«Қазақстан тарихы» ПӘні бойынша қорытынды аттестаттау спецификациясы 11-сынып нұр-Сұлтан 2022
«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
11-СЫНЫП
Нұр-Сұлтан 2022
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының 41-тармағына сәйкес
(ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2022 № 193 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен)
АУЫЗША ЕМТИХАН
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
Өткізу мерзімі – 2022 жылғы 2 маусым
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттардағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттардағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
ЕМТИХАН ЖҰМЫСЫ
30 БИЛЕТТЕН ТҰРАДЫ
Әр билетте үш сұрақ беріледі, оларға білім алушылар ауызша жауап береді
Білім алушылар Қазақстан аумағындағы қоғамның әртүрлі тарихи кезеңдеріндегі этникалық, әлеуметтік-экономикалық саяси және мәдени дамуының ерекшеліктері туралы «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 10-11-сыныпқа арналған оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін көрсетеді
Емтихан жұмысы білім алушылардың билет бойынша сұрақтарға жауап беру,
өз жауабын дұрыс құру, өз көзқарасын білдіру, қорытынды жасау, тиісті лексиканы пайдалану білігін бағалайды
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Білу және түсіну (5 балл)
5 балл: сұрақты өте жақсы білетінін және түсінетінін көрсетеді
Білу және түсіну (5 балл)
5 балл: тақырыпқа сәйкес маңызды терминдерді жүйелі қолданып, терең білімін көрсетеді. Тақырыпқа байланысты барлық аспектілерді терең біліп түсіндіреді.
Қолдану, жоғары деңгей дағдылар (5 балл)
5 балл: Сұрақтың мақсатына сәйкес жауапты нақты ұсынады. Сұрақтың өзектілігін (тақырыбымен және идеясымен байланыста) толық негіздеп жан-жақты түсіндіреді. Сұрақ бойынша тапсырманы жүйелі және толық орындайды. Сұраққа сәйкес әртүрлі ақпараттар мен дереккөздерді жинақтап, жауапты мазмұнды және жүйелі түрде ұсынады.
1
2
ЕМТИХАН ЖҰМЫСЫ
30 БИЛЕТТЕН ТҰРАДЫ
Білу және түсіну (5 балл)
5 балл: тақырыпқа сәйкес маңызды терминдерді жүйелі және тиімді түрде қолданып, терең білімін көрсетеді. Тақырыпқа байланысты барлық аспектілерді терең біліп түсіндіреді.
Қолдану, жоғары деңгей дағдылар (10 балл)
10 балл: берілген оқиғаларға, фактілерге, тарихи құбылыстарға жан-жақты көзқарас тұрғысынан жауап береді. Сұраққа жауап беру барысында қарама-қайшылықты мәселені дұрыс логикалық жүйеде қарастырады, мағыналық бірізділік, басты тезистер мен пайымдаулардың өзара сәйкестілігін анықтайды. Тарихи хронология мен тарихи деректерді кең түрде қолданады. Дәйектер мен дәлелдерді келтіруде тарихи білімдер, деректер, мен түрлі статистикалық мәліметтерді толыққанды қолданады. Сұрақты қорытындылағанда тарихи маңыздылығын айқындайтындай тың идеяларды ұсынады.
3
ЕМТИХАН ЖҰМЫСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Емтихан оқыту тілінде тапсырылады
Емтихан жұмысына балл қою үдерісін балл қою кестесі негізінде аттестациялық комиссия жүзеге асырады.
Білім алушыларға қойылған балл, балдарды бағаға айналдыру шәкіліне сәйкес бағаға ауыстырылады.
Максималды балл - 30 балл
Назарларыңызға рақмет!
http://melimde.com
Достарыңызбен бөлісу: |