Қазақстанның Қазіргі заман тарихы



Pdf көрінісі
бет20/34
Дата24.12.2021
өлшемі0.56 Mb.
#148342
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34
Байланысты:
ктарих
1476026410241, ктарих, 000ee048-9e8d114b
Екінші кезеңде (1993 — 1996 жылдары) 1993 жылғы сәуірде мемлекеттік

меншікті мемлекет иелігенен алу және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға

арналған   ұлттық   бағдарламасы   қабылданды.

 

Бұл   кезеңде   жұмыс



істеушілерінің   саны   200   адамнан   5   мың   адамға   дейінгі   мемлекттік   меншік

нысандарын жекешелендіруді көзделді.

 1996 жылы

 республикадағы бұрынғы

мемлекеттік   бөлшек   сауда,   тұрмыстық   және   коммуналдық   қызмет   көрсету

жүйесі   толық   жекешелендірілді,   бәсекені   дамыту   мақсатында   шағын   жеке

меншік кәсіпорындар құруға мүмкіндік берілді. 

Үшінші кезеңде  (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика,

көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда

жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа

кәсіпорындар   үшін   жабық   акционерлік   қоғамдар   жекешелендірудің   негізгі

түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік

басқару   органдарына   құқық   берілді.   1994   жылдан   бастап   жекешелендіру

нысандарын

  сату саясаты жүргізілді. Сенімгерлікпен басқаруға келісім-шарт

жасалынған   66   кәсіпорынның   кейіннен   26-сы   басқарушы   компанияларға

сатылды. Жеке жобалар бойынша барлығы 93 кәсіпорын жекешелендірілді.

Бұл республиканың барлық өндірістік қуатының 80%-ын құрады.

Жекешелендіруді   Қазақстан   Республикасының   мемлекеттік   мүлік

бойынша Мемлекеттік комитеті мен оның аумақтық органдары министрліктер,

ведомстволар мен жергілікті әкімшілдіктердің қатысуымен жүзеге асырды. 

58



Дегенмен, жекешелендірудің негізгі мақсаттары орындалмады: 

1) Кәсіпорындар экономиканы жандандыра алмады, оларда жеткілікті көлемдегі

инвестиция   да,   шетел   банкілерінің   несиелері   мен   қарыздары   бойынша

мемлекеттік кепілдіктері де болмады.

2) Жекешелендірілген   кәсіпорындардың   бәсекеге   қабілеттілігін   қолдау   үшін

құқықтық, экономикалық тетіктері болмады.

3) 1995-1996 жж. Қазақстанда толымды салық жүйесі де жоқ еді.

4)   Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмендеуін тоқтату мүмкін болмады.

1998 жылдың көктеміне қарай төленбеген қарыздар көлемі шексіз өсіп, осыған

байланысты әлеуметтік жағдай әбден нашарлады. 1997-1998 жылдары Кентау

(Оңтустік   Қазақстан   облысы)   және   Жаңатас   (Жамбыл   облысы)   тау-кен

өнеркәсібі жұмысшылары ереуілдерге шығып, аштық жариялады. 



Төртінші   кезең  -   1998   жылдың   аяғында   үкімет   мемлекеттік   мүлікті

басқару   жөніндегі   мемлекеттік   саясатты   жетілдіру   қажеттігін   түсінді.

Жекешелендіруді   және   мемлекеттік   мүлікті   басқарудың   тиімділігін

арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді. Меншікті

республикалық   және   коммуналдық   меншікке   нақты   бөлу   көзделді.

Жекешелендіруді   конкурстық   негізде   жүргізу   басты   талапқа   айналды.   2001

жылы   мемлекеттік   мүлікті   басқару   және   жекешелендіру   тұжырымдамасы

қабыданды. Тұжырымдамаға сәйкес ұлттық мәртебесі бар «ірі нысандарды»

конкурстық   негізде   жекешелендірудің   формалары   мен   әдістері   жетілдірілді.

Жекешелендірілген   ірі   кәсіпорындарға   бақылау,   шетелдік   және   ұлттық

компаниялар   қызметіне   қаржылық   мониторинг   күшейтілді.   Инвестициялық

ахуал оң нәтижелерін бере бастады, қазақстандық кәсіпкерлер капиталының

құйылуы   өрістеді.   Негізгі   капиталға   инвестиция,   негізінен   мұнай-газ

өнеркәсібіне,   металлургияға   және   және   тамақ   өнеркәсібіне   салынды.

Мемлекеттік инвестиция туралы бағдарламалар инфрақұрылым жобалары мен

күнкөрісті қамтамасыз ететін нысандарды қаржыландыру мақсатын көздеді.

1997 жылдан инвестициялық белсенділіктің артуы байқалды. Инвестицияның

өсуі 1999 жылмен салыстырғанда 2000 жылы 29,4 %-ды құрады. 2000 жылдың

бағалауы   бойынша   инвестицияның   жалпы   көлемінің   59%-ы   кен   өндіру

өнеркәсібіне, 11%-ы өңдеуші өнеркәсіпке, 8%-ы көлік саласына бөлінген.

Жекешелендіру нәтижесінде 2000 жылдың басында 100 мыңнан астам

жеке меншік кәсіпорын тіркелді, бұл кәсіпорындардың жалпы санының 82%-

ы еді.

1993 жылдың қарашасында отандық ұлттық валюта - теңгенің енгізілуі



республикамыздың   жылнамасындағы   ең   маңызды   оқиғалардың   бірі.   Теңге

ресми   түрде   1993   жылы   15   қарашада   енгізілді.   Ол   еліміздің   тәуелсіздігін

59



нығайту   жолындағы   түбегейлі   әлеуметтік-экономикалық   реформаларды

жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды.

1992   жылы   рубль   аймағында   Қазақстан,   Өзбекстан,   Ресей   және

Тәжікстан елдері ғана қалды. 1993 жылы Ресейдің Орталық Банкі жаңа 50

рубльдік   ақша   белгісін   енгізді.   Дегенмен   оны   Қазақстанға   бермеді.   Шын

мәнісінде Ресей Қазақстанды рубльдік аймақтан ығыстырып шығарды.  

1993   жылы   3   қарашада   Президенттің   Жарлығымен   құрылған   Ұлттық

валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің

тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі,

тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол

ақшаны   айырбастау   коэффициенті   мен   лимиттері,   валюта   бағамын

қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. 

1994 жылы республикада рубльдің қолданылуы біржола тоқтатылды. 

«Қазақстан   Республикасының   Ұлттық   Банкі   туралы»   Қазақстан

Республикасының 1993 жылғы 13 сәуірдегі  Заңы оның банктік жүйедегі орны

мен   рөлін,   құқықтық   дәрежесін,   қызметін,   міндеттерін   және   Қазақстан

Республикасының   мемлекеттік   өкімет   органдарымен   өзара   қатынасын

белгіледі. 

Ұлттық Банк елдің орталық банкі ретінде еліміздің экономикалық дамуы

және оның әлемдік экономикаға бірігуіне қолайлы макроэкономикалық жағдай

жасауға   мүмкіндік   беретін   мемлекеттік   ақша-кредит   саясатын

қалыптастырады және іске асырады. 

Ұлттық валюта енгізілгеннен кейінгі алғашқы екі жыл еліміз үшін өте

қиын   жылдар   болды.   Жалпы   экономикалық   сипаттағы   объективтік

қиындықтар   (бағаны   ырықтандыруға   және   өндірістің   құлдырауына

байланысты   инфляцияның   жоғары   деңгейі,   импорт   тауарларына   деген

қанағаттандырылмаған   сұраныстың   едәуір   көлемі)   шетел   валютасына

сұраныстың өсуіне, ал ізінше бағаның өсуіне әкеліп соқты. Теңге айналымға

енген алғашқы 7 айда 8 есе құнсызданды. 

Теңгенің экономикалық өсімге тікелей қызмет жасауын қамтамасыз ету

қажет болды. Бұған дейін теңге құлдырап бара жатса, Ұлттық банк өзіндегі

алтын-валюта қорынан қосымша ақша жұмсап, оны реттеп отыратын. Бірақ

бұл әрекет жасанды бағамның жасалуына жол ашты. Теңгенің шын бағамын

белгілеу үшін оны еркін жүзуге жіберу керек болды. 

Республика   тарихындағы   маңызды   оқиғаның   бірі   –   елдің   дамуының

болашақ   бағыттарын   айқындап   берген   1997   жылдың   қазан   айындағы   Ел

Президенті   Н.Ә.   Назарбаевтың   «Қазақстан   -   2030»   даму   стратегиясы.

Стратегия аясында бірнеше ортамерзімді стратегиялық даму жоспарлары мен

бағдарламалары   өмірге   келді.   Ол   бағдарламалар   мен   жоспарлар   елді

экономикалық   дағдарыстан   шығу   жолдарын   қарастыруды,   реформаларды

аяқтауды,   алдыңғы   қатарлы   мемлекеттер   қатарына   қосылуды,   «Қазақстан

барысын» қалыптастыруды  көздеді.

Қазақстан   өзінің   тәуелсіздігін   жариялаған   алғашқы   күндерден-ақ

жоспарлы орталықтанған экономикадан нарыққа өтудің басты тетіктерінің бірі

60



ретінде ел экономикасына инвестициялық ресурстарды тартуды қолға алды.

Бұл   отандық   және   шетелдік   инвестицияларды   тартуда   қолайлы

инвестициялық климат қалыптастыруды талап етті. 

Елбасы   Н.Ә.Назарбаев  «біздің   міндетіміз   -   әлемдік   қоғамдастық

алдында Қазақстанды инвестициялар үшін тартымды орын ретінде көрсету,

маңызды   салаларға   инвесторларды   белсене   тарту»,   -   деп   көрсете   келе,

мәселеге ерекше басымдық берді. Шетелдік компаниялар, фирмалар мен жеке

кәсіпкерлер   де   Қазақстанның   инвестициялық   климатын   жоғары   бағалайды.

Олардың қатарында бай табиғи  кен көздері, кәсіби маман кадрлар мен арзан

жұмыс күшінің сыртында тиімді геосаяси жағдай, саяси ахуал мен ұлтаралық

қатынастардың тұрақтылығы ерекше орын алады. 

1991-2010   жылдар   аралығында   елге   140   млрд.   долл.   шетел

инвестициясы, оның ішінде 80 млрд. тікелей инвестиция тартылған. Негізгі

инвестор-елдер   қатарында   Нидерланды,   АҚШ,   Франция,   Қытай,   Жапония,

Ұлыбритания бар.

Дүниежүзілік даму Банкі әлемнің инвестиция үшін тартымды жиырма

елдің қатарына Қазақстанды да қосты. 

2.  2007   жылы   тамызда   АҚШ-тың   ипотекалық   жүйесінде   басталған

дүниежүзілік экономикалық дағдарыс көптеген мемлекеттерді экономикалық

құлдырауға   әкеліп   соқты.   Дағдарыс   Қазақстанды   да   айналып   өткен   жоқ.

Қолайсыз   сыртқы   жағдай   біздің   компанияларымыздың   мүмкіндіктерін

азайтты.  Әлемдік  қор  биржасында   шикізат бағасының   түсуі  де   оны   өндіру

көлемін тежеді. 

2007  жылы   күзде   мемлекеттік  бюджеттен  550  млн  теңге  бөлінді,  бұл

тұрғын   үй   құрылысының   жандануына   мүмкіндік   берді.   Шағын   және   орта

бизнеске   көмек   ретінде   155   млрд   теңге   бөлінді.   Аграрлық   секторға   азық-

түлікті қамтамасыз ету үшін 135 млрд теңге бөлінді. Қаржы секторындағы

қиындықты   сезген   Ел   басы   Н.Назарбаев   4   млрд   доллар   мөлшерінде   ұзақ

мерзімді несиені қамтамасыз етті. 

Елбасының шешімімен 2008 жылдың қазан айында

 

«Самұрық-Қазына»



ұлттық әл-ауқат Қоры» акционерлік қоғамы  құрылды.   Ол  екі ірі холдинг –

«Самұрық»   пен   «Қазынаны»   қосу   жолымен   қаржы   дағдарысының   екінші

толқынының   басталуы   кезінде   маңызды   мемлекеттік   активтерді   біріктіріп,

Қазақстан   экономикасын   дамыту   мақсатында   құрылған.   Қор   дағдарыспен

күрес   іс-шараларында   мемлекеттің   маңызды   құрылымдық   құралы   ретінде

көрінді. 

Қор қызметінің негізгі мақсаты – меншігіндегі біріктірілген активтерді

басқару,   олардың   ұзақ   мерзімді   құндылығын   арттыру   және   дүниежүзілік

нарықта бәсекелестігін көтеру. Қор қызметінің бірінші дәрежелі ұстанымдары

– бірден-бір акционер ретінде мемлекеттің мүдделеріне сай тиімді, икемді әрі

таза жұмыс жүргізу. 

2009-2010 жылдары экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру үшін

бірлескен әрекеттер жоспарын жасауда Қор негізгі оператор ролін атқарды.

Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында Қор қаржы секторын тұрақтандыруға,

61



тұрғын   үй   саласын   дамытуға,   шағын   және   орта   кәсіпкерлікті   қолдауға,

инновациялық,   индустриялық   және   ішкі   құрылымдық   жобаларды   жүзеге

асыруға бағытталған 7 млрд АҚШ долларын игерді. 

Қазақстан   бірте-бірте   Еуропаның   Азиямен   арадағы   өңірлік   көлік

«көпіріне» айналды. Республикада транзиттік әлеует жасақталды, оның негізін

бірқатар   көлік   бағыттары   құрайды.   Қазақстан   маңызды   екі   стратегиялық

міндетті   шешті:   Қазақстанның   әлемдік   теңіз   порттарына   шығуы   және

теміржол, автомобиль және әуе көлігінің негізгі үш бағыт: Ресей, Еуропа мен

Балтық елдері; Қытай, Жапония, Оңтүстік Шығыс Азия елдері; Оңтүстік Азия,

Кавказ елдері, Иран және Түркия бойынша транзиттік қатынас. 

Бірқатар   мемелекет   басшылары   көрші   елдермен   тығыз   экономикалық

қатынастардың   қажеттілігін   түсініп,   1994   жылы   ТМД   Еркін   сауда   аймағы

құрылды.   ТМД   елдері   арасында   екі   жақты   еркін   сауда   шарттарына   да   қол

қойылды.   Қазақстан   Президенті   Н.Назарбаевтың   интеграция   мәселесінде

атсалысуымен   Шанхай   ынтымақтастық   ұйымы,   ЕурАзЭҚ,   Ұжымдық

қауіпсіздік   шарты   тәрізді   көрші   елдер   басшыларын   бір   үстел   басына

жинайтын, ынтымақтастықты талқылайтын бірнеше платформа өмірге келді. 

2000 жылғы 10 қазанда  

Астана

  қаласында халықаралық экономикалық



ұйым ретінде  Еуразиялық  экономикалық  қоғамдастық  (ЕурАзЭҚ)  құрылды.

Қоғамдастық   мүшелері:  

Қазақстан   Республикасы

,  


Беларусь   Республикасы

,

Қырғыз   Республикасы



,  

Ресей   Федерациясы

,  

Тәжікстан   Республикасы



,

Өзбекстан Республикасы

. Бақылаушылар қатарында  

Армения Республикасы

,

Молдова Республикасы



Украина

 бар.  


2010



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді