Қазақтардың Қытайға (Құлжа өлкесі, Қашқар), Ауғанстанға жаппай иммиграциясының алғашқы толқыны


Сондықтан М. Тәтімовтың мәліметінде көрсетілгендей, біздегі жаппай ұжымдастыру науқанының қарсаңында Монғолия мен Қытайда шамамен 375 000-дай ғана қазақ қалған еді

Loading...


бет4/4
Дата27.02.2021
өлшемі27.25 Kb.
1   2   3   4
Сондықтан М. Тәтімовтың мәліметінде көрсетілгендей, біздегі жаппай ұжымдастыру науқанының қарсаңында Монғолия мен Қытайда шамамен 375 000-дай ғана қазақ қалған еді.

Сондай-ақ шетелдегі қазақтар санының біздегі ұжымдастыру апатынан кейінгі үш он жыл бойында айтарлықтай өсе қоймауы да біздің пікірімізді дәлелдейді. 1959 жылы Қытайда не бары 580 мың, ал Моңғолияда 40 мың ғана, қоса есептегенде 620 мың қазақ өмір сүрді.



Ал енді қазақтардың әңгіме болып отырған жылдары басқа таяу шет елдерге – Ауғанстанға және Иранға қоныс аударуына келсек, олар көп емес, бірнеше мың қожалық ғана. Демограф М. Тәтімов 1992 жылдың ортасында жасаған есебімен Ауғанстанда 35 мың, Иранда 16 мың, ал Түркияда 30 мың қазақ мекендегенін көрсеткен еді. Бұл кейінгі он жылдықтардағы өсіп-өнудің нәтижесі. Оның үстіне Ауғанстандағы, Ирандағы және Түркиядағы босқын қазақтардың көпшілігі онда Қытай жері арқылы барғандар /3/. Сонымен қатар М. Тәтімовтың жоғарыдағы есептеулері шындықты мүлтіксіз бейнелейді деуге болмас. Шет елдегі қазақтар онда көрсетілген сандардан едәуір аз болуы да мүмкін. Өйткені шет елдегі қазақтардың қадірменді ақсақалы Халифа Алтайдың былай дегені бар: «Осы күні Түркияда, Еуропада 20 мыңдай қазақ тұрады екен деп айтушылар, жазушылар көп. Ол - жаңсақ әңгіме. Дұрысы баршамыз, оның ішіңде Англия, Франция, Германия сияқты Еуропа елдерінде пайда қылып, кәсіп істеп жүргендер де бар, он мыңдаймыз. Еуропада жүрген 500–1000-дай жастар біздің отауларымыз... олардың бәрі Түркияның азаматтары...».

Сонымен қорыта келгенде айтарымыз, Қытайға және Қазақстанға таяу басқа да Ауғанстан, Иран тәрізді шет елдерге біржолата көшіп кеткен қазақтар жалпы алғанда ең көп дегенде 100 мыңға жуық. Бұлардан басқа бірнеше мың қазақ шекарадан өтерде өлген және «контрабандит» деген жаламен тұтқындалған. Өз азаматтарын туған Отанынан бездірген сталиндік әміршіл-әкімшіл социалистік қайта құрулардың қазақ деген халыққа жасаған ауыр қылмысының қайғылы нәтижесі міне осындай.

1 Омарбеков Т. 20-30-шы жылдардағы Қазақстан қасіреті: Көмекші оқу құралы. Алматы, 1997.

3 Тәтімов М. Ауылдағы демографиялық ахуал. Алматы, 1990.

4 Қозыбаев М., Абылхожин Ж., Алдажуманов К. Коллективизация в Казахстане трагедия крестьянства. Алматы, 1992.

8 Абылхожин Ж. Традиционная структура Казахстана: социально-экономические аспекты функционирования и трансформации (1920-1930 гг). Алма-Ата, 1991.

12. Материалы по истории КазССР. Т.ІІ. 1.2. 1741-1751 гг. Алматы, 1948. С.21.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...