Қазына аралы роман бірінші бөлім. КӘрі қарақшы I тарау "Адмирал Бенбоу" трактиріндегі тарлан теңізші


XXIX ТАРАУ  Қара таңба қайта кездесті



Pdf көрінісі
бет32/37
Дата23.12.2021
өлшемі1.36 Mb.
#147077
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Қазына-аралы (8-11 сынып)

XXIX ТАРАУ 
Қара таңба қайта кездесті 
Қарақшылардың жиыны ұзаққа созылды. Әлден уақытта бір қарақшы блокгаузға 
қайтып  оралып,  Сильверге  келемеж  ретінде  әскери  ізет  білдірді  де,  шаланы  алуға 
болар ма екен деп рұқсат сұрады. Сильвер қарсылық етпеді, қарақшы шаланы әкетіп, 
бізді қараңғыда қалдырды. 
— Дауыл таянып келеді, Джим, — деді Сильвер. 
Енді ол менімен досындай сөйлесе бастады. 
Бекіністің  мылтық  ататын  тесіктерінің  ең  таяу  біреуіне  барып,  аула  ішіне  көз 
салдым.  От  сөнуге  жақындапты.  Одан  ешқандай  жарық  түспейтін  болыпты: 
қарақшыларға  шала  қажет  болғаны  да  сондықтан  екен.  Олар  үй  мен  шарбақтың 
аралығындағы  бөктерде  алқақотан  отырысыпты.  Біреуі  жаңағы  шаланы  ұстап, 
жарық  түсіріп  тұр.  Екінші  біреуі  қақ  ортада  тізерлеп  отыр.  Оның  қолындағы 
шаппасы  ашылғақ  пышағы  айдың  жарығына,  кейде  оттың  сәулесіне  шағылысып 
жалт-жұлт  етеді.  Қалғандары  оның  не  істеп  отырғанын  бақылағандай,  сол  еңкейе 
түскен.  Әлгі  ортадағының  қолынан  бір  кітап  байқап  қалдым.  Кітап  деген 
қарақшылар  үшін  жат  нәрсе  еді  ғой,  бұның  қолына  қайдан  түсті  екен  деп  ойлап 
үлгергенімше  болмай,  әлгі  түрегелді,  енді  барлығы  бірінен  соң  бірі  шұбырып  үйге 
қарай жүрді. 
— Аналар келе жатыр, — дедім мен. 
Мен өзімнің бұрынғы орныма барып тұрдым. Беделім түспеу үшін, қарақшыларға 
өзімнің оларды сыртынан бақылағанымды білдіргім келмеді. 
— Келгілері келсе, рақым етсін, достым, — деді Сильвер көңілдене сөйлеп. — Мен 
де құр қол емеспін, дұрыстап қарсы аламыз-дағы. 
Есік  ашылды,  бірақ  бес  қарақшы  жоғары  өрлемей,  табалдырық  қасында 
топырлап қалды, тек ілгері қарай біреуін итермелей береді. 
Әлгілер  сайлаған  адам:  уысы  жұмулы,  оң  қолын  ілгері  созып,  бір  басып,  бір 
тоқтап,  зәресі  ұшып  Сильверге  қарай  ілбіп  келеді,  —  мұны  басқа  бір  кеңшілік 
жағдайда көрген кісі күліп жіберер еді. 


—  Достым,  жақынырақ  келсейші,  қорықпа,  мен  сені  жеп  қояр  дейсің  бе?  Өзің 
мұнша  орапайсыз  боларсың  ба,  әкел  бері,  немене  анау  қолыңдағы?  Мен  салтты 
білмейді ғой деп пе ең? Жаушыға тимеймін, —деді Сильвер. 
Сильвердің осы сөзі демеу болып, қарақшы жүрісін тездетіп, Сильвердің қолына 
бірдемені  ұстата  салды  да  асыға-үсіге,  тез  кейін  бұрылып,  жолдастарының  қасына 
барып тұрды. 
Аспаз алақанын ашып көрді. 
— Қара таңба ма мыналарың! Өзім де осылай болатын шығар деп ойлап отыр ем, 
—  деді  Сильвер.  —  Қағазды  қайдан  таптыңдар?..  Әй,  мыналарың  не,  әй!  Алда 
сорлылар-ай!  Таураттан  қиып  алыпты!  Енді  осы  үшін  сазайларыңды  тартпай 
көріңдер! Тауратты, құдай сөзін қайшымен қиып жүрген қай ақымақ? 
—  Көрдіңдер  ме?  —  деді  Морган.  —  Айтпап  па  едім  осыларыңнан  ештеме 
шықпайды деп?! 
— Ал енді, бұдан кейін сендерге дардан құтылу атымен жоқ, — деді Сильвер. — 
Сендерге Тауратты беріп жүрген қай ақымақ? 
— Дик, — деді біреуі. 
—  Дик  пе?  Ендеше,  Дик,  иманыңды  айта  бер,  —  деді  Сильвер.  —  Өйткені  сенің 
шаруаң бітті. Айна қатесіз шыным. Енді құрымасаң, құдай соқсын мені! 
Осы арада еңгезердей сарғыш көз қарақшы кірісе кетті. 
—  Босқа  сөйлеп,  әуре  болмай-ақ  қой,  Джон  Сильвер,  —  деді  ол.  —  Команда 
олжашыл  джентльмендердің  салты  бойынша,  жиынға  жиналып,  сатан  қара  таңба 
табыс  етуге  шешім  қабылдады.  Салт  бойынша,  аударып,  екінші  бетін  көр  де,  не 
жазылғанын оқы. Содан кейін, сірә, басқаша сөйлерсің. 
— Рақмет, Джордж, — деді Сильвер. — Сен өзің арамыздағы пысық жігітсің ғой, 
әдет-салтымыздың  да  бәрін  жатқа  соғасың.  Көрейік,  не  жазылды  екен.  А-а! 
"Құлатылдың"  деп  жазылыпты.  Міне,  қайда  жатыр  мәселе!  Және  қандай  әдемі 
жазылған  десеңші.  Тіпті,  кітабыңнан  кем  емес,  бұл  өзі,  шамасы,  сенің  жазуың  ғой, 
Джордж? Несі бар, сен бүкіл командадағы маңдай алды жігітсің. Егер жұрт капитан 
етіп  сені  сайласа,  мен  оған  таң  қалмас  едім.  Рақым  етіп,  анау  шалаға  қол  жалғап 
жіберші, әйтпесе қалияным тұтанар емес қой. 
—  Жарайды,  жарайды,  .—  деді  Джордж.  —  Босқа  команданың  басын  қатырма. 
Сені  тыңдасаң  —  өзіңнен  асқан  бір  адам  жоқ,  дегенмен  мына  бөшкеден  түспесең 
болмайды.  Сен  енді  бізге  капитан  болудан  қалдың.  Сайлауымызға  бөгет  болмай, 
бөшкеден түс. 


— Сені біздің салтымызды біледі деп, шын ойлап жүрсем, — деді Сильвер түйрей 
сөйлеп.  —  Әлде  де  күте  тұрмасаң  болмас,  өйткені  мен  капитандығымнан  әлі  қала 
қойғаным  жоқ.  Сендер  маған  тағатын  кінәларыңды  айтып,  менің  жауабымды 
тыңдауларың  керек.  Ал  оған  дейін  сендердің  қара  таңбаларың  да  бір,  бір  кесек 
кепкен нан да бір. Не шығарар екенсіңдер, көрейік. 
— Салтты бұзады екен деп қорықпай-ақ қой, — деді Джордж. — Біз бәрін де әділ 
шешкіміз келеді. Саған қоятын біздің мынадай кінәларымыз бар. Біріншіден, сен істі 
сәтсіздікке ұшыраттың. Қанша батыл болсаң да бұған қарсы дау айта алмасаң керек. 
Екіншіден,  дұшпандарымыз  осында  шын  мәнінде  қамауда  отырған  жерінен  сен 
олардың  аман  кетуіне  мүмкіндік  бердің.  Олар  не  мақсатпен  кетті?  Оны  білмеймін. 
Бірақ  кеткенде  бір  мақсаттары  болғаны  анық.  Үшіншіден,  біз  өкшелеп  қуайық 
дегенде  сен  бізге  тыйым  салдың.  Е-е,  Джон  Сильвер,  сенің  біз  білмейтін  сырың 
қалған  жоқ.  Екі  жақпен  бірдей  әмпей  болғың  келеді.  Төртіншіден,  мына  балаға 
тигізбей қойдың. 
— Бар болғаны осы ма? — деп Сильвер жайбарақат кейіппен. 
—  Осы  да  аз  ба?  —  деді  Джордж.  —  Сенің  осы  ашық  ауыздығыңа  бола  енді 
өзімізді күнге қақтап іліп қоятын болды. 
— Төрт айып таққан екенсіңдер, енді менің жауабымды тыңдаңдар. Жауабымды 
рет-ретімен  айтайын.  Істі  сәтсіздікке  ұшыраттың  дедіңдер  ғой?  Бірақ,  менің  не 
істегім,  қалай  істегім  келгенін  өздерің  де  білмейсіңдер  ме?  Егер  менің  айтқаныма 
құлақ  асқан  болсаңдар,  өтірік  айтсам,  басыма  жай  түссін,  қазір  аман-сау 
"Испаньолада"  отырған  болар  едіңдер.  Ал  алтын,  қазына  дегенің  трюмде  жинаулы 
жатқан болар еді. Маған бөгет жасаған кім? Мені, өздеріңнің заңды капитандарыңды 
итермелеп,  асықтырған  кім? Аралға  келген  бірінші күннің  өзінде  маған қара  таңба 
жіберіп,  осы  бір  жын-шайтан  ойнағын  бастаған  кім?  Айтатыны  жоқ,  керемет-ақ 
ойнақ,  мен  де  сендермен  бірге  ойнап  жүрмін.  Бұл  ойнақтың  кейбір  керемет 
ойындарын анау Лондондағы дар тозағына ілінгендердің талайы ойнаған болатын. 
Ал  осының  бәрін  бастаған  кім?  Бастаған  Эндерсон  мен  Хендс  және  сенсің,  Джордж 
Мерри.  Бұл  бұзақылардың  ішіндегі  тірі  қалғаны  жалғыз  сенсің.  Сөйтіп  тұрып  және 
өзің  ұялмай-қызармай  капитан  болғың  келеді!  Бүкіл  тобырды  құрта  жаздағаның 
ойыңда жоқ! Жоқ, бұныңнан түк те шығара алмайсың! 
Сильвер сөзін доғарды. Джордждың да, басқаларының да бет әлпеттерінен оның 
сөзінің зая кетпегенін аңғардым. 
—  Бұл  —  айыптарыңның  бірінші  тармағы  ғой,  —  деді  Сильвер,  тершіген 
маңдайын  сүртіп,  —  шынымды  айтсам,  сендермен  сөйлесудің  өзіне  жүрегім  айнып 
отыр. Ақыл-естен жұрдай адамсыңдар. Шешелерің сендерді теңізге қалай жіберген, 
менің  соған  таңым  бар!  Теңізге  жіберген!  Олжашыл  джентльмен  болған  түрлерің 
осы болса!.. Одан да тігінші болмайсыңдар ма?.. 


—  Осы  сөккенің  де  жетер.  Тағылған  айыптың  қалғандарына  жауабыңды 
жалғастыр, — деді Морган. 
—  Ә-ә,  қалғандарына  ма?  —  деп  Джон  айқайлап  жіберді.  —  Қалғандарының  да 
оңып тұрғаны шамалы. Ісіміз құрыған іс болды дейсіңдер! Қате айтсам, басыма жай 
түссін,  ісіміздің  қаншалықты  құлдырап  кеткенін  сендер  тіпті  сезіп  те  жүрген 
жоқсындар!  Дар  ағашына  тақалып  тұрғанымыз  соншалық,  тіпті  менің  мойнымды 
қазірдің  өзінде  арқан  қиып,  буындырып  бара  жатқандай.  Темір  бұғау  құрсанып, 
салақтап ілініп тұрғанымыз, аспанда қарғалар қарқылдап ұшып жүргені көз алдыма 
елестейді. Су келген кезде теңізшілер бізге қарай саусағын шошайтады. "Мынау кім 
болды  екен?"  —  деп  сұрайды  біреуі.  "Бұл  —  Джон  Сильвер  ғой.  Мен  оны  жақсы 
білуші  едім",  —  деп  жауап  қатады  екіншісі.  Асулы  тұрғандарды  жел  шайқалтып, 
шынжырымыздың  шылдырлаған  дыбысын  алысқа  әкетіп  жатады.  Міне,  Джордж 
Мерриге,  Хендске,  Андерсонга,  басқа  да  осылар  сияқты  есуастарға  бола  біздің 
бәрімізді күтіп тұрған осындай көрініс екенін біліп қойғандарың жақсы. Содан кейін, 
сайтан алғырлар, сендердің білгілерің келетіні айыптарыңның төртінші тармағы — 
мына бала екен ғой. Ұқпайсыңдар ма, бұл деген аманат емес пе? Біз сонда аманатты 
да  құртып  жіберуіміз  керек  пе?  Бұл  бала  біздің  ең  соңғы  үмітіміз  болса 
қайтпексіңдер?  Сонда  осы  баланы  өлтірмекпіз  бе?  Жоқ,  айналайындар,  мен  оны 
өлтіре алмаймын. Айтпақшы, мен үшінші тармаққа жауап бермеппін ғой. Өте жақсы, 
құлақтарыңды  тоса  беріңдер,  қазір  жауап  берем.  Мүмкін,  сендер  доктордың, 
колледж бітірген доктордың бізге күнбе-күн келіп-кетіп жүргенін бұйым құрлы 206 
көрмейтін  шығарсындар?  Джон,  сенің  оқ  тескен  басыңа  енді  доктордың  қажеті 
болмай  қалғаны  ма?  Джордж  Мерри,  сені  ғой  әрбір  алты  сағат  сайын  безгек 
буындырып  жүр,  тіпті  көзің  де  лимон  құсап  сап-сары  болып  кетіпті,  енді  сен 
докторда  емделгің  келмейді  ғой,  шамасы?  Осында  көмекке  кешікпей  екінші  кеме 
келеді. Мүмкін, сендер, тіпті мұны да білмейтін шығарсыңдар? Иә, кеме кешікпей-ақ 
келеді.  Міне,  сол  кезде  аманат  та  қажет  болады,  осы  айтқаным  келмесе  көрермін. 
Енді  екінші  тармаққа  келейін:  мені  шарт  жасасты  деп  айыптайтын  көрінесіңдер. 
Шарт жасас деп менің аяғыма жығылған өздерің емес пе едіңдер?.. Аяғыма жығылып 
жорғалап,  зәрелерің  ұшып,  аштан  өлеміз  деп  қорыққан  өздерің  емес  пе  едіңдер?.. 
Тіпті мұның бәрі де түк емес. Міне, шарт жасасқандағы мақсат — мынау болатын! 
Осыны  айтып,  ол  еденге  бір  парақ  қағазды  лақтырып  кеп  жіберді.  Мен  оны 
бірден  тани  кеттім.  Бұл  —  менің  бір  кезде  Билли  Бонстың  сандығының  түбінен 
тауып алған, үш қызыл кресі бар, сары қағазға сызылған аралдың картасы еді. 
Доктордың  неліктен  оны  Сильверге  бергенін  қалай  ойласам  да  түсіне  алмай 
далмын. 
Қарақшылар картаны көргенде менен бетер қайран қалды. Олар тышқан көрген 
мысықша  бас  салысты.  Боқтасып,  айқайласып,  балаша  мәз  болып  күлісіп,  картаны 
бірінің  қолынан  бірі  жұлып  алып  жүр.  Бұны  көргенде,  олар  алтынды  қолымен 
ұстағаны  былай  тұрсын,  тіпті  тұтасымен  кемеге  тиеп  әкетіп  те  барады  деп  ойлап 
қаларлық еді. 


—Рас,  мынау  дәл  Флинттің  қол  қойысы,  еш  шүбәңыз  болмасын,  Д.Ф.  депті,  ал 
төменгі жағын шиыршықтап, түйіп тастаған. Ол әрдайым қолын осылай қоятын, —
деді біреуі. 
— Оның бәрі де жақсы-ау, бірақ кеме болмағасын, ол қазынаны қалай әкетпекпіз? 
— деді Джордж. 
Сильвер кенет бір қолымен қабырғаға сүйеніп, орнынан ұшып түрегелді. 
—  Джордж,  соңғы  рет  ескертуім,  енді  аузыңнан  бір  сөз  шықса  болды,  өзіңді 
жекпе-жекке  шақырам...,  —  деп  айқайлап  жіберді  ол.  —  Қалай  дейсің  бе?  Қайдан 
білейін  қалай  екенін?  Қалай  екенін  сен  айт,  сенің  көмегіңмен  кемеден  айрылып 
қалған  басқалар  айтсын,  сайтан  алғырлар!  Жоқ,  сенен  ақылды  сөз  шығады  деп 
күтуім  бекер,  өйткені  сенің  тарақанның  миындай  да  миың  жоқ.  Бірақ  менімен 
сыпайы  сөйлесуді  үйренуге  тиіссің,  әйтпесе  сыпайыгершілікке  өзім  үйретіп 
шығарам сені, ұқтың ба? 
— Дұрыс айтасың, — деді қария Морган. 
— Әйтпегенде ше! Әрине, дұрыс, — деп кеме аспазы оны іліп әкетті. — Кемеден 
айрылып  қалған  сенсің.  Сендерге  қазына  тауып  берген  мына  менмін.  Сонда 
екеуіміздің қайсымыздың құнымыз басымырақ болмақ? Бірақ, оллаһи шыным, мен 
бұдан былай сендерге капитан болғым келмейді. Кімді сайласаңдар, оны сайлаңдар! 
Осыған дейінгі көрген қорлығым да жетіп болды. 
— Сильвер болсын капитан, — деп бәрі жамырай айқайлап жіберді. — Шолақ сан 
болсын мәңгілік! Шолақ сан болсын капитанымыз! 
—  Ә-ә,  енді  әндеріңді  осылай  салдыңдар  ма?!  —деді  аспаз  айқайлап.  —Ендеше, 
Джордж,  айналайын  достым,  саған  келесі  кезекке  дейін  күте  тұруға  тура  келеді. 
Жамандықты  жіпке  тізбейтін,  еске  сақтамайтын  әдетім  бар,  соған  рахмет  айт! 
Мінезім  жұмсақ,  жүрегім  қайырымды.  Ал  енді  мына  қара  таңбаны  қайтпекпіз, 
достарым?  Енді  бұл  кәдеге  аспай  қалды  ма,  қалай?  Бостан-бос  Дик  күнәһар  болып 
қалды-ау, Тауратын харамдап алды, соның бәрі зая кеткені ме? 
—  Мүмкін,  әлде  де  ант  берген  кезде  қолдануға  жарaп  қалатын  шығар?  —  деп 
сұрады Дик, ол өзі Тауратты қорлағаны үшін қатты сескенетін тәрізді. 
— Бір парағы қиылып алынған Таурат па? — деп Сильвер шошып кетті. — Айта 
көрме! Бұнда қазір не қасиет қалды, бұл да бір, өлең кітап та бір. 
—  Дегенмен,  тастамаған  жөн  шығар,  мүмкін,  бір  қажетке  жарап  қалар,  —  деді 
Дик. 
— Ал мына біреуді сен ал, Джим, ескерткіш болсын,  — деді Сильвер маған қара 
таңбаны беріп жатып. 


Өзі кронның үлкендігіндей ғана екен. Дик Таураттың ең соңғы парағынан қиып 
алған  болса  керек,  бір  беті  ақ  күйінде,  екінші  бетінде  Апокалипсис  дұғасының  екі 
өлеңі  басылыпты.  Айтпақшы,  "Төбеттер  мен  қанішерлер"  деген  екі  сөзі  есімде 
қалыпты.  Мәтін  басылған  бетіне  күйе  жағылып  қарайтылған  екен,  қолымды 
күйелеп алдым. Ал таза бетіне көмірмен: "Құлатылдың" деген сөз жазылыпты. 
Қазір  сол  қара  таңба,  міне,  менің  алдымда  жатыр,  бірақ  көмірмен  жазылған 
жазудың орнында тек тырнақпен сызылғандай ғана із қалыпты. 
Бүгінгі  түннің  оқиғалары  осымен  аяқталды.  Ром  ішіп  алып,  біз  ұйқыға  кірістік. 
Сильвер  жаза  ретінде  Джордж  Мерриді  күзетке  тағайындап,  егер  бірдемеден  көз 
жазып қалар болсаң, ажалың менен болады деп қатты ескертті. 
Менің көпке дейін кірпігім ілінбеді. Бүгін өлтірген адамым ойыма орала берді, өз 
басымның  да  әлі  қауіпте  екендігі  туралы  ойлаймын,  бәрінен  бұрын  мына 
Сильвердің,  бір  жағынан,  қарақшыларды  ноқталап  ұстауға,  екінші  жағынан,  өзінің 
сілімтік  өмірін  сақтап  қалу  үшін  ретті  де,  жөнді-жөнсіз  әдіске  жүгінген  құйтырқы 
ойыны туралы ойладым. Ол өзі қорылға басып, қаннен-қаперсіз ұйықтап жатыр. 
Дегенмен де, соған қарап отырып, осы сорлыны аяғын  аттап басқан сайын өлім 
қаупі,  ал  елге  оралса,  тіпті  масқара  өлім  жазасы  күтіп  тұрғанын  ойлағанымда  бір 
түрлі аяушылық сезім оянып, жүрегім шымырлап кеткендей болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді