Қазына аралы роман бірінші бөлім. КӘрі қарақшы I тарау "Адмирал Бенбоу" трактиріндегі тарлан теңізші



Pdf көрінісі
бет1/37
Дата23.12.2021
өлшемі1.36 Mb.
#147077
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Қазына-аралы (8-11 сынып)



ҚАЗЫНА АРАЛЫ 
РОМАН 
БІРІНШІ БӨЛІМ. КӘРІ ҚАРАҚШЫ 
I ТАРАУ 
"Адмирал Бенбоу" трактиріндегі тарлан теңізші 
Сквайр

Трелони,  доктор  Ливси,  басқа  да  джентльмендер  Қазына  аралы  туралы 
білетіндерімнің бәрін түгел жазып шығуымды өтінді. Олар Аралдың географиялық 
орнынан  басқасының  бәрін,  бүкіл  тарихын  бастан-аяқ,  егжей-тегжейіне  дейін 
ешқандай  бүкпесіз  әңгімелеп  беруімді  қалады.  Аралдың  қай  жерде  екенін  әлі  де 
айтуға  болмайды,  өйткені  біз  әкетпеген  қазына  онда  әлі  күнге  дейін  сақтаулы 
жатыр.  Сөйтіп,  міне,  мен  биыл,  17  ...  жылы,  қолыма  қалам  алып,  әлдеқашан  өткен 
сонау бір алыс күндерді есіме түсіріп отырмын; ол кезде әкемнің "Адмирал Бенбоу"

деген  трактирі  болған;  бір  күні  трактирімізге  бетінде  қылыш  жарақатынан  қалған 
тыртығы бар, өңі күнге тотығып, қоңырқай тартқан бір қарт теңізші келіп тоқтады. 
Күні  кешегідей  есімде:  қарт  теңізші  аяғын  ауырлай  басып,  біздің  есігіміздің 
алдына  әрең  жетті:  соңына  ерген  біреу  қол  арбамен  оның  сандығын  алып  келеді. 
Теңізші  ұзын  бойлы,  мығым,  ауыр  денелі  қара  торы  кісі  екен  Теңіздің  тұзды  суы 
бытыстырған  бір  өрім  желке  шашы  кір-кір,  май-май  көк  шекпенінің  жаға  тұсында 
шошайып,  үрпие  қалыпты.  Екі  қолы  күс-күс,  тілім-тілім,  тырнақ  біткен  қап-қара, 
сынық-сынық,  ал  бетіндегі  қылыш  кескен  тыртығы  қорғасындай  күлгіндене  түсіп 
ала таңдақтанып тұр. Бейтаныс кісі баяу ысқырып, шығанақ жақты көзімен шолып 
тұрып,  бір  кезде  жұлып  алғандай,  ескі  бір  матрос  әніне  басып  айқайлап  кеп 
жібергені. 
Өліктің сандығына он бес адам, 
Ио-хо-хо, тағы да бір шөлмек ром,— 
деп, ол осы әнді артынан да жиі айтып жүрді. 
Кәрі  кісінің  жарықшақ  даусы  көнетоз  вымбовканың  ащы  шиқалындай 
шыңылдай естілді. 
Қолындағы  таяғы  да  ганшпугке

ұқсайды  екен.  Сол  таяғымен  біздің  есікті  дүрс 
еткізіп  түйіп  қалды  да,  есік  алдына  әкем  шыққанда  дөрекі  сөйлеп,  бір  стакан  ром 
талап етті. 
Ром әкелінді, сырына қанықтығын паш еткісі келгендей әр жұтым ромды аспай-
саспай тамсана, дәмін ала ішті. Біресе тау жаққа, біресе трактир маңдайшасындағы 
жарнамаға қарап қояды. 


—  Кеме  тоқтауға  қолайлы  қолтық  екен,—  деді  ол,  ақырында.—  Тавернаға

да 
табылған жер. Халық көп келетін шығар, солай ма, достым? 
— Жоқ, өкініштісі де сол — халық өте аз келеді,— деп жауап қатты әкем. 
— Ендеше, маған керегінің өзі де осындай жер,— деді теңізші... — Ей, достым! —
деп дауыстады ол, қол арба сүйреп соңынан еріп келген кісіге:—Арбаңды бері әкел 
де, маған сандықты кіргізісіп жібер... Осында біраз аялдайтын болдым, — деп қосып 
қойды.—  Мен  өзім  күй  таңдамайтын  кісімін.  Маған  ром,  шошқаның  төс  еті, 
жұмыртқа құймағы  болса  жетіп  жатыр.  Өткен-кеткен  кемелер  көрініп тұратын  ана 
бір мүйіс те бар екен.. Ә, аты-жөнімді білгіңіз келе ме? Несі бар, капитан деп атасаңыз 
болады... Иә, емеурініңізді түсіндім! Мінеки! — деді де, табалдырық алдына үш-төрт 
алтын теңгені лақтыра салды. 
— Осы ақша таусылған соң, келіп айтарсыз,— деп, бейне бір бастық адамша зеки 
сөйлеп, әкеме қарады. 
Шынында  да,  киімі  жұпыны  болғанымен  сөзі  тұрпайы,  өзі  қарапайым  матросқа 
ұқсамайтын.  Матростан  гөрі  басқалардың  өзіне  бағыныштылығына  еті  үйренген 
штурманға  немесе  шкиперге  сайып  қаларлық.  Жұдырығын  ала  жүгіруден  де 
тайынбайтыны  сезіліп-ақ  тұр.  Қол  арбалы  кісінің  айтуынша,  бұл  өзі  "Георг 
корольдің қонақ үйіне" лаумен кеше таңертең келіп түсіпті де, теңіз жағалауындағы 
барлық мейманханалар жайын сұрастыра бастапты. Сірә, біздің трактиріміз жөнінде 
жақсы лебіз естіген болар: өзі оқшау тұр, мұны білген соң, капитан осында аялдауды 
ұйғарған тәрізді. Міне, жаңа тұрғынымыз жайында бар білгеніміз осы ғана. 
Өзі тұйық кісі екен. Ұзақты күн жез дүрбісін қолынан тастамай, шығанақ бойын 
жағалап  қыдырумен  болады  немесе  жартастардың  төбесіне  шығады.  Кешқұрым 
жұрттың  бәріне  ортақ  қонақжай  боп  саналатын  үлкен  бөлменің  бұрышына,  от 
жанына келіп жайғасып алады да, сәл су араластырып, ромды жұтады да отырады. 
Біреу-міреу  оған  тіл  қата  қалса,  жауап  қайтарып  әуре  болмайды.  Тұманды  күнгі 
кеменің ысқырығындай, танауын шуылдата дем алып, көзін аларта бір қарайды да, 
отыра береді. Көп ұзамай-ақ біз де, біздің қонақтарымыз да ең абзалы оған тиіспеу 
екендігін ұғынып алдық. Күн сайын серуеннен оралысымен-ақ: "Үй жанынан өтетін 
жол  бойында  теңізшіге  ұқсайтын  бейсауат  ешкім  көздеріңе  түспеді  ме?"—деп 
сұрастыра  бастайды.  Алғашында  біз  мәжіліс  құрып  отыруына  өзіндей  ішкіш 
біреулер  жетіспей  жүр-ау  деп  ойлағанбыз.  Бірақ  кейін  байқасақ,  ондайларға  тіпті 
жуығысы  келмейді  екен  Қайсыбір  теңізші  әлдеқалай,  жаға  жолымен  Бристольге 
бара  жатқан  бетінде  "Адмирал  Бенбоуға"  тоқтай  қалса,  капитан  алдымен  оны  есік 
пердесінен  сығалап  анықтап  көріп  алады,  тек  содан  кейін  ғана  барып  қонақжайға 
шығады. Ондай адамдар бар жерде әрдайым қойдан да жуас, жым болып отырады. 
Істің  мән-жайын  тек  мен  ғана  білетінмін:  өйткені,  неден  қауіптенетінін  маған 
капитанның өзі айтқан болатын. Бір күні ол мені оңаша шығарып алып: "Осы маңға 
бір  жалғыз  аяқ  теңізші  келе  қалса,  соны  жіті  қадағалап  бақылап  жүріп,  көрінген 
бойда  маған  келіп  айтатын  бол,  сол  үшін  әр  айдың  бірі  күні  төрт  пенс  күміс  ақша 


төлеп  тұрам",  —  деп  уәде  берді.  Содан  былай  айдың  бірінші  жаңасы  туса-ақ, 
капитанға келіп, одан өзі айтқан уәделі жалақымды талап ететін әдет шығардым, ал 
ол  бетіме  адырая  бір  қарап,  танауын  шуылдатады  да  үнсіз  қалады.  Бірақ  кейін 
ойлап-пішеді де, апта өтпей жатып-ақ, ақшаны маған өзі әкеліп береді, "жалғыз аяқ 
теңізшіден" көз жазып қалма деп, қайтадан әмір етеді. 
Енді  сол  жалғыз  аяқ  теңізші  түсімде  де  менің  соңымнан  қалмай  қойды.  Дауыл 
үйіміздің  төрт  бұрышын  түгел  солқылдатып,  дүлей  толқын  жағаға  ұрып,  сарыны 
жартастарды  жаңғыртқан  әлем-тапырық  түндерде  сол  теңізші  мың-сан  құбылып, 
мың түрлі жын-шайтан болып түсіме енеді. Аяғы бірде тізесінен, бірде қара санының 
қақ  түбінен  кесілген  болып  шығады.  Кейде  жалғыз  аяғы  нақ  кеудесінің  орта 
тұсынан өсіп шыққан қайдағы бір жантүршігерлік албастыға айналып көрінеді. Сол 
жалғыз  аяғымен  шетен  шарбақ,  арық-апандардың  үстінен  орғып,  секіріп  мені 
қуалайды. Сөйтіп, маған ай сайын алатын төрт пенс ақшам оңайға түспеді: осындай 
азапты, үрейлі түс көруім соның өтеуі іспетті болды. 
Бірақ  жалғыз  аяқ  теңізшіден  қанша  қорыққаныммен,  тап  капитанның  өзінен 
басқалардай зәрем ұша қоймайтын. Кейбір кештерде ол су аралас ромды ес-түсінен 
айрылғанша  іше  беретін  де,  трактир  ішіндегі  ешбір  жанды  көзіне  ілместен,  өзінің 
тұрпайы, қатыгез, о заманғы теңіз әндерін айтып ұзақ отыратын. Ал кейде отырған 
жұрттың  бәрін  өз  столына  шақырып  алып,  ром  құятын  стакан  талап  ететіні  бар. 
Әлгілер  үрейлері  ұшып,  қалтырап-дірілдей  отырып,  не  капитанның  теңізде  бастан 
кешкендері туралы әңгімесін тыңдайды, не оған қосылып ән салады. Ондайда: "Ио-
хо-хо,  тағы  да  бір  шөлмек  ромыңнан"  деген  әннен  үйіміздің  төрт  қабырғасы  түгел 
селкілдеп, ұшып кете жаздайды. Өйткені капитанның сұрапыл мінезінен қорыққан 
жұрт, әйтеуір, сол разы болсын деп, ән салғанда бар даусымен айқайға басып, қайтсе 
де, бірінен-бірі асып түсуге тырысады. Олай болатыны — мұндай сәттерде капитан, 
тіпті,  есіріктеніп  кететін:  бірде  жұдырығымен  столды  соққылап,  жабыңдар 
ауыздарыңды деп әкіреңдесе, енді бірде біреу-міреу әлдене сұрап сөзін бөлсе, одан 
сайын  ашуға  булығып,  долдана  түседі:  ал  егер,  керісінше,  ешкім  ештеме  сұрамай, 
үнсіз отырса, тіпті есіреді, өйткені оның ойынша, бұлары — оның әңгімесіне жөндеп 
құлақ  қоймағандықтарының  дәлелі.  Ешқайсысын  трактирден  шығармай  қояды. 
Жұрт тек капитан әбден қалжырап, қалғып-мүлгіп, ақырында, тәлтіректей төсегіне 
бет  алғанда  ғана  жөндеріне  кетеді.  Бірақ,  бәрінен  қорқыныштысы  —  оның 
әңгімелері  еді.  Дарға  асу,  тақтай  бойымен  жүру
5
,  сұрапыл  дауылдар  жайлы,  Драй 
Тортугас

туралы,  Испан  теңізіндегі

бас  кесер  ұрылардың  мекендері, 
қарақшылардың ерліктері,— міне, оның әңгімелері осылар туралы болатын. 
Өз  айтуынша,  бүкіл  өмірін  ол  теңіздің  небір  жауыз  баукеспелерінің  арасында 
өткізіпті.  Капитанның  аузынан  шыққан  әр  сөзге  бір-бір  боқтық  сөз  ілесе  шығады: 
бұнысы  өзі  айтатын  жан  түршігерлік  қылмыстар  туралы  әңгімелерінен  еш  кем 
түспей, біздің аңқылдақ, бала мінез деревня адамдарының зәресін ұшырады. 
Әкем  трактирді,  сірә,  жабуға  тура  келер:  мына  капитан  келушілерді  біржола 
бездірмесе  қайтсін  деп  жиі  айтып  жүрді.  Осыншама  жәбір-жапа  шегіп  әрі  үйіне 


жеткенше  үрейі  ұшқанға  кім  құштар  болсын  дейтін  ол.  Ал  менің  ойымша, 
капитанның  бізге  қайта  пайдасы  тиіп  жүр.  Келушілердің  одан  қорқатыны  да  рас-
тын,  бірақ  сөйте  тұра  олар  арада  күн  өтпей  жатып-ақ  капитанға  қайта  айналып 
соғуға асығатын. Қанша дегенмен ол осы бір түкпірдегі меңіреу тұрмысқа бір түрлі 
көңіл алдарлық жаңалық әкелгендей еді. Тіпті жастар арасынан капитанға қошемет 
көрсетушілер  де  табылды.  Бізді  оның  ер  жүректігі  қайран  қалдырады  дейтін  олар. 
"Нағыз  теңіз  тарланы  ғой!"—  деп  сүйсінушілер  болды.  Олардың  айтуынша, 
Англияның теңіз, мұхиттарды емін-еркін иеленген құдіретті елге айналуының өзі де 
тап осы капитан сияқты ержүрек адамдардың арқасы! 
Бірақ,  екінші  жағынан  келгенде,  капитан,  шынында  да,  бізді  шығынға 
отырғызды.  Апта  соңынан  апта,  ай  соңынан  ай  өтті;  капитанның  келген  бойда 
берген  ақшасы  әлдеқашан-ақ  жұмсалып  бітті,  содан  қайтып  ақша  төлеген  жоқ.  Ал 
одан ақша талап етіп жатуға әкемнің батылы барар емес. Әкем ақша жөнінен емеурін 
білдірсе-ақ  болды,  капитан  танауын  пысылдатып  ашу  шақырады;  жоқ,  танауын 
пысылдатады  дегенім  жай  сөз,  ол  тура  ырылдай  бастайды;  алқымы  ісініп,  көзін 
аларта  бір  қарағанда,  әкем  байғұс  зәресі  қалмай  бөлмеден  ата  жөнеледі.  Мұндайда 
әкемнің  өз  қолын  өзі  бұрағыштап,  шарасыздық  білдірген  кездерін  көзіммен 
көргенмін.  Әкемнің  ажалынан  бұрын  қайғылы  қазаға  ұшырауына  осы  үрейлі 
күндердің де едәуір себепкер болғаны анық. 
Капитан  бізге  келгеннен  бері  киім  ауыстырған  кісі  емес,  тек  қыдырма 
саудагерден бірнеше пар шұлық сатып алғаны бар. 
Қалпағының  бір  жақ  шеті  мыжырайып,  салбырап  кеткен;  қатты  желдерде 
берекесін  қашырып,  ыңғайсыздық  туғызса  да  оған  қыңқ  еткен  капитан  жоқ, 
қалпағын  сол  күйінше-ақ  киіп  жүре  берді.  Шекпенінің  де  әбден  тозығы  жеткен. 
Жоғарыда, бөлмесінде отырып алып, қайта-қайта жамайды келіп, бірақ бәрібір алба-
жұлбасы шығып жыртылғаны әлі есімде. 
Өзі ешқашан ешқандай хат та жазбайтын, ешқайдан хат та алмайтын. Нағыз бір 
қатты мас кезінде болмаса, ешқашан ешкіммен сөйлеспейтін де. Және бір қызығы — 
біз ешқайсымыз да ешқашан оның сандығын ашқанын көрген емеспіз. 
Капитанмен сөз таластырып жатудың тек бір рет қана орайы келгені бар — оның 
өзі  де  байғұс  әкем  өлім  халінде  жатқан  ең  соңғы  күндердің  бірінде  болып  еді.  Бір 
күні кешқұрым ауру әкеме доктор Ливси келді. Науқасты қарап болғаннан кейін, ол 
анам  алдына  әкеп  қойған  асты  апыл-ғұпыл  ішті  де,  көлігі  келгенше,  шылым  шегу 
үшін  төмен  түсіп,  үлкен  бөлмеге  кірді.  "Ескі  "Бенбоуда"  ат  қора  жоқтықтан,  ол 
көлігін ылғи деревняда қалдыратын. 
Оны  үлкен  қонақжайға  ертіп  әкелген  мен  едім,  сәнді  киінген,  басында  қардай 
аппақ  паригі  бар,  талдырмаш  денелі,  сыпайыгерлік  тәрбиенің  ерекше  мектебінен 
өткен  қара  көз  доктор  трактирімізге  келіп-кетіп  жүретін  деревнялық  дөрекі 
адамдардың  ешқайсысына  ұқсамайды  екен,  осыған  қайран  қалғаным  есімде.  Екі 
шынтағымен бірдей стол үстіне асылып, ромғалық тойып алып, былшиып отырған, 


үсті-басы  кір-қожалақ,  сұрықсыз,  бақша  басына  құс  үркітуге  қоюға  лайық  біздің 
қарақшымызға ұқсайтын Капитан кенет барылдап өзінің үйреншікті әніне басты: 
Өліктің сандығына он бес адам, 
Ио-хо-хо, тағы да бір шөлмек ром! 
Іше түс, шайтан суы емес харам
Йо-хо-хо, тағы да бір шөлмек ром! 
Алғашқы кезде мен бұл "өліктің сандығы" дегені кәдімгі жоғарыда, капитанның 
бөлмесінде тұрған өзімізге таныс сандық шығар деп жүрдім. 
Үрей ұшырарлық түстеріме жалғыз аяқ теңізшімен бірге осы сандық та талай рет 
енген-тін. Бірақ, бұл әннің сөздеріне бірте-бірте бойымыз үйренгені соншалық, енді 
оған  тіпті  мән  беріп  жатпайтынбыз.  Бұл  кеште  капитанның  әні  тек  доктор  Ливси 
үшін  ғана  жаңалық  еді,  және  менің  байқауымша,  ән  оған  ұнамады.  Доктор  қарт 
бағбан  Тейлорға  құяң  ауруын  емдеудің  жаңа  әдістері  туралы  айтып  отырған,  сол 
әңгімесін  қайта  жалғастырмас  бұрын  ол  капитанға  наразы  кейіппен  бір  қарап 
қойды. Өз әніне елігіп алған капитан бір кезде жұдырығымен столды қойып қалды. 
Бұл — оның тыныш отырыңдар деген бұйрығы болатын. 
Дабырлаған  дауыстар  су  сепкендей  басыла  қалды;  тек  доктор  Ливси  ғана 
қалиянын  сора  түсіп,  көңілді  әңгімесін  қатты  дауыстап  жалғастыра  берді.  Капитан 
оған көзімен жеп қоярдай бір қарап, столды тағы бір рет қойып қалды, бұдан кейін 
бұрынғыдан бетер қаһарына міне түсіп: 
— Әй, анау палубадағылар, үндеріңді өшіріңдер!— деп, айқай салды және өрескел 
боқтық сөзін қоса айтып, шегелей түсті. 
— Сэр, сіз маған айтып отырсыз ба?— деді доктор. 
— Дәл саған,— деп, капитан тағы бір рет сыбап алды. 
— Мұндай жағдайда, сэр, менің сізге айтар бір-ақ ауыз сөзім бар,— деді доктор,— 
егер  осылай  маскүнемдікке  салынуыңызды  қоймадыңыз  бар  ғой,  түбінде  әлемді 
дүниедегі ең бір жексұрын сұмпайылардың бірінен құтқарып тынатын боласыз! 
Капитан  әбден  ызаға  булықты,  ұшып  түрегеліп,  матростар  ұстайтын  шаппа 
пышағын  суырып  алды,  осы  пышақпен  қабырғаға  шегелеп  тастасам  қайтесің  деп 
докторды қорқытып көрді. 
Доктор  айылын  да  жимады.  Оған  кейіп  бұрылып  та  жатпады,  бетін  бір  иығына 
қарай  сәл  бұрып,  сол  отырған  қалпы  —  бұрынғысынша  ұстамды,  бірақ  нықтай 
сөйлеп, тіл қатты: 


—  Осыдан  пышағыңызды  жылдам  қалтаңызға  қайта  салмай  көріңізші,  көшпелі 
сотымыздың  келесі  сессиясынан  кейін  дар  ағашында  салбырап  тұрмасаңыз,  маған 
серт!—  деді  доктор,  сірә,  отырған  жұрт  түгел  естісін  деген  шығар,  даусын  сәл 
қатайта сөйлеген тәрізді. 
Олар  кекті  көздерімен  тесіле  қарасты.  Бірақ  капитан  тез  жеңілді.  Пышағын 
қалтасына  салып,  таяқ  жеп  қыңсылаған  иттей  бірдемелерді  міңгірлей  түсіп, 
орындығына сылқ етіп отыра кетті. 
— Ал енді, сэр,— деп доктор сөзін жалғастыра түсті,— өзіме қарасты округте сіз 
сияқты  адам  жүргендігін  біле  тұра,  бұдан  былай  үстіңізден  күндіз-түні  аса  қатаң 
бақылау  қоймауға  амалым  жоқ.  Дәрігер  екендігім  өз  алдына,  мен  әрі  сотпын. 
Үстіңізден  тіпті  сәл  нәрсе  үшін  болса  да,  мысалы,  осы  бүгінгі  сияқты  біреуге  тіл 
тигізгеніңіз  үшін  болса  да,  шағым  түссе-ақ  қатаң  жаза  қолданам.  Сізді  ұстап,  бұл 
маңнан аластау үшін мен ештеңеден де тайынбақ емеспін. Сізге басқа айтарым жоқ. 
Кешікпей доктор Ливсидің көлігі де жетті, ол атына мініп ап, тез жүріп кетті. Ал 
капитан жуасып, бүкіл кеш бойы жым болып, тып-тыныш отырды, бұдан кейін де ол 
талай кеш қатарынан осы қалпынан танған жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы