Қазақтардың Қытайға (Құлжа өлкесі, Қашқар), Ауғанстанға жаппай иммиграциясының алғашқы толқыны

Loading...


бет1/4
Дата27.02.2021
өлшемі27.25 Kb.
  1   2   3   4

Қазақтардың Қытайға (Құлжа өлкесі, Қашқар), Ауғанстанға жаппай иммиграциясының алғашқы толқыны

2. 1929-1932 жылдары Қытай асып кетуі. Біріншіден, осы жылдары қазақтар шет елдерге негізінен Қытай арқылы кеткен, ал Орта Азия жері арқылы Ауғанстанға және Иранға кеткен қазақтар көп емес, бірнеше мың қожалық ғана.

Қытай арқылы шет ел асқан қазақтардың санын шамамен болса да ғылыми негізде анықтамайынша, осы жылдары аштан өлген қазақтар санын түгел білу қиын.

Кейбір тарихшылар мен демографтар бұл мәселеде әр түрлі өзара қайшы пікірлер айтып, тарихи шындықты айқындау ісін күрделілендіре түсуде.

Мысалы, еңбектерін орыс тілді басылымдар жаппай жариялап жатқан шетел тарихшысы Роберт Конквест Қазақстанның шекаралық аудаңдарынан аталған жылдары Синьцзянға (Батыс Қытай) 200 мың қазақ көшіп кетті десе, мәскеулік зерттеушілер Ю. А. Поляков, В. Б. Жиромская, И. Н. Киселев 1930-1932 жылдары шет елге кеткен қазақтар санын (қайтып келгендерін шығарып тастағанда) 1,3 млн адамға жеткізеді. Ал енді өзіміздің кейбір қазақстандық тарихшылар бұл пікірлердің ешқайсысына қосылмайтын санды – Қытайға кеткен 500 мыңдай адам туралы айтып жүр. Бұл пікірді теріске шығарушы қазақ демографы М. Тәтімов шет елге кеткен қазақтар санын 165 мындай деп біледі.

Бұл мәселеде осыншама әр түрлі пікірлердің орын алуының себебі де бар: қолда нақты тарихи құжаттардың болмауы зерттеушілердің түйінді де тоқ етер қорытындыға тоқталуын қиыңдатты. Жоғарыда аталған тарихшылардың мәліметтерінің Қытайға көп қазақты аман-есен көшіріп жіберуі Қазақстанда ресми құжатта берілгендей – 1930-1933 жылдарда 3 миллион 379,5 мың адамға шұғыл кеміп кеткен (босқындарды қосқанда) ауыл халықтарының нақты шығынын, яғни қазақтардың ашаршылықтан болған тікелей өлімін сан жағынан азайтып көрсететіні айтпаса да түсінікті. Аталмыш мәскеулік тарихшылардың пікірлеріне тағы бір назар аударалық. Оларға сенсек, жетіспейтін жаңағы 3 миллион 379,5 мың адамның 1 миллион 300 мыңы шетел асып кеткен, яғни ашаршылықтан қырылмаған, тірі қалған болып шығады. Дегенмен Қытайға көшкен қазақтар санын көрсетуде әр түрлі көзқарас ұстана тұрса да зерттеушілер бұл көшулердің негізінен шекаралық аудандарды қамтығанын мойындайды. Мұның мынадай-мынадай

1. басты себептері бар: 1) шекаралық аудандарда күштеп ұжымдастырудың қатал саясатын шекаралық аймаққа тән әскери ахуал, шекара әскерлерінің осы аудандардағы ішкі істерге араласуы ауырлата түсті; 2) шекаралық аймақтарда қазақтардың арғы бетте рулас, қандас туыстары орналасқан еді. Олар онда саяси-әлеуметтік ахуалдың қалыпты екенін айтып, туыстарын шекарадан аман-сау өткізіп алуға мүдделі болды; 3) 20-жылдары шекаралық аудандарда Синьцзянмен (Батыс Қытай) еркін сауда-саттық өріс алғандықтан Қытайдағы едәуір тыныш өмірден шекара қазақтары жақсы хабардар еді; 4) шекарадағы тәртіпті, одан жасырын немесе ашық түрде қалай өтіп кетуге болатынын тек шекара аймағындағы тұрғындар ғана білді; 5) шекарадан рұқсатсыз өту мемлекеттік қылмыс болып саналатындықтан шекара қазақтары мен ұйғырлары оған өте құпия даярланды, бұл іске сенімді деген өздерінің ағайын-туыстарын және ауыл-аймағын ғана тартты. Сондықтан да мұндай нар тәуекелге басқа орталық аудандардан босып келген бірлі-жарым қазақтың қатыстырылуы да екіталай болды; ең соңында, 6) шекаралық аудандар төтенше тәртіп аудандары болғандықтан бұл жерлерге басқалардың босып келуі бірден көзге түсті, олар тексеруге ұшырап, кейін қайтарылды немесе қажетті құжаттары бар болса, қатал бақылауға алынды./1/

Ал енді осы Қытаймен шекаралас Қазақстан аудандарына қысқаша сипаттама берелік. 1931 жылы бұлардың жалпы саны 11 болды (бұрын 16 еді). Олар: Алакөл, Лепсі, Октябрь, Жәркент, Кеген, Қатонқарағай, Зайсан, Тарбағатай, Үржар аудандары, сондай-ақ, Талдықорған және Ақсу аудандарының шекараға жақындау бір бөліктері еді.

Аталған шекаралық аудандардағы халықтың жалпы саны 1931 жылы 505,701 адам, яғни Қазақстан халқының 7,33%-і болды. Ал олардың әлеуметтік құрамы төмендегідей еді: жұмысшылар – 25 510 адам, қызметкерлер – 25 318, қолхозшылар – 228 387, кедейлер мен батырақтар – 101 924, орташалар – 79 264 және кулактар – 45 298./3/

Келтірілген мәліметте тағы бір назар аударатын мәселе – шекаралық аудандардағы халықтың негізгі бұқарасын колхозшылар меп кедей-батырақтардың құрауы.

Осы құжатта шекаралық аудандар халықтарының ұлттық белгілері де берілген: мемлекеттік жоспарлау органының мәліметтері бойынша, 1931 жылы мұндағы халықтың 66,10% – қазақтар, 33,35% – еуропалық ұлттар өкілдері, 0,55% – Орта Азия халықтары болатын, яғни қазақтар шекаралық аудандардағы халықтардың ішінде 334 268 адам еді. Шекаралық аудандарда тұрған халықтардың бәрі бірдей Қытай асып кетті деу (505 701 адам) тарихқа қиянат болар еді./3/ Рас, Қытайға өткендер арасында әр түрлі ұлт өкілдері де болды. Әсіресе Сібірден, Солтүстік Қазақстаннан колхоз құрылысынан безе қашқан орыстардың кейбірі осы жылдары шекара асып кетпек болып, шекаралық аудандарға ірге теуіп, қоныстана бастады.

ОГПУ органдарының құпия ақпарат мәліметтерінің бірінде 1930 жылғы наурыздағы шекаралық аудандағы жағдай «Сібірден қашқан кулактардың шоғырлануы» деген арнайы тақырыпшамен берілген. Онда мынадай жолдар бар: «Алматы округінің Сарқанд ауданында Сібірден қашып келген 794 кулак шаруашылығы есепке алынды. Селолық кеңестерде олар орташалар мен кедейлер ретінде тіркелген. Сібірліктердің көпшілігі ешқандай жұмыс істемейді – қоңды малдары, ақшалары бар, үй шаруасын, егін өсіруді және т.б. жолға қойып алған»./1/ Онан әрі құжатқа бұлардың жағдайдың ыңғайына қарай Қытай асып кеткісі келіп, соған жан-жақты даярланып жатқаны айтылады. Біздің қолымызда жекелеген орыстардың Қытай асқаны туралы ғана деректер бар. Қытайға сол жылдары ұйғырлар мен қазақстандық дүнгендердің де аз өтпегені байқалады. Соңғыларының 50 процентке жуығы Қытайға көшіп кетуге даярланып жатқанын архив құжаттарының бірі нақты әңгіме етеді.

Дегенмен бұл жерде ең басты нәрсені – Қытай асқандардың негізінен қазақтар болғанын естен шығаруға болмас. Қатал да қатыгез ұжымдастыру саясаты салдарынан қазақтардың Қытайға қашуы 1929-31 жылдары өте кең өріс алды.



Мұны шекаралық ОГПУ мәліметтері де мойындайды. Бұларға назар аударсақ, аталған жылдары (1931 жылдың сәуір айына дейін) Қытайға 5 903 шаруа шаруашылықтары (яғни шамамен 29 656 қазақ) көшіп кеткен болып шығады. Бірақ бұл деректер дөрекі кемшіліктерден де құралақан емес: біріншіден, ОГПУ органдары кеткендер санын азайтып көрсетуге күш салған, өйткені шекара бұзушылардың санының көп болуы, шекарадағы ПП ОГПУ органдарының кінәсын да арттыра түседі; екіншіден, шекара жанжалындағы қарулы қақтығыста шаруалар шаруашылықтарын дәлме-дәл санап ала қою да оңай болмаса керек; үшіншіден, шекарадан орман-тоғай, құз-жартас арқылы жасырын соқпақпен жанамалап, бой тасалап көзге шалынбай өтіп кеткендер қаншама екенін ешкім біле алмайды./4/

Дегенмен біздің қолымыздағы кейбір ресми құжаттар қазақтардың едәуір бөлігінің Қытайға көшіп кеткенін нақтырақ дәлелдейді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...