Қазына аралы роман бірінші бөлім. КӘрі қарақшы I тарау "Адмирал Бенбоу" трактиріндегі тарлан теңізші



Pdf көрінісі
бет3/37
Дата23.12.2021
өлшемі1.36 Mb.
#147077
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Қазына-аралы (8-11 сынып)

III ТАРАУ 
Қара таңба 
Түске таман мен салқын сусын ішкізейін, дәрі берейін деп капитанға кірдім. Сол 
өзіміз  қалдырған  күйде  жатыр,  тек  сәл  жоғарырақ  жылжыпты.  Едәуір  әлсіреген 
тәрізді және әлденеге қатты тынышсызданатын да сияқты. 
—  Джим,—  деді  ол,—  осындағылардың  ішінде  адамға  татитыны  тек  өзің 
ғанасың.  Мен  сені  әманда  жақсы  көргенмін,  мұны  өзің  де  білесің.  Ай  сайын  төрт 
пенстен күміс беріп тұрдым ғой. Енді достым, мінеки, аурумын, әрі жұртта қалғандай 
жалғызбын. Джим, бір сапты аяқ ромды аямассың менен, солай емес пе? 
—  Доктор..,  —  деп  түсіндірмек  болып  ем.  Ол  бірақ  қатты  ашуланып,  докторды 
әлжуаз даусымен сыбай жөнелді. 
—  Доктор  атаулы  құрлықтан  басқа  ештеме  көрмеген  көртышқан  емес  пе?  Ал 
сіздердің  ана  докторларыңызды  алайық  —  ол  теңізшілер  жайында  не  білуші  еді? 
Мен  өмірімде  талай  ел,  талай  жер  көрдім:  жұрт  Сары  Джектен

қырылып  жататын 
ауасы  қайнаған  қара  майдан  да  ыстық  жер  сілкінгенде,  құрлығыңның  өзі  теңіздің 
толқынынан бетер шайқалатын ғажайып жерлер бар, мен сол жерлерде де болдым. 
Ал  сіздердің  әлгі  докторларыңыз  ондай  жерлер  туралы  не  біледі?  Менің  жанымды 
алып қалған да тек осы ром, иә, ром!.. Мен үшін ет те, су да, әйелім де, досым да  — 
осы  ром  болды.  Ал  қазір  ром  ішпейінше,  дауыл  лықсытып,  жағаға  шығып  қалған 
кемедей  бейшара  болам  да  қалам.  Сонда  менің  обалым  саған  болады,  Джим,  сосын 
әлгі көртышқанға, докторға болады... 
Осыны айтып тағы да боқтық сөздерді төкті-ай келіп. 
—  Міне,  көрдің  бе,  Джим,  саусақтарым  дір-дір  етеді,—  деді  ол  жыларман 
дауыспен  —  Дірілін  басуға  менде  дәрмен  бар  ма?  Бүгін  аузыма  бір  тамшы  ылғал 
тамған  жоқ.  Ал,  ол  доктор  дегенің  ақымақ,  шын  айтам.  Ром  ішпесем,  Джим,  көзіме 
әрнеме елестеп неғыларға білмеймін. Оллаһи, шыным, бүгін талай нәрсе елестеді де! 
Арт  жағымнан,  анабұрыштан,  маған  кәрі  флинт  көрінді.  Тірі  адамдай  ап-анық 
көрдім.  Ал  енді  көзіме  қайдағы-жайдағылар  елестей  бастаса  болды,  онда  мен  тура 
хайуанға  айналам  —  өзім  де  бір  қатал  тіршілік  кешкен  сорлымын  ғой.  Бір  стакан 
ішкеннен өле қоймаспын докторларыңыздың өзі де солай деді ғой. Джим, бір сапты 
аяқ ромың үшін алтын гинея
10 
берейін... 
Ол жалынып-жалпаюын үдете түсті, тіпті даусы қатты шыға бастады, әкем естіп 
қала  ма  деп  зәрем  кетті.  Сол  күні  әкем  тіпті  хал  үстінде  жатқан-ды.  Толық 


тыныштық  сақтау  қажет  еді.  Доктордың  бір  стакан  ром  капитанға  зақым  жасай 
қоймас дегені де бір жағынан қамшы болды. 
— Ақшаңыздың қажеті жоқ,— дедім мен, параға сатып алғысы келгені шамыма 
тиіп.— Әкеме қарыздар ақшаңызды төлесеңіз де жетер. Бір стакан ром берейін, бірақ 
содан қайтып сұраушы болмаңыз. 
Бір  стакан  ром  әкелдім.  Ашқарақтана  ұстай  алып,  дымын  қалдырмай  жұтып 
салды. 
—  Міне,  енді  жақсы  болды,—  деді  ол,  —  бойым  бірден  жеңілейіп  сала  бергенін 
қарашы. Айтшы, достым, мен төсек тартып қанша жатпақ екенмін, доктор не деп еді? 
— Ең бері дегенде бір апта, — дедім мен. — Одан кем емес. 
— Жай түссін, жай түскір!— деп айқайлап жіберді капитан. — Бір апта дейді! Бір 
апта  жатып  алсам,  олар  маған  қара  таңбаны  жеткізіп  үлгереді.  Тіміскілеп  жүріп, 
қайда екенімді біліп алыпты, өңкей ысырапшы, жалқау сорлылар, өздерінікін сақтай 
алмаған, енді өзгенікіне көз алартады. Шын теңізші сөйте ме? Мысалы, мені алайық: 
мен  ұқыпты  адаммын,  ешқашан  ақшаны  шашып-төккен  емеспін,  ал  жиған-
тергенімнен  айрылғым  да  келмейді.  Көр  де  тұр,  оларды  тағы  да  алдап  соғам.  Осы 
қайраңнан тайып тұрсам, шетінен бәрін тағы да жер соқтырармын. 
Осылай  деп  ол  иығымнан  тартып,  жайлап  төсегінен  тұра  бастады;  иығымды 
қатты  қысқаны  соншалық,  ауырсынғаннан  айқайлап  жібере  жаздадым.  Екі  аяғы 
ағаш  қалыптай  еденге  сылқ  ете  түсті.  Өршелене  сөйлегені  әрең  естілген  әлсіз 
даусына үйлеспейді. 
Кереуетіне  түрегеп  отырғаннан  кейін,  біразға  дейін  үн  шығара  алмады. 
Ақырында: 
— Мына доктор мені әбден құртқан екен... Құлағым шулап әкетіп барады. Жатуға 
көмектесші,— деді. 
Бірақ мен ұмтылып үлгергенше, төсегіне сылқ етіп құлады да, біраз үнсіз жатты. 
— Джим,— деді ол ақырында, — өткендегі теңізші бүгін көзіңе түспеді ме? 
— Қара Төбет пе?— деп сұрадым мен. 
—  Иә,  Қара  Төбет,—  деді  ол.—  Ол  —  өте  жаман  кісі,  ал  оны  жіберіп  отырған 
басқалары  одан  да  өткен  малғұндар.  Джим,  егер  мен  бұл  жерден  кетіп  үлгермей 
тұрып,  олар  маған  қара  таңбаны  жеткізді  бар  ғой,  онда  есінде  болсын,  олардың 
көздегені — менің мына сандығым. Онда атқа міне сал да... Сен атқа міне аласың ғой, 
иә?  Иә,  онда  атқа  міне  сал  да,  бар  пәрменіңмен  шауып  отырып...  Әй,  енді  маған 
бәрібір ғой... Иә, онда шауып отырып әлгі көртышқанға жет... Әлгі анау қарғыс атқыр 
докторды  айтам...  барлық  матростарын  —  өзінің  сот  мүшелерін  палубаға  жинасын 


да,  "Адмирал  Бенбоудың"  үстінде  менің  барлық  қонақтарымды  —  кәрі  Флинттің 
бүкіл  бас  кесерлерін  —  қаншасы  тірі  қалса  да,  бірін  қалдырмай  түгелдей 
тапжылтпай келіп бассын. Мен кәрі Флинттің ең тәуір штурманы болғанмын. Иә, ең 
тәуір  штурманы  болдым  және  ол  жердің  қайда  екенін  жалғыз  мен  ғана  білемін 
Флинт осы қазіргі мен құсап Саваннада өлім халінде жатып, бәрін маған өзі берген 
болатын. Ұқтың ба? Бірақ қара таңба келмей тұрып немесе Қара Төбеттің, әлде анау 
жалғыз  аяқтеңізшінің  келгенін  өз  көзіңмен  көрмей  тұрып,  ешқандай  әрекет 
істемегейсің. Басқаларынан гөрі сол жалғыз аяқтан сақтаныңқыра, Джим. 
— Капитан, сол қара таңба деген не нәрсе өзі?— деп сұрадым. 
— Ол  — ескерту тәрізді нәрсе, достым. Олар әкелер болса, өзіңе айтармын. Тек, 
Джим, олардан өзің көз жазып қалып жүрме, сонда бәрін өзіңмен қақ жара бөлісем, 
бұны шын уәдем деп біл. 
Даусы бірте-бірте міңгірлей түсіп, ақыры, сөзінен алжаса бастады. Дәрі беріп ем, 
бала құсап қағып салды. 
— Бір де бір теңізші дәріге тап қазіргі мендей зәру боп көрмеген шығар. 
Кешікпей  ол  есеңгіреп,  талықсып  кеткендей  болды  да,  мен  оны  оңаша 
қалдырдым. 
Бәрі  өз  қалпымен  осылай  жүре  берген  жағдайда  не  істер  ем,  оны  өзім  де 
білмеймін.  Капитан  өзінің  сырын  айтып  қойғанына  өкініп,  мені  өлтіріп  тастай  ма 
деп  те  қорыққанмын,  сондықтан,  сірә,  бар  естіп-білгенімді  докторға  айтқан  болар 
едім  деп  ойлаймын.  Бірақ  жағдай  басқаша  қалыптасты.  Кеште  кенет  әкем  байғұс 
дүние  салды,  енді  біз  үшін  басқа  дүниенің  бәрі  ұмыт  болды.  Әкемнің  қайғысы, 
көршілеріміздің келім-кетім көңіл айтуы, әкемді жерлеуге байланысты қам-күйбең, 
24  трактирдің  күйкі  тіршілігі  —  осының  бәрі  капитан  жайлы  ойлауға  да,  одан 
қорқуға да еш мүмкіндік бермеді. 
Келесі  күні  таңертең  ол  дәнеме  болмағандай  төменге  түсті.  Үйреншікті 
уақытында  тамағын  ішті,  бірақ  тәбеті  тартпай  отырғаны  байқалады,  есесіне  мас 
болмағандықтан,  сірә,  әдеттегісінен  көбірек  ішті  ме  деп  қорқам.  Танауын 
шуылдатып,  жөткірініп,  ашу  шақырып  тұр  екен,  сондықтан  шамадан  тыс  ішпе  деп 
басу  айтуға  оған  ешкімнің  де  батылы  бармады.  Кешке  қарай,  әкемді  жерлер  шақ 
жақындай  түскен  кезде,  ол  әдеттегісінше  мас  болып  та  үлгерді.  Қара  жамылған 
қайғылы үйімізде оның бейбастақ, барылдақ әнін есту жиіркенішті-ақ еді, ол қанша 
әлсіз болса да, біз одан зәре-құтымыз қалмай қорықтық. Көмейіне құм құйып, оның 
аузын аштырмайтын жалғыз-ақ доктор еді, ол бүгін жоқ: оны бірнеше миль жердегі 
бір  ауру  адамға  шақырып  әкеткен  екен,  әкем  қайтыс  болғалы  ол  біздің  үйіміздің 
босағасын да аттаған емес. 
Капитан  әлсіз  жатты  деп  айттым  ғой.  Айығып,  тәуір  бола  алмағаны  былай 
тұрсын,  тіпті  бұрынғысынан  да  меңдей  түскендей  басқышпен  әрең  көтеріледі, 


залдан  діңгекке  қарай  жүрсе,  теңселіп,  бұлғақтап  әзер  жетеді.  Кейде  теңіздің 
ашқылтым  ауасын  жұтпақ  боп,  есіктен  тысқа  басын  шығарса,  құлап  кете  жаздап, 
қабырғаға  жармасады.  Тырмысып  биікке  өрмелеген  адамдай  ентігіп,  демін  екі 
иінінен алады. 
Менімен  өткендегіден  қайтып  сөйлескен  жоқ,  сірә,  сол  жолы  іш  тартып,  сыр 
айтқанын  ұмытып  та  қалған-ау  деймін.  Бірақ  сонша  әлсірегеніне  қарамастан, 
бұрынғыдан бетер шырт етпе, ашушаң болып кетті. Мас болып ішіп, кездігін суырып 
ап,  алдына,  стол  үстіне  тастайды.  Айналадағы  ешбір  жанға  елең  етпестен,  ойға 
шомып, әлем-тапырық күйде сандырақ елестеріне елтіп отырады келіп. 
Бірде  деревня  тұрғындары  айтатын  бір  махаббат  әнін  ысқырып  әндетіп, 
бәрімізді  таң  қалдырғаны  бар.  Сірә,  жас  шағында,  теңізші  боларының  алдында 
үйренген әні болса керек. 
Келесі  күні  тұман  түсіп,  ауа  райы  сұрықсыз,  салқын  болды;  сағат  түскі  үштер 
шамасында  есік  алдына  шығып,  босаға  жанында  әкем  есіме  түсіп,  жабығып 
тұрғанмын. 
Кенет  жол  бойымен  ілби  басып,  жаймен  келе  жатқан  біреуді  көзім  шалды. 
Алдындағы  жолын  таяқпен  шұқылап,  бағдарлап  келе  жатқанынан  соқыр  екені 
көрініп  түр.  Мұрнының,  көзінің  үстін  көлегейлеп,  жасыл  қалқан  байлап  алған. 
Кәрілік  жеңіп  пе,  әлде  ауру  меңдетіп  пе,  әйтеуір,  екі  бүктеліп,  бүкірейіп  кеткен, 
үстіндегі тозығы жетіп, алба-жұлба болған матрос шекпені одан сайын сиқын бұзып 
тұр.  Өмірімде  мұндай  ұсқынсыз  қорқынышты  адам  көрсем  не  дейсіз!  Трактирге  аз 
ғана жер қалғанда, әлгі кісі кідіріп, даусын соза, мұрнынан мыңқылдай сөйлеп: 
—  Өзінің  отаны  —  Англияны  жан  аямай  қорғау  үстінде,  қайран  екі  көзінен 
айрылған  бейшара  соқыр  кісіге  қазір  қай  жерге  келіп  тұрғанын  айтып  жіберетін 
қайырымды біреу табылар ма екен? — деп, құла дүзге бет алды айқай салды. 
—  Үлкен  кісі,  Сіз  Қара  Төбе  шығанағындағы  "Адмирал  Бенбоу"  трактирінің 
қасында тұрсыз,— дедім мен. 
—  Даусыңызды  естідім,  —  деді  шал  мыңқылдап,—  жас  адамның  даусы. 
Қайырымды жас жігіт, маған қолыңызды беріп, осы үйге ертіп кіріңізші! 
Қолымды ұсынып ем, әлгі маймөңкелеп тұрған көзсіз жексұрын шап беріп ұстай 
алды да, қысқаштай қыса түсті. 
Зәрем кеткені сонша, қаша жөнелгім келді. Бірақ соқыр кісі жұлқып, өзіне қарай 
тартып қалды. 
— Ал, бала, енді мені капитанға алып бар,— деді. 
— Сэр,— дедім мен, — сенсеңіз, бар шыным, мен қорқам... 


— Қорқам дейсің бе?— деп мырс етті ол.— Солай де! Қорқам дейсің! Дереу алып 
бар қасына, әйтпесе қолыңды сындырамын! 
Осылай деп қолымды бұрап қалып еді, жан даусым шыға шыңғырып жібердім. 
—  Сэр!—  дедім  мен,—  қорыққанда  өзім  үшін  емес,  сіз  үшін  қорқамын.  Капитан 
қазір  бұрынғы  капитан  емес.  Кездігін  қынынан  суырып,  дайын  отыр.  Оған  бір 
джентльмен келіп кеткен еді, содан... 
—  Жүр  тез!—  деп, ол  сөзімді  бөліп жіберді.  Мұндай мейірімсіз, қатал,  жексұрын 
дауысты бұрын естісем, бұйырмасын! Қолымның ауырғанынан емес, оның даусынан 
зәрем  кетті.  Дегенін  істемесем  болмайтынын  түсіндім  де,  ромнан  басы  мең-зең 
болып отырған қарақшыға жолықтырмақ боп, залға қарай беттедім. Соқыр темірдей 
саусақтарын  қолыма  батыра  түсті.  Маған  сүйеніп,  бар  салмағын  салғанда, 
тәлтіректеп, құлауға шақ қалдым. 
— Тура өзіне алып бар, ал ол мені көрген бойда: "Билли, міне, сіздің досыңыз",— 
деп қатты дауыстап айт. Айтқанымды істемесең, мен былай етем! 
Осылай  деп,  қолымды  бұрап  кеп  жібергенде,  есімнен  тана  жаздадым.  Соқыр 
қайыршыдан зәрем ұшып келе жатып, капитаннан қорқуды да ұмытыппын, залдың 
есігін ашып, соқырдың айт дегенін қатты дауыстап айтып бердім. 
Бейшара  капитан  басын  көтеріп,  көруі-ақ  мұң  екен,  мастығынан  лезде  айығып 
кетті.  Бет  әлпеті  үрейлі  емес-ау,  шексіз  бір  азап  нышанын  танытқандай  болды. 
Орнынан тұрғысы келіп еді, соған да дәрмені жетпеген сияқты. 
— Ештеме етпес, Билли, отырған жеріңде отыра бер,— деді қайыршы.— Мен сені 
көре  алмағанмен,  қолдарың  діріл  қағып,  қалтырап  отырғанын  естіп  тұрмын.  Істің 
аты  іс  қой.  Оң  қолыңды  созшы...  Балақай,  қолын  менің  оң  қолыма  таман 
жақындатшы. 
Екеуміз  де  оның  дегенін  істедік.  Таяқ  ұстаған  қолынан  бірдемені  капитанның 
алақанына салып жатқанын байқадым,— капитан алақанын дереу жұмып алды. 
— Іс тынды,— деді соқыр. 
Осыны  айтар-айтпаста  ол  мені  босатты  да,  жарымжан  кісіге  лайықсыз 
шапшаңдықпен қонақжайдан көз ілеспей ытқып шығып, жолға да түсіп үлгерді. Мен 
алыстап  бара  жатқан  оның  таяғының  тықылына  құлақ  түріп,  тұрған  жерімде 
тапжылмай қатып қалыппын. Капитан екеуміз есімізді жиғанша, едәуір уақыт өтіпті. 
Мен оның білегін қоя бердім, ол қолын өзіне тартып, алақанына қарады. 
—  Сағат  онның  кезінде  екен!—  деді  ол  даусын  саңқ  еткізіп.—  Алты  сағат 
уақытымыз бар. Біз әлі көрсетерміз оларға көресісін! 


Осыны  айтып,  ұшып  түрегеліп  еді,  есеңгіреп,  теңселіп  кетті,  қос  қолдап 
алқымына жармасты. Осылай тәлтіректеп сәл тұрды да, бар салмағымен нендей бір 
сөлекеттеу дыбыс шығара, еденге гүрс ете түсті. 
Қасына жүрелеп отыра кетіп, анамды шақырдым. 
Бірақ,  болары  болып  кетті.  Қаны  тасып  жығылған  капитан  табан  астында  жан 
тәсілім  етті.  Қайран  қалатыным  —  шынына  көшсем,  бұл  адамды  ешқашан  жаным 
жаратқан  емес,  бірақ  соңғы  кезде  байғұсты  бір  түрлі  аяйтынмын,  ал  енді,  міне, 
ақырғы демі бітіп, өлгенін көргенде, жылап жіберіппін. Бұл — мен көзіммен көрген 
екінші  қаза  еді,  ал  қабырғамды  қайыстырып,  жүрегімді  удай  ашытқан  әкемнің 
қазасының зәрлі тақсіреті әлі қайтып үлгермеген-тін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді