«Қазақстандағы аштық, 1921-1922 жж.: құжаттар, статистика, ақпарат»



Дата24.12.2021
өлшемі21.52 Kb.
#148349
Байланысты:
Қазақстандағы аштық, 1921-1922 жж.
КМЛ Әдікенов Жандос 1 курс(2тақырып), 1 модуль– «Қазақстан тәуелсіздікке барар жолда даму фазалары ме-melimde.com, Қазақстан тарихы Әдікенов Жандос 1 курс(1тақырып), Адикенов Жандос 1 курс фортепиано 3 тапсырма, Силлабус сольфеджио Н.и., Н.п. 1 курс, Jana adis tasilder, Jana adis tasilder, А. Байтұрсынов, А. Байтұрсынов, Ғылыми-зерттеу жобасы, Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы, Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы, ГА на 01.08.2021 года1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті



«Қазақстандағы аштық, 1921-1922 жж.: құжаттар,

статистика, ақпарат»

Орындаған: ҚтӘ-101

тобының 1-курс студенті

Ауғанбаев Данияр



Талдықорған қаласы, 2021жыл

Ашаршылық қазақтың басына 10 жылдың ішінде 2 рет түскен. Ең бірінші ашаршылық 1921-1922 жыдары болғын. Ол Мұхтар Әуезовтың «Қазақ Республикасы Қазақсыз қалады» деген мақаласында көрсетілген. Осы мәтінде өлкелік партия комитетінің КПСС орталық комитетіне жіберген 145 беттік есебі бар сондағы пратаколдан алынып отыр. Сол пратаколдағы есеп бойынша 1921-1922 жылдарда 1млн 200мың адам қырылған делінген. Ал Әлихан Бөкейхан орта есеппен шығара отырып оны 90032 мың деп көрсетеді. Қазақ ұлты 1723 жылдардағы Жоңғар шапқыншылығы кездердегі, Ақтабан шұбырынды мен Екінші дүниежүлізілік соғыс кезіңде дәл мұндай қырғынға ұшыраған жоқ.

Қазіргі кезде XX ғасырда болған екі ұлы ашаршылықтың құжаттары жарияланып, көптеген мәліметтер алынған. Соның ішінде «Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану» музей қорында сақталғанбірнеше құжаттар бар.

Ақтөбе өлкесіндегі 1921-1922 жалдардығы аштық.

XX ғасыр басы қазақ даласы үшін қуаныштан көрі қасыреті көп ғасыр болды. Патша үкіметінің озбырлы саясаты қазақ халқын өз жерінен айырды.Одан кейінгі Азамат соғысындағы ақтар мен қызылдардың қанды арпалысыннан соң Кеңестік үкіметтің сұрпқия саясатына тап болды. 1921-1922 жылдары елдегі болған аштыққа соғыстан кейінгі шаруашылықтың күйреуімен құрғақшылықтың салдарыннан малдың жаппай қырылуы және 1919 жылдың қаңтарында енгізілген азық түлік салғырты яғни, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекетке мәжбүрлі түрде тапсыру саясаты тікелей әсер етті. Ақтөбе архивінде сақталған құжаттарға сүйенсек губерниялық атқару комитетінің басшылары Рияхов, Назаров, Сердековтар сол жылдардағы Ақтөбе жерін жайлаған қасірет пен малдың жұқпалы аурудан қырыла бастағанын Ленинге жазған хаттарында баяндайды. Орталықтан қайран болмай қазақтың ұлт зиялылары аштықпен күресуге бар күшін салды, оны тоқтатуға тырысты. Алайда,1921жылдың қараша айында Ақтөбе қаласында 469ересеу, 320 бала аштықтан көз жұмып, ал өлкедегі мал басының 55% азайған екен. Сол жылы 280649 ересек 7700725 бала аштыққа тірілей тап болған. Яғни, олар теміржолдың бойында, қаланың ішінде немесе біздің аудандарда босып барлығы бір тілім нан іздеп немесе қарындары ашып елді жағалап кеткен екен. 1921жылдың шілде айынан басап аштық Ақтөбе, Орынбор, Орал, Бөкей, Адай губернияларында тез тарай бастайды. 1920 жылы құрылған Қырғыз АССР біздің қазіргі Қазақстанның мемлекеті дейміз. Астанасы-Орынбор. Ал Қазақстанның оңтүстік бөлігі тұтасымен Түркістан автономиялы республикасына кіріп кеткен. Солтүстік, батыс жақта орналасқан Ақтөбе, Орынбор, Ақмола, Семей халықтарының бәрі онтүстікке қарай жаппай босқын болып кете бастайды.

1921-1922 жылдары аштыққа ұшыраған адамдардың көрсеткіші:



Губерниялар

Жеотоқсан

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Орынбор

444789

351166

437776

524170

515118

496064

Орал

400900

328816

277836

370000

378818

292098

Қостанай

254900

283749

87494

337000

354360

294360

Ақтөбе

359325

361051

359326

252514

351049

234560

Бөкей

100000

100000

100000

77059

66265

66256

Ақмола




100670

92000

100670

472000

472000

Елік














86720

91856

Адай

75000

75000

75000

75000







Торғай













6000

75000

1559911

1600452

1629431

1736413

2303320

2071222

Кестедегі адам арқылы республикада өмір сүрген 4781263 адамның жартысы аштыққа ұшыраған адамдар екенің көруге болады. 1921жылы 11-18 маусымда Қазақ өлкелік атқару Коминтеті азық-түлік салғыртың енді салықпен ауыстырсада жағдай қиындап береді, яғни, салықты үсті-үстіне салып төлей алмастан,малын тарып алу басталады. 1921-1922жылдарда болған аштыққа тікелей әсер еткен жағдай: бұл орталықтағы большевиктік партияның теріс саясат жүргізуі, азық-түлік салғыртының енгізуі, кез-келген қарапайым шару болсын, бай болсын салық төйлейтін болған. Қазақстанның жерінде 1921-1922 жылдары болған ашаршылықтың негізгі себебі: қуаншылық, жаңбырдың жаумауы жердің құрғап кетуі деп көрсетеді. Табиғаттан бұрын ең бірінші халыққа қарсы жүргізілген саясаттың нәтижесінде ашаршылық болды деп толық айтуға негіз бар. Халақтан малды тартып алып кеткеннен кейін шаруаларлы жерінен қуғаннан кейін, халық арасынан бандиттер, қарақшылар, барымташылар шығабастайды. Сондай бассыздықты шешуге Ішкі Істер күш сала бастайды. 1921 жылы 9 сәуірде шыққан Ақтөбе Уезінің атқару коминтетінің басшысы Мырзағұл Атаниязовтың №900 жиырмасыншы бұйрығы шығады. Ол бұйрықта ауылдық кеңестер, болыстық атқарушылар коминтетеріне, ауылда отырған кеңестер өздерінің отырған жерлеріне өздері мықты болсын, халық жаппай қырылып жатыр, өлгердердің денесін көму керек, судың бетін тазалау керек, яғни өлген адамдарды суға тастамау керек. Себебі көптеген жұқпалы аурулар тарап жатыр деп қатаң бұйрық шығарған. Төтенше жағдайлар бойынша Орталық коминтет Ақтөбе қаласы Темір, Шалқар, Ырғыз, Ойыл, Қарабұтақ, Ақбұлақ аудандарында ашыққандарға 315 млн көлемінде көмек берген екен. Бұл ақшаға түнеу үй салынған, Мәскеуден 2 вагон астық ссатып алынған және Ташкенттен 1 вагон ұн, 1 вагон жеміс, 2 сессерны мұнай әкелінеді. Аштық қасіріті 1922 жылдың наурыз, сәуір айларында күрт күшейеді.



Ақтөбе губерниясының халқының 50% көз жұмады, 28% індетке тап болады. 1921жылдың тамыз айы мен 1922 жылдың қаңтар айы аралығында біздің жерден 10000 адам Түркістанға қоныс аударған екен, 1000 адам Орынбордың өзінің жеріне көшірілген, 390 7адам Ақбұлақпен Жұрыннан Түркістан аумағына жіберілген. Тірі қалған адамдарды жинап вагондарға тиеп Түркістан аумағына жіберген. Ол жақта өмір сүруге жағдай болған. 1919 жылдан бастап Кеңес Одағы жерін жайлаған аштыққа халықаралық ұйымдар көмекке келеді. Ұйымның көмектері туралы жазушы Максим Горкидің «БҰҰ» сияқты ұйымдарға жазған хаттарынан біле аламыз. Америкада Нейорк Таймс деген газетке Максим Горкидің үндеуі яғни, «КСРО халқы зардап шегіп жатыр, Ресейдің халқы соғыстан кейін қырылып жатыр» деген үлкен үндеулерін жариялайды. Сол кезде шетелден көмек берушілер Кеңес Одағына қарай ағыла бастайды. Ұйымдардың ішінен АРА деген ұйым көмекке келеді. АРА деген сөз - Америкалық Релиф Админстричн (Америкалық көмек әкімшілігі). Осы ұйымның көптеген көмегі Кеңес Одағына тиеді. Ең бірінші олар балаларға, сосын ересектерге азық-түлік таратумен айналысады. Бұл ұйым 1922 жылдың 22 желтоқсанынан бастап Ақтөбе губернесінің ашыққан баларды тамақтандырады. Ақпан айында бөлінген 25000 құрғақ пайоктың 3000 Ақтөбе қаласына, 6000 Ақтөбенің аудандарына, 7500 данаы Ақбұлаққа, 6500 данасы Темірге, 2000 данасы Қосестек аудандарына таратылады. 30 қаңтарда АРА ның Орынбор губерниясының 3 ауданында Ақтөбеде және Ақтөбе губерниясынын Алталы ауданында 717 асханасы ашылған. 1 маусымға дейін Ырғыз, Шалқар аудандарында 1101 асхана ашылады. Тамақтандырумен қоса тұрмысқа қажетті заттармен де қамтамассыздандырған. Д.Т. Томщка - 1922 жылы Ақтөбе губерниясы, Троицк болысы. Троицк ауылындағы америкалық АРА ұйымының төрағасы болған. Бұл кісі Ақтөбе музей қорына ашаршылық кездегі өз құжаттарын тапсырған. Аштықты растайтын ерекше құжаттар бар солардың бірі: шетелдік АРА ұйымының ересектерді тамақтандыруға берілген акт түрі. БҰЛ АКТТА ОСЫ Томщканын қолы қойылған,актді 1921 жылдың 1 тамыз күні Ақтөбе губерниясы, Троицк ауылында №31 үлестіру пунктінде 27 шілдеден бастап 23 тамызға дейін 687 адамның жан басына шаққанда 18 жарм пыунктан келетін 320 фунт жүгері ұны таратылғаны жазылған.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді