Қазына аралы роман бірінші бөлім. КӘрі қарақшы I тарау "Адмирал Бенбоу" трактиріндегі тарлан теңізші



Pdf көрінісі
бет10/37
Дата23.12.2021
өлшемі1.36 Mb.
#147077
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Қазына-аралы (8-11 сынып)
берді  және-дағы  айта  кетейін,  егер  біз  тамызға  дейін  оралмасақ,  Блендли 
артымыздан көмекке тағы бір кеме жіберуге уәде берді. Ол тауып берген капитан өзі 
бір  тамаша  адам  екен.  Бірақ  бір  өкініштісі,  өз  дегені  болмаса,  ырыққа  көнбейтін 
қыңыр кісі болып шықты. Ұзын тұра Джон Силъвер өте бір білікті штурман тапты, 
аты  Эрроу.  Алмен,  JIuвcu,  бір  боцман  таптым,  өзі  сыбызғы  ойнай  біледі.  Сөйтіп, 
көрдіңіз  бе,  өзіміздің  аты  шулы  "Испанъола  "  соғыс  кемесінен  еш  кем  түсейін  деп 
тұрған жоқ. 
Ұмыта  жаздаппын  ғой.  Сильвер  —  дәулетті  адам  екен.  Менің  мәліметімше, 
банкіге  салған  ақшасы  бар  көрінеді,  салған  ақшасы  кәкір-шүкір  болмаса  керек.  Өзі 
қайтып  оралғанша,  тавернасын  әйеліне  тапсырып  кету  ойы  бар.  Әйелі  ақ, 
нәсілділерден  емес.  Біз  екеуміз  сияқты  кәрі  бойдақтар  Ұзын  тұраны  ашық  теңізге 
қуып  жатқан  денсаулығы  ғана  емес,  бір  жағынан,  сол  әйелі  шығар  деп  сезіктенсе, 
оған таң қалуға болмайды. Д. Т. 
P. P. S. Хокинс бір кешін шешесінің қасында өткізгісі келсе, еш қарсылығым жоқ". 


Хатты  оқып  шыққаннан  кейінгі  менің  көңіл-күйімді  түсіну  қиын  емес  шығар. 
Қуанғанымнан  не  істерімді  білмедім.  Өзім  үнемі  бір  күңкілдеп-қыңқылдаудан  бір 
жаңылмайтын кәрі Том Редрутты өте жек көруші ем. Осы сапарға жас аңшылардың 
қайсысы  болса  да  Редруттың  орнына  қуана-қуана  барар  еді.  Бірақ,  Том  Редрутты 
қалаған  сквайр,  ал  сквайрдың  шешімі  —  қызметшілері  үшін  заң.  Кәрі  Редруттан 
басқа ешқайсысының тіпті күңкілдеуге де батылдары бармайды. 
Келесі  күні  ертеңгісін  Редрут  екеуміз  "Адмирал  Бенбоуға"  бет  түзеп  жаяулап 
жолға шықтық. Анамның денсаулығы жақсы екен. Көңіл-күйі де көтеріңкі. Капитан 
өлген  соң  анамның  бар  реніш,  әуре-сарсаңы  тыйылыпты.  Үйімізді  сквайр  өз 
қаржысына  жөндеп  берді.  Сквайр  үйдің  қабырғалары  мен  жарнамасын  да  қайта 
боятты.  Азды-көпті  жиһаз  да  сыйлаған:  анамның  үлдірік  жанында  отыруына 
ыңғайлы  болсын  деп,  бір  жайлы  кресло  да  берді.  Анама  көмекші  болсын  деп,  өз 
ақшасына бір бала жалдады. Бұрын мен істеген жұмысты енді сол бала атқаруға тиіс. 
Туған үйімнен ұзақ уақыт қол үзгелі тұрғанымды алғаш рет осы трактирде жүрген 
бөтен  баланы  көргенде  ғана  түсінгендей  болдым.  Бұған  дейін  мен  қалып  бара 
жатқан  үйім  жайында  емес,  алыс  сапарда  кездесуге  тиіс  түрлі  қызық  оқиғалар 
жайында  ғана  ойлайтынмын.  Орнымда  қалып  бара  жатқан  ебедейсіздеу  баланы 
көргенде алғаш рет көзімнен жас шықты. Қазір ойлап қарасам, сол балаға орынсыз 
қиянат  жасап,  бекер  жәбірлеген  сияқтымын.  Оның  жаңа  қызметіне  әлі  үйреніп 
болмағанын  ескеру  жоқ,  сәл  ағаттық  жіберсе-ақ,  сәл  жаңылыс  басса-ақ,  кешіру 
дегенді білмей, табалап шыға келдім бе деп қорқам. 
Түнеп  шығып,  келесі  күні  түс  қайта  Редрут  екеуіміз  тағы  да  жолға  шықтық. 
Аяулы анаммен, өзім дүниеге келген алғашқы күннен бастап жағасында өскен қимас 
шығанағыммен,  қайта  бояғаннан  бері  бір  түрлі  жатырқап  жүргенмен,  өзіме 
соншалық етене боп кеткен кәрі "Адмирал Бенбоумен" қоштасып тұрмын. Тіпті мен 
капитанды  да,  оның  осы  жағалауда  талай  қыдырған  сәттерін,  үш  бұрышты 
қалпағын, бетіндегі қылыш жарақаттаған тыртығын, оның әлгі бір жез дүрбісін де 
есіме түсіріп тұрмын. Біз бұрыштан айналған кезде үйім тасада көзден ғайып болып 
қала берді. 
Біз  "Король  Георг  мейманханасының"  алдынан  пошта  дилижансына  мінген 
кезде, ымырт жабыла бастап еді. Мені Редрут пен бір жұп-жуан кәрі джентльменнің 
арасына әкеп, нығарлап отырғыза салды. Түнгі суық пен қатты жүріске қарамастан 
мен  ә  дегенше  ұйықтап  кетіппін.  Бірде  өрге  көтеріліп,  бірде  ылдиға  құлап,  зырлап 
жүріп  отырыппыз,  ал  мен  болсам  балпақ  тышқанша  ұзақ  ұйқыға  кетіп,  жолдағы 
станциялардың бірін де көре алмай өте шығыппын. Біреудің бүйірімнен түрткенінен 
оянып  кеттім.  Көзімді  ашсам,  қалаға  келіппіз,  көшедегі  бір  үлкен  үйдің  алдында 
тұрмыз. Таң әлдеқашан атқанға ұқсайды. 
— Қайда келдік? — деп сұрадым. 
— Бристольге келдік, түс, — деді Том. 


Мистер Трелони шхунадағы сапарға даярлық жұмыстарын бақылауыма ыңғайлы 
болады  деп, доктың  тап  қасынан  бір  трактирге  орналасқан  екен.  Мені  қуантқан  — 
теңізді  жағалап  ұзақ  жүріп,  үлкендігі  де  әр  қилы,  жабдықтары  да  әр  алуан,  түрлі 
ұлттардың  көптеген  кемелерін  көргеніміз  болды.  Бір  кемеде  жұмыс  істеп  жатқан 
адамдар  ән  салып  жүр.  Екінші  бір  кемеде  матростар  сонау  биікте  төменнен 
қарағанда  өрмекші  торындай  жіп-жіңішке  көрінетін  арқандарға  ілініп,  тас  төбемде 
салбырап тұр. Өмір бойы теңіз жағасында өсіп келе жатқаныммен, мына жерде теңіз 
маған  қатты  әсер  етті,  тіпті  туғалы  бірінші  рет  көрген  адамдаймын.  Қара  май,  түз 
иісі  мен  үшін  жаңалық.  Мұхит  асып,  сапардан  келген  кемелердің  тұмсығындағы 
тақтайдан  ойып  істелген  әшекейлі  суреттерден  көз  алмай  қарап  келемін. 
Құлақтарына  сырға  таққан,  самай  шаштарын  бұйралап,  желке  шаштарын  тұзды  су 
ұйыстырған,  қорбаңдап  жүрген  байырғы  теңізшілерге  де  тесіле,  қызыға 
қарағыштаймын.  Бұлардың  орнына  корольдің  өзін  немесе  архиепископты  әкеліп 
көрсетсе де мен, сірә, тап қазіргідей қуана қояр ма екем. 
Міне,  енді  мен  де  теңізге  шықпақпын!  Біздің  шхунамыздың  да  сыбызғы  ойнай 
білетін боцманы бар, біздің матростарымыз да шашын өріп, бұрым қойған, олар да 
ән сала біледі. Және теңізге жайдан-жай емес, беймәлім аралда көмілген қазынаны 
іздеуге шықпақпын. 
Үлкен  трактирге  қарай  келе  жатып,  жол  бойы  мен  осындай  тәтті  ойлардың 
құшағында болдым. Бізді сквайр Трелони қарсы алды. Үстіне түсі көкпеңбек мундир 
киіпті. Мұндай мундирді, әдетте, теңіз офицерлері киеді. Есіктен шыққаннан сондай 
көңілді,  екі  езуі  екі  құлағында.  Теңізшілерге  еліктейтіні  соншалық,  теңселіп  аяғын 
әзер басады. 
— Міне, сіздер де келіп жеттіңіздер, — деді ол қуана сөйлеп. 
—  Доктор  Лондоннан  кеше  келген.  Тіпті  жақсы  болды!  Енді  командамыз 
түгелдей бір жерге жиналды. 
— Сэр, біз енді жолға қашан шықпақпыз? — деп сұрап ем, даусым қатты шығып 
кетті. 
— Қашан дейсің бе? — деп ол қайталап сұрап алды. — Ертең. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған