Қазына аралы роман бірінші бөлім. КӘрі қарақшы I тарау "Адмирал Бенбоу" трактиріндегі тарлан теңізші



Pdf көрінісі
бет30/37
Дата23.12.2021
өлшемі1.36 Mb.
#147077
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37
Байланысты:
Қазына-аралы (8-11 сынып)

XXVII ТАРАУ 


"Пиастрлар!"
82
 
Кеменің  қатты  ауғаны  соншалық,  діңгектері,  тіпті  тұп-тура  судың  үстіне  төніп 
тұр.  Мен  сырыққа  қонақтаған  тауық  құсап,  салингте  отырмын,  астыңғы  жағымнан 
шығанақтың  суы  көрінеді.  Мен  құсап  жоғары  көтеріліп  үлгермеген  Хендс  палубаға 
жақынырақ  еді,  суға  мені  мен  фальшборттың  аралығынан  құлады.  Қанды  көбік 
арасынан су бетіне бір рет қана қылтиып көрінді де, мәңгі бақи батып, жоқ болды. Су 
беті  тынышталғаннан  кейін  қарасам,  көрініп  жатыр.  Кеме  көлеңкесіндегі  тап-таза 
ақшыл құмның үстіне құлаған екен. Денесінің үстінен екі кішкене балық жүзіп өтті. 
Кейде  су  тербелген  кезде  қозғалып,  орнынан  тұруға  ұмтылып  жатқан  кісіге  ұқсап 
кетеді. Оның өзін тіпті екі рет өлді десе де болады: әрі оқ тиді, әрі суға тұншықты. Өзі 
осы арада мені өлтірмекші болып еді, енді дәл сол өзі таңдаған жерінде балыққа жем 
болатын болды. 
Жүрегім  айнып,  басым  айналып,  бойымды  бір  түрлі  үрей  биледі.  Арқамды, 
көкірегімді  қуалай  ыстық  қан  сорғалап  тұр.  Иығымды  діңгекке  шегелеген  әлгі 
қанжар қып-қызыл боп балқып, қызған темір сияқты, етімді күйдіріп қарып барады. 
Бірақ,  менің  қорыққаным  —  денемнің  ауырғаны  емес,  ондай  ауруға  мен  тіпті 
ыңқылдамай  да  үн-түнсіз-ақ  шыдар  ем,  менің  зәрем  ұшқаны  —  салингтен  құлап 
кетіп, анау әлі боцман жатқан тып-тымық жасыл судан бір-ақ шығам ба деген қауіп 
еді. 
Салингті  қос  қолдап  қатты  қысып  алғанмын,  енді,  тіпті  саусақтарым  сырқырай 
бастады.  Қорыққанымнан  көзімді  жұмдым.  Сәлден  кейін  аз-кем  ес  жиып,  жүрегім 
орнына түскендей болды, енді сабырмен бойымды биледім. 
Алдымен қанжарды суыруға әрекеттеніп көрдім. Бірақ әлде діңгекке  тым терең 
бойлап кірген бе, әлде өзім жүйкемді билей алмай отырмын ба, әйтеуір, оны суырып 
алуға шамам жетпеді. Тұла бойым қалш-қалш етіп, дірілдеп кеттім. Бір ғажабы — сол 
дірілдеп,  қалшылдағанымның  ақырында  өзіме  көмегі  тиді.  Қанжар  болмашы  ғана, 
бір қабат  терімді түйреп өткен екен, діріл қысып, селкілдеп тұрғанымда, жұқа тері 
жыртылып  кетті.  Қан  бұрынғыдан  бетер  сорғалай  жөнелді,  бірақ  оның  есесіне, 
әйтеуір,  өзім  босап  шықтым.  Ал  қамзолым  мен  көйлегім  болса,  олар  сол  діңгекке 
шегеленулі күйінде қалды. 
Бар  күшіммен  қатты  жұлқынып  қалып  едім,  біржола  босап  шықтым.  Палубаға 
кеменің  оң  жақ  кенересіндегі  арқандардан  ұстап  түстім.  Осының  алдында  ғана 
Израэль қолымен ұстаған анау арқандарға мені ешқандай күш жақындата алмас еді. 
Каютаға  түсіп,  жарамды  байлап  алғым  келді.  Жарам  кәдімгідей  қатты  ауыра 
бастады. Қаны әлі тыйылған жоқ. Бірақ пәлендей қауіпті жара емес, қолымды қалай 
қимылдатам  десем  де,  оған  бөгеті  жоқ.  Жан-жағымды  шолып,  байқап  көрдім.  Енді 
кемеге  мен  жалғыз  өзім  ғана  қожа  боп  қалдым,  сондықтан  кемедегі  ең  соңғы 
жолаушыдан — өліп жатқан О'Брайеннен құтылудың амалын ойластырғым келді. 


Ол сырғанап, фальшборттың қасына дейін жетті деп бұрын да айтып ем ғой. Сол 
жерде  ебедейсіз  жексұрын  бір  қуыршақ  құсап  сұлап  жатыр.  Үлкен  қуыршақ,  бойы 
тірі  адамның  бойындай,  бірақ  тіршілік  нышаны  жоқ,  өмірге  тән  жылылықтан 
жұрдай.  Өзім  бастан  кешкен  талай  жан  түршігерлік  оқиғалар  тұсында  өліктерге 
әбден  етім  үйреніп,  қазір  олардан  қорқуды  қойғанмын,  сондықтан  одан  құтылу 
маған  онша  қиынға  түскен  жоқ.  Белбеуінен  ұстап,  кебек  салған  қапшық  құрлы 
көрмей, көтердім де кеме кенересінен асыра лақтырып кеп жібердім. Күмп етіп суға 
құлады.  Басынан  ұшып  түскен  қызыл  қалпағы  су  бетінде  қалқып  барады.  Өлік 
құлағанынан  су  лайланып  кетіп  еді,  енді,  міне,  су  тынышталғанда  мен  олардың 
екеуін де — 0'Брайенді де, Израэльді де ап-анық көрдім. Екеуі қатар жатыр. Судың 
баяу  ағысы  екеуін  кейде  жаймен  тербетіп  қояды.  О'Брайен  жас  жігіт  болғанмен 
мүлдем жылтыр бас еді. Басы тақырайып, өзін өлтірген адамның тізесін жастанған 
күйі бейқам жайғасыпты. Екеуінің де үстінен кішкене балықтар жып-жып етіп әрлі-
берлі зулап өтіп жүр. 
Сөйтіп,  кемеде  мен  жалғыз  қалдым.  Міне,  су  кейін  серпіле  бастады.  Күн  едәуір 
еңкейіп  қалған  екен,  батыс  жағалаудағы  қарағайлардың  көлеңкесі  бұғазды  көктей 
өтіп, палубаға да жетіп қалыпты. Кешкі самал соқты, бұғазды шығыс жақтан биік екі 
шыңы  таласқан  үлкен  төбе  қолтығына  алып,  жел  өтінен  тасалап  тұрғанмен 
діңгектер мен арқандар гуілдеп, желкендер тарс-гүрс етіп жалпылдай бастады. 
Кемеге төнген қауіпті мен бірден түсіндім. Кливерлерді тез-тез жинап, палубаға 
түсірдім. Бірақ гротты түсіру оңай емес-тін. Кеме қисайған кезде, гик ернеуден асып 
түсіп, суға құлапты, тіпті оның бас жағы екі-үш футтай желкенімен қоса суға батып 
тұр.  Осыдан  келіп  жағдай  тіпті  қиындай  түсті.  Оның  бәрін  орын-орнына  келтіріп 
дұрыстау  менің  тіпті  де  қолымнан  келер  емес,  сондықтан  мен  батылым  барып  еш 
нәрсеге  де  жақындай  алмадым.  Ақыры,  пышағымды  шығарып,  фалдарды
83 
қидым. 
Гафель
84 
бірден  төмен  түсті  де,  ілініп  тұрған  желкеннің  бауыр  тұсы  судың  бетіне 
қалқып шыға келді. Бірақ қанша тырысқаныммен ниралға
85 
ештеме істей алмадым. 
Оған  әлім  жетер  емес.  Амал  қайсы,  "Испаньоланы"  бір  тағдырдың  өзіне  тапсырып, 
тастап  кетуіме  тура  келетін  сияқты.  Не  істей  алам,  қазір  менің  өзім  де  тағдырдың 
айдауына мойын ұсынған жанмын ғой. 
Сол екі ортада бұғаз үстін кешкі қараңғылық тұмшалай түсті. Батар күннің соңғы 
сәулелері  орман  арасын  көктей  өтіп  келіп,  король  шапанындағы  асыл-жақұт  тас 
құсап, кеме желкенінің әр жер, әр жерінде жалт-жұлт ойнайды. Салқын түсе бастады. 
Кейін серіпкен су азая берді, су азайған сайын кеме де құлаған бүйіріне қарай қисая 
түсті. 
Мен  кеменің  тұмсық  жағына  өтіп,  төмен  қарадым.  Кеме  тұмсығы  тайыз  жерде 
тұр екен, дегенмен сақтық істеп арқаннан қос қолдап ұстап, жаймен кеме ернеуінен 
асып  түстім.  Су  менің  белуарымнан  келді.  Құм  қатты  екен,  толқын  қазғылап 
тастапты,  сөйтіп,  мен  "Испаньоланы"  бір  бүйіріне  жантайып,  желкенін  су  шайған 
күйінде тастап, оп-оңай жағаға шықтым. Күн батты, қарағай басында жел шулайды. 


Сөйтіп,  менің  теңіздегі  бастан  кешкен  оқиғаларым  осымен  аяқталды.  Және,  сөз 
жоқ,  сәтті  аяқталды:  кеме  қарақшылардан  тартып  алынды,  енді  бізді  мұхитқа  тап 
осы қазір шығамыз десек те оған мүмкіндігіміз бар. Мен енді тезірек үйге, өзіміздің 
қамалымызға  оралып,  өзім  істеген  ерліктерім  туралы  мақтанғым  келіп өліп  барам. 
Маған,  сірә,  өз  бетіммен  кетіп  қалғаным  үшін  аздап  ұрсатын  болса  керек,  бірақ 
"Испаньоланы"  қолға  түсіргендігім  бәрін  де  жуып-шаюға  тиіс,  тіпті  капитан 
Смоллеттің өзі де менің ерліктерімді мойындамай қала алмас. 
Осындай  ойларға  беріліп,  көңіл  күйім  сондай  көтеріңкі,  ағаш  шарбаққа  бармақ 
болып жолға шықтым: өз ойымша, шарбақ ішінде баяғыша өзімнің достарым күтіп 
отыр.  Капитан  Кидтің  бұғазына  құятын  өзендердің  ішіндегі  ең  шығыс  жақтағысы 
қос  өркешті  төбенің  түбінен  басталатынын  мен  жақсы  білетінмін.  Сондықтан  мен 
өзенді  ең  жіңішке  жерінен  кесіп  өтпек  болып,  солға  қарай  бұрылдым.  Орман,  тіпті 
сирек екен. Бөктерді жағалай жүріп отырып, кешікпей төбенің шетін айналып өттім 
де, өзенді кешіп, арғы бетке шықтым. 
Бұл — менің Бен Ганнды кездестірген жерімнің дәл өзі боп шықты. Жан-жағыма 
жітірек  қарап,  өте  сақ  келе  жатырмын.  Тіпті  қараңғы  түсіп  кетті.  Төбенің  екі 
шыңының арасындағы шатқалмен келе жатып, жоғарғы жақтан жанған оттың алау 
сәулесін байқадым. Отты лаулатып жағып, сірә, Бен Ганн өзіне тамақ пісіріп жатқан 
ғой деп ойлап, ішімнен оның соншалық бейқамдығына таң қалдым. Шынында, мен 
көрген отты батпақ жанындағы өз лагерінен Сильвер де көріп қоймай ма? 
Барған  сайын  түн  қараңғылығы  қоюлана  түсті.  Табан  жолымды  әрең  тауып 
келем. Арт жағымдағы екі өркешті төбе мен оң жағымдағы Қарауыл Дүрбінің ұшар 
басын  ғана  адаспай  жүруіме  бағдар  тұтып  келе  жатыр  ем,  енді  олар  да  бірте-бірте 
қараңғыға сіңіп, көрінбей бара жатыр. Сирек жұлдыздар күңгірттеу жымың қағады. 
Қараңғыда бірде бұталарға сүрінем, бірде құм шұңқырларға түсіп кетем. 
Бір кез айнала алагеуімдене түскендей болды. Жоғары жаққа қарадым. Қарауыл 
Дүрбінің  төбесін  бозамық  сәуле  шарпыпты.  Төменіректе,  қалың  ағаш  арасынан 
аумақты,  күмістей  жылтыраған  үлкен  бір  дақ  байқадым  да,  ай  туған  екен  ғой  деп 
түйдім. 
Енді жағдайым жеңілдей түсті, шапшаңырақ жүрдім. Кей кез тіпті жүгіріп-жүгіріп 
алам,  өйткені  ағаш  шарбаққа  тезірек  жетсем  деп,  шыдай  алмай  келем.  Бірақ  қамал 
айналасындағы  орман  ішіне  кірісімен-ақ  сақтану  қажеттігі  есіме  түсіп,  сәл  баяулап 
қалдым. Осыншама ентелеп келе жатып, достарым жау деп қалып, оққа ұшсам, одан 
өкінішті не болмақ? Бастан кешкен бүкіл қым-қуыт сапарым зая кетпек пе? 
Ай барған сайын жоғарылап, көтеріліп барады. Орман ішіндегі алаң-алаңдардың 
бәрі  де  сүттей  жап-жарық  болды.  Алдыңғы  жағымнан,  ағаш  арасынан,  тағы  бір 
жарық  сәуле  пайда  болды,  ай  жарығына  ұқсамайды.  Қызарып  көрінеді,  от  сияқты, 
бірақ  кейде  қара  күңгірттеніп  кетеді.  Сірә,  бұл  кейде  түтін  сасып,  күл  көміп  кетіп 
тұрған жанған от шығар деп түйдім. 


Дегенмен, бұл өзі не болды екен, сайтан алғыр? 
Ақыры,  орманның  шетіне  шықтым.  Ағаш  шарбақтың  батыс  шетіне  ай  сәулесі 
түсіп  тұр.  Шарбақтың  қалған  жағы  және  үйдің  өзі  де  қараңғылық  құшағында,  тек 
кей тұстарын ғана күміс сәуле тіліп-тіліп өтіпті. Ал үйдің арт жағында лаулап үлкен 
от  жанып  жатыр.  Қып-қызыл  жалын  жұқа,  солғын  ай  нұрындай  емес,  ап-анық  боп 
сүйреңдеп  көрінеді.  Тірі  жан  жоқ.  Жым-жырт.Тек  ара-тұра  самал  тербеткен  ағаш 
сыбдыры ғана естіліп кетеді. 
Әрі  таң  қалып,  әрі,  сірә,  қорыққанымнан  да  болса  керек,  тоқтай  қалдым.  Біз 
ешқашан мынадай үлкен от жақпайтынбыз. Капитанның бұйрығын орындап, дайын 
отынды үнемдеуге тырысатынбыз. Мен жоқ кезде достарым бір полеге ұшырамаса 
жарар еді деп үрейлене бастадым. 
Үнемі көлеңке қуалап, сақтана жүріп отырып, бекіністің шығыс жағына өттім де, 
ең бір қараңғы тұсын таңдап алып, шарбақ үстінен асып түстім. 
Босқа азан-қазан жасап қайтем деп, төрт аяқтап, үн-түнсіз үйдің бұрышына қарай 
еңбектедім.  Бір  кез  жаным  жай  тапқандай  болды.  Жалпы  өзім  қорылдағанды 
жеккөруші  ем;  қорылдап  ұйықтайтын  адамдар  —  мен  үшін  барып  тұрған  азап 
болатын. Бірақ тап осы жолы достарымның қаннен-қаперсіз қорылға басып, тыныш 
ұйықтап  жатқаны  әсем  сазды  музыкадай  жаныма  жаға  түсті.  Ашық  теңізде  келе 
жатқандағы кезекші матростың: "Бәрі де орын-орнында!" деген түнгі айқайы қалай 
құлаққа жағымды естілетін болса, мына қорыл да мені солай тыныштандырып, ұнай 
түсті. 
Бір анық байқағаным — ешқандай күзет қойылмапты. Егер қазір менің орныма 
бүкіл қарақшыларымен бірге білдірмей Сильвер келсе ғой, мыналардың ешқайсысы 
да  таңға  жетпестен  о  дүниеге  аттанар  еді.  Бәрі  де  сол  капитанның  жарақаттанып 
қалғанының  салдары  ғой  деп  ойладым.  Күзетке  қоятын  кісілері  де  жоқ,  осындай 
қиын шақта достарымды тастап кетіп қалғаным — ерсілеу болды-ау деп өзіме-өзім 
ренжідім. 
Есікке келіп, мойнымды созып, іш жаққа көз салдым. Үйдің іші өте қараңғы екен, 
ештеме  ажыратып  көре  алмадым.  Қорылға  қоса  қанатын  қаққан  құстың  ба,  әлде 
бірдемені тоқылдатып шоқыған құстың ба, әйтеуір, тағы да бір дыбыс естіледі. Екі 
қолымды  ілгері  созып,  сипалап  үйге  кірдім.  "Өзімнің  әдеттегі  орныма  барып 
жатайын, — деп жымиып күліп қоям, — таңертең мені көргенде, барлығы қалай таң 
қалар екен?!" 
Біреудің  аяғына  сүрініп  кеткенім.  Ұйықтап  жатқан  әлгі  кісі  екінші  жанбасына 
аударылып түсті де, ыңырсып, ыңқылдап алды, бірақ, әйтеуір, ояна қоймады. 
Осы  арада  кенет  "Пиастрлар!..  Пиастрлар!  Пиастрлар!  Пиастрлар!  Пиастрлар!" 
деген  ащы  дауыс  қараңғыда  өршеленбесін  бе  келіп.  Тоқтау  жоқ,  құлағы  бұралған 


сағат  құсап,  даусын  сол  бір  қалпынан  еш  өзгертпестен,  қайталап  айта  берді,  айта 
берді. 
Бұл  —  Сильвердің  жасыл  тотысы  капитан  Флинт  болды.  Қанатын  қағып 
дыбыстаған  да,  ағаш  қабығының  кішкентай  сынығын  шоқып,  тоқылдатқан  да  сол 
екен.  Ешқандай  күзетшіңнен  кем  түспей,  ұйықтап  жатқандарды  бағып  отырған  да, 
менің  келгенімді  білдіріп,  бір  сарынды  жексұрын  даусымен  қоймастан  айқайлаған 
да тап соның өзі! 
Жасырынып үлгере алмадым. Тотының қатты, ащы даусын есіткен жұрт оянып-
оянып,  ұшып  түрегеліп  жатыр.  Мен  Сильвердің  даусын  таныдым.  Ол  бір  боқтап 
алып: 
— Кім бұл? — деп айқай салды. 
Мен тұра қашып ем, қараңғыда біреуге соқтығысып қалдым. Оны итеріп жіберіп 
ем,  бірақ  өзім  барып  со  бойда  басқа  біреудің  құшағына  еніп  кеткенімді  білмей  де 
қалдым. Ол қатты қысып ұстап алды. 
— Кәне, Дик, мында жарық алып келші, — деді Сильвер. 
Бір қарақшы жүгіре басып шығып кетіп еді, қолына шала ұстап, қайтадан кірді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді