Қазақстан тарихы нұсқау



бет1/2
Дата20.01.2023
өлшемі18.32 Kb.
#417553
  1   2
Байланысты:
тарих нуска
1 лекция, Дәріс 5, Колик логистикасы - емтихан сурактары 2022 (3), Емделуші психикасының ерекшеліктері. Аурудың ішкі көрінісі. Емделушінің ауруға реакциясы., Емделушінің ауруға реакциясы, БЖБ 6 сынып 2-тоқсан, 103275, Scan 26 февр. 23 · 03·30·49, Scan 26 февр. 23 · 03·07·40, Scan 26 февр. 23 · 03·07·40, Scan 26 февр. 23 · 03·07·34

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
Нұсқау: Сізге берілген төрт жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
1. Алдыңғы ерте қола кезеңі:
A) Беғызы-Дәндібай
B) Атасу
C) Нұра
D) Алакөл
2. Сарматтардың Бесоба қорымында жерленді:
A) Сармат көсемдері
B) Патшалар
C) Абыз әйелдер
D) Жауынгерлер
3. Түрік қағанатын құрған алғашқы қаған:
A) Иштеми
B) Сұлу
C) Бумын
D) Қара-Еске
4. Ежелгі мереке Наурыз мейрамының пайда болған уақыты:
A) 4000 жыл бұрын
B) 3000 жыл бұрын
C) 1000 жыл бұрын
D) 2000 жыл бұрын
5. «Қасым ханның қасқа жолындағы» аламан міндеті, қосын жасақтау мәселелері кірген заң:
A) әскери
B) жұртшылық
C) елшілік
D) мүлік
6. Қыпшақ хандығының сол қанатының орталығы:
A) Сығанақ
B) Сауран
C) Жент
D) Қаялық
7. Батпаққара, Созақ, Қарақұмда болған көтерілістер болған кезең:
A) жаңа экономикалық саясат кезінде
B) Ұлы отан соғысы жылдарында
C) тың игеру жылдарында
D) ұжымдастыру жылдарында
8. Индустрияландыру жылдарында іске қосылған кәсіпорындар арасынан артығын табыңыз:
A) Балқаш мыс балқыту комбинаты
B) Риддер қорғасын зауыты
C) Ащысай полиметалл комбинаты
D) Шымкент қорғасын зауыты
9. 1918 жылы құрылған Түркістан АКСР-нің астанасы:
A) Семей
B) Қызылорда
C) Ташкент
D) Орынбор
10. «Көмекей әулие» атанған жырау:
A) М. Мөңкеұлы
B) Жанақ
C) Ш. Жарылғасұлы
D) Бұқар

Нұсқау: Сізге контекст негізіндегі ұсынылған төрт жауаптан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары беріледі. Контексті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.

САҚТАР
«Ертедегі көшпелілер – сақтар, скифтер (көне парсыша – сака, көне қытайша - сэ) мен сарматтар және Ұлы Даланың шығыс бөлігіндегі тайпалар туралы тек археологтердің деректерінен ғана емес, сондай-ақ көптеген жазба дереккөз арқылы да білуге болады. Б.з.б. VI ғасырдың соңындағы ежелгі парсы жазбалары – сақтар заманы туралы жазылған ең алғашқы дереккөз. Ежелгі парсы бедерлі суреттерінде сақтардың бейнесі де кескінделген. Екінші жазба дерек Геродоттың еңбектері мен грек-римдік тарихнама дәстүрінде кездеседі. Үшінші дерек б.з.б. I мыңжылдық соңына жататын көнеқытайлық жылнамаларда баяндалады.
... Парсы патшасы I Дарийдің бехистундық жазбаларында оның Орталық Азияға сақ-тиграхаудаларға («шошақ бөрік киетін») жасаған жорығы сипатталады. Олардың үлкен өзен жағалауында өмір сүретіні («Парадарайя»), сол өзенді Дарийдің кесіп өткені баяндалады. Басқа жазбаларда Дарий өз империясының солтүстік шетіндегі мемлекетті «соғдылықтардың сыртындағы сақтар» деп атаған. Сондай-ақ сақтар-хаомаваргалар туралы да айтылады («хаома дайындайтындар»). Парсылар мен гректер сақтардың өзге де тайпалары: дахтар, (дайлықтар), массагеттер, сарматтар (савроматтар), исседондықтар туралы мәлімет береді.
... Дахтар мен массагеттер Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал маңын мекендеп, тайпалық одақ құрған. Дахтардан парн тайпасы (парфян) бөлініп шығып, кейін олар Иранда Аршакидтер империясын құрды. Исседондар Орталық Қазақстанда оқшауланып тіршілік етті. Сақтар мен оларға туыстас тайпалар Ұлы Даланың шығыс бөлігі – Шығыс Қазақстанды ғана емес, сондай-ақ Алтай мен мен Оңтүстік Сібір мен Жоңғарияны да мекендеді. ...».
11.Mәнмәтін бойынша б.з.б. VI ғасырдың соңында сақтар туралы жазылған ең алғашқы дереккөзді анықтаңыз
A) ежелгі қытай жазбалары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет