Қазына аралы роман бірінші бөлім. КӘрі қарақшы I тарау "Адмирал Бенбоу" трактиріндегі тарлан теңізші


XXXI ТАРАУ  Қазына іздеу. Флинттің бағыт сілтеуші жебесі



Pdf көрінісі
бет34/37
Дата23.12.2021
өлшемі1.36 Mb.
#147077
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Қазына-аралы (8-11 сынып)

XXXI ТАРАУ 
Қазына іздеу. Флинттің бағыт сілтеуші жебесі 
— Джим, — деді Сильвер, екеуіміз оңаша қалғаннан кейін, — мен сені құтқарып 
алып  ем,  ал  сен  —  мені  құтқардың.  Және  мен  мұны  еш  уақыт  ұмытпақ  емеспін. 
Доктордың  қаш  деп  үгіттеп  тұрғанын  да  байқағанмын.  Көзімнің  қиығымен  ғана 
қарадым, бірақ  көргенмін.  Не жауап айтқаныңды ести алғаным  жоқ,  бірақ,  әйтеуір, 
көнбегеніңді  көріп  тұрдым.  Мұныңды  да  ұмытады  деп  ойлама,  Джим.  Өткенде 
бекініске жасаған сәтсіз шабуылымыздан кейін, міне, бүгін алғаш рет қана үміт оты 
жылт  еткендей  болды.  Және  бұл  да  сенің  арқаң.  Қазына  іздеугесоқыр  тәуекелмен 
кіріскелі  тұрмыз,  мені  қорқытатыны  да  осы.  Бірақ,  енді  не  қиындық  кездессе  де 
екеуіміз бірге болайық және мойнымызды ешкімге оп-оңай үздіре де қоймаспыз. 
От  басында  күйбеңдеп  жүрген  қарақшылардың  бірі  бізге  таңертеңгі  ас  әзір 
болды  деп  дауыстады.  Оттың  жанына,  құмға  отырып  алып,  бәріміз  отқа  қақталған 
шошқа етін жеуге кірістік. Қарақшылар лаулатып үлкен етіп жаққан от шошқа емес, 
тұтас өгіз етін қақтап, қуырып алуға да жетердей еді. Кешікпей от өршіп үлкейе түсті 
енді  оған  тек  жел  жақтан  ғана,  онда  да  аса  сақтықпен  жақындауға  болатын  еді. 
Мыналар тамақты да тым ысырап етіп пісіреді екен: шошқа етін қажеттілігінен кем 
дегенде үш есе артық пісіріпті. Біреуі жынды адамша кеңқ-кеңк күліп, еттің қалған 
бөлек-салағын  отқа  тастап  кеп  жіберіп  еді,  от  әлгі  ерекше  отынды  оп-оңай  жұта 
салып, бұрынғыдан бетер лаулай түсті. 
Ертеңгі  күніне  қалай  болса  солай  қарайтын  мұншалық  бейқам  адамдарды  мен 
бұрын-соңды көрген емеспін. Ең болмаса бір істерін тындырымды істеп көрсе екен-
ау,  азық-түліктерін  бейберекет  құртып  жатыр,  күзетке  қойса,  ұйықтап  қалады, 
қалған  қылықтарының  бәрі  де  осылай  —  ылғи  шала.  Жалпы  бұлар  өзі  лап  етіп 
тұтануға бар да, ұзағырақ әскери әрекетке келгенде, тіпті мардымсыз екен. 
Тіпті,  тотысымен  болып,  әрегірек  отырған  Сильвердің  өзі  де  әлгі 
ысырапқорлықтары үшін оларға бір ауыз ескерту жасай қоймады. Оның алды-артын 
болжағыш, сақ адам екенін білетіндіктен мен бұнысына тіпті қайран қалдым. 
—  Әй,  достар-ай,  әйтеуір,  бақтарыңа  қарай,  әрдайым  қамдарыңды  ойлап,  бас 
қатырып жүретін Шолақ сан бар. Мен өзіме керек біраз жайтты білген сияқтымын. 
Кеме  аналардың  қолында.  Тек  қайда  жасырғандарын  әзірше  біле  алғаным  жоқ. 


Қолымызға  қазынаны  бір  түсірсек  бүкіл  аралды  тінтіп шықсақ  та кемені қайтадан 
басып  алар  едік-ау.  Әйтеуір,  қайықтар  бізде  ғой,  бізге  қуат  беріп  тұрған  да  сол 
қайықтар. 
Ыстық шошқа етін аузына тыққыштап, күйсей түсіп, ол осылай сөйлеп те отыр. 
Қарақшыларын  үміттендіріп  өзінің  шайқалып,  әлсірей  бастаған  беделін  қалпына 
келтірмек  және  соған  қоса,  өзіне-өзі  дем  беріп,  жұбатып  отырған  да  сияқты  ма, 
қалай... 
—  Мына,  біздің  аманат  баламыз  жаңағы  докторды  пір  тұтады,  әлгі  кездесуі  — 
екеуінің  соңғы  кездесуі.  Мұның  айтқандарынан  мен  өзіме  керегінің  бәрін  де  біліп 
алдым,  сол  үшін  бұған  көп  рақмет.  Бірақ  енді  бәрі  де  осымен  бітті.  Қазына  іздеуге 
шыққан  кезде,  мен  бұл  баланы  жіп  байлап  соңымнан  жетектеп  жүретін  болам, 
өйткені  бұл  енді  біз  үшін  алтыннан  да  қымбат,  сондықтан  оны  қайтсек  те  аман 
сақтауға  тиіспіз.  Алай-бұлай  бола  қалсақ  бұл  бізге  кәдеге  жарайды.  Кемені  де, 
қазынаны да қолымызға бір түсіріп алайықшы, содан кейін бүкіл көңілді тобымыз 
болып  бірге  теңізге  шығамыз.  Міне,  сол  кезде  мистер  Хокинспен  де  дұрыстап 
сөйлесудің кезегі келер, сонда мұның тиісті жазасы да ешқайда қашпас. 
Бәрі  көңілденіп  қалды,  олардың  бұлай  қуануларына  таң  қалатын  да  ештемесі 
жоқ-тын. 
Ал  мен  болсам,  көңілім  быт-шыт  боп,  ұнжырғам  түсіп  кетті.  Егер,  Сильвердің 
жаңа  ғана  өзі  айтқан  жоспарлары  жүзеге  асар  болса,  бұл  екі  жақты  бірдей  алдап 
жүрген  опасыз,  не  істеймін  десе  де  беті  шімірікпейтіні  сөзсіз.  Нәтижесі  екіталай 
болғанмен, бұл өзінің осы ойынын шебер ойнап жүр және ретін тапса, біздің дардан 
құтқарамыз  деген  екі  ұшты  уәдемізден  гөрі,  қарақшы  болуды,  бостаншылықта 
жүріп, дәулетті адамша өмір сүруді алдымен қалайтыны еш күмән туғызбайды. 
Тіпті, жағдай Сильверді докторға берген уәдесін орындауға мәжбүр еткен күнде 
де бәрібір бізді алдымызда өлім қаупі күтіп тұр. Сильвердің жолдастарының қазіргі 
күдігі кейін кез келген уақытта сенімге айналмасына кім кепіл? Онда Сильверге де, 
маған  да  аман  қалуымыз  үшін  қорғаныс  қамын  ойластыруымызға  тура  келеді; 
Сильвер  —  мүгедек,  мен  баламын,  ал  олар  —  еңгезердей  бес  матрос.  Осындай  екі 
түрлі  қауіп  бар  және  менің  достарымның  бүкіл  әрекет-мақсаттары  мен  үшін  әлі 
құпия.  Неліктен  олар  бекіністі  тастап  кетті?  Неге  мыналарға  картаны  берді? 
Доктордың  Сильверге:  "Қазына  іздеген  кездеріңізде  бір  айқай  естілсе,  соған  көңіл 
бөліңіздер",  —  деген  сөздерінің  мәнісін  қалай  түсінуге  болады?  Осының  бәрінен 
кейін  мен  үшін  таңертеңгі  астың  дәмсіз  боп  көрінгендігін,  қарақшыларға  еріп, 
қазына  іздеуге  шыққан  кезде  менің  көңіл-  күйімнің  мейлінше  нашар  болғанын 
түсіну онша қиын болмас деп ойлаймын. 
Анадай  жерден,  сыртымыздан  қарағанда,  адамға  түріміз  түсініксіз  әлем-жәлем 
бір  тобыр  боп  көрінген  болсақ  керек:  бәріміздің  де  кигеніміз  салтақ-салтақ  матрос 
күртесі,  менен  басқаларының  бәрі  де  бақайшағына  дейін  қаруланған.  Сильвер  екі 
мылтық  асынып  алыпты:  біреуі  арқасында,  біреуі  көкірегінде,  белбеуіне  қанжар 


ілген.  Етегі  далақпандай  шекпенінің  екі  жанқалтасына  екі  тапанша  тығып  қойған. 
Бұның  бәрі  аз  дегендей,  иығына  капитан  Флинт  мініп  алып,  алуан  түрлі  теңіз 
сөздерін  жөн-жосықсыз  қақсап  келеді.  Менің  белімнен  мықтап  тұрып  жіп  байлап 
алған аспаздың соңынан қыңқ деместен дедектеп еріп келем. Жіптің ұшын ол бірде 
бос  қолымен  ұстайды,  бірде  күректей  тістерімен  аузына  тістейді.  Мен  бейне  қолға 
үйретілген аю сияқтымын. 
Әр  қарақшының  көтеріп  келе  жатқан  өз  жүгі  бар:  біреулері  күрек,  сүймен 
(қарақшылар  бұларды  "Испаньоладан"  ұмытпай,  бәрінен  бұрын  түсіріпті),  екінші 
біреулері  түскі  асқа  деп  шошқа  етін,  кепкен  нан,  бренди  алып  келеді.  Азық-түлік 
атаулының,  шынында  да,  бекіністегі  біздің  қоймамыздан  алынғанын  байқадым  да, 
кеше  кештегі  Сильвердің  айтқаны  айна  қатесіз  шын  екен  ғой  деп  түйдім.  Егер  ол 
доктормен келісім жасамағанда, кемеден айрылып қалған қарақшылардың қорегі — 
атып алған құс еті мен қара су ғана болар еді. Бұлар су ішуге онша зауқы соқпайтын 
адамдар ғой, ал құс атуға теңізшілер шорқақ келетін. Тамақ қорын жасамағандары 
өз алдына, тіпті оқ-дәрі қорын жасамағандарын айтсаңызшы. Қалай болғанда да біз, 
әйтеуір, 220 жолға шықтық, тіпті басы жарылған қарақшы да (әрине, оған төсегінен 
тұрмағанының  өзі  тиімдірек  еді)  ере  шықты.  Біріміздің  соңымыздан  біріміз 
шұбырып екі қайық тұрған жағаға жеттік. Мастықтан айығу дегенді білмейтін мына 
қарақшылардың  сорақы  бейқамдығы  осы  қайықтардың  түрінен-ақ  көрініп  тұр:  екі 
қайықтың  екеуі  де  салтақ-салтақ,  тіпті  біреуінің  орындығы  да  сынып  қалыпты. 
Қайықтың  екеуінен  де  айырылып  қалмау  үшін,  екеуіне  де  бөлініп-бөлініп  отыру 
ұйғарылды. Сөйтіп, екі топ болып бөлініп, ақыры, жағадан жүріп те кеттік. 
Жол  бойы  карта  туралы  айтыс  басталды.  Қызыл  крестің  аумағы  тым  үлкен, 
сондықтан  оның  нақты  бір  орынды  көрсететін  белгі  болуы,  әрине,  мүмкін  емес. 
Картаның екінші бетіндегі жазулар тым қысқа әрі түсініксіз. Егер оқушының есінде 
болса, онда былай деп жазылған еді ғой: 
Теңіз Дүрбісінің иініне мінбелеп тұрған биік ағаш, С. — С. — Ш-тан С-ке қараған 
бағыт. 
Қаңқа аралы Ш. — О. — Ш. және Ш-қа қарай.Он фут. 
Сөйтіп,  алдымен  картада  көрсетілген  биік  ағашты  табу  қажет  болды.  Қарсы 
алдымыздағы аялдама биіктігі екі жүз-үш жүз фут шамасындағы жайпақтау төбеге 
тіреліп  тұр,  әлгі  төбе  солтүстік  тұста  Қарауыл  Дүрбінің  оңтүстік  бөктерімен 
тоғысып,  түстік  жақта  Бизань-діңгек  деп  аталатын  құз-жартасты  үлкен  дөңге 
ұласып  жатыр.  Жайпақ  төбеде өсіп  тұрған  үлкенді-кішілі  қарағайлар  коп екен.  Ана 
тұста  да,  мына  тұста  да  кей  қарағай  көршілерінен  қырық-елу  фут  биігірек  боп 
көрінеді.  Капитан  Флинттің  бұл  ағаштардың  қайсысын  биік  ағаш  деп  атағанын 
баратын жерімізге әбден жетіп алып, компас арқылы ғана анықтауға болады. 
Бірақ  бәрібір,  жарты  жолымызды  жүзіп  өтпей  жатып-ақ  әркім  өзіне  әлгі  биік 
ағаш осы болса керек деп, бір-бір ағаштан таңдап алысты. Тек ұзын тұра Джон ғана 


иығын  қиқаң  еткізіп,  барғасын  біржола  көрерміз,  шыдай  тұрыңыздар  деп  басу 
айтты. 
Сильвердің тәртіп беруімен біз күшімізді сақтап, онша қатты еспедік, ұзақ жүзіп 
барып,  Қарауыл  Дүрбінің  орманды  бөктерін  бойлап  ағып  жатқан  екінші  өзеннің 
сағасына  шықтық  та,  қайықтарымыздан  түстік.  Ол  арадан  солға  бұрылып, 
бөктермен жоғары көтеріле бастадық. 
Алғашында батпақ жердегі өсімдіктердің қау болып қалың өскендігінен жүрісіміз 
өне  қоймады.  Бірте-бірте  бөктер  құлама,  тік  жарға  айналып,  топырақ  қатайып,  тас 
кесектер көбейді, өсімдіктердің бойы биіктеп, әрі сирей түсті. Шөп азайып, хош иісті 
шырмауықтар,  шешек  атқан  бұталар  жиірек  кездесе  батады.  Мускат  жаңғағының 
жасыл  бұталарының  арасында  ана  жерде  де,  мына  жерде  де  ересен  сорайып  мол 
көлеңкелі  биік,  сарғыш  қарағайлар  тұр.  Мускат  иісі  мен  қарағаш  иісі  қосылып, 
мұрын жарады. Ауа таза. Күн шақырайып тұрғанмен, жайлы самал бетімізді желпіп, 
сергітіп келеді. 
Қарақшылар  тарам-тарам  болып,  бір-бірімен  көңілдене  айқайласып  сөйлесіп 
келе жатыр. 
Орта тұста, басқалардан сәл кейінірек, мені арқанмен жетелеген күйі, Сильвер де 
ілбіп  келеді.  Сусыған  қиыршықтас  кешіп  бөктерге  көтерілу  оған  оңай  тиіп  келе 
жатқан жоқ. Бір емес, бірнеше рет мен қолтығынан демеп қалмағанда, ол әлдеқашан 
құлап, төмен қарай сырғып кетуі де ықтимал еді. 
Осылай  біз  жарты  мильдей  жүріп,  төбенің  басына  да  жетіп  қалып  едік,  сол  жақ 
шетте  бір  қарақшы  зәресі  ұшып,  жан  даусын  салып  шыңғырып  жіберді. 
Шыңғырғанын қоймаған соң жұрттың бәрі қасына жүгіріп барды. 
—  Сіздер  оны  қазынаның  үстінен  шықты  ғой  деп  ойлайсыздар  ма?  Жоқ,  біз  ол 
ағашқа әлі жете алғанымыз жоқ..., — деді қария Морган, біздің жанымыздан асыға-
үсіне жүгіріп өтіп бара жатып. 
Шынында да, оның тапқаны қазына емес екен. Бір зәулім қарағай түбінде өлген 
адамның  қаңқасы  жатыр.  Бұйралана  өскен  қалың  шөп  қаңқаға  өріліп,  оратылып 
қалыпты, кейбір ұсақ сүйектер орнынан жылжып, бөлектеніп көрінеді. 
Қаңқаның  кей  тұсында  жидіген,  қураған  киім  қалдықтары  сақталыпты. 
Арамызда  тұла  бойы  түршікпеген  бірде-бір  адам  қалмағанына  менің  еш  күмәным 
жоқ. 
— Мынау өзі теңізші ғой, — деді басқаларынан гөрі батылырақ Джордж Мерри, 
қаңқаның үстіндегі киім сілемдерін анықтап қарап тұрып. — Киімдері — теңізшінің 
киімі. 


—  Теңізші  болмай  кім  болушы  еді?  —  деді  Сильвер.  —  Әлде,  сен  бұл  жерден 
епископты  кездестірем  деп  пе  едің?  Мені  таң  қалдырып  тұрған  қаңқаның  жатқан 
түрі. 
Шынында да, қаңқаның жатқан түрі әдеттегіден өзгеше еді. 
Кездейсоқтық  па,  жоқ  па,  әйтеуір,  мына  кісі  жебе  құсап,  түп-түзу  болып,  қол-
аяғын созып жатыр (шоқыған құстар ма екен, әлде, мүмкін, жан-жағынан оратылып 
өскен  шөппе  екен  бұған  кінәлі).  Аяқтары  бір  бағытты  нұсқап  созылған  да,  суға 
секірейін  деп  тұрған  адамша,  төбесіне  көтерген  қолдары  екінші  бағытты  сілтеп 
тұрған тәрізді. 
— Е-е, мен сәл-пәл түсінген сияқтымын, —деді Сильвер. — Мынау компас қой. Иә, 
тап өзі! Әне, Қаңқа аралының төбесіндегі шыңын қараңдаршы, тіс сияқты сойдиып 
тұр. Компаспен тексеріп көріңдерші, өлік қай жақты сілтеп тұр екен. 
Компаспен  тексеріп  те  көрді.  Өлік,  шынында  да,  Қаңқа  аралын  меңзеп  жатыр 
екен. Компас Ш — О. — Ш пен Ш-ты көрсетті. 
—  Мен  де  солай  ойлағанмын,  —  деді  аспаз.  —  Бұл  бағыт  сілтеп  жатқан  өлік 
болды. Демек, ана жақта Темірқазық тұр да, мына жақта көңіл ашар қазына жатыр 
деген  сөз.  Өтірік  айтсам,  жай  түссін,  Флинтті  ойыма  алсам-ақ,  денем  мұздап  қоя 
береді.  Бұл  —  оның  үйреншікті  әзілдерінің  бірі  болса  керек.  Аралда  алты 
жолдасымен  қалып  еді,  алтауын  да  жайғастырған.  Кейін  өлген  алтаудың  біреуінен 
компас  жасаған...  Өліктің  сүйектері  серейген,  ұзын,  жирен  шашты  екен.  Ойбай-ау, 
мынау,  қателессем  құдай  ұрсын,  Аллардайстың  дәл  өзі  ғой!  Том  Морган,  сенің 
Аллардайс есіңде ме? 
—  Неге  болмасын?  Әрине,  есімде,  —  деді  Морган.  —  Ол  өзі  маған  борышты  еді 
және аралға кетерде менің пышағымды сұрап алған. 
— Демек, пышақ та алыс болмаса керек, осында бір жерде шығар, — деді екінші 
бір  қарақшы.  —  Флинт  өлген  матростың  қойын-қонышын  ақтарып  қарайтын  ұсақ 
адам емес-тін. Құс шоқыды дейтін емес, пышақты құс неғылсын. 
— Сайтан алсын сені, дұп-дұрыс айтып тұрсың! — деді Сильвер. 
—  Бірақ  ештеме  табылмады,  —  деді  Мерри,  өліктің  айналасын  мұқият  сипалап 
қарап шығып. — Ең болмаса бір бақыр ақша немесе, мысалы, темекі салатын шақша 
ма бірдеме табылса екен-ау... Бұл өзі күдікті жайт болды... 
— Дұрыс айтасың! Дұрыс айтасың! — деді Сильвер. — Бір сыр бар екені рас. Иә, 
қымбатты достар. Флинт тірі болса, бізге бұл арада бүгінгідей сайрандау қайда? Біз 
алтаумыз, олар да алтау болған-ды, ал қазір олардың сүйектері ғана қалыпты. 


—  Жоқ,  қорықпа,  ол  өлді,  мен  оның  өлгенін  өз  көзіммен  көргенмін,  —  деді 
Морган.  —  Оның  өлігіне  мені  Билли  алып  барған-ды.  Екі  көзін  бақыр  ақшамен 
бастырып қойған екен. 
— Ол, әрине, өлді, — деп қостады басы таңулы қарақшы. — Бірақ өлгеннен кейін 
де  адам  жер  бетіне  оралып,  қыдырып  жүретіні  рас  болса,  онда  сол  қыдырып 
жүретіннің нағыз өзі Флинт болмағанда кім болсын! Соншалық жаны қиналып өлді 
ғой байғұс! 
— Рас, ол ерекше қиналып өлді, — деді екінші біреуі. — Бірде жын ұрғандай ашу 
шақырады,  бірде  ром  сұрайды,  енді  бірде.  Өліктің  сандығына  он  бес  адам"  деп 
барылдап он салады. "Он бес адамнан" басқа он салып көрген емес қой ол. Және бар 
ғой, шынымды айтайын, содан бері сол әнді жек көріп кеттім. Күннің бір ыстық кезі 
болатын.  Терезе  ашық  тұр.  Флинт  бар  дауымен  ән  салады,  ақыры,  сол  әні  өлер 
алдындағы қырылына ұласты... 
— Алға, алға! — деді Сильвер. — Осы мылжыңдағанымыз да жетер! Ол өлді, аруақ 
болып қыдырып та жүрген жоқ. Тіпті, моласынан шыққанның өзінде де аруақ деген 
тек қана түнде қыдырады ғой, ал қазір, көріп тұрсыңдар, күндіз емес пе? Алдымызда 
иен олжа күтіп жатқанда, өлгендерді әңгімелеп не жынымыз бар? 
Біз  әрі  қарай  қозғалдық.  Күн  жап-жарық  боп  тұрғанмен,  қарақшылар  енді  жан-
жаққа  тарап,  бытырауды  да,  алыстан  дауыстап  сөйлесуді  де  қойды.  Өлген 
қарақшыдан зәресі ұшқандары соншалық екен, енді олар әңгімелесуді де қойды. Бір-
біріне тақала жүріп, сыбырлап қана сөйлесетін болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді