Қазына аралы роман бірінші бөлім. КӘрі қарақшы I тарау "Адмирал Бенбоу" трактиріндегі тарлан теңізші


II ТАРАУ  Қара төбет келді де кетті



Pdf көрінісі
бет2/37
Дата23.12.2021
өлшемі1.36 Mb.
#147077
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Қазына-аралы (8-11 сынып)

II ТАРАУ 
Қара төбет келді де кетті 
Ақырында,  бізді  капитаннан  құтқарып  тынған  жұмбақ  оқиғалардың  ең 
алғашқысы  кешікпей-ақ  бой  көрсетті.  Бірақ  кейін  өздеріңіз  де  көрерсіздер,  біз 
капитанның  өзінен  құтылғанмен  оның  әлі  де  талай  машақат  істерінен  құтыла 
қоймаған екенбіз. 
Қыс өте қатты болды, ұзаққа созылған қақаған аязды, дауылды-боранды күндер 
бітпей  тұрып  алды.  Әкем  байғұстың  биылғы  көктемді  көру-көрмесі  екіталай  екені 
бірден-ақ белгілі болған Күн санап науқасы меңдей берді. Трактир тіршілігі мамам 
екеумізге  қалды.  Жұмысымыз  онсыз  да  бастан  асып  жатқандықтан,  мазасыз 
мейманымызға онша көңіл бөле қоймадық. 
Қаңтар айының бір күні болатын, таңертеңгі мезгіл, аяз шатынап тұр. Шығанақ 
маңы  қырау  бүркеніп  алған,  аппақ.  Су  бетінің  болмашы  иірімі  жағадағы  қой 
тастарды  жиектеп,  еркелетіп  жалап  жатқандай.  Күн  көзі  әлі  көтеріліп  үлгермеген, 
сәулесі  тек  биік  төбелердің  ұшар  бастары  мен  сонау  алыстағы  айдың  бетін  ғана 
шарпиды. Капитан әдеттегісінен ерте оянып, теңіз жаққа бет алды. Тозығы жеткен 
көк шекпенінің даладай етегін қорбитқан кездігі байқалады. Қолтығында — дүрбісі. 
Қалпағын  желкесіне  қарай  ысыра  киіпті.  Аузынан  шыққан  будың  түтінше  будақ-
будақ  ұшып  бара  жатқаны  есімде  қалыпты.  Үлкен  жартастың  тасасына  түсе  беріп 
ызаланып, қатты кіжінгені келді құлағыма — сірә, доктор Ливсимен шекіскен кезін 
әлі ұмыта алмай жүрсе керек. 


Анам  жоғарыда,  әкемнің  қасында  болатын,  ал  мен  капитанның  қайтып  оралар 
тұсына дастарқан жайып, оған ертеңгі ас әзірлеп жатқанмын. Кенет есік ашылды да, 
бөлмеге бұрын ешқашан кездеспеген бір бейтаныс адам келіп кірді. 
Өңі қуқыл, сол қолының екі саусағы жоқ. Белдігінде көздігі болғанымен, түрінде 
жауынгерлік  айбар  сезілмейді.  Мен  әрдайым,  жалғыз  аяқты  болсын,  екі  аяқты 
болсын  мейлі,  әйтеуір,  теңізші  болса-ақ  ондайларды  мұқият  қадағалайтынмын,  ал 
мына  кісі  маған  тіпті  жұмбақ  көрінді.  Теңізшіге  ұқсастығы  шамалы,  әйтсе  де  оның 
теңізші екенін мен бірден сездім. 
Қонақтың  неменеге  зауқы  бар  екен  деп  сұрап  ем,  ол  ром  талап  етті.  Бұйрығын 
орындамақ  боп,  бөлмеден  жүгіре  басып  шығып  бара  жатқанмын,  стол  жанына 
жайғасқан  әлгі  кісі  мені  қасына  қайтадан  шақырды.  Сүлгім  —  қарымда,  тоқтай 
қалдым. 
— Бері кел, балам, — деді ол.— Жақынырақ кел. Мен жақын келдім. 
—Мынау,  сірә,  менің  тамырым  —  штурман  Биллиге

әзірленген  дастархан  ғой 
деймін? — деп сұрады қулана жымиып. 
— Ешқандай штурман Биллиді білмеймін, ал дастархан өзіміз капитан деп атап 
жүрген осындағы бір кісі үшін әзірленіп жатыр,— деп жауап қаттым. 
—- Оқасы жоқ,— деді ол,— менің досым штурман Биллиді де капитан деп атауға 
болады.  Одан  келіп-кетер  ештеңе  де  жоқ.  Бетінің  тыртығы  бар  шығар.  Және  өзі, 
әсіресе,  араққа  тойып  алған  кездерінде  тым  сыпайы  болар.  Әлгі  менің  жолдасым, 
штурман  Билли,  міне  тап  сондай  кісі!  Сіздердің  капитан  деп отырған  кісілеріңіздің 
де бетінің тыртығы бар сияқты. Және тап оң жақ бетінде... Демек, бәрі де ойдағыдай 
деген сөз, солай емес пе?! Сонымен, менің білгім келетіні — менің жолдасым Билли 
қазір үйде ме, жоқ па? 
Мен капитанның серуендеп кеткенін айттым. 
—  Қай  жаққа,  балам?  Қалай  қарай  кетіп  еді?  Мен  капитанның  күнде  барып 
жүретін жартасы жақты нұсқап, енді өзі де кешікпей келіп қалар дедім. 
— Қашан сонда? 
Тағы да осындай бірнеше сұрақ қойып, ол ақырында: 
—  Иә,  сөйтіп,  менің  жолдасым  Билли  мені  көргенде  арақ  көргеннен  кем 
қуанбас,— деді. 
Алайда,  мұны  айтқандағы  оның  бет  әлпеті  тым  сұсты  көрінгендіктен,  әй,  сірә, 
мұнымен кездескенде, капитан қуана қоймайтын шығар деп ойлауыма толық негіз 
бар еді. Бірақ менің ондағы жұмысым қанша деп өзіме-өзім сол бойда басу айттым. 
Және-дағы  мұндай  жағдайда  не  шара  істей  аларсың?  Әлгі  бейтаныс  кісі  трактир 


есігінің  алдында  міз  бақпай,  тышқан  аңдыған  мысықша,  үйдің  бұрышын  бақты  да 
тұрды.  Шарбақ  ішіне  шыққым  келіп  еді,  табан  астында  мені  қасына  шақырды. 
Қапелімде құлақ аса қоймап ем, қуқыл беті ашуға булығып, өзгеріп сала берді. Және 
жерден алып жерден салып боқтады-ай келіп, зәрем ұшқанынан кейін қарай ыршып 
түстім. Кейін қайтуым мұң екен, менімен тіпті бір түрлі жағымпазданғандай ма, әлде 
келеке  қылғандай  ма,  әйтеуір,  бұрынғысынша  сыпайы  сөйлесе  бастады:  арқамнан 
қағып, өзің жақсы бала екенсің, мен сені бірден жақсы көрдім деді. 
— Менің де өзіңдей балам бар еді,— деді ол,— ал сен соған егіздің сыңарындай 
ұқсайды  екенсің.  Әкелік  мақтаныш  тұтарым  —  сол  ұлым.  Бірақ  енді  ер  баланың 
басты  қасиеті  —  тіл  алғыштық  қой.  Солай,  балам,  тіл  алғыштық.  Егер  Биллимен 
теңізде  бірге  жүзіп  көрген  болсаң,  онда  ешқашан  екі  айттырмас  ең.  Билли  де, 
онымен  бірге  жүзген  басқалар  да  берілген  бұйрықты  ешқашан  екі  қайталатып 
көрмеген.. Әнеки,  штурман  Биллидің  өзі  де  келе  жатыр,  қолтығында  дүрбісі  бар,  о, 
құдай,  жар  бола  көр  оған!  Жүр,  балам,  қайтадан  ішке  кіріп,  есік  артына  тығыла 
қалайық,  сөйтіп,  Биллиді  күтпеген  жерден  бір  қуантайық,  о,  құдай,  жар  бола  көр 
оған! 
Осылай  деп,  ол  мені  үлкен  бөлмеге  қақпайлап  кіргізіп,  бұрышқа,  өзінің  арт 
жағына жасыра қойды. Екеуміз де ашық есіктің қайырылысында тұрмыз. Өздеріңіз 
де  түсінген  шығарсыздар,  жағдайым  мәз  емес-ақ,  кәдімгідей  сескеніп  тұрмын,  ал 
енді бейтаныс қонақтың өзінің де үрейленіп тұрғанын сезгенде, одан сайын құтым 
қашты.  Ол  кездігінің  сабын  босатыңқырап,  қынынан  сәл-пәл  шығарып  қойды, 
тамағына  кептеліп  қалған  бір  кесек  бірдемені  жұта  алмай  тұрған  адамдай  әуре-
сарсаң бір қимыл жасайды. 
Ақырында,  есікті  сарт  еткізіп,  бөлмеге  капитан  енді,  жан-  жағына  бұрылып  та 
қарамастан тұп-тура өзіне арнап даярлаған үстінде ас толы столға қарай жүрді. 
— Билли!—деді бейтаныс кісі батырсынып, даусын қатқыл шығаруға тырысып. 
Капитан  өкшесімен  айналып  түсіп,  бізге  қарама-қарсы  тұра  қалды.  Күнге 
тотыққаны  зым-зия  ғайып  болып,  тіпті  мұрнының  ұшына  дейін  көгеріп  кетті.  Өңі 
аруақ, жын-шайтан, әлде тіпті бұдан да сөкет бірдеме көрген адамдай қуарып кетті. 
Лезде қартайып, бет-аузы шалбарлана қалғанда — шынымды айтсам, өзім тіпті оны 
аяп кеттім. 
— Билли, мені танымай қалдың ба? Кемедегі өзіңнің ескі досыңды, шынымен-ақ, 
танымай тұрсың ба, Билли?— дейді бейтаныс кісі. 
Капитан тынысы тарылғандай, алқынып аузын ашты. 
— Қара Төбет! —деді ол, ақырында. 
— Соның дәл өзімін,— деді сәл көңілдене түскен бейтаныс кісі.— Өзінің кемедегі 
ескі  досын,  "Адмирал  Бенбоу"  трактиріндегі  Билли  деген  досын  көріп  қайтпақ  боп 


келіп  тұрған  Қара  Төбет.  Ай,  Билли-ай!  Міне,  екі  тырнағымнан  бірдей  айрылдым, 
содан бері қанша заман өтпеді,— деді ол өзінің жарымжан қолын жоғары көтеріп. 
— Жарайды, іздеп келіп үстімнен түскен екенсің, міне, алдыңда тұрмын. Келген 
шаруаңды айт!— деді капитан. 
— Сол баяғы Билли қалпың екені көрініп-ақ тұр!— деді Қара Төбет.— Жөн айтып 
тұрсың,  Билли.  Мен  қатты  ұнатқан  мына  тамаша  балақай  маған  бір  стакан  ром 
әкеліп  берсін.  Содан  соң  қарсы  болмасаң,  екеуміз  ескі  достарша  кең  отырып, 
ағымыздан жарыла ашық сөйлесейік. Солай емес пе? 
Мен  шөлмек  алып  қайта  кіргенде,  екеуі  капитанның  столында  қарама-қарсы 
отыр екен. 
Қара Төбет есік жаққа таяу, бір қырын жайғасыпты, бір көзі ескі досында болса, 
екінші көзі есікте, қашып құтылу мүмкіндігін де ұмытпаған сыңайы бар: 
— Есікті айқара ашық қалдыр да, өзің кете бер,— деді ол маған. 
—  Бұл  —  сенің  саңылаудан  босқа  сығалап  әуре  болмауың  үшін,  балам,—  деп 
түсіндірді маған. 
Екеуін оңаша қалдырып, үлдірік жанына оралдым. 
Содан  құлағымды  қанша  тоссам  да  еміс-еміс  міңгірлегендерінен  басқа  ештеме 
ести  алмадым.  Бірақ  бара-бара  дауыстары  қаттырақ  шығып,  ақырында,  сөздері 
(көбінесе капитанның боқтық сөздері) анық естіле бастады. 
— Жоқ, жоқ, жоқ, жоқ! Бұл әңгіме осымен бітсін! Естідің бе?— деді, бірде капитан 
қатты айқайлап. Артынша: 
—  Егер  іс  насырға  шауып,  мен  дарға  асылар  болсам,  онда  сол  дар  ағашының 
астында  жалғыз  мен  емес,  бәрің  де  салақтайтын  боласыңдар!—  дегенін  де  естідім 
капитанның. 
Содан  кейін  кенет  көбесі  сөгілген  қаптан  ақтарыла  салғандай,  боқтық  сөздер 
төтеп  жаумасын  ба  кеп,  стол,  орындықтар  да  тасыр-тұсыр  құлап  жатыр,  болат 
қанжарлардың сарт-сұрт дыбыстары, жарақаттанған біреуінің жан ұшырған айқайы 
естілді. Сәлден кейін барып, алды-артына қарамай, есікке қарай зытып бара жатқан 
Қара Төбетті көрдім. Капитан қуып келеді. Екеуінің де кездіктері қолдарында. Қара 
Төбеттің  сол  жақ  иығы  қанға  боялған.  Тап  есікке  жеткен  кезде,  капитан  қашқынға 
кездігін ең соңғы рет өлтіре сұққысы кеп, қолын қатты сермеп кеп қалды: басын қақ 
айырып  өлтіретін  де  еді,  бірақ  кездігі  қапыда  "Адмирал  Бенбоудың"  үлкен 
жарнамасына тиді де, Қара Төбеттің жаны қалды. Жарнаманың төменгі жақтауында 
кездік ізін әлі күнге дейін көруге болады. Ұрыс осымен тынды. 


Жолға  жүгіріп  шыққан  Қара  Төбет  жарақатын  бұйым  көрместен,  көз  ілеспей 
зытып  барады,  тіпті  әп-сәтте-ақ  төбеден  әрі  асып,  көрінбей  кетті.  Капитан  есінен 
танған  адамша  жарнамаға  қадалған  күйі  қалшиып  қатып  қалыпты.  Содан  неше 
қайтара қолымен көзін сипап, үйге кірді. 
—  Джим,  ром  әкел!—  деп бұйырды.  Осыны  айтқанда,  өзі  бір  түрлі  теңселіп кеп, 
тіпті құлай жаздап барып, қолымен қабырғаға сүйенді. 
— Жарақаттанып қалғанбысыз?— дедім. 
— Ром әкел!— деп қайталады ол. —Тезірек бұл жерден таймасам болар емес! Ром, 
әкел, ром! 
Ромға жүгірдім, сасқалақтап жүріп шыныны сындырып, бөшкенің шүмегін ластап 
алдым. Бәрін жөнге келтіріп, басқа ыдыс тауып үлгергенше, ауыр бірдеңенің еденге 
гүрс етіп құлаған дыбысын естідім. Жүгіріп келсем, еденде ұзынынан сұлап капитан 
жатыр. Айқай-шу, төбелестен зәресі қалмаған анам маған көмектеспек боп төменге 
жүгіріп  түсті.  Екеуміз  капитанның  басын  сүйемелдедік.  Екі  иінінен  әзер  дем  алып, 
қиналып жатыр. Көзі жұмулы, беті қабарып, қызарып кеткен. 
— О, жасаған,— дейді анам.— Мұндай да масқара болармыз ба! Енді трактиріміз 
не күйге түспек? Байғұс әкең болса, қас қылғандай ол да ауырып жатқаны анау! 
Капитанға не жәрдем көрсетерімізді де білмейміз, бейтаныс кісімен жекпе-жекте 
өзі қатты жарақаттаныпты, енді оның өлетініне біздің еш шүбәмыз қалған жоқ. Ром 
әкеліп,  аузына  құйғым  келіп,  әрекеттеніп  көрдім.  Бірақ  жағы  қарысып  қалыпты, 
темірмен шегелегендей. 
Бағымызға қарай, есік ашылды да, ауру әкемді көріп кетуге соққан доктор Ливси 
кіріп келді. 
—  Доктор,  жәрдемдесе  көріңіз!—  дедік  екеуміз  бірдей.  —  Не  істейміз?  Қай 
жерінен жараланыпты? 
— Жараланыпты дейсіздер. Бекершілік! Ол жараланған болса, онда тіпті сен де, 
мен  де  жараланған  боп  шығармыз.  Қаны  тасып  талып  жатыр.  Қайтеміз?!  Өзіне 
ескерткен болатынмын... 
—  Миссис  Хокинс,  сіз  жоғарыға,  жұбайыңыздың  қасына  барыңыз  және 
мүмкіндігінше  оған  ештеме  айтпай-ақ  қойыңыз.  Ал  мен  қолымнан  келсе  мына  бір 
құдайға да, адамға да қажеті жоқ сорлыны ажалдан арашалап көрейін. Джим, маған 
шылапшын әкел. 
Мен  шылапшын  алып  оралғанымда,  доктор  капитанның  жеңін  түріп,  оның 
бұлшық еті білеудей, дырау қолын жалаңаштап үлгерген екен. Қолы бірнеше жерден 


шанышқыланып  жазылыпты.  Қарында:  "Бақытты  бол!",  "Сәт  сапар,  теңізші!", 
"Арманыңа жет, Билли Боне!" деген жазулар көгеріп көрінеді. 
Иығына  таман  дардың  суреті  салыныпты,  дар  астында  асылған  адам  тұзаққа 
ілініп салақтап тұр. Суретті, меніңше, бұл іске аса бір қанық адам салған. 
—  Әулиелік  сурет,—  деді  доктор,  дардың  суретін  саусағымен  нұқып.—  Ал  енді, 
Билли Боне мырза, шын атыңыз осы болса, қаныңыздың түсі қандай екенін көретін 
болдық... Джим, қан көргенде қорқатын әдетің жоқ па?— деп сұрады доктор менен. 
— Жоқ, сэр,— дедім мен. 
— Өте жақсы,— деді доктор.— Онда шылапшыныңды тос. 
Ол ланцетпен күре тамырын қиып жіберді. 
Капитан  қарауытқан  көзін  ашқанға  дейін  біраз  қан  ақты.  Докторды  танып, 
қабағын  түйе  қойды.  Мені  көргеннен  кейін  барып  сәл  тынышталған  сияқтанды. 
Кенет бетіне қаны теуіп, тұрғысы келіп жұлқынып: 
— Қара Төбет қайда?— деп айқайлап жіберді. 
— Бұл жерде өзіңіздің арқаңыздағы төбеттен басқа ешқандай төбет жоқ,— деді 
доктор.—  Ромды  тым  көп  ішетінсіз.  Міне,  айтқаным  келіп,  қаныңыз  тасыды.  Сізге 
жақсылық  істеу  ойымда  да  жоқ  еді,  бірақ,  міне,  көрден  суырып  алдым.  Ал,  мистер 
Боне! 
— Мен Боне емеспін, — деп бөліп жіберді капитан. 
— Бәрібір ғой,— деді доктор.— Менің бір Боне деген қарақшы танысым болған, 
атыңызды  еске  түсіріп,  бас  қатырып  қайтем  деп,  жай  айта  салғаным  еді.  Ендігәрі 
есіңізде  болсын,  бір  стакан  ромнан,  әрине,  өле  қоймассыз,  бірақ  сол  бір  стакан 
ішсеңіз-ақ ішкен үстіне іше бергіңіз келері айдан анық. Басыммен ант етейін, мына 
ішуіңізді  тыймасаңыз,  кешікпей-  ақ  өліп  тынасыз.  Түсіндіңіз  бе,  Тауратта 
айтылғанындай, жазмышта жазылған жайыңызға жетіп жығыласыз. Ал, кәне, тұрып 
көріңіз. Төсегіңізге жетіп алуға көмектесейін. 
Капитанды  әзер  деп  жоғарыға  көтеріп  шығарып,  төсегіне  жатқыздық.  Әбден 
әлсіреп, жастығына сылқ етіп құлай кетті. Есін шала-шарпы біледі. 
—  Ал  енді,  айтпады  демеңіз,  оллаһи  шыным:  сіз  үшін  "ром"  деген  сөз  де  бір, 
"ажал" деген сөз де бір,— деді доктор. 
Енді ол мені шынтағымнан ұстап, ауру әкем жатқан бөлмеге қарай жүрді. 
— Түк емес,— деді ол артымыздағы есік жабылар-жабылмастан. 


—  Қанын  едәуір  ағыздым,  енді  ол  біразға  дейін  тыныш  жатады.  Бір  аптадай 
төсегінен тұра алмас, ал бұның оған да, сіздерге де еш зияны жоқ. Бірақ та қайтадан 
осылай талып құлар болса, одан аман қалмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы