Қазақтың қатпарлы

Loading...


Дата01.04.2020
өлшемі60.76 Kb.
Қазақтың қатпарлы өлкесі

Қазақтың қатпарлы өлкесіСарыарқа қатпарлы аймағы – Жер қыртысының қалыптасу тарихындағы тектоникалық ерекшеліктеріне сай, геологиялық құрылысы жағынан біртұтас қарастырылатын Қазақстан жерінің ірі аумағы; Орал – Моңғол белдеуінің ірі құрылымдық бөлігі. Оның ауқымы географиялық тұрғыдан СолтүстікОрталық және Оңтүстік Қазақстан аймақтарының едәуір бөлігіне сәйкес келеді. Қазақтың қатпарлы өлкесінің солтүстік шекарасы Батыс Сібір жазығына тиесілі мезозой-кайнозой түзілімдерімен жаппай көмкерілген Ертіс маңы синеклизасының оңтүстік жиегімен шектеледі. Оңтүстік шекарасы шартты түрде республиканың оңт-тегі мемлекет шекарасымен өтеді. Шығысында Обь – Зайсан қатпарлы өлкесіне тиесілі Зайсан қатпарлы жүйесімен жапсарласса, батысында Торғай ойысымын (солтүстік бөлігінде) және Тұран тақтасын (оңтүстік бөлігінде) жаппай көмкеріп жатқан мезозой-кайнозой шөгінділерінің астына қарай сұғына енген. Бұл өлке ауқымындағы тектоникалық құрылымдар, негізінен, палеозой эрасында қатпарланып тұрақтанған түзілімдердің жер бетіндегі ашылымдарымен сипатталады, сондай-ақ мезозой-кайнозой түзілімдерімен көмкерілген шағын ішкі ойыстар ұшырасады (мысалы, Теңіз, Шу-Сарысу, БалқашІлеАлакөл, т.б.). Өлкені құрайтын тау жыныстары қатарында палеозойлық түзілімдердің арасынан кембрийге дейін қатпарланып тұрақтанған біршама ірі орт. массивтер (мысалы, Көкшетау, Ұлытау-Қарсақпай) мен ірілі-ұсақты блоктар (Ешкіөлмес, Aқдің], Ерейментау, Бозшакөл, Шу жақпартасы, ҚаратауКіндіктас, Атасу-Мойынты, т.б.) ұшырасады. Оны құрайтын палеозойлық жарылымдардың қатпарланып тұрақтану уақыты бірнеше қатпарлы жүйелерге жіктеледі. Кембрийге дейінгі құрылымдар кең тараған, бірақ каледон, герцин тектогенездерінде геосинклинальдік процестерге қайтадан ұшырағандықтан, бұлар сақталмай, кейінгі жас құрылымдар (ойыстар) астында қалған. Ең көне саналатын төменгі протерозойдың тау жыныстары (абстракты жасы 1,7 миллард жыл) карел тектогенезі кезінде қалыптасқан платформаның қалдықтары (бөлшектері) ретінде Ұлытауда, Көкшетауда, Солтүстік Тянь-Шаньда, ортаңғы және жоғарғы протерозой, рифей жыныстары каледондық геосинклинальдың төменгі ярусы ретінде ЕрейментаудаЕшкіөлместе, Майқайың-Екібастұзда, Шу-Іле тауларында, Кіндіктаста, Қаратауда кездеседі. Бұлар амфиболитгнейстақтатасэклогиткварцмәрмәр сияқты метаморфогендік жыныстардан құралады. Каледон құрылымдары кембрийге дейінгі жыныстармен бірге Қазақтың қатпарлы өлкесінің негізін – құрлымдық іргетасын құрайды. Тұтас алғанда Қазақтың қатпарлы өлкесінің сыртынан каледон құрылымдарымен қоршалған. Сарыарқаның батысоңтүстік-батыс жағында каледонидтер протерозой-рифей құрылымдарымен бірге дөңесі батысқа бағытталған доға тәрізді, миогеосинклинальдық белдеу құрайды. Бұл белдеу Солтүстік Есіл бойынан басталып Сарыарқа сыртымен ҰлытауҚаратау арқылы Солтүстік Тянь-Шаньмен жалғасады. Қатпарлы аймақтың шығысында эвгеосинклинальдік каледондық құрылым – Шыңғыс-Тарбағатай белдеуі қалыптасқан. Ол Сарыарқаның солтүстік мен шығысында басымырақ тараған каледонидтер эвгеосинклинальдарға тән жанартаутекті-шөгінді жыныстардан құралады. Каледонидтер негізінен салаир, такон тектогенез сатылары нәтижесінде қалыптасқан. Герциндік құрылымдар тектогенез процестерінің соңғы туындылары ретінде аймақтың қатпарлық сипатын анықтайды. Бұлар Сарыарқаның ішкі бөлігіндегі геосинклинальдық жолмен дамыған жүйелерде, протерозой, каледон құрылымдары бетіндегі ойпаңдарда үстеме (қондырма) мульдалар түрінде, миогеосинклиналь типтес аралық белдемдерде кеңінен тараған. Аймақтың каледонидтері мен ішкі герциндік геосинклиналь жүйесі аралығында Сарыарқаның девондық-жанартаулық белдеуі аталатын ірі геол. құрылым орналасқан. Бұл белдеу Семізбұғы маңынан бастап, ЖақсыкөңСарысу алабы, Бетпақдала шеті, Желтау арқылы Ілеге өтеді де, Жоңғар-Балқаш қатпарлы жүйесін сырт жағынан доғаша қоршайды. Аталған жүйе ішінде жоғарғы палеозойдың орогендік жағдайында қалыптасқан Балқаш-Іле жанартаулық белдеуі бар. Интрузиялық жыныстар геологиялық құрылымдарда, жанартаулық белдеулерде, терең жарылымдар бойында белгілі заңдылықпен орналасқан. Қазақтың қатпарлы өлкесінде гранитоид интрузиялары мол. Кейбір құрылымдар, кең алаптар (Көкшетау, Іле сырты антиклинорийлері) түгел дерлік граниттен тұрады. Жоғарғы протерозойдың (рифейдің) кішігірім граниттері Ұлытауда, Шу-Іле тауларында, аймақтың солтүстігінде кездеседі. Солтүстікте Қырыққұдық, Бурабай, оңтүстікте Қордай, Талғар кешендері сияқты ордовик пен силур интрузиялары да мол. Бұлар шағын массивтерден бастап ауданы ондаған мың км²-ге жететін (Көкшетаудағы Зеренді батолиті – 30 мың км², Іле Алатауындағы Алматы интрузиясы – 15 мың км²) орасан ірі батолиттер ретінде де қалыптасқан. Мұндағы каледон гранитоидтарының абстракты жасы 540 – 420 млн. жыл. Герциндік гранитоидтер Сарыарқаның жанартаулық белдеуінде, Жоңғар-Балқаш жүйесінде тараған. Жоғарғы палеозой интрузиялары габбро, диорит, гранодиорит, қалыпты гр орналасқан анит, аляскит, монцонит, граносиенит, сиенит құрамды келеді, көбірек тарағандары – гранодиорит пен гранит. Бұлар Балқаш-Іле орогендік белдеуінде, аймақтың солт.-шығысында, Шыңғыс-Тарбағатайда, т.б. орындарда кездеседі. Қазақтың қатпарлы өлкесінде – бірнеше тектогенез процестерінің ұзақ уақытқа созылуынан қалыптасқан жасы әр түрлі ірі және шағын жарылымдар өте көп тараған. Бұлар Сарыарқаның үлкенді-кішілі геологиялық құрылымдарын әр бағытта тіліп тор тәрізді жүйе құрайды. Ірілері әрі тереңдері (жер қыртысының төменгі қабатына жетеді) – Шығыс Орал және Сарыарқа жер жарылымдары. Біріншісі аймақты Орал–Тянь-Шань жүйесінен, екіншісі аймақты бойлық бағытта қақ ортасынан тіліп өтеді. Солтүстік-батыс бойлық және солтүстік-шығыс бағыттардағы жарылымдардың қиылысуынан аймақта сұлбасы ромб тәрізді шағын құрылымдар қалыптасқан. Қазақтың қатпарлы өлкесі әр түрлі кенге бай. Республиканы минералдық шикізатпен, әсіресе, металдармен қамтамасыз ететін кен орындарының басым көпшілігі осы өлке аумағында.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...