Қазына аралы роман бірінші бөлім. КӘрі қарақшы I тарау "Адмирал Бенбоу" трактиріндегі тарлан теңізші



Pdf көрінісі
бет16/37
Дата23.12.2021
өлшемі1.36 Mb.
#147077
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
Байланысты:
Қазына-аралы (8-11 сынып)

ҮШІНШІ БӨЛІМ. ҚҰРЛЫҚТА 
 
XIII ТАРАУ 
Менің құрлықта бастан кешкен оқиғаларым қалай басталды? 
Ертеңгісін палубаға шыққанымда, арал кешегідей емес, мүлдем басқаша көрінді. 
Жел тынғанмен, түнде біз едәуір ілгері жүрдік, енді біз шығыс жақ жағалауға аласа 
жиектен  жарты  мильдей  жерге  келіп  тоқтап  тұрмыз.  Аралдың  көпшілік  бөлігін 
басып жатқан орман қарауытып көрінеді. Төңіректің бірқалыпты тұтасқан сұрғылт 
реңін  ой  жерлердегі  құмдақ  жағалаудың  сарғыш  түсі  мен  қарағай  тәріздес  биік 
ағаштардың  жасыл  бояуы  ғана  арагідік  өзгертіп  тұр.  Кей  жерлерге  жалғыз-жарым 
боп,  қадау-қадау  боп,  кей  жерлерге  тұтасып  өскен  бұл  ағаштар  орман  деңгейінен 
оқшауланып  жоғарыдан  қарайды,  әйткенмен  де  аралдың  жалпы  көрінісі  көз 
тоқтатар  ештемесі  жоқ  сұрықсыз  екен.  Әр  төбенің  ұшар  басы  сүйірлене  біткен 
жалаңаш  құздар.  Төбелердің  жалпы  сырт  бітімі  мені  қайран  қалдырды.  Қарауыл 
Дүрбі  басқа  төбелерден  гөрі  үш  жүз  не  төрт  жүз  футтай  биік  екен  және  сыртқы 
болмысы  тіпті  қызық  көрінді,  беткейлері  тіп-тік  құлама  да,  нақ  ұшар  басы  бейне 
ескерткіш орнату үшін әдейі кесіп түсіргендей теп-тегіс, жайпақ. 
Мұхит  "Испаньоланы"  соншалық  шайқалтып,  теңселтіп  тұр,  шпигаттардан
55 
су 
атқылап  жатыр.  Рострлар
56 
мен  блоктар
57 
бір-біріне  тарс-тарс  соғылады.  Руль  оң 
жаққа  бір,  сол  жаққа  бір  соғылып,  бүкіл  кеме  жеп-жеңіл  ойыншық  тәрізді  секіріп 
басылып,  жаны  қиналып  үһлегендей,  сықыр-сықыр  етеді.  Мен  бакштагты
58 
шап 
беріп  ұстай  алдым  және  сол  бойда  жүрегім  лоблып  кетті.  Кеменің  теңіз  толқынын 
тіле-жара зырлап келе жататын жүрісіне үйреніп едім, ал қазір ол зәкірде тұр, бірақ 
соған  қарамастан  су  бетіндегі  құты  сияқты  қылт-қылт  етеді,  осынысынан  менің, 
әсіресе таңертеңгі ашқарын кезімде, жүрегім айнитын болып жүр. 
Не әсер еткенін қайдам — кеменің шайқалуы ма, әлде мынау сұрғылт орманның 
мұңлы  сиқы  ма,  анау  жалаңаш  құздардың  тұрпайы  көрінісі  ме,  әлде  тік  жағаға 
аяусыз  ұрғылаған  теңіз  толқынының айбарлы  сарыны  ма,  әйтеуір,  не  болғанда  да, 
ашық  күннің  бар  әлемді  ыстық  сәулесіне  көміп,  жарқын  нұрына  бөлеп,  құжынап 
жүрген, теңіз құстарының алуан түрлі дауысқа салып, су үстінде балық аулап, самғап 
жүргеніне  қарамастан,  көңілім  жабырқау  тартып,  еңсем  басылып  кетті:  ал, 
шынында, ашық теңізде сарылып ұзақ жүзгеннен соң құрлықты көргенде қай адам 
болса да қуануға тиіс қой. Қазына аралын алғаш көргеннен-ақ оны суқаным сүймеді. 
Бүгін таңертең бізді ауыр жұмыс күтіп тұрды. Күн желсіз, тымық, сондықтан суға 
бірнеше қайық түсіріп, үш-төрт мильдей жерге верп
59 
көмегімен жылжытып отырып, 
мүйісті  айналып  өтіп,  кемені  Қаңқа  аралының  арғы  жағындағы  жіңішке  бұғазға 
кіргізуімізге тура келді. 


Маған  тірелген  жұмыс  жоқ  еді,  сонда  да  қайықтардың  біріне  барып,  мен  де 
міндім.  Күн  ыстық,  күйдіріп  тұр,  ауыр  жұмысқа  лағынет  айтып,  матростар  үнемі 
күңкілдеумен  болды.  Біздің  қайығымызды  Эндерсон  басқарып  еді.  Жұртқа  басу 
айтудың  орнына,  ол  өзі  қосыла  күңкілдеп,  боқтық  сөзді  басқалардан  да  асырып 
түсірді. 
— Жарайды, — деп, мықтап бір боқтап алды. — Кешікпей- ақ тып-типыл болар 
бәрі де. 
"Жақсылық нышаны емес",  — деп түйдім ішімнен. Бұған дейін жұрттың бәрі де 
бар  ынтасын  салып,  жұмыстарын  жақсы  істеп  келіп  еді.  Аралдың  көрінуі-ақ  мұң 
екен, тәртіп нашарлап сала берді. 
Ұзын  тұра  Джон  рульдегі  матросқа  кемені  жүргізуге  көмектесіп,  үнемі  соның 
қасында болды. Бұғазды өзінің бес саусағындай білетін ол өлшеп қараған жерлердің 
бәрінің де картада көрсетілгенінен терең шығып жатқанына еш қобалжу білдірмеді. 
—  Бұл  өзі  әуелде  мұхит  суының  кейін  серпуінен  пайда  болған  тар  бұғаз  ғой,  — 
деді  ол.  —  Су  кейін  серіпкен  сайын  күрекпен  қазғандай  етіп,  бұғаз  табанын 
тереңдете түседі. 
Біз  картада  зәкірдің  суреті  салынып,  белгіленген  жерге  келіп  тоқтадық.  Біз 
тұрған  жерден  үлкен  аралға  дейінгі  қашықтық  —  мильдің  үштен  біріндей  жер. 
Қаңқа аралына дейін де — мильдің үштен біріндей. Судың түбі тап-таза, қайраң құм. 
Тастаған зәкір тарс-гүрс етіп суға құлап түскенде, орманнан қарақұрымдай көп құс 
дүрліге көтеріліп, шулап, айналып ұшып жүрді. Бірақ, сәлден кейін-ақ барлығы ағаш 
арасына сіңіп, жоқ болды да, қайтадан жым-жырт тыныштық орнады. 
Бұғаз  жан-жағы  тұмшаланған,  жабық  екен.  Айнала  қоршаған  қалың  орманнан 
бұғаз, тіпті көрінбейді. Судың жиегінен-ақ орман басталады. Жағалау жайпақ, жазық 
жер.  Әріректе  амфитеатр  тәрізденіп,  төбе  бөктері  көрініп  тұр.  Тоған  суындай  тып-
тыныш  бұғазға  жағалары  шалшыққа,  батпаққа  айналған  екі  кішкене  өзен  келіп 
құйып жатыр. Өзен жағалауларында өсіп тұрған сарылы-қызылды әдемі өсімдіктер 
ауаға  түрлі  улы,  қолайсыз  иіс  таратып  тұрғандай  сезікті  әсер  қалдырады.  Кемеден 
қарағанда тұрғызылған құрылыс та, қоршаған шарбақ та көрінбейді. Оларды орман-
ағаштар  түгелдей  көлегейлеп  тұр,  егер  қолымызда  карта  болмаса,  мұхит  түбінен 
көтеріліп  арал  пайда  болған  сонау  заманнан  бастап  күні  бүгінге  дейін  бұл  жерге 
алғаш аяқ басқан тек біз болармыз деп, ойлауымыз да мүмкін еді. 
Ауа  тымық,  леп  білінбейді.  Тек  аралдың  екінші  бір  жақ  шетіндегі  жартастарға 
соғылып,  шағылысып  жатқан  толқын  сарыны  ғана  тыныштықты  бұзып  тұр.  Кеме 
маңынан бірдеменің борсығаны сияқты дымқылдықтан базданған жапырақтардың, 
шіріген  ағаштардың  қолайсыз  иісі  біліне  бастады.  Доктордың  үлесіне  шірік 
жұмыртқа  тиген  кісіше  бетін  тыржитып,  ауаны  иіскегіштеп,  өзімен-өзі  болып 
жүргенін байқадым. 


— Аралда қазына бар ма, жоқ па, қайдам, — деді ол, — бірақ безгек бар екеніне 
басымдағы паригіммен ант ете алам. 
Команданың  сыңайы  қайықта  отырғанымызда-ақ  мені  мазасыздандыра  бастап 
еді.  Енді  кемеге  оралғанда,  тіпті  асқына  түсті.  Матростар  өзара  сөйлесіп,  палубада 
әрлі-берлі  босқа  сенделеді.  Түкке  тұрғысыз,  болмашы  бұйрықтың  өзін  наразы 
тыңдап,  әрең-әрең  орындайды.  Наразылық  індеті  бейбіт  матростарға  да  жұқты,  ал 
жұртты  тәртіпке  шақыратын  бір  адам  табылмады.  Сөйтіп,  бүліншілік  толғағы 
жақындап, нажағайы жарқылдаған жауар бұлттай, басымызға қауіп төне түсті. 
Каютадағы  біздер  ғана  емес,  қауіп  төнгенін  басқалар  да  сезген  екен  Ұзын  тұра 
Джон бір топтан екінші топқа барып, бірде біреулерін үгіттеп, бірде өзі үлгі көрсетіп, 
тәртіп  бұзылмауына  барын  салып-ақ  жүр.  Елгезектік  білдіріп,  сыпайы  көрінуге 
тырысып,  жаны  қалар  емес.  Жұрттың  бәрімен  де  жымия  сөйлеседі.  Не  бұйрық 
айтылса да: 
—  Құп,  құп  болады,  сэр!  —  деп  көңілдене  дауыстап,  ағаш  аяғымен  шоқаңдай 
басып, алдымен Джон жүгіреді. 
Ал,  тіпті,  істейтін  еш  жұмыс  табыла  қоймаса,  басқа  матростардың  қабағы 
ашылмай, түнеріп  жүргені онша көзге ұрмасын деп, ән сала бастайды және бірінен 
соң бірін шұбыртып айтады. 
Осы бір қатерлі күнгі өзіміз көрген сорақылықтардың ішіндегі ең жиіркеніштісі 
— Ұзын тұра Джонның қылықтары болды. 
Біз кеңесуге каютаға жиналдық. 
— Сэр, — деді капитан, — мен бұйрық берсем-ақ бүкіл команда бізді бас салайын 
деп  отыр.  Жағдайды  өзіңіз  көріп  отырсыз  ғой,  сэр!  Қит  етсем,  анау  да,  мынау  да 
бетімнен  ала  түседі.  Дөрекі  сөзге  дөрекі  жауап  қайтарсам,  күл-талқанымызды 
шығарар еді. Ал жауап қайтармай, бәрін үнсіз басымнан асыра берсем, оны Сильвер 
байқап қалуы мүмкін де, тіпті тақырға отыруымыз ықтимал. Ал қазіргідей жағдайда 
иек артатын біздің бір ғана адамымыз бар. 
— Ол кім? — деп сұрады сквайр. 
—  Ол  —  Сильвер,  сэр,  —  деді  капитан.  —  Жанжал  шығып  кетпеуіне  ол  қазір 
бізден  кем  тырысып  жүрген  жоқ.  Аналардыкі  —  шолжаңдық,  ал  Сильверге  жағдай 
туғыза алсақ, мерзімінен бұрын бүлік шығармауға ол басқаларын көндіреді... Менің 
ұсынысым  —  қарақшыларын  тыпыр  еткізбей  көндіруіне  Сильверге  жағдай 
туғызуымыз керек. Ол үшін қыдырып қайтыңдар деп матростарды жағаға жіберейік. 
Егер  барлығы  түгел  кетсе  несі  бар...  онда  өзіміз  кемені  қолға  түсіреміз.  Ал  енді 
ешқайсысы  да  кетпей  қойса,  каютаға  кіріп  бекінеміз  де  қорғанысқа  көшеміз.  Егер 
жарым-жартысы ғана кетсе, көрерсіз де тұрарсыз, Сильвер оларды кемеге оралғанда 
қойдан жуас, тіл алғыш етіп әкеледі. 


Осы  байламға  тоқтадық.  Сенімді  адамдарға  оқтаулы  таланға  үлестіріп  бердік. 
Хантер Джойс, Редрут — үшеуіне ойластырған шешімімізді жасырмай айтып бердік. 
Бұл жаңалығымызды естігенде, олар онша таң қала қойған жоқ, біз күткендей емес, 
тіпті  жайбарақат  қарсы  алды.  Бұдан  кейін  капитан  палубаға  шығып,  командаға 
арнап сөз сөйледі. 
— Жігіттер! —деді ол. — Бүгін көп жұмыс атқардық, бәріміз де әбден шаршадық. 
Жағаға шығып, қыдырып қайту ешкімге де зиян бола қоймас. Қайықтар түсірулі тұр. 
Жағаға  барғысы  келетіндер  қайыққа  мінсін.  Күн  батуға  жарты  сағат  қалғанда 
зеңбірек атып өзім белгі берем. 
Әлгі ақымақтар қазынаны бізден бұрын-ақ тауып аламыз деп дәмеленген болса 
керек.  Салған  жерден  қабақтары  ашылып,  көңілденіп  кетті.  Олар  "ура"  деп  қатты 
айқайлап  жібергенде,  алыс  төбелерде  жаңғырығып  шошыған  құстар  тағы  да  дүр 
көтеріліп, аспанды айналып ұшып жүрді. 
Капитан  өте  дұрыс  жасады:  жағаға  саяхат  әбігерін  басқаруды  Сильверге 
тапсырды  да,  өзі  кетіп  қалды.  Оның  бұдан  басқа  істер  амалы  да  жоқ  еді.  Палубада 
қалса, әлі де түк түсінбеген адам болып көріне білуі неғайбыл болатын. 
Енді  бәрі  де  айдан  анық  түсінікті  болды.  Капитандары  —  Сильвер,  оның 
бүлікшілерден құраған командасы бар. Ал бейбіт матростар — (кемеде ондайлардың 
да бар екені анықталды) барып тұрған ақымақтар екен. Мүмкін, басшылары оларды 
да  бізге  қарсы  қойып  үлгерген  шығар,  бірақ  түбі  насырға  шабатын  іске  олар 
қатысқылары  келмеген  сияқты.  Тіл  алмау,  күңкіл  шығару,  жалқаулыққа  салыну  — 
бұл бір; кемені басып алып, кісі өлтіру, жазықсыздан-жазықсыз адамдардың қанын 
төгуге  ортақтасу  —  бұл  екінші  бөлек  қой.  Ұзақ  айтыстан  кейін  команда  былай 
бөлінді:  алтауы  кемеде  қалатын  болды,  ал  қалған  он  үші,  оның  ішінде  Сильвер  де 
бар, бөлініп-бөлініп қайықтарға міне бастады. 
Тап  осы  арада  мен  алғаш  рет  тәуекелге  бел  буып,  бір  күтпеген  әрекетке  қойып 
кеттім және осы қылығым кейін бізді ажалдан құтқарып қалды. Мен былай түйдім: 
Сильвер өзінің алты қарақшысын кемеге қалдырып бара жатқандықтан, біз кемені 
бәрібір басып ала алмаймыз. Екінші жағынан, олардың кемеде қалғандары тек алты 
кісі болғандықтан, менің қазір кемеде қажетім шамалы. Сондықтан мен аналармен 
бірге  жағаға  кетуді  ұйғардым.  Лезде  кеменің  ернеуінен  ырғып  түсіп,  ең  жақын 
тұрған  қайықтың  тұмсық  жағынан  кеп  мініп  алып  ем,  қайық  та  сол  бойда  жүріп 
кетті. 
Маған  мән  бере  қойған  ешкім  болған  жоқ,  тек  ескекте  отырған  ең  алдыңғы 
матрос: 
— Бұл — сенбісің, Джим? Сәл бұғыңқырап отыр, — деді де қойды. 


Бірақ,  қайықта  отырған  Сильвер  біздің  жағымызға  анықтап  қарай  түсіп,  мен 
екеніме  көзін  жеткізу  үшін  дауыстап  менің  атымды  атады.  Бұлармен  бірге 
кеткеніме, міне, осы сәтте өкінуіме тура келді. 
Қайықтар  жағаға  қарай  жарыса  жөнелді.  Бірақ,  мен  мінген  қайық  алдымен 
қозғалған  болатын.  Бұл  өзі  жеңіл,  жүрдек  қайық  екен  әрі  ескекке  отырғандар 
мықтырақ  болып  шықты  ма,  әйтеуір,  біз  бірден  екінші  қайықтан  озып  кеттік. 
Қайықтың тұмсығы жағаға тиісімен-ақ мен бұтақтан шап беріп ұстай алып, секіріп 
шықтым  да,  қалыңға  қойып  кеттім.  Сильвер  мен  оның  жолдастары  менен  жүз  ярд 
шамасы кейінде қалды. Оның: "Джим, Джим!" — деген айқайын естідім. 
Бірақ, оның айқайына қарайлаған мен жоқ, әрине. Алды-артыма қарамастан бұта 
біткеннен орғып, секіре, сындыра, қалың қау кездессе, арасына сүңги отырып, әбден 
әлім бітіп шаршағанша ілгері қарай жүгіре бердім, жүгіре бердім... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді