Қазына аралы роман бірінші бөлім. КӘрі қарақшы I тарау "Адмирал Бенбоу" трактиріндегі тарлан теңізші


IX ТАРАУ  Оқ-дәрі мен қару-жарақ



Pdf көрінісі
бет12/37
Дата23.12.2021
өлшемі1.36 Mb.
#147077
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37
Қазына-аралы (8-11 сынып)
IX ТАРАУ 
Оқ-дәрі мен қару-жарақ 
"Испанъоланың"  тұрған  жері  жағадан  едәуір  қашық  екен.  Оған  жету  үшін 
қайыққа  мініп,  кеме-кеменің  арасымен  әзер  дегенде  келеміз.  Алдымыздан  кейде 
кеменің  әр  түрлі  мүсіндер  бейнеленген  сәнді  тұмсық  жағы,  кейде  арт  жағы  шыға 
келеді. Кеме арқандары қайығымыздың астыңғы жағынан сықыр-сықыр етіп қалып 
жатыр. Төбемізден де салбырап төне қалады. Бізді өз кемемізде шапыраш көз, беті 
тотығып қарайған, құлағында сырғасы бар байырғы теңізші, штурман мистер Эрроу 
сәлем  беріп  қарсы  алды.  Сквайр  екеуінің  арасында  жақын  достық,  аса  сыйластық 
қарым-қатынас орнағанға ұқсайды. 
Бірақ, сквайрдың капитанмен келісе алмай жүргендігі де көрініп тұрды. 


Капитан тұйық мінезді кісі екен. Кемедегінің бәрі оның көңілінен шықпай жүрген 
көрінеді. Өзінің ренжу себептерін де жасырмай, бірден-ақ алдымызға жайып салды. 
Біз каютаға түсер-түспестен-ақ бір матрос келіп: 
— Сэр, капитан Смоллеттің сізбен сөйлескісі келеді,—деді. 
— Капитанмен сөйлесуге әрдайым әзірмін. Айт, осында келсін, — деді сквайр. 
Елшісінің соңынан іле-шала капитанның өзі де келе жатыр екен. Каютаға кірген 
бойда, есікті кілттеп алды. 
— Иә, капитан Смоллетт, не айтпақ едіңіз? Бүлінген ештеме жоқ шығар, әйтеуір? 
Шхуна сапарға дайын ба? 
—  Жағдай  мынадай,  сэр,  сізбен  араздасып  қалам  ба  деп  қорқып  тұрмын,  бірақ 
неде болса ойымды бүкпей, ашық сөйлескім келеді, — деді капитан. — Маған біздің 
осы экспедициямыз ұнамайды. Матростарымыз да, өзімнің көмекшім де ұнамайды. 
Бар айтарым осы. 
— Сэр, мүмкін сізге, тіпті кеменің өзі де ұнамайтын шығар? — деді сквайр, оның 
ашулы екенін байқап. 
— Теңізде жүзіп көрмей, шхуна туралы пәлен деу қиын, — деді капитан. — Кеме 
жаман жасалмаған сияқты. Бірақ, кесім айтуға әлі ерте. 
— Сэр, ендеше, сізге шхунаның қожасы — мына мен ұнамайтын болғанымдағы, 
— деді сквайр. 
Бірақ, оны доктор Ливси бөліп жіберді. 
—  Сабыр  етейік,  сабыр  етейік,  —  деді  ол.  —  Бүйте  берсек,  жанжалдан  басқа 
ештеме  де  таппаймыз.  Капитан  көп  жайды  білдірді,  бірақ  тым  шолақ  қайырды, 
сондықтан  бірер  түсініктеме  талап  етуге  қақым  бар...  Капитан,  сіз  ғой  жаңа  біздің 
осы экспедициямыз сізге ұнамайды дедіңіз, рас қой? Неліктен? 
— Мен өзім осы қызметіме мына джентльмен кемені қайда апар десе, сонда апару 
үшін  шақырылдым  ғой  деп  есептеймін,  ал  бірақ  сапарымыздың  мақсаты  жайлы 
маған ешкім ештеме айтқан жоқ, — деді капитан — Жақсы дейік, мен оны сұрап та 
жатпадым.  Бірақ,  кешікпей-ақ  кемедегі  ең  жаман  деген  матростың  өзі  де 
сапарымыздың мақсаты жайлы менен әлдеқайда көп білетіндігіне менің көзім әбден 
жетті. Меніңше, бұл - келісті нәрсе емес. Ал сізше қалай? 
— Меніңше де солай, — деді доктор Ливси. 
—  Содан  кейін  тағы  бір  білгенім  —  осы  сапарымызда  біз  бір  қазына  іздеп  бара 
жатқан  көрінеміз,  —  деп  жалғастырды  сөзін  капитан.  —  Есіңізге  сала  кетейін,  мен 
мұны  басқадан  емес,  өзімнің  қарамағымдағы  адамдардан  естідім.  Ал  қазына  іздеу 


сапары  деген  —  екіталай  кәсіп.  Жалпы  қазына  іздеу  деген  —  менің  қолым  емес, 
ондайға  тіпті  еш  құштарлығым  да  жоқ.  Әсіресе,  мынадай  құпия  әрекетке  кұштар 
емеспін  Және-дағы,  мистер  Трелони,  сіз  кешіре  көріңіз,  ол  құпияның  сырын  торда 
отырған тотыға дейін біліп алыпты. 
— Сильвердің тотысы ма? — деді сквайр. 
— Жоқ, бұл — жай мәтел ғой, — деді капитан. 
—  Құпияның  енді  ешқандай  құпиялылығы  қалған  жоқ  деген  сөз.  Меніңше,  сіз 
өзіңіз  кіріскен  осы  бір  ісіңіздің  қауіп-қатерін  әлі  де  жете  байыптамай  жүрсіз,  бұл 
тұрғыдағы өз пікірімді мен айтар болсам, сіз не өмір, не өлім дейтіндей қым-қиғаш 
шайқасқа киліккелі тұрсыз. 
— Бұл сөзіңіздің жөні бар, — деді доктор. — Біз тәуекелге бел буып отырмыз, бұл 
—  өте  қауіпті  іс.  Бірақ,  осы  қауіпке  бізді  жете  мән  бермей  жүр  деп  ойласаңыз  — 
оныңыз  қателескендігініз.  Әлгінде  команда  ұнамайды  дедіңіз,  солай  ғой?  Сонда 
қалай, сіздіңше, біз жинаған теңізшілердің тәжірибе жағы ма жетіспей жатқаны? 
— Солар маған ұнамай-ақ қойды. Турасына көшсем, команда құрастыруды маған 
тапсыру керек еді.. 
—  Таласым  жоқ,  —  деді  доктор.  —  Менің  досым  Трелони  екеуіңіз  команданы 
бірлесе отырып құрғандарыңыз жөн еді. Бірақ, сенсеңіз, бұл жай, кездейсоқ кеткен 
ағаттық. Әдейі істелген ештеме де жоқ. Сосын сұрағым келгені — сізге мистер Эрроу 
ұнамайтын сияқты, солай ма? 
—  Иә,  ұнамайтыны рас,  сэр. Оның  жақсы  теңізші екендігіне күмәнім  жоқ.  Бірақ, 
маған  жақсы  көмекші  болады  деу  қиын,  өйткені  команданы  бетімен  жіберіп  жүр. 
Қарауындағы  матростарымен  әмпей-жәмпей  болғысы  келеді.  Штурман  кемеде 
матростардан оқшау жүруге тиіс. Ал ол болса матростармен бірге арақ ішеді. 
— Сонда оны маскүнем демексіз бе? — деді сквайр. 
—  Жоқ,  сэр,  —  деді  капитан.  —  Менің  бар  айтқым  келгені  —  команданы  тым 
бетімен жіберіп жүр. 
—  Ал,  енді,  капитан,  турасын  айтыңызшы,  бізге  не  істе  дегіңіз  келеді?  —  деді 
доктор. 
— Осы сапарға шын бел буып отырғандарыңыз рас қой, джентльмендер? 
— Біржола, — деді сквайр. 
—  Өте  жақсы,  —  деді  капитан.  —  Мен  өзімнің  бұған  дейінгі  айтқандарымның 
ешқайсысын  дәлелдей  алмағанмен,  сіздер  шыдамдылық  көрсетіп,  сөзімді 
бөлмедіңіздер, ендеше, тағы да тыңдай түсіңіздер. Оқ-дәрі мен қару-жарақ кеменің 


тұмсық  жағына
28 
жиналып  жатыр.  Ал  бірақ  сіздің  каютаңыздың  астында  өте  бір 
қолайлы  орын  бар  екен.  Сол  араға  неге  жинамасқа?  Бұл  —  бір  деңіз.  Содан  соң  сіз 
сапарға  өзіңізбен  бірге  төрт  қызметші  алған  екенсіз.  Менің  естуімше,  сол 
қызметшілердің біреуін кеменің тұмсық жағына орналастырмақ көрінеді. Ал менің 
ойымша, қызметшілердің бәріне сіздің каютаңыздың қасынан неге орын таппасқа? 
Бұл — екі. 
— Үшіншісі де бар ма? — деп сұрады мистер Трелони. 
— Бар, — деді капитан. — Кемеде гу-гу әңгіме көп. 
— Рас, қысыр әңгіме көп екені рас, — деді доктор. 
—  Мен  сіздерге  тек  өз  құлағыммен  естігендерімді  ғана  айтайын,  —деп 
жалғастырды  капитан  Смоллетт.  —  Сіздерде  бір  аралдың  картасы  бар  деседі.  Сол 
картаның  крест  қойылған  жерлерінде  жасырылған  қазына  бар  көрінеді.  Енді  сол 
аралдың қайда орналасқанын айтайын. 
Капитан аралдың ендік, бойлықтарын айна қатесіз дәл айтып берді. 
— Бұл — менің түсімнен шықпаған нәрсе, — деп дауыстап жіберді сквайр. 
— Бірақ, бұны білмейтін кемеде бірде-бір матрос қалмапты, сэр, — деді капитан. 
— Сыр шашып алған сіз болдыңыз, Ливси, — деді сквайр. 
— Немесе, Хокинс, сенсің... 
— Сыр шашқан кім болса да енді оның бәрібір, — деді доктор. 
Менің  байқағаным  —  мистер  Трелони  қанша  ақталғанымен  доктор  да,  капитан 
да оған сенбеді. Ол жерде оған мен де сенгенім жоқ, өйткені оның, расында да, сөзуар 
адам екенін білетінмін. Ал қазір ойлап қарасам, сол жолы оның айтқаны шын екен, 
аралдың қай жерде екенін команда бізсіз-ақ біліпті. 
— Джентльмендер, мен картаның қайсыңызда екенін білмеймін, — деді капитан 
сөзін әрі қарай жалғастыра түсіп. 
—  Бірақ,  менің  талап  ететінім  —  карта  менен  де,  мистер  Эрроудан  да  құпия 
сақталатын болсын. Өйтпеген күнде мені жұмыстан босатуыңызды өтінемін. 
— Түсіндім, — деді доктор. — Сіз, біріншіден, басы артық, бос сөз тыйылса екен 
дейсіз.  Екіншіден,  кеменің  арт  жағын  берік  қамалға  айналдырып,  менің  досымның 
қызметшілерінің  бәрін  сонда  жинап,  кемедегі  бүкіл  қару-жарақ,  оқ-дәріні  соларға 
бергіңіз  келеді.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  кемеде  ереуіл  шығады  деп  қорқатын 
көрінесіз. 


—  Сэр,  —  деді  капитан  Смоллетт,  —  бұл  сөзіңізге  мені  ренжиді  деп ойламаңыз, 
бірақ  маған  өзім  айтпаған  сөзді  таңбағаныңызды  қалар  едім.  Ереуіл  шығатынын 
біле тұра, теңізге шығудан бас тартпаған капитанды кейін ешкім де ақтай алмас еді. 
Мистер  Эрроудың  адал  екеніне  менің  шүбәм  жоқ.  Матростардың  да  көбі  —  адал 
адамдар. Тіпті, шетінен бәрі адал жандар болуы да мүмкін. Бірақ, кеменің қауіпсіздігі 
үшін,  кемедегі  әр  адамның  өмірі  үшін  жауап  беретін  мына  менмін  ғой.  Кемеде  көп 
нәрсе дұрыс істелмей жатыр, тиісті сақтық шараларын қолданыңыз. Әйтпеген күнде 
мені жұмысымнан босатыңыз. Бар айтарым осы. 
— "Түйедей дегенім — түймедей болды" деген сөзді естігеніңіз бар ма еді? — деді 
доктор жымиып. — Кешірерсіз, сіздің мына әңгімеңізден сол мысал есіме түсіп кетті. 
Сіз  осында  алғаш  кіргеніңізде  бұл  айтқаныңыздан  әлдеқайда  көп  нәрсе  талап 
етерсіз деп, басымдағы паригіммен серт етуге әзір едім... 
— Доктор, сіз көреген адам екенсіз, — деді капитан. — Осында келгенде, мен есеп 
айырысуды  талап  етпек  боп  келіп  едім,  өйткені  мистер  Трелони  менің  бір  ауыз 
сөзімді де тыңдап жатпас деп бірден күдер үзіп келгенмін. 
—  Тыңдамаған  да  болар  едім,  —  деп  айқайлап  жіберді  сквайр.  —  Мына  Ливси 
болмағанда,  сізді  бірден-ақ  қуып  шығатын  едім.  Бірақ,  енді  не  десек  те  сіздің  бар 
әңгімеңізді тыңдап шықтым және бар айтқаныңызға көніп отырмын. Бірақ не пайда, 
сіз жөніндегі бұрынғы пікірім өзгеріп, енді тіпті нашар пікірде қалып отырмын. 
— Ол жағын өзіңіз біліңіз, — деді капитан. — Өзімнің тиісті міндетімді атқарып 
отырғанымды кейін түсінерсіз деп ойлаймын. 
Осыны айтып, ол шығып кетті. 
—  Трелони,  —  деді  доктор,  —  сіз  кемеге  екі  бірдей  адал  адам  шақырған  болып 
шықтыңыз:  біреуі  —  капитан  Смоллетт  те,  екіншісі  —  Джон  Сильвер:  бұл  өзі  мен 
күтпеген жағдай. 
— Сильвер жөнінде айтқаныңызға қосыламын, — деді сквайр. — Ал енді жаңағы 
өтірікші,  лепірме  капитанның  қылығы  ер  адамға  да,  теңізшіге,  қала  берді, 
ағылшынға да лайық қылық емес! 
— Жарайды, кімнің қандай екенін кезінде көрерміз, — деді доктор. 
Біз  палубаға  шықтық,  матростар  қару-жарақ  пен  оқ-дәріні  кеменің  арт  жағына 
таси  бастаған  екен.  Жұмыс  үстінде  олар  "хо-хо-хо!"  деп  ән  салады.  Капитан  мен 
мистер Эрроу бас-көз болып жүр. 
Біздерді  кемеде  басқаша  орналастырғандары  өте  ұнады.  Бүкіл  шхуна  қайта 
жабдықталып  шықты.  Кеменің  кейінгі  жағында  орта  трюмнің  бұрынғы  түпкі 
қабырғасына таяп, алты каюта жасалды, олар сол жақ кенеремен өтетін жол арқылы 
камбузбен
29 
де,  бакпен
30 
де  жалғастырылды.  Алғашында  бұл  каюталар  капитанға, 


мистер Эрроуға, Хантерге, Джойсқа және доктор мен сквайрға берілуге тиіс еді. Бірақ 
кейін  екі  каютаны  Редрут  пен  маған  берді  де,  мистер  Эрроу  мен  капитан  екеуі 
палубада,  төмен  өтер  жолдағы  тамбурға
31 
орналасты:  екі  бүйірінен  де 
кеңейтілгеннен  кейін  бұл  тамбур  кеменің  арт  жағындағы  рубкадан
32 
айнымай 
шықты.  Әрине,  ол  онша  кең  емес-тін,  бірақ  ішіне  екі  гамак  сыйып  кетті.  Тіпті, 
штурманның өзі де кемедегі орынжайдың осылай бөлінгеніне риза сияқты көрінді. 
Кім біліпті, мүмкін ол да командаға сенімсіздік білдіріп жүрген шығар. Бірақ, бұл — 
тек  менің  долбарым.  Өйткені  кешікпей  өздеріңіз  де  көрерсіздер,  штурман  шхунада 
ұзақ бола алған жоқ. 
Ең  соңында,  оқ-дәрі  тасып,  каюталарымызды  жөнге  келтіріп,  бар  ынтамызды 
сала  жұмыс  істеп  жатқан  кезіміз  еді,  жағадан  шлюпкаға,  міне,  ең  соңғы  матростар, 
олармен бірге Ұзын тұра Джон келді. 
Аспаз  кемеге  маймылдан  бетер  тез,  оп-оңай  мінді  де,  біздің  не  істеп 
жатқанымызды көрген бойда: 
— Әй, ағайындар-ау, бұларыңыз не? — деп айқай салды. 
— Оқ-дәрі салған бөшкелерді көшіріп жатырмыз, Джон, —деді бір матрос. 
— Оның не қажеті болыпты? — деді Ұзын тұра даурығып. 
— Енді судың ертеңгілік кейін қайтуына үлгермейтін болдық қой! 
— Олар мен берген бұйрықты орындап жатыр, — деп капитан оның сөзін бөліп 
жіберді. — Ал сіз, құрметтім, матростар кешкі астарын уақытында ішсін десеңіз, тез 
ас үйге барыңыз. 
— Құп болады, сэр, — деді аспаз қолын самайына апарып, шашына тигізді де, ас 
үйге сүңгіп жоқ болды. 
Бұл өзі бір тамаша кісі, капитан, — деді доктор. 
— Мүмкін, мүмкін, тамаша кісі болуы да мүмкін, сэр, — деді капитан Смоллетт. — 
Жігіттер, абайлаңыздар, абайлаңыздар! 
Бұдан  кейін  ол  оқ-дәрі  салған  кеспекті  домалатып  келе  жатқан  матростарға 
қарай жүрді. Кенет, ол менің кеменің орта тұсына орнатылған айналмалы зеңбіректі 
қарағыштап жайдан-жай тұрғанымды байқап қалып, тап берді. 
—  Әй,  юнга,  жоғал  бұл  жерден!  —  деді  ақырып.  —  Аспазға  бар,  жұмыс  тауып 
берсін... 
Ac үйге қарай зытып бара жатқанымда: 


—  Кемеде  ешкімнің  де  ерке-тотай  болуына  жол  бере  алмаймын,  —  деп, 
капитанның докторға сөйлеп жатқанын естідім. 
Сенсеңіз,  осы  сәтте  мен  сквайрдың капитанды  шәлкес  мінез,  қыңыр  адам деген 
пікіріне әбден қосылып, оны тіптен жек көрген едім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған