
шығару  қажет  екенін  айтып,  ол  табан  астында  Б...ға  кісі 
жіберді. 
—  Бұл  —  тек  бос  әурешілік  қой,—  деді  ол.  —  Олар  ендігі  ұзап  кетті,  қуып  жете 
алмайсың.  Пыо  мырзаның  қытығына  тидік,  мен  өзім  соған  да  шүкіршілік  етіп 
тұрмын деп қосып қойды. 
Мен бұған дейін-ақ оған соқыр туралы бар жайды айтып үлгерген болатынмын. 
Данспен бірге мен "Адмирал Бенбоуға" қайтып оралдым. Үйіміздің қалай ойран-
ботқасы шыққанын айтып жеткізудің өзі қиын. Анам екеумізді қолға түсіргісі келген 
қарақшылар  қабырға  сағатына  дейін  жұлып  тастапты.  Капитанның  ақша  салған 
қапшығы  мен  біздің  кассамыздағы  бірнеше  күміс  теңгелерден  басқа  олар  ештеме 
әкете  алмаған,  бірақ  ендігі  жерде  өзіміздің  қайыршылық  халге  душар 
болғанымызды бірден-ақ түсіндім. 
Данс мырза көпке дейін бір нәрсеге түсіне алмай дал болды. 
—  Ақшаны  әкетіпті  деп  тұрсың  ғой  өзің.  Ендеше,  тағы  не  іздегені  олардың, 
Хокинс? Басқа жерде де ақша бар деп, соны іздегені ме? 
—  Жоқ,  сэр,  олардың  іздегені  —  ақша  емес,—  дедім  мен.—  Олардың  іздеп  таба 
алмаған  нәрсесі  —  мына  менің  жан  қалтамда.  Шынымды  айтайын,  бұны  қауіпсіз 
жерге орналастырмасам болмайды. 
—  Жөн...  Жөн  айтып  тұрсың,  балақай,—  деді  ол.  —Қажет  десең,  сақтауға  маған 
беруіңе де болады. 
— Мен оны доктор Ливейге берсем бе деп едім,— деп бастап келе жатыр ем. 
— Дұрыс айтасың!— деп ол қызу іліп әкетті.— Дұрыс айтасың, доктор Ливси өзі 
джентльмен,  өзі  әрі  судья.  Тіптімен  де  барып,  мән-жайды  оған  немесе  сквайрға 
баяндап  шығуым  керек  екен-ау.  Қанша  дегенмен  кісі  өлімі...  Пью  өліп  қалды  ғой. 
Оған  өкініп  тұрған  мен  жоқ,  бірақ  кейін  бәрін  корольдік  баж  мекемесінің 


бақылаушысына,  яғни  маған  жаба  салатын  біреулер  табылып  жүрсе  қайтеміз. 
Хокинс, былай етейік. Сен менімен бірге жүр. Келіссең, екеуміз бірге барайық. 
Мен  оған  рақмет  айттым,  екеуміз  деревняға  бет  алдық.  Өйткені  аттар  сонда 
болатын. Мен анаммен қоштасып шыққанша, бәрі де атқа мініп үлгерген екен. 
—  Доггер,  атың  жақсы  еді.  Мына  жігітті  артыңа  міңгестірші,  —  деді  Мистер 
Джонс. Мен Доггердің артына мінгесіп, белбеуінен ұстап үлгерер-үлгерместен, Данс 
ал кеттік деп әмір етті: отряд доктор Ливсидің үйіне қарай қатты желіспен сыдырта 
жөнелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған